Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.
Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.
РК бірінші баяндамасы («Пределы роста, 1972 ж.») Денис Медоуздың басшылығымен Массачусет технологиялық университетінің бір топ ғалымдары дайындады. Берілген баяндаманың тұжырымдары:
- егер халықтың, индустрияландырудың, азық-түлік өндірісінің және табиғи ресурстарды пайдаланудың осы өсуі сақталса, Жердегі өсу шекаралары келесі 100 жылда шегіне жетеді. Егер осылай болса, халықтың саны және шаруашылықтың даму мүмкіндігі азаяды;
- халық санының өсуін үлестіруді өзгертуге және болашақта сақталатындай экологиялық және экономикалық тұрақтылық жағдайларын анықтауға болады. Әрбір адамның негізгі материалдық құндылықтарының қанағаттандырылуы және сонымен бірге адамдардың өз потенциалын іске асыру үшін тең мүмкіндіктері болуы үшін, жаһандық тепе-теңдік орнын анықтауға болады;
- егер адамзат бұл бағытта күш жұмсайтын болса, табысқа үміт бар.
Бұл баяндамада өндірістің экспоненциалдық өсуінің барлық резервтерді жасауға әкелетіні көрсетіледі. Баяндаманы талдаудан шығатыны: шикізат пен энергияны өндіруге көбірек капитал салу керек, белгілі шекарадан кейін де бұл индустриялық жүйенің бұзылу қаупін тудырады. Бұл ауыл шаруашылығының бұзылуына, халық саны ұлғайғанда, азық-түлік өндірісінің қысқаруына әкеледі.
РК екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., М. Мисарович, Э. Пастель) мынадай тұжырымға келді:
- әлемді гомогенді тұтас ретінде емес, өзара байланысқан бөліктерден тұратын ретінде қарастыру керек;
- тұтас бөлік өлімінің орнына әр түрлі облыстарда және әр түрлі себептер бойынша жергілікті апаттар болуы мүмкін;
- әлемдік жүйедегі апаттарды жаһандық масштабта шаралар қабылдаумен тоқтатуға болады;
- проблемаларды жаһандық шешуді теңестірілген дифференциацияланған өсу арқылы жүзеге асыруға болады;
- экологиялық дағдарыс проблемаларын шешудің әлемдік стратегиясын іске асыруды кейінге қалдыру тек қауіпті және қымбат қана емес, сонымен бірге өлімге әкеледі.
РК үшінші баяндамасында (1975 ж., Я. Тинбеган) әлемдік экономикалық жүйені сындарлы талдау бар және қазіргі заманғы адамзаттың басты проблемасы ерекшеленеді: күш-қуат пен байлықтың тең үлестірілмеуі, байлар мен кедейлер арасындағы шыңырау. Автор одан құтылудың амалын халықаралық ынтымақтастықты іске асырудан көреді: индустриялық елдер ұлттық табыстың 2...4%-ын Африка мен Азия өз адамдарының қажеттіліктерін қанағаттандырмағанша, осы өңірлерге беруі тиіс.
Осы уақытқа дейін әлемдік қауымдастықта экология проблемаларын шешу және экологиялық дағдарысты жеңу жолында екі соңғы көзқарас болған.
Бірінші көзқарас – бұл экологиялық оптимистердің көзқарастары (консерваторлар немесе технократтар). Олар әрі қарай экономикалық өсу және ҒТП экологиялық дағдарысты жеңуге әкеледі. Экономикалық және техникалық прогресс өндірістік ресурстар молшылығын тудырады, олар тұтынушылар тарапынан сұраныс өзгеруі нәтижесінде табиғи ортаны қалпына келтіру міндеттерін шешуге ауысатын болады. Қоғамды экологиялық дағдарыс қаупінен құтқаруға қабілетті шара ретінде, консерваторлар экологиялық салық салуды мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне жанама араласуы ретінде анықтауды ұсынады.
Екінші көзқарас – бұл экологиялық пессимистер көзқарастары (алармистер немесе радикалдар). Олар диаметрлік қарама-қарсы амалды алға қояды – табиғат техникалық та, экономикалық та жаңғыртылмайды. Қоршаған ортаның құлдырауы және табиғи ресурстардың таусылуы экономикалық өсудің және халық саны өсуінің салдары болып табылады. Қалыптасқан жағдайдан шығатын жалғыз амал – не экономикалық өсуді тоқтату, халық санын және материалдық игіліктерді жай ғана өсіру, не болмаса мемлекеттің заңдар мен заңды актілердің көмегімен кәсіпорындар қызметін қатаң реттеуі және жоспарлауы.
Қоғамдық пікірдің осы екі тобының арасында аралық топтар: либералдар, бірқалыпты технократтар және басқалар болады.
Қазіргі уақытта Тұрақты даму тұжырымдамасы танымал және әлемдік қауымдастықта қабылданған болып табылады (№ 3 жұмысты қараңыз). Тұрақты даму ұғымы осындай дамудың екі негізгі – антропоцентрлік және биосфероцентрлік белгісі арқылы анықталуы тиіс. Антропоцентрлік белгі деп адамзаттың (елдің) тірі қалуы және қазіргі ұрпақпен салыстырғанда біздің ұрпағымыздың мүмкіндіктері аз болмауы үшін, оның әрі қарай тоқтамай (тұрақты), үздіксіз ұзақ даму, өз қажеттіліктерін табиғи жағдайларда және Жер мен ғарыштың экологиялық жағдайларында қанағаттандыру (өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысында ұрпақтар мүмкіндіктерінің теңдігі принципі) қабілеті (мүмкіндігі) түсіндіріледі.
Ұғымның биосфероцентрлік (жалпы жағдайда – экологиялық) белгісі адамзаттың әрі қарай дамуы экофобиялық түрде болмайтындай, оның тұрақтылығы мен табиғи эволюция үшін қажетті шарт ретінде, Жердегі бүкіл тіршіліктің табиғи негізі ретінде биосфераның сақталуымен байланысты. «Біздің ортақ болашағымыз» кітабында «тұрақты даму стратегиясы адамдар және қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімге қол жеткізуге бағытталған» деп айтылған. Бұл принципті табиғат пен қоғам коэволюциясының принципі ретінде сипаттауға болады.
Жоғарыда айтылған тұрақты дамуды социотабиғи даму стратегиясы ретінде анықтауға мүмкіндік береді, ол қоғамның аман қалуын және үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз етеді және қоршаған табиғи ортаны, әсіресе биосфераны бұзбайды.
Тұрақты дамуға ауысу табиғи экожүйелердің қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және ол кезде адамдардың болашақ ұрпағының тіршілік етуінің, олардың өмірлік маңызды қажеттіліктері мен мүдделерінің нақты мүмкіндігі пайда болатын деңгейге дейін кезеңмен қалпына келуін жорамалдайды.