Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері




Бастапқы гипералгезия пайда болуында ұзаққа созылған тіндердің бүлінісі (қабынуы) нәтижесінде ноцицепторлардың сезімталдығын көтеретін ауыру туындататын қабыну медиаторларының (гистамин, серотонин, простагландиндер, лейкотриендер, цитокиндер, брадикинин т.б.) жиналып қалуы маңызды орын алады. Ноцицепторлардың сезімталдығы көтерілуін шеткері сенситизация дейді. Бұл кезде ноцицепторлардың белсенділігі көтеріледі, серпін туындату қабілеті артады, қозу шегі төмендейді, олардың әлсіз қоздырғыштарға сезімталдығы көтеріледі, (А-δ және С) жүйке талшықтарында ауырулық серпіндердің жиілігі мен ұзақтығы ұлғаяды. Осыдан ОЖЖ-не бағытталған афференттік серпіндер көбейіп кетеді.

Бүгінгі таңда сезімтал жүйке аяқшаларына тікелей және жанама жолдармен әсер ететін медиатор брадикининге маңызды мән беріледі. Ол жүйке аяқшаларының мембранасында фосфолипаза С ферментінің белсенділігін тікелей әсерлендіреді. Брадикининнің ноцицепторларға жанама әсері эндотелий жасушаларының, фибробластардың, макрофагтардың, нейтрофилдердің және мес жасушаларының белсенділігін көтеруден пайда болатын қабыну медиаторлары (мәселен, простагландиндер) ноцицепторларда мембраналық аденилатциклаза ферментін әсерлендіру арқылы болады. Фосфолипаза С және аденилатциклаза өз алдына иондық каналдардардың нәруыздарын фосфорлайтын ферменттердің белсенділігін сергітеді. Бұл нәруыздардың фосфорлануы нәтижесінде мембрананың иондарға өткізгіштігі көтеріледі. Осыдан жүйке аяқшаларында мембрананың деполяризациясы болып, серпіндердің туындауы артады және ноцицепторлардың қозымдылығы көтеріледі.

Ауырулық серпіндердің ұзақ түсуінен ОЖЖ-де қалыпты сезімтал нейрондардың да қозымдылығы қатты көтеріледі, белсенділігі артқан нейрон ошақтары пайда болады. Бұндай өзгерістерге жұлынның артқы мүйіздерінің нейрондары мен артқы түбіршік ганглийлерінің нейрондары ұшырайды. Бұл нейрондардың деполяризациясынан пайда болған серпіндер жұлыннан кері бағытта шеткері ноцицепторларға бағытталады, трофикалық заттардың (мәселен, жүйкенің өсу факторы) аксондардың бойымен тасымалдануын бұзады, жүйке аяқшаларынан жүйкелік алгогендер (нейропептидтер) бөлініп шығуын арттырады. Оларға: сезімтал С-жүйке талшықтарында өндірілетін Р(пи)-заты, нейрокинин А немесе кальцитонин тектес пептид сияқты нейропептидтер жатады. Бұл нейропептидтер: қан тамырларын кеңейтіп, олардың қабырғаларының өткізгіштігін арттырып қабыну туындатады, мес жасушалары мен лейкоциттерден цитокиндер, простагландин Е2, биогендік аминдер босатып шығарады, жүйке аяқшаларына әсер етіп, сезімтал жүйке талшықтарының қозымдылығын көтереді және зат алмасуларының өзгерістеріне әкеледі. Р(пи)-заты кальцитонин тектес пептидпен бірігіп эндотелий жасушаларына әсер етеді, кининдер мен нитроксид (NO) т.б. алгогендер түзілуін күшейтеді. Содан шеткері сенситизация дамиды. Оның дамуына симпатикалық жүйке жүйесінің мыйдан тыс тіндерге бағытталған бөліктері де ықпал етеді. Бұл ықпал:

● симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы норадреналин ноцицепторлардың мембранасындағы α2-адренорецепторларға тікелей әсер ету арқылы;

● бүлінген тінде қан тамырлары қабырғаларының жиырылуын туындатып, ишемия пайда болуынан, қабыну медиаторларының өндірілуін көбейту арқылы - іске асады.

Нейрогендік қабынудың нәтижесінде ауыру сезімі, барлық ішкі ағзаларда, сіңір және сілемейлі тіндерде болатын, афференттік жүйкелердің химиялық және механикалық қоздырғыштармен қоздырылуы кезінде ноцицепторлардың сезімталдығы көтерілуінен байқалады. Осының нәтижесінде сүйек-бұлшықет жүйесінде, түршіккен тоғышек синдромында, циститте мүшелердің шамалы ғана қозғалысы немесе ағзаның қалыпты пішіні өзгеруі қатты ауыру сезімін туындатады.

Шеткері сенситизация кезінде ноцицепторлардың белсенділігі көтерілуі нәтижесінде ОЖЖ-не серпіндердің түсуі көбеюінен жұлын мен мыйда функциялық өзгерістер және ОЖЖ нейрондарының сезімталдығы көтеріледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 745 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2446 - | 2243 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.