Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод)




Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (метод полного сохранения пульпы) ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы, созылмалы жай қабынуы кезінде қолданылады.

Сонымен қатар бұл әдісті қолдануға қойылатын шектеулер бар. Олар: емдеу әдісі жүргізілетін адамның жасы 30-35-тен жоғары болуы, бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы), емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің орын алуы, тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы, тістің электрқозғыштығының 40мка жоғары болуы, жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер, ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойып (аспирин, спирт) қолдану, түбірұшы периодонтында рентгендік өзгерістер анықталған жағдайлар.

Ұлпаны сақтап емдеу үшін құрамында микробтарға қарсы әсер ететін, ауыруды басатын дәрілер, антибиотиктер, ферменттер, витаминдер, иммунитет реттеуші дәрілер, кортикостероидтар, кальций су тотығы бар емдік қойыртпақтар кең қолданыла бастады. Солардың ішінде кең қолданыс тапқан микробтарға, қабыну үрдісіне қарсы және одонтотропты (дентин құрушы) қасиеттері жоғары кальцийсутотығы құрамды қойыртпақтар-пасталар.

Әдісті орындау тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын ас қалдықтарынан тазартып алған соң (аршығыштың көмегімен), антисептиктердің әлсіз ертіндісімен (хлоргексидин, диоксидин, фурацилин, фурагин, лизоцим, фуразолидон, этакридин лактат) жуып кептіріп, егеп-тазалауға кіріседі.

Тісжегі қуысын ашу және кіреуке жиегін өңдеу үшін ғана турбиналық ұштықты қолдануға болады, ал жұмсарған дентин бормашинаның 6000-10000 айналымында зарарсыздандырылған бұрғылармен (борлармен) тазаланады. Сондықтан ұлпаға жақындаған сайын пайдаланылған борларды жаңасына ауыстырып отырады. Тіс ұлпасын ашу міндет емес (кездейсоқ ашылып қалмаса).

Дайын болған тісжегі қуысын физиологиялық ерітіндімен немесе дистилденген сумен жуып, зарарсыздандырылған мақта анжымен немесе ауа шоғырымен кептіреді және қуыс табанына емдік төсем салып уақытша пломбы қояды. Қойылған емдік дәрілер ұлпаға тікелей (ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде, ұлпа кездейсоқ ашылған болса, сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтаған кезде) және тікелей емес дентин арқылы әсер етеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын емдік төсемдер ұлпаны тікелей жабу үшін (для прямого покрытия пульпы) және ашылмаған ұлпаны жабу үшін (для непрямого покрытия пульпы) деп екі топқа бөлінеді.

Биологиялық әдіс бір қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл әдіспен көбінесес ұлпаның кездейсоқ ашылуы емделеді. Бұл кезде қуыстың табанына емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар (кальмецин, «Life», «Dycal», цинк-эвгенол қойыртпағы) төселіп, аралық төсеммен жабылған соң тұрақты пломбы қойылады.

Екі қабылдауда бұл әдіспен ұлпа қабынуы емделеді. Бірінші қабылдауда ұлпадағы қабыну үрдісін тежеу үшін құрамында антибиотиктер, антисептиктер, ферменттер, глюкокортикоидтер, анестетиктер бар күрделі емдік төсемдер қуыс табанына қойылып, уақытша пломбымен жабылады.

Әртүрлі ғалымдар ұсынған емдік қойыртпақтардың құрамдары төмендегідей:

1.Иванов В.С., Лейбуру Э.Э. ұсынған:

· Колимицин 100 000 ЕД

· Гидрокортизон 0,01-0,5 (немесе преднизолон 0,005)

· Ақ топырақ 0,5

· Шабдалы майы (персиковое масло) керегінше.

2.Эргешов ұсынған:

· Колимицин 100 000 ЕД

· Триамцинолон 0,002

· Гексакаин 0,1

· Ақ топырақ 0,5

· Эвгенол керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)

3.Кириленко И.И. ұсынған:

· Левомицетин 0,01

· Химопсин 0,002

· Норсульфазол 0,2

· Натрий хлоридініің изотониялық ерітіндісі 2,0

· Ақ топырақ керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)

Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға болмайды, себебі, белгілі уақыттан кейін олардың белсенділігі жойылады. Сондықтан антибиотиктер мен ферменттерді 24-48 сағатқа, кортикостероидтарды 3 тәулікке дейін қалдыруға болады, одан ұзаққа қалдырылса, ұлпаның реактивтілігі төмендейді.

Ұлпадағы қабыну үрдістері тоқтағаннан кейін (белгіленген уақыт өткен соң клиникалық белгілеріне сүйене отырып), екінші қабылдауда сырқат тіске тұрақты пломбы қойылады (-сурет). Алынып тасталған күрделі емдік төсемдердің орнына одонтотропты қойыртпақтар төселеді.

Құрамында кальций суоксиді бар қоспалармен қатар, коллагенді қойыртпақ, сүйек ұны, лизоцим-витаминді қойыртпақ және гиалурон қышқылы туындыларының да одонтотроптық қасиеттері бар.

Егерде ауыру сезімі азайғанымен қабыну үрдісі толық басылмаған болса, екінші қабылдауда әсер ету уақыты біткен емдік төсемді басқа дәрілер қоспасынан тұратын төсеммен ауыстыруға болады және тұрақты пломбы үшінші қабылдауда қойылады. Емдік төсемдерді екі рет ауыстырып емдеу жүргізген жағдайда да ауыру сезімі мазалайтын болса, дәрігер-стоматолог басқалай емдеу әдісін жүргізуге мәжбүр болады.

Биологиялық емдеу әдісінің нәтижелі шығуы үшін дәрілік заттармен қатар физикалық әдістерді: төменэнергиялы гелий-неон лазерінің сәулесін, төменжиілікті ультрадыбысты, микротолқынмен емдеуді пайдаланған тиімді болады.

Егерде биологиялық емдеу әдісі жүргізілген тісте ешқандай ауыру сезімі болмаса, электрқозғыштығы қалпында сақталса, біраз уақыт өткеннен кейін (1-2 жыл өткен соң) тістің рентгендік суретінде түбір ұшы периодонты өзгермесе, емнің барысын нәтижелі деп санауға болады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1321 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2215 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.023 с.