Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген материалдарға шартты талаптар қойылады:
· араластыруы оңай және тісжегі қуысына енгізуі жеңіл болу;
· тісжегі қуысында тұрғанда герметизмді (жабуды) толық қамтамасыз ету;
· тістің тіндеріне және организмге зиянды әсер тигізбеу;
· тісжегі қуысынан оңай алыну.
Уақытша пломбылар тісжегі қуысында, өзек ауыздарында немесе өзектерде қалдырылған емдік дәрілерді ауыз іші факторларының ықпалдарынан сақтау үшін аз уақытқа (1-3 тәуліктен 2-3 аптаға дейін) немесе ұзақ уақытқа (үш-алты айға дейін) қойылады.
Жиірек қолданылып жүрген уақытша пломбылық материалдардың өкілі – жасанды дентин (суға шыланған) және дентин-қойыртпағы (өсімдік майларына шыланған). Жасанды дентин (искусственный дентин) немесе сульфатты-цемент ертеректе Флетчер цементі деген атпен белгілі және арнаулы сұйықтыққа шыланатын. Сұйықтықтың құрамына гуммиарабиктің сулы ерітіндісі, глицерин, спирт, бура, карбол қышқылы және апиынның өте аз
1-сурет. Жасанды дентин ұнтағы. |
2-сурет. Дентин қойыртпағы. |
Уақытша пломбылық материал ретінде эвгенолға араластырылған мырш тотығын (цинк-эвгенолды цемент) пайдалануға болады. Қатайғаннан кейін бұл пломбы механикалық әсерлерге біраз төзімді болады және көбіне сүт тістерін пломбылау үшін қолданады.
Соңғы жылдары шетелдік фирмалар уақытша пломбылық материалдардың механикалық әсерлерге төзімді және тісжегі қуысында герметизм сақтайтын түрлерін шығара бастады және олардың ішінде сәуле әсерінен қатаятындары да бар.
3-сурет. Уақытша пломбылық материал провикол. |
4-сурет. Циномент. |
Cimpa (симпа) – уақытша пломбылық материал, тіс тіндеріне зиянды әсері жоқ, ұлпаны тітіркендірмейді, тез қатаяды.
Septo – Pack (Септо-Пак) – құрамында талшықтары бар өзі қатаятын жұмсақ қойыртпақ, уақытша пломбылық материал ретінде басқа дәрілік заттармен бірге қолдана беруге болады. Құрғақ және таза қалақшамен ыдысынан алып шар пішін бере отырып, тісжегі қуысына апарады. Қуыс ішінде 2-3 минөттан кейін жұмсақтығын жоя бастайды және жарты сағатта қатаяды.
Clip (Клип) – кремнийдің қос тотығы (диоксид кремния) және полиуретанакрилат полимері негізінде дайындалған сәуле әсерінен қатаятын уақытша пломбылық материал, сықпа түрінде шығарылады.
Клипті тісжегі қуысына енгізіп, белгілі пішін бергеннен кейін 20-40 секөнд шамасында галлоген сәулесін жібереді. Пломбы қабатының қалыңдығы 5 мм болса, 40 секөндтен кейін қатаяды. Пломбының қалыңдығына қарай сәуле жіберу уақытын ұзартады.