Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Рықтарды қайта отырту




Ұрықтарды қайта отыртқанда ана-реципиенттың репродукция мүшелеріне еңгізеді. Ұрықтарды еңгізүді екі әдіспен өткізеді: хирургиялық (зертханалық жануарлар, қойлар, шошқалар) және хирургиялық емес (сиырлар). Жұмыстардың кезеңі ұрықтардың жуып алу жұмыстарына сәйкес келеді. Тек қана ұрықтарды жуып алу орнына ұрықтарды еңгізеді.

Қайта отыртуда ұрықтарды ана бездің ипсилатералдық жағына еңгізеді. Овуляция өткен ана бездің жағын ипсилатералдық жағы деп атайды.

Хирургиялық әдісте ұрықтардың даму кезенімен байланысты оларды жұмыртқа жасұшасын жүргізетін түтікке, жатырдың мүйізшесіне немесе денесіне, ал хирургиялық емес әдісте - жатырдың мүйізшесіне немесе денесіне еңгізеді. Ана-реципиенттерге ұрықтардың еңгізүін келесі кезекпен өткізеді: жұмыртқа жасұшасында сары дененің болуының көмегімен фаллопий түтіктерінде немесе жатырдың мүйізшелерінде ипсилатералдық жағын анықтайды, осыдан кейін ұрықтарды отырғызады. Хирургиялық әдісте ұрықтарды жұмыртқа жасұшаларын өткізетін түтіктерге воронкадан немесе жатырдың мүйізшесінен уколмен кіргізеді. Әдейленген инелермен қолданады.

Хирургиялық емес әдісте жұмыстардың кезегі келесі: алдымен реципиенттің жатырына көмірқышқыл газды кіргізеді, кейіннен Кассу катетерінің көмегімен жатырдың мүйізшесіне жатырдың денесінен 5-7 см жерде ұрықтарды еңгізеді. Осы жұмыстарды овуляция басталып 4-5 күн өткеннен кейін өткізеді: прогестеронның көбеюі жатырдың былшық еттерінің бос болуына әсер етеді, трансплантталған ұрықтар жақсы тіркеледі. Жұмыстар инструкция бойынша өткізіледі.

 

 

Ұрықтардың имплантациясы жақсы өту үшін келесі себепкер шарттарды есепке алады:

1. Ұрықтардың хромосомалық өзгерістері. Өзгерістер болмас үшін донорларды дүріс іріктеп алу керек және ұрықтармен in vitro жағдайында керекті жұмыстарды дүріс өткізу керек.

2. Имплантация кезінде ұрықтың трофобластының белгі беру күшінің аз болуы. Өмір сүретін ұрықтар реципиенттің жатырына жыныс циклда сары дененің даму фазасын ұзарту керектігіне белгі береді.

3. Ананың канының сарысуында ұрық және плацента жүктілікпен байланысты ақұыздар шығара бастайды.

4. Реципиенттің ағзасында иммунологиялық өзгерістер болады.

5. Эндокриндық себепкер шарттар. Жүктілікте гормондық өзгерістер болады, жатырдың кілегейлі қабыршығының шығаратын секреттерінің құрамы өзгереді (прогестерондар, эстрогендер).

6. Ұрықтар тіркелген жерде жатырдың тамырларының реакциясы болады. Осы кезеңде жатырда және ана бездерде қан алмасу деңгейі көтеріледі.

Ұрықтарды реципиенттердің жыныс жолдарына отыртқанда келесі ережелерді сақтайды:

1. Ұрғашы-реципиенттердің және ұрғашы-донорлардың жыныс белгілері синхронды болу керек.

2. Қайта отырғызуға тек қана биологиялы толық ұрықтармен қолданады.

3. Ұрықтарды жұмыртқа жасұшасы жүретін түтіктің және жатырдың мүйізшесінің ипсилатералдық жағына отырғызады.

4. Отырғызатын ұрықтардың саны жануарлардың түрлеріне байланысты (көп туатындар немесе бірден туатындар).

 

Донордың, ұрықтың, реципиенттің, трансплантаттың қарым-қатнасуы

Биотехнология жұмыстарының жетістіктері реципиенттердің жатырларында ұрықтардың имплантациясымен және транспланттардың туумен байланысты.

Реципиенттерге ұрықтарды қайта отырғызғанда келесі жұмыстарды міндетті түрде өткізу керек:

1. Операция күнінде тіркеу журналға келесі мәліметтер жазу керек: операция күні, жеке номер, биологиялық ананың жасы және тұқымы, отыртатын ұрықтардың кезеңі және саны, отыртатын жері (ипсилатералдық жақ және биогеографиялық орналасу).

2. 2-3 күн реципиенттер бөлек бөлмеде тұрады.

3. Жүктілікті анықтау үшін реципиенттердің артынан 1-2 жыныс цикл уақытта бақылау жүргізеді. Осы кезде ұрғашы-реципиентте жыныс белгілері болмаса, ол жүкті деп есептеледі. Ұрғашы-реципиенттердің қандарында жүктілік гормондарын биохимиялық сараптау әдістерімен табуға болады.

Осы жұмыстар донорлардың, ұрықтардың, реципиенттердің және трансплантаттардың арасында физиологиялық қарым-қатнасуды зерттеүге талаптайды:

І. Жұктіліктің пайызын анықтау байланысты:

1) қайта отыртуға қолданылған реципиенттердің санынан;

2) ұрғашы-донорлардың және ұрғашы-реципиенттердің жаратылған тұқымдарынан;

3) ұрғашы-донорлардың және ұрғашы-реципиенттердің физиологиялық қарым-қатнасуынан (синхрондық).

ІІ. Тіркетілген ұрықтардың өмір сүрүге жарамдық пайызын анықтау байланысты:

1) трансплантацияға қолданған ұрықтардың санынан;

2) ұрықтардың даму кезеңінен;

3) ұрғашы-донорлардың және ұрғашы-реципиенттердің пайдалану мерзімінен;

4) ұрықтардың және реципиенттің жатырының даму кезеңдерінің арасында физиологиялық қарым-қатнасуынан.

ІІІ. Тіркетіліп трансплантталған ұрықтардың өмір сүрүге жарамдығына әсер беретін факторларды тауып анықтау байланысты:

1) ұрғашы-донордың және ұрғашы-реципиенттің тұқымымен;

2) ұрғашы-донордың және ұрғашы-реципиенттің жасымен;

3) көбею процесстері өтетін жыл мерзімдерімен;

4) қайта отырғызылған ұрықтардың даму кезеңдерімен;

5) донорлардың және реципиенттердің арасындағы физиологиялық қарым-қатнасумен.

І\/. Ана ағзасының алынған трансплантаттардың дамуына және өсүіне әсер беретінін зерттеу. Ол үшін керек:

біріншіден, төл алған кезде қортындыларды байластыру керек:

1) донорлармен реципиенттердің арасында эстралдық циклының синхрондығымен;

2) қайта отырғызылған ұрықтардың даму кезеңдерімен;

3) трансплантталған ұрықтардың санымен;

4) донорлардың және реципиенттердің жасымен және тұқымымен,

екіншіден, тұған трансплантаттардың дамуына, өсүіне, өнімділік қасиеттерін қалыптауға анна ағзасының әсер берүін зерттеу.

 

№ 6 Дәріс

Гаметалардың және ұрықтардың криобанкі

Мазмұн: Криобиология негіздері. Криосақтау.

 

Криобиология негіздері

Криобиология – биологиялық объектілерге төмен және өте төмен температураларды әсер етуді зерттейтін биологиялық бөлімі. Төмен температуралар әсер еткенде зат алмасу реакциялар басылу қортындысында өмір үдірістері ақырындайды (анабиоз).

Қату және еру үдірістері судың физико-химиялық қасиеттерімен белгіленеді, ал кристаллдау және еру үдірістеріне обьекттің сипаттамалары, биологиялық суйықтықтың құрамы, суыну уақыты әсер етеді.

Гаметаларға және ұрықтарға төмен температуралар әсер еткенде бес температуралық зоналарды айырады:

1. Белсенді зона – (+40 - +25 градус) – зат алмасу үдірістер жақсы өтеді.

2. Аралық зона – (+25 - -5 градус) – зат алмасу төмендеп, жасұша анабиоз жағдайына көшеді.

3. Төмен температуралық зона – (0 - -80 градус) – суыну жағдайына көшу, жасұшаның ішіндегі тұздардың және судың кристаллдануы.

4. Ультратөмен температуралық зона – (-80 - -150 градус) – толық кристаллдану және рекристаллдану болады.

5. Байсалдану зонасы – (-196 градус) – кристаллдау және рекристаллдау үдірістер аяқталады.

Су өмірлік үдірістерге белсенді түрінде қатысады. Жануарлардың жасұшалары 80 пайыз судан тұрады. Осы судың 10-18 пайызы молекулалардың ішінде тығыз байланысқан. Суда ерекше қасиеттері бар. Олар: жоғары қайнау және қату нүктелері, диэлектрикалы өткізу, суйық түрден қатты түрге өткенде көлемін үлкейту, ерігенде көлемін кішрейту.

Қату жылдамдығының, кристаллдардың қалпының, биообъекттердің өмірге жарамдығының арасында байланыс бар. Сонымен, гаметаларды және ұрықтарды ақырын суытса жасұшаның сыртындағы және ішіндегі бос суірі кристалл болып қатып ағзалар өледі. Суйық азотқа гаметаларды және ұрықтарды тез түсірсе, су жасұшалардан шығуға үлгірмей ағзалар өледі. Гаметаларды және ұрықтарды қатырғанда мұз кристаллдары жасұшалардың араларында жаратылады. Осы жағдай ортада иондардың құрамдауын жоғарлатады. Жасұшалардан су шығып, олардың ішіндегі тұз көлемі өсе бастайды.

Жасұшалардың ішіндегі су азайғанда иондардың шоғыры бір белгіленген шектен жоғарламау керек. Иондар шоғыры шектен жоғары болса қайта орнына келмейтін биохимиялық үдірістер басталады.

Сондықтан қатыру үдірістің бірінші кезеңінде қатыру жылдамдығы төмен болу керек; екінші кезеңде – тұздардың гипершоғырлауы болмас үшін қату жылдамдығы жоғарлау керек (-7 - -50 градус).

Төмен температуралар гаметаларға және ұрықтарға әсер беріп келесі криозақымдар жасау мүмкін.

1. Гидрофобтық қарым қатнасу және липидтік фазалық өзгерістер төмендеу. Осында төрт кезең айырады:

а) суйық кристаллды жағдайдан гель жағдайына өту. Қабыршықтардың құрамы өзгеру;

б) кластерлер жаратылу; кластерлер - өмірлері қысқа липидтік молекулалар. Липидтер кластерлерге өткенде ақуыздармен қарым қатнасуы бүлінеді, ферменттердің жұмысы өзгереді;

в) литералдық бөліну;

г) ақуыздарда қайта орнына келетін немесе қайта орнына келмейтін өзгерістер өту.

2. Физико-химиялық себепкер шарттар – рН, электролиттердің шоғыры өсу, осмос қысымының жоғарлауы - өзгереді.

3. Биохимиялық өзгерістер басталу.

Кішкентай жасұшалар (сперматазоидтер) қату үдірістерден жеңіл өтеді. Олардың суы тез ұшып, гипертоникалы ерітінділер көп әсер бере алмайды.

Еріту үдірісінде, рекристаллизация кезеңінде, қабыршыққа өсмөс әсерлеп көбінесе репродуктивтік жасұшалар зақымданады. Еріту үдірісінде қауыпты температуралық зоналар -50 градустан -30 градуска дейін және -30 градустан 0 градуска дейін. Жасұшалар осы кезде изотоникалық жағдайға түсіп, жарылып кету мүмкін. Сонымен, гаметаларды және ұрықтарды қатыру үдірістерінде үш кезең бөліп шығарады:

1. Суыту – (+37 градустан бастап кристаллдану нүктесіне дейін). Ақырындап суыту керек.

2. Қатыру – екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатыру уақыты 10 градус/мин, екіншіде – 100 градус/мин.

3. Еріту – еріту уақыты қатыру уақытына сәйкес келеді.

 

Криосақтау

Криосақтау – төмен температуралармен әсер етіп гаметаларды және ұрықтарды көп уақыт сақтау.

Осы әдісте гаметалар және ұрықтар суйық азотта -196 градус температурада сақталады. Гаметалардың және ұрықтардың керекті генотиптерінің банкі болу келесі жағдайлар тұдырады:

1. Бағалы генетикалық материалды сақтау.

2. Халықаралық тасымалдау жұмыстарын жеңілдету.

3. Карантин жұмыстарын жеңілдету.

4. Жоғарыөнімді ауылшаруашылық жануарлардың селекциясыеа көмектесу.

Керекті генотипті гаметалардың және ұрықтардың банкі болу биологияда және медицинада келесі артық жерлер береді:

1. Бедеулікпен байланысты проблемаларды шешеді. Бір неше овуляция қоздырып in vitro ұрықтандырғанда бір неше (2 – 6 – 8) ұрықтар алуға болады. Олардың екеуін ананың ағзасына немесе суррогатты ананың ағзасына отыртуға болады, қалғандарды қатырып келесі айналымдарда отыртуға дайындап қояды. Қортындысында ұрық көтеру мүмкіншілік 2-3 рет көтеріледі.

2. Төмен температураларға жасұшалардың реакцияларын зерттеуге көмектеседі. Жетпісінші жылдарда тышкандарда -196 градуста сақталған ұрықтарды еңгізіп тірі балапандарды алған. Кәзіргі уақытта осындай жолмен 20 түр жануарлардан тірі төл алады.

Қатыруға алынатын ұрықтардың даму кезеңдері. Қатыруда жаңадан алынған гаметалармен және ұрықтармен қолданады. Қатыру техникасы ұрықтардың түрімен және даму кезеңімен байланысты. Тышқандарда және егеуқұйрықтарда ұрықтарды сегізжасұшалы кезеңде қатырады. Үй қояндарда қатыруға 8-16 бластомера және морула кезеңіндегі ұрықтарды алады. Ірі қара малдарда бластоциста, қойларда және шошқаларда морула кезеңдерінде қатыру жұмыстарын өткізеді.

Криопротектор – төменмолекулярлы элетролит емес суйықтықтық, жасұшаның қабыршығынан өтіп, суспензиялық ортада су қатқанда, жасұшаны сақтайтын.

Криопротекторларға қойылған талаптар:

1) жасұшаға жеңіл өту керек;

2) суды жақсы байлау керек;

3) электролиттердің су ерітінділерінде жақсы еру керек;

4) төмен температураларда еритін эвтетикалық қоспаларды жаратуға көмектесу керек;

5) мұзға ұсақ кристаллдар жаратуға жағдай тұдыру керек;

6) төменмолекулярлы салмағы болу керек;

7) жоғары шоғырда ұлы болмау керек.

Жасұшалармен қарым қатнасуына байланысты криопротекторларды екі топқа бөледі:

1. Эндоцеллюлярлық – жасұшаға жеңіл кіретін (диметисульфоксид ДМСО, глицерин);

2. Экзоцеллюлярлық – жасұшаға өтпейтін. Олар өз алдына екі топқа бөлінеді:

а) осмотикалық белсенді (сахароза);

б) осмотикалық белсенді емес (поливинилпирролидон – ПВП).

Эндоцеллюлярлық криопротекторлардың қорғаныс қызметі келесі себепкер шарттардан құрастырылады:

- жақсы ерітуші болып, олар тұздарды және электролиттерді қауыпсыз деңгейге дейін ерітіп, олардың жасұшаның ақуызды құралымына зиян әсерін төмендетеді;

- ерітінділерді суытып, оларды ұсақ кристаллды жағдайға дейін қатырады;

- молекулярлы салмағы кішкентай болып, олар жасұшаға жеңіл отіп, суды байлайды және судың қызметін атқарады;

- жасұшаларда кристаллдау үдірістерінің дамуына қарсы болып, жасұшаның ішінде ұсақ кристтал қатуына себеп болады.

Глицерин осмостық белсенді емес зат, жасұшадан оңай шыға қоймайды, сондықтан жоғары осмостық қысым жаратады. ДМСОның глицериннен артықшылығы жасұшалы қабыршық арқылы осмотикалық тепе тендікке жету. Осы протекторлардың жалпы кемшілігі – реконсервациядан өткен жасұшаларды глицериннен және ДМСОдан босату үшін жуу керек.

Эндоцеллюлярлы протекторлармен салыстырғанда, экзоцеллюлярлы протекторларды қатырылған жасұшалардан шығармайды. ПВПның криопротекторлы қасиеті – ол жасұшаның сыртындағы және жасұшадан шығарылған суды тығыз байланыстырып, мұздың кристаллдарының өсуін ақырындатып, жасұшаны қаптайды.

Эндоцеллюлярлы және экзоцеллюлярлы криопротекторлардың әсер ету жалпы заңы: жасұшаларды дағдарландыру, цитоплазманың вакуолизациясы, ядролардың пикнотизациясы және т.б.

Криопротекторлармен қолданғанда гаметалардың және ұрықтардың өмір сүруіне әсер етеді:

1. Криопротектордың шоғыры. ДМСО ортада 0,1-0,2М, глицерин 1,0-1,4М мөлшерде болса, осы ортада қатырылған гаметаларға және ұрықтарға жақсы жағдайлар тұдырылады. Осы көрсеткіштен шоғыр төмен болса қорғаныс жеткілікті болмайды, шоғыр жоғары болса – орта ұлы болады.

2. Криопротекторді үлгіге кіргізгенде кіргізу жылдамдығы және температурасы және суыту алдындағы ұстау уақыты.

3. Ерітілген үлгіден криопротекторды шығару жылдамдығы және температурасы.

Криотехника. Гаметаларды және ұрықтарды қатыру, сақтау және еріту жұмыстарын өткізу үшін болу керек бокс, криопротектор ерітінділері, шыны ыдыстар (Петри табақшалары, пипеткалар және т.б.), қатыру аппараты, суйық азоты бар Дьюар ыдысы.

Суыту жұмыстарда келесі ұстанымдармен қолданады. Іріктеліп алынған ұрықтарды және гаметаларды криопротекторларға салады және әдейленген контейнерлерге пайеталарға орналастырады. Кейіннен қатыру жұмыстарды және басқа операцияларды осы пайеталардың көмегімен өткізеді.

Гаметаларды және ұрықтарды қатыру әдістері. Тәжірибеде қатыру үш әдіспен қолданады:

1. Бір кезеңдік – ұрықтарды криопротекторлар көмегімен ақырын (0,2-2 градус) бастап (-70 градусқа) дейін жасұша қатты болғанша қатырады. Еріту үдірістерді де ақырын өткізу керек.

2. Екі кезеңдік – 0,3-0,5 градус/мин жылдамдығымен (-40 градус) температураға суытып суйық азотқа отыртады. Жасұшаларда дағдарыс үдірістері болмайды.

3. Витрификаттау – қатыру жылдамдығы жоғары (5000 градус/мин). Су кристалл болуға үлгірмейді, аморфты жағдайға өтіп, шыны тәрізді мұз болады. Осы физикалық үдірісті витрификация деп атайды. Осы әдіспен қатырған жасұшаларды өлтіріп алмас үшін еріту үдірістерін тез өткізу керек.

Витрификаттаудың мақсатына жетуге келесі себепкер шарттар көмектеседі:

1) витрификаттық ерітіндінің құрамы; ұрықтарды және гаметаларды виртификаттаудан өткізу үшін оларды ВР-1 ерітіндісіне салады;

2) гаметалардың және ұрықтардың витрификаттық ерітіндісінде осмотикалық тепе тендігін реттейтін жұмыстар.

Қатыру және еріту жұмыстарының әдістемесі. Қатыру және еріту жұмыстарды өткізгенде жануарлардың гаметаларының және ұрықтарының өлу себебі – мұздың көп мөлшерде жаратылуы. Өлу себепкер шарттар: 1) жасұшаның мұз кристаллдарымен механикалық бұзылуы; 2) мұз жаратылып немесе еріп осмотикалық шок тұдырады.

Гаметалардың және ұрықтардың өмір сүруге мүмкіншілігі жасұша қатудан бұрын жасұшаның ішіндегі судың шығуымен байланысты. Суыну тым тез өтсе, ұрықтың жасұшаларының ішінде мұздың кесектері жаратылу мүмкін. Суыну тым ақырын өтсе, жасұшаларға олардың сыртындағы ерітінділері әсер етіп, жасұшалардың рН және көлемі өзгереді.

Гаметалардан және ұрықтардан суды шығаратын әдістер:

1. Субнольдік температураларда: мұз жаратылғанда, жасұшаның сыртындағы ерітінділердің суспензиялық ортасының шоғыры өседі, жасұшаның ішіндегі судың буының қысымы көтеріледі, жасұшаның сыртындағы қысымы төмен болып, су тепе тендікті орнату үшін жасұшаның қабыршығынан сыртқа қарай шығады.

2. Субнольдік температураларға жеткізбей суытардың алдында: суспензиялық ортаға сахарозаның ерітіндісін қосу бластомераның суын алуға себеп болады. Осы әдісті -196 градуска дейін тез суытардың алдында субнольдік температураларда (-30 градус) ұстаумен байланыстыруға болады.

Қатыру және еріту жұмыстардың әдістемесі келесі жұмыстарды өткізуге талап етеді:

1. Суспензиялық ортаны таңдап алу. Гаметалар және ұрықтар ортаның қышқылдығынан зақымданбас үшін, биоматериалды жинап тұрақты қышқылдығы бар ортада (7,2-7,4) ауада (физиологиялық ерітінді, Дюльбекко ерітіндісі, М2) қатырады.

2. Үлгілерге контейнерлер таңдап дайындау. Гаметаларды және ұрықтарды шыны тест-сынауықтарда (диаметр 10 мм, ұзындығы 75 мм), боросиликондық шыны ампулаларда (1-2 мл) немесе пластикалы пайеталарда қатырады.

3. Үлгіні суытуға дайындау. Осы процедуракелесі кезекпен өткізіледі: 1) белгіленген ампулаға 0,15 мл М2 ортасын кіргізеді; 2) ұрықтарды ортаға салады (үлгіге 30); 3) үлгілерді мұзды моншада криопротекторды кіргізердің алдында 0 градуска дейін суытады.

4. Суыту үдірісінде криопротекторлардың болуы. Гаметаларды және ұрықтарды криосақтау үшін ДМСО немесе глицерин алады. Криопротекторларды қосу әдістемесі ұрықтың даму кезеңіне байланысты және қолданған криопротектордың түрімен байланысты. Мысалы, 1) 3,0М ДМСО бөлме температурасына дейін жылытады; 2) ампулаға бөлме температурасындағы 0,15 мл М2 ортасына пипеткамен ұрықтарды кіргізеді; 3) 0,05 мл 3,0М ДМСО қосады; 4) араластырады; 5) 5 минут тосады; 6) 3,4,5 пунктердің жұмыстарын қайтарады; 7) 3,4 пункттердің жұмыстарын қайтарады; 8) үлгіні 0 градуска дейін суытады; 9) 15 минут тосып сидинг үшін моншаға үлгіні орналастырады.

5. Ортаның қататын температура нүктесінен төмен сидинг. Қату нүктесіне жеткенде үлгінің ішінде температура -21 градуска дейін төмендеп жасұша зақымданып кетуге мүмкін. Сондықтан 15 минуттан артық -5 немесе -6 градус температураны устайтын моншамен қолданады.

6. Ақырын суыну(-0,5 граду/мин), -40 гадуста немесе -70 градуста суйық азотқа салғанда тоқтайтын.

7. -196 градуста суйық азотта сақтау.

Гаметалардың және ұрықтардың банкін құрастырғанда сағталған материал тұралы толық және дүріс бағдарлама болу керек. Бағдарламада келесі көрсеткіштер болу керек: криосақтауға қойылған мерзім, сақталған жануарлардың түрлерінің сипаттамалары, ампула (пайета) нөмірі, бір ампулада (пайетада) ооциттердің/ұрықтардың саны, даму кезеңі, консерваттау әдісі, суйық азотта қоймада сақталу жері, еріту және сұйылту әдісерінің жұмыстары.

8. Еріту. 1) ақырын суыту -40 градуста аяқталған болса, үлгіні 50 градус/мин жылытады.

2) ақырын суыту -70 градуста өтсе, үлгіні 4-20 градус/мин жылдамдығымен ақырын жылытады.

Мұздың қалдықтары кеткеннен кейін үлгіні бөлме температурасында 5 минут ұстайды.

9. Ерітуден кейін осмотикалық шоқ болмау үшін криопротекторды ақырындап алады. Гаметаларды және ұрықтарды ерітіп олардың ішінен 1,5М ДМСО бөлме температурасында келесі кезекпен алынады: 1) ұлгіде мұз ерігенде ампуланы ашады; 2) 5 минут өткеннен кейін, үлгі бөлме температурасын алғанда, 0,3 мл үлгіге 1 мл М2 ортасын қосады; 3) араластырады, 1 минут өткеннен кейін пластикалы пипеткамен 1 мл үлгіні үрыққа арналған шынының үстіне салады; 4) ампуладағы үлгіні толығынан шынының үстіне құяды; 5) ұрықтарды пастер пипеткасының көмегімен М2 ортасымен екі рет жуады.

ДМСО алынғаннан кейін ұрықтарды in vitro және in vivo ұрықтандыру жұмыстарына қолданады, ал ұрықтарды культивирлеуге және транспланттауға жібереді.

10. Консервіленген материалдың өмір сүруге жарамдығын бағалау. Ұрықтарды келесі шарттарға сәйкес сұрыптайды: 1) қалыпты; 2) бластомералар үлкейіп кеткен; 3) бластомералар еріген (лизис); 4) дағдарланған; 5) Zona pellucid жойылған немесе жыртылған.

11. Ұрықтарды транспланттау. Ұрықтар дамып тірі балапандар туу үшін, ұрықтар алып жүретін ананың ағзасына көшірілу керек. Көшіруді хирургиялық әдістермен (жұмыртқа жасұшаның түтігіне немесе жатырға) немесе хирургиялық емес әдіспен өткізеді. Көшіргенде трансплантталатын ұрықтардың санын анықтайды. Әдеттегінде бірден туатын жануарларға 2-3 ұрықтарды, көптен туатындарға 3-6 ұрықтарды әр бір жұмыртқа жасұшаның түтігіне немесе жатырдың мүйізіне кіргізеді. Ұрықтардың көп санын еңгізсе, олардың дамуы киын болады.

 

Дәріс





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 700 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.