Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі




Ұрғашы жануарлардың жыныс жүйесінің биологиялық маңызы – ана безін жаратып жеткізу, жыныс жағдайымен сперматазоидтерді алу, гаметаларды ұрықтандыруға жағдайлар тұдыру, ұрықты жатырдың ішінде дамыту және оны туып сүтімен емізу.

Ұрғашының жыныс мүшелерін сыртқыға және ішкіге бөледі. Сыртқы жыныс мүшелері – сарпай, клитор, қынаптың сырты. Сарпай екі жыныс еріндерден тұрады, сол еріндердің арасында жыныс жарығы болады. Клитор еркек жыныс мүшесіне ұқсаған, жыныс жарықтың үстінгі жағында болады. Қынаптың сырты – қысқа бұлшық етті түтік, жыныс жарықтан басталып зәр шығатын тесіктің қасында бітеді.

Ішкі жыныс мүшелері – қынап, жатыр, фаллопий түтіктері және аналық бездері. Қынап – жыныс мүшесі және іштегі төлдің шығатын жері. Ол өте ұзын түтік, төқ ішектін астында, жанбастың ортасында орналасады. Қынаптың іші кілегейлі қабыршықпен жабылған. Жатыр – төлді алып жүретін мүше, үш бөлектен тұрады: бас жақтан, денесінен, оң және соң екі мүйізшеден. Бас жағы үш қабыршықтардан тұрады - кілегейлі, бұлшық етті, сірі. Кілегейлі қабыршық кілегей шығаратын муциндерден тұрады. Осы кілегейдің биологиялық маңызды қасиеттері бар: сіңдіріп алу, бактериоциттік және бактериостаттық. Жыныс қоздырылу уақыты басталғанда кілегей суйықталып, мөлдір болып көп мөлшерде ағып шыға бастайды, ал жүктілік уақытта кілегей қойырып, кілегейлі тығын түрінде жатырдың ауызын жауып, дамып жатқан ұрықты микробтардан сақтайды.

Іште төл жылқыларда және есектерде жатырдың денесінде, ал сиырларда, қойларда, ешкілерде жатырдың мүйізшелерінде жатады.

Жатырдың мүйізшелерінің қалыптары әр түрлі жануарларда әр түрлі болады:

- сиырларда, қойларда, ешкілерде жатыр екі мүйізді;

- жылқылардың жатырларының денелерінің ортасында қалқа болмайды;

- көп төлді жануарларда (шошқалар, мысықтар, иттер, тышқандар) жатырдың денесі жоқ, ал жатырдың бас жағы мүйізшелерге өтеді;

- үйқояндарда жатырдың бас жағы екіге бөлінеді.

Фаллопий түтіктері – қос, қатты иреленген түтіктер. Олардың жұмысы – овуляциядан шыққан аналық безді сперматазоидпен кездестіріп ұрықтандыру. Фаллопий түтіктерінің қабыршығында үш қабат болады: кілегейлі, бұлшықетті және сірі. Кілегейлі қабыршық гиалуронидаза ферментін шығарады. Осы фермент ұрықтандыру процессіне қатысады. Аналық бездер – кішкентай қос мүшелер. Екі жұмыс атқарады – ұрғашылардың жыныс жасұшаларын шығарады және ұрғашылардың жыныс гормондарын (эстроген, прогестерон) шығарады. Аналық бездер жылқылардың қарын жағында, сиырлардың, қойлардың, шошқалардың жанбас жақтарында орналасады. Аналық бездердің үлкендігі және салмағы жануардың түрімен байланысты. Сыртынан олар ақуызды қабыршықпен қапталған, ішінде екі бөлім айырады: қабыршықты – фолликулдық және милы – тамырлы. Қабыршықты қабатта фолликулалар және сары денелер орналасады. Милы қабыршықта өте көп тамырлар және жүйкелер орналасқан.

Жұмыртқа жасұшасы – гаплоидтік, ірі, қозғалыссыз жыныс жасұшасы. Ұрғашының ағзасында орналасып, сперматазоидпен қосылып, ұрыққа даму береді.

Жұмыртқа жасұшасының құрамында ядро және цитоплазма бар, сыртынан жасұша плазматикалық қабыршықпен қапталған. Цитоплазмада органеллалар және қоспалар бар, цитоплазма әр түрлі қоректік заттардың (нуклеопротеидтер, липохондриялар, гликоген түйіршіктері және т.б.) қоры болады. Осы заттар ұрықтану үдірісі өткеннен кейін эмбриогенезде керек болады. Осындай ерекшелікпен байланысты жұмыртқа жасұшасында ядро-цитоплазма салыстыруы 1: 550 болады.

Піскен жұмыртқа жасұшалардың ядросында хромосомалардың саны гаплоидты болады. Ооцит дамып піскен кезде оның центриолясы жоғалып, жасұшада ассимиляция және диссимиляция үдірістерінің деңгейі ақырындайды.

Жануарлардың овуляциядан өткен жұмыртқа жасұшалардың мөлшері 110-160мк. Жасұша үш қабат қабыршықтармен жабылған: бірінші (сары), жануарлардың бәр түрлерінде болады, ооциттің өзімен синтезделеді; екінші (жылтыр) – zone pellucid (ZP), оның ішкі жағы ооциттің өзімен синтезделеді, ал сыртқы жағы фолликулярлы жасұшалармен синтезделеді; үшінші, құстарда жақсы дамыған, овуляциядан кейін, ооцит жұмыртқа түтігінен өткеннен кейін қалыптасады.

Жануарлардың овуляцияланған жұмыртқа жасұшаларының ерекшелігі – олар zone pellucidпен қапталған, оның айналасында фолликулярлы жасұшалар сәүлелі тәж қалыптастырады. Осы тәж жұмыртқа алып жүретін түйірге өтеді. ZP ооциттің плазматикалық қабыршығына жабысып тұрмайды, оолемма және ZP арасында перивителлиндік құыс жаратылады. Zone pellucid ооцидтерді және имплантацияға дайын ұрықтарды қаптайды. Осы қабыршықтың қалындығы әр түрлі жануарларда әр түрлі болады: тышқандарда ол жұқа болып инемен жақсы пісіледі, үй қояндарда және қаракүзендерде ол өте қалын және мықты болады.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 969 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2279 - | 2102 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.