ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
ORT 3302 РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
2 кредит
Алматы 2015 22
Кіріспе
1. КЕАҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті» ӨҢДЕЛДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
ПІКІР БЕРУШІЛЕР
Джурунтаев Д. З. – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазМТУ профессоры
Касимов А.О. – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазМТУ, РЭТ кафедрасының меңгерушісі, доцент, т.ғ.к.
Липская М.А. – М. Тынышбаев атындағы ҚазКжКА, РТ кафедрасының меңгерущісі, доцент, т.ғ.к.
Р БҒМ ЭРЭТ РУМС мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік секциясының шешімімен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
4. Типтік оқу жоспары – 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының типтік оқу жоспарына сәйкес жасалды
5. ҚР БҒМ ЭРЭТ РУМС мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік секциясының отырысында ҚАРАЛДЫ, 29.05.2015ж. № 6 хаттама
Түсіндірме жазба
«Радиотехника және телекоммуникациялар негіздері» (РТжТКН) курсы жоғарғы оқу орындарының студенттері үшінміндетті компонент болып табылады және базалы пән ретінде оқу жоспарларына қосылады.
Курстың мақсаты – студенттерді телекоммуникациялық жүйелер негіздерін мен тәсілдерін құруды және сигналдарды өңдеу мен қабылдау, тарату, құру құрылғыларының негіздеріне үйрету.
«Радиотехника және телекоммуникаций» курсы Математика 1-2, Физика, Электрлік тізбектер теориясы курстарына негізделген. Ол таңдау бойынша арнайы пәндерді оқу үшін теориялық база болып табылады.
Курстың міндеттері – пәнді оқу нәтижесінде студент:
- радиотехника және телекоммуникация технологиясының даму тенеденциясы, сапа көрсеткіштері мен энергетикалық параметрлердің, жүйенің экономикалық көрсеткіштерінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдылықтар жөнінде түсінігі болуы қажет;
- радиотехниканың жалпы ұстанымдарын, радиотехникалық құрылғыларда өтетін құбылыстың физикалық мағанасын; сигналдарды өндеу және тарату, қабылдау әдістерін, қолданылатын жиілік диапазонын, антеннафидерлік техника негіздерін, радиобайланыс жүйелері мен құрылғыларын құру ұстанымдарын; телекоммуникациялық жүйелердің құрылымдық сұлбасын, құру ұстанымдарын, жұмыс істеу шарттарын, тағайындалуын, көпарналы телекоммуникациялық жүйенің ерекшеліктері мен құру тәсілдерін; цифрлық желілердің интеграциялық қызметімен және интеллектуалдық желінің негізгі түсінігін;
- ақпаратты аналогтық пен цифрлық өңдеу жүйелерінің және құрылғылардың сипаттамаларын (көрсеткіштерін), оларды құру құрылымын талдауы керек.
РТжТКН бағдарламасындағы қарастырылған білім, одан кейінгі оқылатын арнайы пәндердің негізі бола отырып, сонымен қатар телекоммуникация бағыттында дипломданған мамандарды қалыптастыру үшін өзіндік мән–мағанаға да ие.
Пәннің мазмұны
Кіріспе. Ара қашықтыққа ақпаратты таратудың ортақ түсінігі
Радиотехника және телекоммуникацияның дамуының қысқаша тарихы. Ақпарат, хабарлама, электрлік сигналдар және олардың сипаттамалары. Сигналдардың уақыттық және спектрлік көрсеткіштері. Электрбайланысының заманауи түрлері. Телекомуникация ауданындағы нормативті-құқықтық құжаттар.
Электрбайланыс желісін құрудың ұстанымдары
Байланыс желісі құру. Электрбайланыс желілерінің классификациялары. Байланыс желілерінің құрылымдық-топологиялық құру. Қалалық және селолық желілер.
1.3 Көп деңгейлі тәсілдеме. Ашық жүйелердің өзара қатынасының үлгісі (OSI)
Екітүйіннің өзара қатынасының иерархиясы. Протокол. Интерфейс. OSI үлгісі.TCP/IP протоколдарының стегі.
Телекоммуникациялық желілердегі ақпаратты таратудың негізгі тәсілдері.
Ақпаратты маршутизациялы телекоммуникациялық желілер (түйіндік желілер). Арналарды коммутациялау. Хабарламаларды коммутациялау. Дестелерді коммутациялау амалдары. Дестелі коммутация желісіндегі кідірістер, жоғалтулар және артық жүктеулер. Дестелі коммутация желісіндегі ағындар басқарылуы туралы түсінік. Телекоммуникацияның желідегі дестелі коммутацияның негізгі ерекшеліктері.
Рұқсат желілерін құрудың негізгі қағидалары
Рұқсат желілердің түрлері, ерекшеліктері, қызметтері, құру қағидалары. Рұқсат желілерінің интерфейстері мен протоколдары. Рұқсат желілерінің транспорттық желілермен өзара қатынасы.
1.6 Жаңа ұрпақ желілерін құрудың ортақ қағидалары (NGN)
NGN туралы ортақ түсініктер.