*Плазмаферез
*+Тез арада босандыру
*Кешенді инфузиялық емді бастау
*Босану мерзімі жеткенше жүктілікті созу
*Форсирленген диурез әдісін қолдану
#161
*!43 жастағы әйел, бірінші жүктілік, егіз, жүктіліктің 33 аптасында үдеп жатқан ісінуге және несебінің мөлшерінің азаюына байланысты ауруханаға түсті. Зертханалық мәліметтер: тромбоциттер 80 мың, ж.белок 50 г/л, билирубин 42 мкмоль/л, АЛТ 2,0 ммоль/л, АСТ 1,6 ммоль/л, креатинин 328 мкмоль/л, ЛДГ 1288 бірл. Бүйрек биопсиясында қандай нәтиже мейілінше күтіледі?
*+Тромботикалық микроангиопатия
*ФСГС
*Мардымсыз өзгерістер
*Мембранозды нефропатия
*Диффузды пролиферативті ГН
#162
*!26 жасар жүкті әйелде тромботикалық микроангиопатияға күдік бар. Қандай көрсеткіш тромботикалық тромбоцитопениялық пурпураны анықтауға көмектеседі?
*С3, С4
*+ADAMTS 13
*H, I факторлары
*МСР факторы
*СН50
#163
*!Жүктілердегі преэклампсия деп мына жағдайда айтамыз:
*Гипотензия мен анемия
*Гипертензия мен қан ағу
*20 аптадан кейін гипотензия мен протеинурия
*10 аптадан кейін гипертензия мен протеинурия
*+20 аптадан кейін гипертензия мен протеинурия
#164
*!32 жасар жүкті әйел, бірінші жүктілік, 28 апта. Шағымдары: бетінің, аяқтарының ісінуіне, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: АҚ 180/100 мм с.б. ЖҚТ – Нв- 115 г/л, тромбоциттер-220 мың; қанның биохимиялық талдауында: жалпы белок 62 г/л, креатинин 200 мкмоль/л, холестерин 4,9 ммоль/л; ЖНТ: белок 2 г/л, Л 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а. Қандай көрсеткіш тез арада босандыру үшін аса маңызды емес?
*АД 180/110
*Протеинурия
*+Ісіну
*Креатининнің жоғарылауы
*Ұрықтың жағдайының нашарлауы
#165
*!32 жасар жүкті әйел, бірінші жүктілік, 28 апта. Шағымдары: бетінің, аяқтарының ісінуіне, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: АҚ 180/100 мм с.б. ЖҚТ – Нв- 115 г/л, тромбоциттер-220 мың; қанның биохимиялық талдауында: жалпы белок 62 г/л, креатинин 120 мкмоль/л, холестерин 4,9 ммоль/л; ЖНТ: белок 2 г/л, Л 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а. Алдын алу мақсатында қандай ем мейілінше дұрыс болып табылады?
*Тромбоконцентрат енгізу
*+Тырысуға қарсы ем
*Плазмаферез
*Диализ
*ЖМП (СЗП)
#166
*!Жүктіліктің 34-36 аптасындағы әйелде преэклапсия күдік туғызды. Қандай параметр шұғыл босандырудың қажеттілігін көрсететін аса шешуші рөлге ие емес:
*Протеинурия >3 г/тәулігіне
*+Тромбоциттер >180 мың/мкл
*Ұрықтың жағдайының нашарлауы
*Креатинин мен мочевина деңгейінің жоғарылауы
*Гипотензивті ем фонында АҚҚ ≥210/110 мм с.б.
#167
*!Преэклампсияның, эклампсияның және HELLP-синдромның патогенезінің негізінде не жатыр?
*Комплемент жүйесінің бұзылысы
*Онкотикалық қысымның төмендеуі
*Гидростатикалық қысымның төмендеуі
*+Жайылған тамырлық дисфункция
*Қан плазмасының прокоагулянттық және антикоагулянттық факторларының дисбалансы
#168
*!Жүкті әйелде HELLP-синдромына күдік. Бұл синдромға қандай көрсеткіш үнемі тән бола бермейді?
*Гемолиз
*+Протеинурия
*ЛДГ жоғарылауы
*Тромбоцитопения
*Бауыр ферменттерінің белсенділігінің артуы
#169
*!Жүкті әйелде HELLP-синдромы анықталды. Қандай көрсеткіш бұл синдромда үнемі табыла бермейді?
*Гемолиз
*Тромбоцитопения
*+Артериалды гипертензия
*АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
*АСТ белсенділігінің жоғарылауы
#170
*!Жүкті әйелде HELLP-синдромына күдік. Босанғаннан кейін бұл синдромның болжамы қандай?
*Босанғаннан кейін қайталайды
*Қолайсыз
*+Айығу
*Бауыр циррозы
*БСА
#171
*!Жүкті әйелдегі HELLP-синдромның дамуының негізінде қандай маңызды патогенетикалық үдерістер жатыр?
*+Ұюдың бұзылысы және бауырдың дисфункциясы
*Комплемент факторларының тапшылығы
*ADAMTS 13 факторының тапшылығы
*Аутоиммундық үдеріс
*Бактериалдық үдеріс
#172
*!Жүктіліктің 30-32 аптасындағы жүкті әйел ішінің спонтанды ауыруына, жүрегінің айнуына, құсуға, сарғыштықтың пайда болуына шағымданды. Қарағанда: тері жабындылары сарғайған, беті мен балтыры ісіңкі, АҚ 160/85 мм с.б., пальпация жасағанда эпигастрий мен оң жақ қабырға асты ауырады. Талдауларда: анемия, тромбоцитопения, гипербилирубинемия, протеинурия және гематурия. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*ТТП
*+HELLP-синдром
*Вирусты гепатит
*Өт-тас ауруы
*Жүктілердегі бауырдың майлы дистрофиясы
#173
*!Жүктіліктің 30-32 аптасындағы жүкті әйел ішінің спонтанды ауыруына, жүрегінің айнуына, құсуға, сарғыштықтың пайда болуына шағымданды. Қарағанда: тері жабындылары сарғайған, беті мен балтыры ісіңкі, АҚ 160/85 мм с.б., пальпация жасағанда эпигастрий мен оң жақ қабырға асты ауырады. Талдауларда: анемия, тромбоцитопения, гипербилирубинемия, протеинурия және гематурия. Қосымша зерттеу жүргізгенде қандай көрсеткіш неғұрлым дәл анықталады?
*УДЗ-де фиброз белгілері
*Вирусты гепатиттердің маркерлері
*+Лактатдегидраназаның жоғарылаған деңгейі
*Миелограмма мәліметтері бойынша сүйек кемігіндегі жасушалардың бұзылуы
*Тромбоциттердің адгезивті-агрегациялық қабілетінің бұзылысы
#174
*!Жүктіліктің 30-32 аптасындағы жүкті әйел ішінің спонтанды ауыруына, жүрегінің айнуына, құсуға, сарғыштықтың пайда болуына шағымданды. Қарағанда: тері жабындылары сарғайған, беті мен балтыры ісіңкі, АҚ 160/85 мм с.б., пальпация жасағанда эпигастрий мен оң жақ қабырға асты ауырады. Талдауларда: анемия, тромбоцитопения, гипербилирубинемия, протеинурия және гематурия. Қандай іс-әрекет алгоритмі бұл жерде орынсыз болып табылады?
*Полиоргандық жетіспеушіліктің декомпенсациясын жою
*Ана мен ұрық үшін ықтимал асқынулардың алдын алу
*Әйелдің жағдайын толық қалпына келтіру
*+Жүктілікті созу
*Босандыру
#175
*!Жүктіліктің 30-32 аптасындағы жүкті әйел ішінің спонтанды ауыруына, жүрегінің айнуына, құсуға, сарғыштықтың пайда болуына шағымданды. Қарағанда: тері жабындылары сарғайған, беті мен балтыры ісіңкі, АҚ 160/85 мм с.б., пальпация жасағанда эпигастрий мен оң жақ қабырға асты ауырады. Талдауларда: анемия, тромбоцитопения, гипербилирубинемия, протеинурия және гематурия. Бұл жағдайда HELLP-синдромның аса ауыр емес ықтимал асқынуы қандай?
*Жедел бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі
*ТШҚҰ-синдромы және жатырдан қан кету
*+Бауырдың субкапсулярлық гематомасы
*Миға қан құйылу
*Плацентаның сылынуы
#176
*!Созылмалы артериалдық гипертензияға қабаттасқан преэклампсиямен жүкті әйел, 28-30 апта. АҚ 170/110 мм с.б. Әсері орталық антигипертензивті қандай препаратты бұл жағдайда қолдануға болмайды?
*Атенолол
*Клонидин
*Лабеталол
*Метилдопа
*+Гидралазин
#177
*!Эклампсиямен жүкті әйелге магнезиалді ем жүргізілуде. Ем фонында ұрыққа қолайсыз әсер ететін қандай асқыну дамуы мүмкін?
*Ми ішілік қысымның төмендеуі
*Тырысуға қарсы әсер
*Диуретикалық әсер
*Өт айдайтын әсер
*Бронхтардың кеңеюі
*+Жатыр гипотониясы
#178
*!Артериалды гипертензиямен және преэклампсия даму қаупімен 22 жастағы жүкті әйел. Ұзақ уақыт жүргізілетін антигипертензивті ем үшін мына препараттардың қайсысы қолданылмайды?
*Празозин
*Лабеталол
*Клонидин
*Метилдопа
*+Нифедипин
#179
*!АҚ 170/110 мм с.б. дейін, 1 г/л протеинуриямен және азотемиямен жүкті әйел ұзақ уақыт бойы атенолол алады. Осы жағдайда неден қауіптенген жөн?
*+ҚІДК
*Шала туылу
*Бүйрек өзекшелерінің дисплазиясы
*Даму ақауларының түзілуі
*Ұрықтың құрсақ ішінде өлуі
#180
*!Жүктіліктің II және III триместрлерінде ААФ ингибиторларын қолданғанда орын алады:
*ҚІДК
*Жүктіліктің ақырына дейін жетпеуі
*+Даму ақауларының түзілуі
*Баланың постнаталдық адаптациясының бұзылуы
*Жатырдың жиырылу қабілетінің жоғарылауы