Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


лттық бюджетке әсері




Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Себебі, үстіміздегі жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауы және қазақстандық экспорт бойынша энергетикалық және минералды ресурстарға сұраныстың төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануы.
Тұтастай республика бойынша үстіміздегі жылға республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке қарағанда 371,1 миллиард теңгеге азайды. Бұл мынадай факторлардың әсерінен туындап отыр.
2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді нақтылау есесінен кірістер 176,9 миллиард теңгеге кеміту жағына қайта қаралды. Сол сияқты, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл-шерде шығындарға әкеледі. Сыртқы сауда айналымы көрсеткіштерінің және теңгенің АҚШ долларына бағамының өзгеруі кіріс бөлігінде 22,8 миллиард теңге мөлшерінде шығынға әкелетін болады.

96. «Бірыңғай кеден одағының ҚР қаржы жүйесінің дамуына әсері»

Кедендік одақ дегеніміз — екі немесе бірнеше аймақтардың бір кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде одақ аймағы арасындағы саудада баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.

Басқаша айтқанда, Кедендік одақ үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік тариф (бірыңғай сыртқы сауда саясаты) қолдану және еркін сауда аймағының қисындасуы болып табылады.

Кедендік одақ мысалы болып Еуропалық Одақтың Түркиямен Ассоциациясы, МЕРКОСУР, Шығыс Африка Қауымдастығы табылады.

Елдер арасындағы өзара сауда ғана емес, жұмыс күші мен капитал айналымы жолдарындағы кедергілердің жойылуымен Кедендік одақ толықтырылған жағдайда бірыңғай экономикалық кеңістік пайда болады.

Экономикалық одақ жоғарыда аталған бірігу шараларына қосымша қатысушы-елдердің бірыңғай экономикалық саясатты жүзеге асыруын, бірыңғай валюта енгізуін, әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекетаралық реттеу жүйесін құруды көздейді.

Кедендік одақтың қалыптасуына байланысты Қазақстан үшін мемлекеттермен неғұрлым тығыз қарым-қатынас орнату арқылы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу, өзара инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар құру, мемлекеттердің экономикалық әлеуетін ескере отырып, біріккен өндіріс орындарын ашу, жалпы ішкі өнім 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын ортақ деңгеймен Қазақстанда 15,9 млн. адамнан Кедендік одақта 167,2 млн. адамға дейін ішкі нарықты кеңейту, ішкі нарықтың кеңеюі нәтижесінде Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аймағында, соның ішінде Қазақстанда жаңа өндіріс орындарының, бірін-бірі толықтырушы кәсіпорындар кооперацияларының дамуы және сатылас біріккен корпорациялар құру үшін қызығушылықтардың пайда болуы, өнімдерге қойылатын қазіргі уақыттағы әрекет етуші стандарттар мен талаптардың бір ізге салынуына байланысты отандық тауарларды өткізу нарығының кеңейтілуіне және инвестциялық тартымдылығын арттыруға негіз болатын Кедендік одақ елдері, соның ішінде Ресей Федерациясы нарықтарына қазақстандық тауарлардың шығуын жеңілдету және кеңейту сияқты негізгі мүмкіндіктер туып отыр.

Қазақстандық тауар өндірушілер үшін еркін сауда аймағы келісіміне сәйкес кедендік баждар алынбайтын ТМД (62% жуығы), соның ішінде РФ және Беларусь елдерінен әкелінетін тауарлар негізгі бәсекелес болып табылады. Мысалы, Қазақстанға әкелінетін барлық импорт көлемінің ішінде 90%-ға жуығы Украина (71,7%) және Ресейден (16,5%) бажсыз әкелінетін кондитер өнімдері, сүт өнімдерінің 92%-дан көбі ТМД елдерінен, соның ішінде Ресейден – 45%, Қырғызстаннан – 25% импортталады, ұқсас жағдай шырын нарығында да кездеседі (75,9% – ТМД елдерінен, соның ішінде Ресейден – 25%, Тәжікстаннан – 22,4%), алкогольсіз сусындар (ТМД – 99,8%, Ресей – 99,6%), сыра (ТМД – 98,1%, Ресей – 98%) және басқалары.

Осыған орай баждың өсуі азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне әсер етпейді, себебі олар негізінен Қазақстан аймағында өндіріледі немесе импорттық баж қолданылмайтын ТМД елдерінен әкелінеді.

97. «ҚР қаржы нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары»

Қаржы нарығы — өте күрделі жүйе, онда ақша және басқа қаржы активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді. Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.Қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың 2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттерi қаржы секторын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мынадай мемлекеттiк органдарға бекiтiлген: оларға заңнамалық бекiтiп берiлген функциялар мен өкiлеттiктер шеңберiнде Yкiмет, ҚҚА, Ұлттық Банк және Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi агенттiк.
Осы мемлекеттiк органдардың жұмысы мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
-қызметкерлердiң кәсiбилiгiн арттыруға және қаржы секторы институттарының мониторинг сапасын арттыру үшiн мүмкiндiктер құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiн институционалдық нығайту;
-тәуекелдердi бағалау негiзiнде (risk based supervision) қадағалау әдiстерiн енгiзу жолымен қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу және қадағалау жүйесiн жетiлдiру;
-мүмкiн реттеушi тәуекелдердi талдау және олардың қаржы жүйесiне әсер етуiн азайту;

- шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру;
-қаржы ұйымдарының тәуекелдердi басқарудың iшкi жүйелерiн дербес және тәуелсiз сыртқы бағалауын жүргiзу үшiн жағдайлар қалыптастыру;
- акционерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

 

98.«ҚР сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бағыттары»

Мемлекеттер арасында сауда пайда болған сәттен бастап мемлекеттің сыртқы экономикасын реттеу мәселесі де алға қойылды. Сыртқы экономикалық қатынастар мәселесі дүниежүзілік саясаткерлер мен экономистердің, халықаралық ұйымдардың, жалпы азаматтық қоғам арасында тек зерттеу объектісі ғана емес, елдің экономикасын басқарудың тәжірибелік әдістерінің негізгі меселелерінің бірі ретінде қарастырылып келді.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, сон-дай-ақ шетелдермен валюта-кредит және қаржылық қатынастар бағыттарының нысандары мен әдістерінің жиынтығымен сипатталады. СЭҚ субъектілеріне арнайы мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдар, кәсіпорындар, өндіріс пен қызмет көрсету салалары, биржалар, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қызмет көрсететін және оның дамуына жәрдем көрсететін ұйымдар (банктер, сауда-өнеркәсіптік палаталар және т.б.) жатады.

Республикадағы сыртқы қызметті реттеуде тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және сыртқы істер мемлекеттік органдары мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін. Орындалған зерттеуде ұсынылған сыртқы экономикалық қызметті реттеудің деңгейін бағалау әдістемесі осы мәселе бойынша қолданыста бар ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді кеңейтеді және толықтырады, белгілі болған сыртқы экономикалық қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басым бағыттар аймақ деңгейінде жасалатын сыртқы экономиканы реттеу мен инвестицияларды тарту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға негіз болады.

Сыртқы экономикалық қызметтің мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, экспорттық және импорттық тауарлар мен шет елдік инвестициялар ағымы болып табылады. Квоталау, лщензиялау, валюталъщ реттеу, сондай-ақ салықтар, баждар және т.б. СЭҚ-ті реттеу құралдары болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі – мемлекеттің сыртқы саясатының айырылмас бөлігі.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1. сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2. салық салу;

3. инвестициялау;

4. сыртқы қарыз алу;

5. сырткы берешек;

6. экспортты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кірістіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортгы лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі нарықты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.

99.«Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттілігі мен оның түрлері»

Мемлекеттік несие көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталады. Сол себептен оның өндірістік сипаты бар. Экономикада айрықша орын алатын Халықаралық мемлекеттік несие – Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бүгінде халықаралық несие сферасында қаржылық қызмет етіп келе жатқан валюта-кредит ұйымдары бар. Олар елдердің экономикалық дамуына, оларға техникалық көмек көрсетуі мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының шетелдерден алған валюта қаражаттарын тиімді және ұтымды пайдалана білуі үшін керекті алғышарттарды айтуға болады.

Халықаралық несиенің шарттарына мыналар ықпал етеді: несиелік ресурстарды пайдалану бағыттары; несиелік қатынастар субьектілерінің сипаты, яғни несие берушілер мен қарыз алушылар; несиелік нарықтардың интернационалдану дәрежесі және олардың ұлттық несиелік бақылауға ұшырағыштығы. Дегенмен негізгі көрсеткішке: “баға”, есеп айырысу мерзімі және валютасы жатады.
Несиенің “бағасына” несиеге сатылатын тауарлар бағасында жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да бір мезгілдік ақылар, сыйақылар кі-реді. “Бағаның” негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерле-месі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі зандылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашы-лық коньюнктураларының өзгерісін піұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттарда дамуына қорытынды жасауға мүмкіндік жасайды.
Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік несие-лік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы үнемі өзгеріп отырады.
Халықаралық несие нарығының жекелеген сфераларын-дағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары пайызға ықпал етеді. Несиенің мерзімі мен сипатына қарай, пайызға “өзгермелі” бағам режимі жағдайындағы валюта-лық ресурстардың өзгерісі де әсер етеді. Осының барлығы халықаралық несиенің әр түрлі формалары мен түрлеріне байланысты пайыз мөлшерлемесіңің күрделі және ауқымды жүйесін жасайды. Пайыз мөлшерлемесінің бірнеше процестермен анықталатын икемділігі күшейеді. Қарыз-дық пайыздың өзінше қозғалысы халықаралық несие нарықтарында анық байқалады. Қысқа мерзімді займдар бойынша пайыз мөлшерлемесі өзінің икемділігіне қарай ажыратылады. Олардың икемділігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді мөлшерлемелерге қарағанда біршама есепті бейнеленген. Өрлеу барысында пайыз мөлшерлемелерінің жалпы артуы байқалса, ал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мөлшерлемелер арасындағы алшақтық азаяды. Дағдарыс жағдайында қысқа мерзімді мөлшер-лемелер ұзақ мерзімдіден асып түседі, ол әрине, өтімді ресурстарға деген сұраныстың бірден өсуімен байланысты больш келеді.
Қысқа мерзімді пайыз мөлшерлемелерінің біршама икем-ділігі, қысқа мерзімді капиталдар ағымының қозғалысының ерекше сипатымен, түсіндіріледі.

100.«ҚР Даму институттарының қаржылық қызметтері»

Қор қызметінің негізгі мақсаты әлемдік нарықтарда олардың ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың (бұдан әрі - компаниялар) өзіне меншік құқығындағы тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «жеделдетілген индустриализация мен инфрақұрылымды дамыту есебінен орнықты экономикалық өсімге қол жеткізуге» тапсырма берілген.

Қазақстандағы даму институттары инвестициялық ресурстарды жеке капиталдың оңай жете қоймайтын («нарық олқылығының орнын толтыру үшін) салаларына бөліп беру үшін құрылған.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, Германия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея секілді елдер банк, агенттік, корпорация, даму қорлары кейпінде даму институттарын құрған.

Ескеретін дүние, даму институттарының негізгі мақсаты пайда табу емес, бірақ, сонымен қатар, оларға шығынға да жұмыс істемейді.

Даму институттарының мақсаты – қоғамға пайдалы, экономикалық өсімге әсер ететін жобаларды ұзақ мерзім аралығында қаржыландырып, жаңа салалардың дамуына жағдай жасап, әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу.

Қазақстанда елдің 2001-2015 жылдар аралығындағы индустриалды инновациялық даму Стратегиясына сай 2006 жылы осы институттар жүйесі құрылымдалған. 2006 жылы даму институттарын «Қазына» орнықты Даму Қоры» АҚ құрамына біріктіру жөнінде шешім қабылданды. (2008 жылы «Қазына» «Самұрық» холдингімен бірігіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл Ауқат Қоры болып құрылды).

Қазір елде сегіз даму институты болса, соның бесеуі «Самұрық-Қазына» Қоры құрамында:

1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры – 1997жылы құрылған,

2) Қазақстан Даму банкі (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған,

3) Қазақстан Инвестициялық Қоры – 2003 жылы құрылған,

4) Kazyna Capital Managment (КСМ) – 2007 жылы құрылған 5) Экспортты сақтандырудың Мемлекетік корпорациясы – 2003 жылы құрылған.

Даму институттарының басқарылуын орталықтандыру туралы шешім сол кезде мына мәселелерді шешу үшін қабылданған:

• Мемлекет акционер ретінде өз құқықтарын толық жүзеге асыра алмағандықтан;

• Даму институттары тиімсіз жұмыс істеген;

• Жұмысы ашық болмаған;

• Даму институтары арасында қажетінше координация болмаған және бәсекелестік орын алған;

• Бизнеспен арадағы ынтымақтастық өз деңгйеінде болмаған;

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 789 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2300 - | 2053 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.