Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері




Менеджменттің негізгі мақсаты:

- техникалық және технологиялық базасын дамыту мен өндірісті басқару,

- әр жұмыскердің шығыармашылық белсенділік пен біліктілік арттыру.

- кадрлық потенциалын тиімді қолдану.

- өндіріс процесін рационалды ұйымдастыру

- кәсіпорынның пайдалы қызметін қамтамасыз ету.

Пайда фирманың болашақ қызмет етуінің белгілі кепілдемелерін қалыптпстырады. Себебі, тек қана оның әр түрлі резервтік қорлар түрінде, тауарларды өткізуімен байланысты тәуелдіктерді шектеу мен құтылуына жол ашады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгерісте болады: бәсекелестер жағдайы, қаржыландыру формалары мен шарттары, жалпы мемлекетте немесе саланың конъюнктурасы, әлемдік тауарлық нарықтарындағы сауда жүргізу шарттары да өзгеріп отырады. Осыдан тұрақты тәуелділік пайда болады.

Менеджменттің мақсаты тек қана нақты жағдайда емес, сонымен қатар болашақта да тәуелділіктен құтылу болып табылады. Ол, өз кезегінде, тез өзгеретін жағдайларға шұғыл икемдеу мақсатында белгілі дәрежеде еркіндік пен резервтік ақша құралдарын талап етеді.

Менеджменттің маңызды шешетін мәселесі кәсіпорынның рентабельділігін мен оның нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз ету және қолдағы материалдық пен адамдық ресурстары негізінде тұтынушылар сұранысымен есертесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіруді ұйымдастыру болып табылады.

Бұл орайда, менеджменттің шешетін мәселелеріне мыналар кіреді:

- жоғары білікті жұмыскерлерді таңдау мен өндірісті автоматтандыруды қамтамасыз ету;

- жоғары еңбек ақы белгілеу мен қызметкерлер үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру арқылы ынталандыру;

- кәсіпорын қарекетінің тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізу және оның барлық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

- жаңа нарықтарды тұрақты іздеуі мен оларға енуі.

Сонымен қатар менеджмент шешетін мәселелеріне мыналар жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың басымдылығын, олардың шешілу керектігін айқындау;

- фирманың даму стратегиясына кіретін шаруашылық мәселелері мен оларды шешу жолдарын табу;

- әр түрлі уақыт мерзімдеріне белгіленген мәселелерді шешу үшін іс – шаралар жүйесін қалыптастыру;

- қажетті ресурстар мен оларды қамтамасыз ететін қайнар көздерін анықтау;

- қойылған мақсаттарды жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Басқарудың шешетін мәселелері материалдық, қаржылық, еңбек және т.б. ресурстардың ұлғайып отыратын көлемдерін талап ететін өндіріс масштабтарының өсуі барысында күрделенеді.

Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;

- шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т.б.

Орытынды

Менеджмент - бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолданып, материалды және еңбек ресурстарын рационалды қолдану жолымен, анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған жеке бөлек профессионалды іс-әрекеттің түрі.

Менеджменттің негізгі мақсаты өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету.

Менеджер мынаны есте сақтауы тиіс, кімнің де болсын творчестволық қабілеті бар, оның міндеті – «барлық жұмыскерлер өз ақыл – ойын жұмсай білуі үшін» осы қабілеттерді аша білуі керек.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3568 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2215 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.