Лекции.Орг
 

Категории:


Агроценоз пшеничного поля: Рассмотрим агроценоз пшеничного поля. Его растительность составляют...


Объективные признаки состава административного правонарушения: являются общественные отношения, урегулированные нормами права и охраняемые...


Теория отведений Эйнтховена: Сердце человека – это мощная мышца. При синхронном возбуждении волокон сердечной мышцы...

Бағдарламалық жабдықтама



Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.

Копьютерде атқарылатын нақты әрекетті бұйрық (команда) деп атайды. Бағдарлама бұйрықтар тізімінен тұрады. Кез келген компьютер жұмысы бағдарлама арқылы атқарылады.

Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның бұйрығы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Интерфейс – бағдарламалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Бағдарламалық жасақтама – компьютерде белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық бағдарламалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы бағдарламалар жиынтығы.

Компьютердегі бағдарламалық жабдықтама құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды Бағдарламалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді. Бағдарламалық интерфейс туралы айтсақ:

- Қолданбалы БЖ;

- Қызметтік БЖ;

- Жүйелік БЖ;

- Базалық БЖ.

Олданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын бағдарламалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оларды пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай бағдарламаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман бағдарламашылар жасап береді

Әмбебап бағдарламалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алады

Олданбалы бағдарламалық жабдықтамалардың жіктелуі: Мәтіндік редакторлар (мәтіндік процессорлар); графикалық редакторлар; векторлық редакторлар; үшөлшемді графика редакторлары; мәліметтер қорын басқару жүйесі; электрондық кестелер; автоматтандырылған проектілеу жүйелері; столүстілік баспа жүйелері; эксперттік жүйелер.

HTML редакторлары (Web- редакторы) Web-құжаттарды құруға және редакторлауға арналады. Бұл мәтіндік және графикалық редакторлар қасиеттерін біріктіретін ерекше редакторлар, мысалға: броузерлер, іс-қағаздарын жүргізудің интегралды жүйелері, бухгалтерлік жүйелер, геоинформационды жүйелер (ГИС), видеомонтаж жүйелері және т.б.

Қызметтік деңгей. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті бағдарламалар тобы (утилиттер) қызметтік бағдарламалар болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық, мәліметтерді архивтеу, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін бағдарламаларды айтуға болады. Қызметтік бағдарламалардың жіктелуі: файл диспетчерлері (файл менеджерлері), міліметтерді сығу құралдары (архиваторы), қарау және қайта қалпына келтіру құралдары, диагностика құралдары, бақылау құралдары (маниторинг), коммуникация құралдары (коммуникациялық бағдарламалар), компьютерлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуші, рұқсат етілмеген жағдайлардан (мәліметтерді қарау, өзгерту) қорғау құралдары.

Жүйелік бағдарламалар ЭЕМ-ның ақпараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады. Жүйелік бағдарламалық жабдықтаманың бір тобы операциялық жүйелер. ОЖ – компьютерлерді басқаруға арналған және қолданбалы бағдарламалармен байланысы бар нақты бағдарлама.

Базалық деңгей – базалық аппараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық бағдарламалар базалық саймандар құрамына кіреді және тұрақты жадыда сақталады.

Атқаратын қызметіне қарай бағдарламалық жабдықтамалар бірне­ше топтарға бөлінеді, олар: жүйелiк бағдарламалық жабдықтамалар, бағдарламалау жүйелері (аспаптық), қолданбалы бағдарламалық жабдықтамалар (4-сурет).

 

 


4 - сурет. - Бағдарламалық жабдықтамалардың жіктелуі

Бағдарламалау жүйелері немесе аспаптық (инструменталдық) жабдықтар – басқа бағдарламалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер. Олар бағдарламалау тілдері мен трансляторлардан (түрлендіргіш бағдарламалар) тұрады, олар арқылы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жабдықтамалар жасалады.

 


CASE – технологиясы – күрделі бағдарламалық жүйені өңдеу, жобалау, сараптау процесінің технологиясын автоматтандыратын бағдарламалық кешен.

Қосымшаны жасау жабдықтары – бағдарламалау жүйесі мен тілдердің жиынтығы, сондай-ақ, шығарылған бағдарламаларды қолдап, қалпына келтірудің әртүрлі бағдарламалық кешені.

Бағдарламалау тілдері – Фортран, Паскаль, Бейсик, Лисп, Си, Си++, Турбо-Паскаль, Турбо-Си, Ада, Пролог, Ява, т.б. белгілі бір ереже арқылы жазылған, компьютер жұмысын басқаруға арналған командалар жиынынан тұрады. Олар ағылшын тіліне жақын жасанды тілде жазылады да, кейіннен трансляторлар көмегімен машиналық кодтарға түрлендіріледі. Трансляторлар интерпретаторларға және компиляторларға бөлінеді.

Интерпретаторлар әрбір команданы машина тіліне аудара салып, бірден орындайтын трансляторлар тобы, олардың артықшылығы – тұтынушымен диалог режимінде жұмыс атқарады, кемшілігі – жұмыс өнімділігі төмен болады.

Компилятор – командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын бағдарлама. Осының нәтижесінде объектілік модуль деп аталатын бағдарлама жасалады, олардың бірнешеуін біріктіру арқылы жүктеу модулі жасалып барып, осы модульді орындау арқылы мәселе (есеп) шешіледі.

Соңғы кездердегi ДК бағдарламалық жүйелерiн жасайтын алдыңғы қатарлы фирмаларға Microsoft Corporation және Borland International сияқтыларды жатқызуға болады. Microsoft фирмасы өзiнiң Quick Basic, Visual Basic және Microsoft С++ деген бағдарламаларын, ал Borland фирмасы – Turbo Basic, Borland C, Turbo Pascal бағдарламалық тiлдерiн жасап таратуда. Бұл жүйелердiң әрқайсысының күштi, әрi әлсiз жақтары бар, сондықтан оларды таңдауды алдына қойған мақсатына қарай әр адам өзi шешедi.

Жүйелік бағдарламалар келесі функцияларды атқарады:

- файлдарды басқару;

- күй-жағдайы туралы ақпараты беру;

- файлдарды модификациялау;

- бағдарламалық тілдерді қолдану;

- бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;

- байланыс орнату.

Жүйелік бағдарламалардың құрамына келесілер кіреді:

1. операциялық жүйелер;

2. драйверлер;

3. сервистік бағдарламалар:

а) қызметші бағдарламалар;

б) архиваторлар;

в) антивирустар.

Операциялық жүйе дегеніміз – бағдарламистен барлық аппаратура шынайылығын жасыратын және файлдарды қарапайым, ыңғайлы қарау, оқу және жазу мүмкіншілігін беретін бағдарлама. Операциялық жүйе бөлуді өңдеу, оперативті есте сақтау мен таймерлерді басқару және тағы сол сияқты төмен дәрежелі жұмыстарды шығарумен байланысты функцияларды атқарады. Операциялық жүйе функциясы шын машинаны қолданудың орнына бағдарламалау және онымен жұмыс істеу жеңілірек болатын кеңейтілген немесе виртуалды машинаны қолдануға мүмкіндік береді.

Операциялық жүйелердің тағы бір негізгі функциясы процессорларды, жадларды, құрылғыларды және осы ресурстарға бәсекелесуші процесс аралық деректерді үлестіру болып табылады. Операциялық жүйе есептеуіш машинаның ең үлкен нәтижелілігін барынша қамтамасыз ету үшін есептеуіш машинаның барлық ресурстарымен басқару керек. Ресурстарды басқару ресурстардың типіне тәуелсіз екі жалпы есептердің шығарылуын мақсат етеді:

- Ресурстарды жоспарлау – яғни, берілген ресурсты кімге, қашан, ал бөлінетін ресурстар үшін қандай мөлшерде бөлу қажеттігін анықтау;

- Ресурстардың қалып-күйін бақылау – яғни, ресурстың бос не бос емес, ал бөлінетін ресурстар үшін мөлшері үлестірілген, ал қандайы бос екендігі туралы жедел ақпараттың бар болуы.

Осы ресурстарды басқаруына байланысты жалпы есептерді шешу мақсатында өндіріс сипаттамасын, қолданылу аймағын және қолданушы интерфейсін анықтайтын әр түрлі Операциялық жүйе түрлі алгоритмдерді қолданады.

Операциялық жүйе ЭЕМ iске қосылғаннан кейiн иiлгiш немесе қатты дискiден оқылып алғаш жұмыс iстейтiн бағдарлама болып табылады. ОС-тар құрамына олардың бағдарламалық қоршаулары, драйверлер және утилиттер кіреді.

Бағдарламалық қоршаулар – ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасындағы іс-әрекеттерді жеңілдететін бағдарламалар. MS DOS үшін әдетте Norton Commander қоршауы, ал Windows 3.1 үшін – Norton Desktop, Windows 95/98 үшін – Norton Navigator, FAR пайдаланылады.

Драйверлер – ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтерлермен, магниттік дискілермен, пернетақтамен, "тышқан" тәрізді қолтетікпен, т.б.) байланыстыратын бағдарламалар тобы.

Олар бірнеше негізгі функцияларды атқарады:

- перийфериялық құрылғылардың сұраныстарын қабылдау және өңдеу;

- құрылғылардың барлық жұмыс жасау ерекшеліктерін ескере отырып, осы құрылғымен байланыс орнату сұранысын түрлендіру;

- осы драйверге сәйкес перийфериялық құрылғылардан түсетін сұраныстарды түрлендіру;

Драйверлер стандартты немесе жүктеуіш болуы мүмкін.

Стандартты (ішкі) драйверлер – жүйе ішінде орнатылған бағдарламалар. Олар стандартты ДК-нің құрамына кіретін сыртқы құрылғыларды басқару үшін қызмет етеді. Мұндай драйверлер компьютерлер қалыпты жүйеге көшкеннен кейін жүйеге автоматты түрде қосылады.

Жүктелінетін (сыртқы, орнатылатын) драйверлер. Бұл бағдарламалар дискіде сақталады. Стандартты құрылғылардан өзінің техникалық параметрлері бойынша ерекшеленетін сыртқы құрылғыларды басқаруға арналған.

Сервистік бағдарламалар (утилиттер) – операциялық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша бағдарламалар. Мұндай бағдарламаларға келесілер жатады:

1.қызметші бағдарламалар

2.мәліметтерді архивтеу құралдары

3.антивирустық бағдарламалар

Қызметші бағдарламалар магниттік дискілермен әр түрлі сервистік қызмет түрлерін атқаруға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет түрлері:

- дискілерді пішімдеу;

- дискілерді дефрагментациялау;

- дискіні қателікке тексеру;

- дискілерді тазарту;

Дискілерді (иілгіш, қатқыл) пішімдеу – бұл диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу процедурасы. Ол көбінесе дискіні бірінші рет пайдалану алдында қолданылады. Дискіні пішімдеу оған осыған дейін жазылған мәліметтердің бәрін жояды. Дискіні пішімдеу операциялық жүйені арнайы стандартты бағдарламасы көмегімен жүзеге асады, оны сәйкес дискінің контекстік менюінен іске қосуға болады.

Дискілерді дефрагментациялау. Файлдық жүйелер (мысалы, FAT 16, FAT 32) файлдарды дискілерде сақтағанд оның бөліктерінің арасында бос орындар қалдыруы мүмкін, яғни файл арасында бос орын бар әр түрлі көршілес емес бөліктерге орналасуы мүмкін. Мұндай файлдарға қатынау уақыты, көршілес бөліктерде тізбектеп орналасқан файлдарға қарағанда көбірек болады. Сонымен қатар дискілік жады үнемсіз қолданылады. Сондықтан дискілерді периодты түрде дефрагментациялап отыру қажет. Дефрагментациялау – файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын ұзақ процедура. Сөйтіп дискінің шапшаңдығы арттырылады. Стандартты дефрагментациялау қызметті бағдарламасын Бас менюдегі Бағдарламы → Стандартные →Служебные → Дефрагментация диска командалар тізбегі арқылы іске қосуға болады.

Дискіні қателікке тексеру. Дискіні пайдалану барысында онымен жұмыс істеуде болған жаңылысулардан туған қателіктер пайда болуы мүмкін. Олардың кейбірін дискіні пішімдемей жөндеуге болады, ол үфшін стандартты дискіні тексеру қызметші бағдарламасы қолданылады. Бұл бағдарламаны да бас менюден іске қосуға болады( Пуск → Бағдарламы → Стандартные → Служебные → Проверка диска). Ол файлдық жүйенің тұтастығын және диск бетін тексереді. Бұл бағдарлама көмегімен жөнделмейтін қателерді арнайы утилиттердің көмегімен (мысалы, Norton Doctor) жөндеуді жүзеге асырады.

Дискілерді тазарту – дискілік кеңістікті әр түрлі қажетсіз файлдардан босату. Қажетсіз файлдарға: уақытша, резервтік, қолданылмайтын және файл-көшірмелер жатады. Дискіні тазалау жүйесінде арнайы утилиттердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл утилиттерді Бас меню арқылы іске қосуға болады. Пайдаланушы утилит қызметінің соңында пайда болған тізімдегі файлдарды не архивтеуіне, не басқа орынына жіберуіне, не жоюына болады.

Мәліметтерді архивтеу құралдары. Ақпараттарды сақтау да, тасымалдау да ақпараттық үрдіс мүшелеріне арзанға түсейді. Ал көптеген ақпараттарға тән қасиет – олардың артықтығы. Сондықтан мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдына ала қысу, сығу үрдісін орындау, яғни архивтеу керек. Бұл операцияны орындайтын бағдарламалық құралдарды архивтеуші бағдарлама деп атайды.

Сығылатын мәліметтердің қандай объектілерде орналасқанына байланысты

- файлдарды архивтеу (сығу);

- қаптамаларды архивтеу ;

- дискілерді сығу операцияларын анықтайды.

Файлдарды архивтеуді оларды байланыс арнасы арқылы жіберерде және көлемі аз сырқы тасуышта сақтау алдында қолданады. Қаптамаларды архивтеуді мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтау үшін көшірмелер жасауда қолданады. Дискілерді сығуды олардың жұмысшы аумағын арттыру үшін қолданады.

Мәліметтерді архивтеудің негізгі пішімдеріне .zip, .arj, .rar жатады. Архивтерді құру және оларға қызмет көрсету үшін қолданылатын бағдарламалық құралдарды төмендегі кестеден көруге болады. Көптеген қазіргі замандағы архивтер құру және оларға қызмет көрсетудің бағдарламалық құрлдары кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктерге ие. Сондықтан осы мағынада оларды архив диспетчерлері деп атайды.

Архив диспетчерлерінің негізгі функцияларына келесілер жатады:

- файлдарды архивтен алу;

- жаңа архивтер құру;

- файлдарды бар архивтерге жалғау;

- өздігінен ашылатын архивтер құру;

- кішігірім көлемді тасуыштарда үлестірілген архивтер құру;

- архив құрылымының тұтастығын тестілеу;

- бұзылған архивтерді толығымен немесе бөліктеп қалпына келтіру;

- архивтерді қарау мен рұқсатсыз түрлендіруден қорғау;

 

 

Операциялық жүйе Архивтеу пішімі Архивтеу құралы Архивтен шығару құралы
  MS-DOS .zip .rar .arj PKZIP.EXE RAR.EXE PKUNZIP.EXE UNRAR.EXE
ARJ.EXE
  Windows .ZIP .RAR .ARJ WINZIP WINRAR WINARJ

Сонымен қатар, архивтеуші бағдарламалардың жұмысының қолайлығын арттыратын қосымша сервистік функциялары бар:

- әртүрлі пішімді файлдарды архивтен ашпай қарау;

- архив ішінде файлдар мен қаптамаларды іздеу;

- архивтегі бағдарламаларды алдын-ала ашпай орнату;

- архивті компьютерлік вирусқа ашпай тексеру;

- электрондық пошта хабарларын декодтау.

Антивирустық бағдарламалар. Вирус – «көбейтілуге» және басқа бағдарламаларға «жұғуға»қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік бағдарлама (яғни, ол өз кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа бағдарламалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар бағдарлама «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымдалған» бағдарлама жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа бағдарламаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды»және т.с.с.

Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін оларды зерттейтін және антивирустық бағдарламалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты бағдарламистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.

Мекендеу ортасы бойынша:

1.жүктейтін вирустар (тасуыштардың жүктейтін аймақтарына ендіріледі);

2.файлдық вирустар (орындалатын файлдарға, библиотекалық модульдерге, жүктелетін драйверлерге ендіріледі);

3.макровирустар (мәтіндік және электрондық кесте редакторлары құжаттарына ендіріледі);

4.желілік вирустар (желіге ендіріледі).

Зақымдау әдісі бойынша:

1.резиденттік (ДК-нің жадына жүктелетін)

2.резиденттік емес ДК жадын зақымдайды, активті қалпында ұзақ уақыт сақталмайды).

Мүмкіндіктері бойынша:

1.зиянсыз (ДК-нің жадына зиянын тигізбейді);

2.қауіпсіз (олардың әсері дискідегі бос жадты кішірейту мен графикалық, дыбыстық және басқа әсерлермен шектеледі);

3.қауіпті (ДК-нің жұмысында елеулі жаңылыстар туғызуы мүмкін);

4.өте қауіпті (олар бағдарламалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, жадтың жүйелік аймағындағы ақпараттың өшуіне, тіпті шалғай құрылғылардың уақытынан бұрын істен шығуына соқтыруы мүмкін).

Вирус көздері:

- модем арқылы;

- желілік карта арқылы;

- тасуыштар арқылы.

Антивирустық құралдар. Антивирустық бағдарламалардың көмегімен вирусты анықтап қана қоймай, одан жедел құтылуға және ақпаратты қалпына келтіруге болады. Қазіргі уақытта кең таралған және тиімді антивирустық бағдарламалар: Касперский антивирусы – antiViral Toolkit Pro(AVP), McAfee Virus Scan, Panda Antivirus, Trend Micro PC-Cillin, F – Secure Anti-Virus, Sophos Anti-Virus, Norton AntiVirus.

Белгілі антивирустық бағдарламаларды бірнеше типтерге бөлуге болады:

Детектор-бағдарламалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай бағдарламалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-бағдарламалар, сондай-ақ вакцина-бағдарламалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни бағдарламаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус бағдарламасының тәнін жояды. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-бағдарламалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы –Д.Лозинский, Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web жасаушысы-И.Данилов бағдарламалары болып табылады.

Ревизор-бағдарламалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор бағдарламалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады. Ресейде Д.Мостов жасаған ADinf ревизор-бағдарламасы кең таралған.

Фильтр-бағдарламалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті бағдарламалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бағдарлама осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, «күзетші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады.

Антивирустық бағдарламаларды қолдану ақпараттың толық қорғалуын қамтамасыз етпейді. Тағы комплексті алдын алу (профилактикалық) қорғау шараларын қолдану керек, мысалы, төмендегілердей:

1.Резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;

2.Зақымдануы ықтимал кездейсоқ «заңды өнім болып табылмайтын» ұрлық бағдарламаларды қолданбау;

3.Дискеттерден файлдарды шығарып оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру;

4.Антивирустық бағдарламалар дискетте сақталмауы керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;

5.Компьютерлеріңді үнемі вирусқа тексеріп отыру қажет.

 

«Бағдарламалық қамтылу»





Дата добавления: 2015-11-05; просмотров: 3406 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.