Цемент зауыттарда көпшілікте ұзындығы 80-185 м айналмалы пештер қойылған. Айналмалы пеште 5Х185 м табақ болатпен дәнекерленген атанақты М16С (ГОСТ 10178-85) ені 45-110 мм, ішкі диаметрі 5 м, жалпы ұзындығы 185м көрсетілген.
1 – шикізаттық шихта; 2 – ыстық газдар; 3 –айналма пеш; 4 – жылуалмасуды жақсартатын шынжырлы шымылдықтар; 5 - жетек; 6 –жентектелу аймағын сумен суыту; 7 - жалын; 8 – шышыратқыш арқылы отынды беру; 9 - клинкер; 10 - мұздатқыш; 11 –тіректер.
2-сурет – Айналмалы пештің сұлбасы
Сапаны бақылау
Өндірісте сапа бақылауының ұйымдастыруының түрлері мен сызбанұсқасы.
Зауытта цемент өнімін шығаруыдың жоғарғы сапасын қамтамасыз етуінінің ең негізгі шарты бұл өндірістегі бақылау жүйесінің дұрыс ұйымдастыруы.
Бұл жүйені ұйымдастыруының негізі ГОСТ-тың талаптарын қанағаттандырмайтын дайын өнімнің сапасының бақылауын және бұйымдардың өңдеуі ғана емес, ал жүйелі өткізетін өндірістік процестің әрбір операциясының технологиялық режиміне үздіксіз өтетінін бақылау.
Өндірістегі техникалық сапа бақылау бойынша барлық операция кешені екі түрге бөлуге болады:
1. Бұйымдарды дайындау процесі кезіндегі сапаның ағынды операциясайынғы, сонымен бірге жартылайфабрикаттар, бастапқы материалдардың сапасын да бақылау;
2. Дайын өнімнің техникалық паспортын құрастыру үшін дайын өнімнің тексеретін, қабылданатын сапа бақылауын өткізу.
Сонымен қатар, өндірісте алдын ала ескертетін бақылау жүйелі өткізіліп, тексеріледі: технологиялық жабдықтардың жағдайы мен жұмысы, негізінде қалыптардың жобалау өлшемдерінің дұрыстығынын бақылауы, араластырғыш бөліміндегі мөлшегіш құрылғының нақтылық жұмысы.
Өндірісте берілген бағдарлама бойынша автоматтандырылған бақылаудың ұйымдастыруы және бөлек технологиялық процестердің автоматтандырылған жөндеуге көп көңіл аудару керек, сонымен қатар қазіргі заманғы электрфизикалық сынау және бақылау әдістерін қолдану. Бұл үлкен дәрежеде нақтылықты жоғарлатады, бақылау операциялардың ұзақтылығын және еңбек сыйымдылығын қысқартады.
Өндірісте сапа бақылауының қызметін өткізу:
а) зауыттың техникалық бақылаудың бөлімі (ТББ) дайын өнімнің сапасына қойылған технологиялық режимдердің және өндірістік процестердің ережелерін өткізетіндігінде ағынды операциясайынғы бақылауды тексереді.
б) зауыт зертханасы, оларға өндірістің теххнологиялық шектердің барлығында қолданатын бастапқы материалдар мен жартылайфабрикаттардың сапасын бақылауын және де дайын бұйымдардағы бетон сапасынын бақылауын салынған.
Мір қауіпсіздігі
Жабдықты жөндеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін қозғалатын бөлшектердің сыртынан жабдықты пайдалана алатындай және жұмыс істейтін қызметкерлер сиятындай етіп қоршау керек, оның ішінде демоктан кезінде шешілген және қосымша бөлшектер де тұруы қажет. Барлық 0,3 м-гі биіктіктегіге дейін сүйеніштері болуы керек. Сүйеніштің төменгі бөлігінде 140 мм кем болмайтын, түгел қамтитын ернеуі болуы керек.
Цехтағы машиналардың орналастырылуы қызмет көрсететін жұмысшылардың цех ішінде еркін қозғалуына, қосымша бөлшектердің әкелінуіне және басқа да бөлшектерді жинауға мүмкіндік беру керек. Құбырлар мен науашалар алаңшалардың астында жасырынып тұруы қажет немесе жұмысшылар жүретін жерлерде, еденнен есептегенде 1,1-2 м биіктікте орнатылуы қажет.
Машиналарды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар: жабдықтар берік іргетастарда сенімді орнатылуы қажет, олардың бөлшектері қаптамамен қапталуы қажет. Қапталу биіктігі 2 м-ден кем болмау және ол берік әрі сенімді, қорғалатын жабдықтарға немесе іргетасқа бекітілуі керек, олар үлкен соққылы жүктемелерді қабылдай алатындай болуы керек. Жұмыскерлерге қауіп төндіретін негізгі қауіпті бөлшектерге айналатын бөлшектерді жатқызуға болады, оларды міндетті түрде қаптау қажет. Ал жабдықтың жұмысына қауіп төндіретін металлсынықтары, олар кеннің құрамында кетіп ұсақтағыштың саналанып қалуына әкеп соқтырады, сондықтан мұндай жағдайда металл сынықтарын бөліп алу үшін, металліздегіш немесе металлбөлгіш қолданған жөн.