Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ндіру әдісін таңдау




Кіріспе

 

 

Цeмент (неміс тілінен аударғанда ұсақталған тас, қиыршық тас): гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы. Портландцемент - құрылыс өндірісінде кеңінен пайдаланылатын гидравликалық байланыстырғыш зат.

Портландцемент - құрылыс өндірісінде кеңінен пайдаланылатын гидравликалық байланыстырғыш зат; ұнтақталған клинкер мен табиғи гипстің қоспасы. Клинкер кальций силикаты (75-78%) және саз топырақтың (22 — 25%) қоспасы өзара жабысқанға дейін күйдіру арқылы алынады. Әдетте портландцемент клинкерінің химиялық құрамы: СаО (63 — 76%); SіO2 (21 — 24%); Al2O3 (4 — 8%); Fe2O3 (2 — 4%); MgO (0,5 — 5%); SO3 (0,3 — 1%). Гипс портландцементке оның қатаюының басталу мерзімін реттеу үшін қосылады. Клинкерінің минералдық құрамына, қосылатын қоспалардың түрі мен мөлшеріне және ұнтақ ұсақтылығына қарай портландцементтің тез қататын, сульфатқа төзімді, пластиналандырылған, гидрофобтық, т.б. түрлерін алады. Цементтің бұл түрі алғаш рет құрылыста Ұлыбританияның Портленд қаласында пайдаланылғандықтан “портландцемент” деп аталып кеткен. Портландцемент қазіргі кезде құрылыс өндірісінде ең көп пайдаланылатын материал болып табылады. Портландцемент қолданатын негізгі құрылыс салалары— азаматтық және өндірістік, гидротехникалық және көліктік құрылыс, жол, қоғамдық және арнайы құрылыстар.

 

Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

Портландцемент – құрылыс өндірісінде кеңінен пайдаланылатын гидравликалық байланыстырғыш зат, ұнтақталған клинкер мен табиғи гипстің қоспасы. Кейбір кезде 20%-ға дейін минералды қоспалар қосылады. Жай портландцементтен басқа гидравликалық әк, романцемент, шлакты портландцемент, пуццолонды портландцемент, ақ портландцемент, түрлі-түсті портландцемент, пластифициалынған портландцемент, гидрофобты портландцемент, тез қатаюшы портландцементтер де бар.

Портландцементті өндірудегі маңызды технологиялық операциялар:

а) материалды алу және шикізат қоспасын дайындау;

ә) клинкердің қатты жануымен оның айналуы;

б) біраз мөлшерлі кейбір қосылыстармен клинкерді жұқа ұнтақтау.

Портландцементтің негізгі қасиеттері:

а) орташа тығыздық;

ә) ақиқат тығыздық;

б) жұқа ұнтақталған;

в) су тұтынуы;

г) белдесу мерзімі;

ғ) жылу бөлінуі;

д) көлемін біркелкі өзгертуі;

е) беріктігі.

Су тұтынуы цементке қанша суды қосуын анықтайды. Егер көп су қоссақ цементтің қасиетіне жаман тиеді. Цементтің тығыздығы оның маркасымен анықталады. Портландцемент маркалары: 300, 400, 500, 550 және 600.

Семей қаласында жобалауатын зауытта 400 маркалы портландцементтің шығарылымы жоспарланып жатыр. Портландцемент ГОСТ – 10178-85.

Портландцемент қолданатын негізгі құрылыс салалары — азаматтық және өндірістік, гидротехникалық және көліктік құрылыс, жол, қоғамдық және арнайы құрылыстар.

Цемент өнеркәсібі портландцементтің негізгі шығарылымын қамтамасыз ететін карбонат және сазды жыныстардың зерттелген қорлармен орналастырып жатыр.

400М суға және сулы ауа-райына, төмен температураға төзімділігіне байланысты әр түрлі темірбетон конструкциялары үшін қолданады. Бұл маркалы портландцемент жоғары беріктілігіне орай үй және бақ жұмыстарында кеңінен пайдаланылады.

ндіру әдісін таңдау

Портландцементті өндіру мына төменде аталған негізгі операциялардан тұрады:

Шикі заттарды шығару

 

Шикі заттар араласпасын дайындау

Шикі заттар араласын күйдіру

 

Күйдірілген өнімді талқандап ұнтақтау

 

Шикізаттар араласпасын құрғақ немесе сулы тәсілмен дайындайды. Соған сәйкес портландцемент өндіру тәсілі – құрғақ және сулы болып екіге бөлінеді. Біздің және басқа республикаларда көбіне сулы тәсілді қолданады. Сулы өндіріс тәсілі бойынша шикізаттардың майдалануы мен араласуы, олардың құрамының орташалануы және қорректірленуі белгілі бір су мөлшерін қосу арқылы жасалынады. Ал, құрғақ тәсіл қолданғанда көрсетілген операциялардан барлығы шикізаттың құрғақ қалпында жасалынады.

Шикізаттар араласын дайындау тәсілдері олардың физикалық қалпына, ылғалдылығына, біркелкілігіне байланысты. Мысалы егер табиғи заттардын ылғалдылығы және мықтылығы тіпті жоғары болса, онда әрине олардың құрғақ тәсіл бойынша ұнтақтап және араластырып, құрамы біркелкі шикізаттар араласын дайындау қиынға түседі.

Жеке бір жағдайда шикізаттар аралас тәсілдермен де дайындалады. Бұл вариант бойынша алдымен сулы тәсіл өндіріс бойынша дайындалады. Одан кейін сұйық шикізаттар шламын мүмкіндігінше арнаулы құрал көмегімен сүзіп, судан ажыратады. Сөйтіп жартылай құрғақ күйінде күйдіру пешіне береді. Айтылған тәсілдердің әрқайсысының өзіне тән артықшылығы және кемшілігі де бар.

Құрғақ тәсіл өндірісі. Қазіргі цемент заводтарында құрғақ тәсіл бойынша әзбетас пен саз ұсақтанудың бірінші стадиасын өткеннен соң химиялық құрамын анықтайтын сынаққа алушы аппараттардан, 0-10 мм дейін майдалайтын ұсақтағыштардан ренгенрадиометриялық сараптаушылардан тұратын пунктерден өтеді.

Сулы өндіріс тәсілі. Әдетте мықтылау карбанат тасы мен ылғалдылығы 5 пайыздан жоғары жұмсақтау саз қолдануға бағытталған. Себебі мұндай минералдық жыныстардан құрамы біркелкі ұнтақталған шикізатты осы сулы тәсіл бойынша дайындау жеңілге және арзанға түседі. Бұл тәсіл бойынша негізгі шикі материалдардың физикалық-механикалық қасиеттеріне және т.б. факторларға байланысты портландцементті түрлі технологиялық схемамен алуға болады.

Портланцементті өндірудегі технологиялық схемасы

 

Ізбетас су Сазбалшық

           
     
 

 


Ұсақтау процесі

 

 

Шикізат материалды ұсақтау

 
 

 


Шламнын құрамын түзету

 
 

 


Айналмалы пеште күйдіру

 
 

 

 


гипс Клинкерді тоназытқышта суыту Белсенді

миннералды

 

ұсақталу процесі

 
 


 

Клинкермен үстемелерді қоймада сақтау

 
 


 

 

Клинкердін, үстемелердің, цементтің ұсақталуы үстемені

 

 

 

цементті силостарда сақтау

 
 


 

арнайы машиналармен цементтің жөнелтілуі

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1104 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2047 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.