1 – тапсырма. Тізбектегі лездік кернеу мен токтың уақыттық диаграммасын u (t), i (t) және резистордың ток пен кедергісінің жиілік сипаттамаларын IR (f), R (f)виртуалдық аспаптармен өлшеңіз.
1. Тапсырмада көрсетілген вариантқа сәйкес сұлбаны жинаңыз (4,а-сурет). Тізбекке реттелетін синусоидал кернеу көзін қосып, оның керекті мәнін анықтаңыз.
а б в
Сурет. 4
2. Компьютерді жұмыс істеу жағдайына келтіріңіз, ол үшін «ВП ТОЭ» бағдарламасын ашыңыз. Виртуалды аспаптарды V0, Aжәне осциллографты қосыңыз.
Кернеумен токтың осциллограммаларын түсіріп алыңыз. Кернеу мен токтың максималды мәндерін, фазалық ығысу бұрыштарын, периодын және жиілігін осциллограмма бойынша анықтаңыз. Кернеу мен токтың масштабын анықтап алыңыз.
Вариант | U,Β | f,Гц | R,Ом | L,мГн | C,мкФf |
0,1 | |||||
1,0 | |||||
0,22 | |||||
0,47 | |||||
0,22 | |||||
1,0 |
3. Кернеу жиілігін өзгертіп, токтың шамасын амперметр арқылы өлшеп отырыңыз.
«Прибор II» блокты ашыңыз және тізбектің негізгі активті кедергісін (R), активті қуатын (P), ток пен кернеудің фазалық ығысу бұрышының шамаларын өлшеңіз. Өлшеу деректерін 2-кестеге жазыңыз.
2 – кесте
f, Гц | |||||||||
IR, мА | |||||||||
R, Ом | |||||||||
P,Вт | |||||||||
, град |
4. 2-кестенің деректері бойынша токтың I (f)және активті кедергінің R (f) жиілік сипаттамаларын тұрғызыңыз. Сипаттамаларын тұрғызу үшін MathCAD, немесе EXCELбағдарламаларының пакеттерін қолданыңыз.
2-кестенің 500 Гц жиілігіне арналған деректері бойынша резистивтік элементтің векторлық диаграммасын тұрғызыңыз.
2-тапсырма. Тізбектегі лездік кернеу мен токтың уақыттық диаграммасын u (t), i (t) және индуктивтік элементтің жиілік сипаттамаларын IL (f), XL (f) виртуалдық аспаптар мен осциллограф арқылы түсіріп алыңыз.
1. Тапсырмада (1-кесте) көрсетілген вариантқа сәйкес 4,б-суреттегі сұлбаны жинаңыз. Тізбекке реттелінетін синусоидал кернеу көзін қосып, оның керекті мәнін анықтаңыз.
2. Тізбектегі лездік кернеу мен токтың уақыттық диаграммаларын u(t), i(t) осциллограф арқылы түсіріп алыңыз. ол үшін осциллографтың кіріс қысқыштарына виртуалды аспатарды V0 және A1 – қосыңыз.
3. Кернеу мен токтың максималдық шамаларын, фазалық ығысу бұрышын, периодын және жиілігін осциллограмма бойынша анықтаңыз. Кернеу мен токтың масштабын белгілеп алыңыз.
4. Кернеудің жиілігін өзгертіп, токтың шамасын өлшеп отырыңыз. тізбектің негізгі параметрлерін, яғни индуктивтік элементтің ішкі активті кедергісін, реактивті кедергісін, реактивтік қуатын және кернеу мен токтың фазалық ығысу бұрышын өлшеңіз. Өлшеу деректерін 3-кестеге жазыңыз.
3 – кесте
f, Гц | |||||||||
IL, мА | |||||||||
r, Ом | |||||||||
QL,ВАр | |||||||||
XL, Ом | |||||||||
, град |
5. 3-кестенің деректері бойынша токтың IL(f) және реактивті кедергінің XL(f) жиілік сипаттамаларын тұрғызыңыз. сипаттамаларын тұрғызу үшін MathCAD, немесе EXCEL бағдарламаларының пакеттерін қолданыңыз.
3-кестедегі 500 Гц жиілігінің деректері бойынша индуктивтік элементінің векторлық диаграммасын тұрғызыңыз.
3–тапсырма. Тізбектегі лездік кернеу мен токтың уақыттық диаграммасын u(t), i(t) және сыйымдылық элементтің жиілік сипаттамаларын IC(f), XC(f) виртуалдық аспаптар мен осциллограф арқылы түсіріп алыңыз.
1. Тапсырмада (1-кесте) көрсетілген вариантқа сәйкес 4,в-суреттегі сұлбаны жинаңыз. Тізбекке реттелінетін синусоидал кернеу көзін қосып, оның керекті шамасын анықтаңыз.
2. Тізбектегі лездік кернеу мен токтың уақыттық диаграммаларын u(t), i(t) осциллограф арқылы түсіріп алыңыз.
3. Кернеу мен токтың максималдық шамаларын, фазалық ығысу бұрышын, периодын және жиілігін осциллограмма бойынша анықтаңыз. Кернеу мен токтың масштабын анықтап алыңыз.
4. Кернеудің жиілгін өзгертіп, токтың өзгеру шамасын өлшеп отырыңыз.
5. «Прибор II» блогын ашып, тізбектің негізгі параметрлерін, яғни сыйымдылықты элементтің реактивті кедергісін, реактивті қуатын, кернеу мен токтың фазалық ығысу бұрышын өлшеңіз. Өлшеу деректерін 4-кестеге жазыңыз.
4-кесте
f, Гц | |||||||||
, мА | |||||||||
r, Ом | |||||||||
QС,ВАр | |||||||||
XС, Ом | |||||||||
, град |
6. 4-кестенің деректері бойынша токтың IC(f) және реактивті кедергінің XC(f) жиілік сипаттамаларын тұрғызыңыз. 4-кестедегі 500 Гц жиілігінің деректері бойынша сыйымдылық элементінің векторлық диаграммасын тұрғызыңыз.
7. Жұмыс соңында талдау жасаңыз.