~Нитраттарға толеранттылықты жоюға бағытталған «интервалді терапия» түсінігіне жатады:
| нитраттарды қабылдауда 8-12 сағатқа үзіліс жасау +
| нитраттарды қабылдауда 4-6 сағатқа үзіліс жасау
| нитраттарды қабылдауда 24 сағатқа үзіліс жасау
| нитраттарды қабылдауда 3 тәулікке үзіліс жасау
| нитраттарды қабылдауда 1-2 сағатқа үзіліс жасау
~ Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің емінде ұсынылмайды:
| қысқа әсерлі кальций антагонисттері – нифедипин +
| ААФ ингибиторлары
| несеп айдаушы препараттар
| бета-блокаторлары
| жүрек гликозидтері
~ β-адреноблокаторлармен бірге қолданған тиімді емес препаратты көрсетініз:
| верапамил +
| гипотиазид
| каптоприл
| аспирин
| мевакор
~ V1, V2 оң кеуде тіркемелерде М-тәрізді, rSR/ не rsR/ типті QRS комплекстердің болуы,ал V5, V6 сол кеуде тіркемелерде және I, aVL тіркемелерінде кеңейген S тісшенің болуы, QRS комплекстің ұзақтылығы 0,12 секундтан көбеюі, V1, V2 тіркемелерде SТ сегменттің депрессиясы және теріс Т тісше... белгілері болады.
| Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасының +
| синоатриалді блокадасының
| Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасының
| жүрекше ішілік блокадасының
| Гис шоғыры сол аяқшасы алдыңғы тармағының блокадасының
~ Науқаста қатты басы ауырып, айқын тершеңдік және жүрек жиі соғуымен ("пароксизмалді триада") бірге байқалатын гипертониялық криздер пайда болуы... тән.
| феохромоцитомаға +
| біріншілік альдостеронизмге
| Иценко-Кушинг синдромына
| тиреотоксикозға
| қолқа коарктациясына
~ Артериялық гипертензияның 4-ші қатерлілігінің негізгі критериіне жатады:
| ассоцирленген аурулар болуы +
| артериялық қысым деңгейі
| тіршілікке маңызды органдардағы өзгерістер
| гипертониялық криздер дамуы
| қатерлі факторлар болуы
~ Екіншілік артериялық гипертензия дамуы... тән емес.
| микседемаға +
| феохромоцитомаға
| Иценко-Кушинг синдромына немесе ауруына
| біріншілік гиперальдостеронизмге (Конн синдромына)
| тиреотоксикозға
~ Гипотензивті препараттар ішінде... ангиотензин II рецепторларының антагонисттері тобына жатады.
|лозартан +
| клофелин
| капторил
| верошпирон
| метопролол
~ Кеуде тұсында терең тыныс алғанда, жөтелгенде, жұтынғанда, арқаға жатқанда күшейетін ауырсыну, ЭКГ-да барлық тіркемелерде (aVR-дан басқа) ST сегменті көтерілуімен бірге пайда болуы жиі... белгісіне жатады.
| құрғақ перикардит +
| рецидивті миокард инфаркті
| инфарктан кейінгі стенокардия
| өкпе артериясы тромбоэмболиясы
| сол қарынша аневризмасы
~ Созылмалы жүрек жетіспеушілігі дамуының жиі себебі:
| жүректің ишемиялық ауруы +
| қақпақшалық ақаулар
| кардиомиопатиялар
| коллагеноздар
| артериялық гипертензиялар
~ Сол қарынша гипертрофиясының ЭКГ – белгілеріне жатады:
| V 5-6 тіркемелерінде R тісшелері және V 1 тіркемесінде S-тің қосындысының 35 мм-ден ұлғаюы +
| ІІІ, aVF, V 1-2 тіркемелерінде R тісшесінің вольтажы ұлғаюы
| І, ІІ, aVL тіркемелерінде Р тісшесінің вольтажы ұлғаюы
| көшпелі зона оңға ығысуы
| R тісшесінің өрлеу бөлігінде тісшелену болуы
~ Митралді стенозға тән ЭКГ өзгерістерін көрсетіңіз:
| Р – mitrale, V 1-2 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі +
| ЖЭО солға ығысуы
| V 5-6 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 1-2 тіркемелерінде терең S тісшесі
| Р-pulmonale, V 1-2 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі
| V 5-6 тіркемелерінде биік R тісшесі және V 4-6тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
~ V5, V6 солкеуде тіркемелерде және I, aVL тіркемелерінде кеңейген, деформацияланған ұшы тісшеленген R тісшенің болуы, V1, V2 оң кеуде тіркемелерде және III, aVF тіркемелерінде кеңейген, деформацияланған S тісшенің болуы, QRS комплекстің ұзақтылығы 0,12 секундтан көбеюі, V5, V6,I, aVL тіркемелерінде SТ сегменттің депрессиясы және теріс Т тісшесі, ЖЭО солға ығысуы … белгісі болады.
| Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасының+
| синоатриалді блокадасының
| Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасының
| жүрекше ішілік блокадасының
| Гис шоғыры сол аяқшасы алдыңғы тармағының блокадасының
~ Миокардиттерге тән емес ЭКГ өзгерістер:
| І, ІІ, aVL тіркемелерде ST көтерілуі +
| QRS амплитудасы төмендеуі
| тахикардия
| қарыншалық экстрасистолия
|АВ-блокада
~ V1, V2 оң кеуде тіркемелердеrSR/ не rsR/ типті QRS комплекстердің болуы, I и V6 тіркемелерде кеңейген S тісшенің болуы, QRS комплекстің ұзақтылығы 0,09-0,11 секундқа дейін көбеюі … белгісі болады.
| Гис шоғыры оң аяқшасының толық емес блокадасының +
| синоатриалді блокадасының
| Гис шоғыры сол аяқшасының толық емес блокадасының
| жүрекше ішілік блокадасының
| Гис шоғыры сол аяқшасы алдыңғы тармағының блокадасының
~ I, aVL, V5, V6 тіркемелерде биік, кеңейген, тісшеленген R тісшенің болуы, III, aVF, V1, V2 тіркемелерде QS не rS тәрізді кеңейген және терең комплекстердің болуы, QRS комплекстің ұзақтылығы 0,10-0,11 секундқа дейін көбеюі … белгісі болады.
| Гис шоғыры сол аяқшасының толық емес блокадасының +
| синоатриалді блокадасының
| Гис шоғыры оң аяқшасының толық емес блокадасының
| жүрекше ішілік блокадасының
| Гис шоғыры сол аяқшасы алдыңғы тармағының блокадасының
~ Лаун бойынша қарыншалық экстрасистолия классификациясына жатпайтын экстрасистолиялар:
|сирек монотопты қарыншалық экстрасистолия +
|жиі қарыншалық экстрасистолиялар
|қосарланған қарыншалық экстрасистолиялар
|ерте қарыншалық экстрасистолиялар (T-ға R)
| политопты қарыншалық экстрасистолиялар
~ ST көтерілуімен миокард инфарктінің алғашқы 12 сағатында болжам үшін ең нәтижелі емдік іш-шараны таңдаңыз:
| фибринолитикалық терапия +
| наркотикалық анальгетиктерді венаішіне енгізу
| нитраттарды венаішіне енгізу
| антикоагулянттар енгізу
| бета-блокаторлар енгізу
~ Синустық тахикардияның ЭКГ белгілері:
| ырғақ дұрыс: Р – Р мен R- R жиілігі сәйкес +
| R- R жиілігі ретсіз
| f толқыны болуы
| компенсаторлық үзіліс болуы
| QRS алдында формасы өзгермеген Р болуы
~Созылмалы жүрек жетіспеушілігі салдарынан туындаған синустық тахикардияда жүргізілетін ем:
| бета-адреноблокатормен ААФингибиторлары+
| статиндер мен нитраттар
| аспиринмен нифедипин
| статиндар мен предуктал
| аспирин мен пропранолол
~ Артериялық гипертензиямен науқасқа ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторларымен монотерапия жеткілікті гипотензивті нәтиже бермеген жағдайда диуретиктік препараттардан... бірге қолданған тиімді.
| гипотиазидті +
| ф уросемидті
| триамтеренді
| верошпиронды
| урегитті
~ Синусты түйін әлсіздігімен жүретін жүрек ырғағы бұзылыстарына жатпайды:
| тыныс аритмиясы +
| жүрекше бойымен ырғақ ошағы миграциялануы
| асистолиия
| тахибрадикардия синдромы
| конституцияналдық ерекшеліктер
~ Синусты түйін әлсіздігімен науқасты емдеу принциптері:
| электрокардиостимулятор орналастыру +
| атропиннің жоғарғы дозасын тағайындау
|жүрек трансплантациясы
|жүрек гликозидтерін тағайындау
| антиаритмиялық препараттардың күштемелі дозасын қолдану
~ І дәрежелі АВ-блокадасының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы +
| Р тісшесі болмауы
| F толқыны болуы
| QRS комплексінің деформациясы
| PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
~ ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц І түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы +
| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы
| Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы
| әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
~ ІІ дәрежелі АВ-блокадасының Мобитц ІІ түрінің ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы +
| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
| Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы
| әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
~ ІІІ дәрежелі АВ-блокадасының ЭКГ белгілерін көрсетіңіз:
| Р тісшесі мен кезекті QRS комплексі арасында өзара байланыс болмауы +
| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
| қалыпты ЖСЖ –де PQ интервалы 0,21 секунд және одан жоғарыға ұзаруы
| QRS комплексі жоғалуы кезеңдерімен PQ интервалы тұрақты ұзаруы
| әр жүрек циклінде PQ интервалы біртіндеп ұзаруы
~Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасымен науқасты емдеу тактикасы:
| электрокардиостимулятор имплантациялау +
| антиаритмиялық препараттардың күштемелі мөлшерін қолдану
| антиагреганттарды ноотроптармен бірге қолдану
| ангиопротекторлар қолдану
| атропинді ұзақ қолдану
~ Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгілеріне жатпайды:
| оң кеуде тіркемелерінде S тісшесі тісшеленіп кеңеюі +
|QRS комплексі кеңеюі
|оң кеуде тіркемелерінде QRS комплексі М-тәрізді ажырауы
| сол кеуде тіркемелерінде S тісшесі тісшеленіп кеңеюі
| QRS комплексіне қатысты ST сегментінің дискордантты орналасуы
~ Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасының ЭКГ белгілері:
| сол кеуде тіркемелерінде кеңейген ажыраған R тісшесі және оң кеуде тіркемелерінде кеңейген тісшеленген S тісшесі +
| өзгермеген QRS комплексі
| сол кеуде тіркемелерінде кеңейген тісшеленген S тісшесі
| оң кеуде тіркемелерінде QRS комплексі М-тәрізді ажырауы
| барлық кеуде тіркемелерінде ST көтерілуімен кеңейген QRS комплексі
~Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну... тән.
| тұрақты күштемелі стенокардияның I ФК-ына +
| тұрақты күштемелі стенокардияның II ФК-ына
| тұрақты күштемелі стенокардияның III ФК-ына
| тұрақты күштемелі стенокардияның IV ФК-ына
| тұрақсыз стенокардияға
~57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада ІІ, ІІІ, aVF, V5-V6 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
| сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті +
| сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
| сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
| сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
| сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті
~38 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс. Диагнозды дәлелдеуге... көмектеседі.
| кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы +
| холестерин, үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы
| жалпы қан талдауы
| физикалық жүктемемен сынама
| эхокардиография
66~ 50 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге 2-3 сағатқа созылған төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып қаралды. Анамнезінде жиі өршитін созылмалы бронхиті бар. Темекі шегеді. Ұстама бүгін түнде бірінші рет пайда болған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
|миокард инфаркті +
| мойын остеохондрозы
| спонтанды пневмоторакс
| өкпелік жүрек
| өкпе инфаркті
~30 жастағы науқас ер адам кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқасқа... жүргізу қажет.
| тәуліктік ЭКГ мониторлеу +
| вентрикулография
| коронароангиография
| электроэнцефалография
| эхокардиография
~42 жастағы науқас ер адам төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің диагнозыңыз:
| ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия +
| ЖИА. Үдемелі і стенокардия
| ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II
| ЖИА Күштемелі стенокардия ФК III
| ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV
~62 жаста науқас ер адам кеуде артындағы тыныс алуға байланыссыз және ұстама тәрізді үдемелі қысып ауырсынуға шағымданады. Нитроглицеринді қабылдағанда нәтиже болмаған. Бұл науқасқа... жасау қажет.
| тропонин Т анықтау, ЭКГ +
| сцинтиграфия Tl201- мен
| ЭхоКГ добутаминмен
| физикалық жүктемемен ЭКГ
| тәуліктік ЭКГ мониторинг
~47 жастағы ер адам жүйкелік-психикалық күштемеден кейін кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, бетінің жабысқақ термен жамылғанын сезінді. Өзі машинасымен ауруханаға келді. Тексергенде бозарған, ары қарай төс артында қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ — да синустық тахикардия, PQ 0,14 с, V1-V3 тіркемелерде ST сегменті R ортасынан басталады және биік Т тісшесіне жалғасады. Жедел түрде қандағы ферменттер анықталды (қалыпты), перифериялық қан өзгермеген. Сіздің болжам диагнозыңыз:
|миокард инфаркті +
| күштемелі стенокардия
| тұрақсыз стенокардия
| спонтанды стенокардия
| миокардит
~57 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауырады. Бұл жағдайда науқасқа... тағайындауға болмайды.
| карведилолды +
| верапамилды
| индапамидті
| лизиноприлді
| амлодипинді
~57 жастағы науқас ер адам дәрігерге демікпе ұстамасымен ентігу, көбікті қызғылт қақырықпен жөтелге шағымданып қаралды. Жағдайы нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде: 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік бақылауда тұрады. Тексергенде: Ортопноэ. Өкпесінде екі жақты ылғалды әртүрлі калиберлі сырылдар. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ритм ырғақсыз. АҚҚ 160/100 мм сын.бағ.ЭКГ: жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет. Сол қарынша гипертрофиясы күштенуімен. Сіздің диагнозыңыз:
| жіті солқарыншалық жетіспеушілік +
| бронх демікпесі ұстамасы
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы
| спонтанды пневмоторакс
| өкпе инфаркті
~50 жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді. Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин талдауы өзгеріссіз. Дәрігердің тактикасы:
| гипотензивті терапия тағайындау, симптоматикалық гипертензияға тексеру +
| жедел түрде гипотензивті препараттар енгізу
| «Артериалық гипертония» диагнозын қою, гипотензивті ем тағайындау
| қан қысымын 3 күн бойы өлшеу және науқасты қадағалау
| тексерілуге стационарға жіберу
~45жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз.
Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықтаңыз:
| артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV+
| артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III
| артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV
| артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III
| артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV
~67 жастағы науқас әйелде 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарылауы байқалады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ 160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:
| АГ 3 дәреже, қауіп 4 +
| АГ 2 дәреже, қауіп 3
| АГ 2 дәреже, қауіп 4
| АГ 1 дәреже, қауіп 4
| АГ 3 дәреже, қауіп 4
~Артериялық гипертензия емінде... комбинациясы тиімсіз деп есептелінеді.
| бета - адреноблокаторлардың верапамилмен +
| бета - адреноблокаторлардың диуретиктермен
| ангиотензин айналдырушы ферменттер ингибиторлары мен нифедипиннің
| ангиотензин айналдырушы ферменттер ингибиторлары мен диуретиктердің
| бета – адреноблокаторлармен амлодипиннің
~ДЖДСҚ – ХГҚ (2003 ж.) эксперттерінің артериялық гипертензия жіктемесіне сәйкес гипертонияның І-ші дәрежесіне... жатады.
| 140/90 мм сын. бағ.+
| 125/85 мм сын. бағ.
| 135/85 мм сын. бағ.
| 145/105 мм сын. бағ.
| 160/85 мм сын. бағ.
~Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензияда бірінші қатардағы антигипертензивті препаратқа... жатады.
| допегит +
| эналоприл
| индапамид
| метопролол
| диован
~78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін... тағайындау ең тиімді.
| доксазозин+
| эсмолол
| урегит
| периндоприл
| верапамил
~65 жастағы науқас ер адам соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 40-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасты жүргізу тактикасы:
| жасанды ритм беруші имплантациясы +
| калций антоганистері мен АПФ ингибиторлары
| амиодарон мен калий препараттары
| коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу
| бета-блокаторлар мен жүрек гликозидтері, диуретиктар
~66 жастағы ер адам физикалық күш түскен кездегі ентігуге шағымданып дәрігерге қаралды. 4 ай бұрын сол жақ қарыншаның артқыбүйірлік қабырғасының іріошақты миокард инфарктімен ауырған. Объективті: жүрек тондары сердца тұйықталған,дұрыс емес ырғақты, ЖСС 78 рет/ мин, АҚҚ 120/80 мм.с.бб. Бауыры 10х8х7 см. Қанында: эритроциттер 4,5 х 1012/л, Нв 137 г/л, лейкоциттер 4,5х109/л, ЭТЖ 10 мм/с. ЭКГ: синусты ырғақ кезектен тыс РQRS комплексімен үзіледі. (QRS 11 сек артық емес), сол жақ қарыншаның артқыбүйірлік қабырғасының тыртықтық өзгеруі. Сіздің ЭКГ қорытындыңыз:
| жүрекшелік экстрасистолия +
| қарыншалық тахикардия
| синустық тахикардия
| жүрекшелер фибрилляциясы
| қарыншалық бигеминия
~ Санаторлық-курорттық ем... кезінде қарсы көрсетіледі.
| ЖИА, тұрақсыз стенокардия +
| түбірлік синдромсыз остеохондроз
| өт жолдары дискинезиясы
| ревматоидты артрит
| созылмалы гастрит
~ Науқасқа төс артында ауырсыну синдромы және ЭКГ зерттеу деректері негізінде сол қарыншаның төменгі-диафрагмалық жіті іріошақты миокард инфаркті диагнозы қойылды. ЭКГ-дағы тән өзгерістер:
| II, III, AVF – тіркемелерінде кеңейген және терең Q тісшесі, ST сегментінің изолиниядан көтерілуі байқалады. I стандартты тіркеме мен АVL тіркемесінде ST сегменті 3 мм-ге депрессиясы тіркелген +
| I тіркемеде терең S тісшесі, III тіркемеде терең Q тісшесі, ST - изолинияда, T – оң мәнді
| V3R- V6R тіркемелерінде ST сегментінің 1 мм-ге көтерілуі
| I, AVL, V1 және V2 тіркемелерінде изолиниядан жоғарылаған ST мен бірге QS комплексі тіркелген
| AVL, AVF, I, II, III, V3,V4 тіркемелерінде QrS комплексі тіркелген, ST сегменті изолинияда
~ Кеуде торында айқын ауырсынумен бірге ЭКГ-да V1-V3 тіркемелерінде Q тісшесі монофазалы қисықпен бірге байқалуы... дәлелдейді.
| сол жақ қарыншаның алдыңғы-перделік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін +
| сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшелі жіті миокард инфарктін
| сол жақ қарыншаның алдыңғы-перделік және бүйірлік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін
| сол жақ қарыншаның бүйірлік аймағының Q тісшелі жіті миокард инфарктін
| артқы - диафрагмалық Q тісшелі жіті миокард инфарктін
~ ЭКГ-да «митралді» Р тісшесінің белгілері... болмайды.
| жүрекше фибрилляциясында +
| айқын өкпелік гипертензияда
| өкпелік жүректе
| оң жүрекше гипертрофиясында
| үшжармақты қақпақша жетіспеушілігінде
~2 апта бұрынауыр вирустық инфекциямен ауырған (гриппен) 24 жастағы науқас әйелде әлсіздік, ентігу, жүрек тұсында ауырсыну, жүрек соғуы байқалды. Тексергенде: АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ тыныштық күйде минутына 80 рет. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЭКГ – да PQ интервалы ұзарған, ұзақтығы 0,28 с, QRS комплексі өзгермеген. ЭКГ деректерін интерпретациялаңыз:
| АВ - блокада І дәрежелі +
| АВ - блокада ІІ дәрежелі Мобитц 1
| АВ - блокада ІІ дәрежелі Мобитц 2
| АВ - блокада ІІІ дәрежелі
| Синоатриалды блокада ІІ дәрежелі
~ Бета-адреноблокаторлар қолдануға болатын көрсеткішті таңдаңыз:
| синустық тахикардия +
| синустық брадикардия
| АВ блокада
| бронх демікпесі
| артериялық гипотензия
~ Профилактикалық тексеру кезінде 55 жастағы ер адамның ЭКГ-да V5,V6, І, aVL тіркемелерінде ұзақтығы 0,16 сек. кеңейген QRS комплексі, ұштары деформацияланған тісшеленген R тісшелері, RS-T сегментінің QRS комплексіне қатысты дискордантты ығысуы, V1,V2, ІІІ, aVF тіркемелерінде ұштары кеңейген тісшеленген QS комплексі анықталды. ЭКГдеректерін интерпретациялаңыз:
| Гис шоғырының сол аяғының толық блокадасы +
| Гис шоғырының сол аяғының толық емес блокадасы
| Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы
| Гис шоғырының сол артқы бұтағының блокадасы
| Гис шоғырының сол алдыңғы бұтағының
~ Артериялық гипертензиясы бар подаграмен ауыратын науқасқтың антигипертензивті еміндегі таңдаулы препараттар:
| ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисттері +
| диуретиктер
|кальций антагонисттері
|альдостерон антагонисттері
| ААФ ингибиторлары
~ Артериялық гипертензиясы бар подаграмен ауыратын науқасқтың антигипертензивті еміндегі қолданылмайтын препараттар:
| диуретиктер +
| ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисттері
|кальций антагонисттері
|бета-адреноблокаторлары
| ААФ ингибиторлары
~ ЭКГ-да PQ интервалының ұзақтығы 0,20 секундтан жоғары болуы... тән.
|I дәрежелі атриовентрикулярлы блокадаға +
|толық атриовентрикулярлы блокадаға
| Гис шоғыры аяқшаларының блокадасына
|синоаурикулярлы блокадаға
|жүрекшелерде ритм ошағы миграциясына
~ Толық АВ-блокада фонында жыбыр аритмиясы дамуы... деп аталады.
| Фредерик синдромы +
| Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
| Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы
| Дресслер синдромы
|синус түйіні әлсіздігі синдромы
~ 47 жастағы ер адам екі ай бойы орташа ырғақпен 500 м жүргеннен соң немесе 3-ші қабатқа баспалдақпен көтерілгенде пайда болатын төс артында қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштық күйде пайда болады. Стенокардияның бұл түрін... деп жіктеуге болады.
| тұрақты күштемелі стенокардия II ФК +
| тұрақты күштемелі стенокардия I ФК
| тұрақты күштемелі стенокардия III ФК
| тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК
| тұрақсыз стенокардия
~ 57 жастағы науқас Т. математика пәнінің мұғалімі жалпы тәжірибелік дәрігерге желке тұсында тартып ауырсынуға, жүрегі айнуға, жүрегі соғуға шағымданып қаралды. Анамнезінде: жыл бойы кезеңді бас ауруы, құлағы шулауы, ұйқысы бұзылуы мазалайды. Дәрігерге қаралмаған. Тексергенде: бойы 164 см, дене салмағы 97 кг. Тері қабаты қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 170/100 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 92. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан, RV5,6 > RV4. ЭКГ өзгерістерді интерпретациялаңыз:
| сол қарынша гипертрофиясының белгілері +
| сол жүрекше гипертрофиясының белгілері
| оң қарынша гипертрофиясының белгілері
| оң жүрекше гипертрофиясының белгілері
| екі қарыншаның гипертрофиясының белгілері
~ 2-3 дәрежелі артериялық гипертензиямен науқасты (160/100 мм сын.бағ. және жоғары), қатер дәрежесіне байланыссыз жүргізу тактикасы:
| медикаментозды терапия +
| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
|өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)
|өмір сүру салтын өзгерту
~ Жоғарғы артериялық қысым (130-139/85-89 ммсын. бағ.),төменгі және орташа қатер тобымен науқасты жүргізу тактикасы:
| өмір сүру салтын өзгерту +
|өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір жыл бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
| өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды емес терапия (бір ай бойы), нәтижесіз жағдайда медикаментозды терапия
|өмір сүру салтын өзгерту және медикаментозды терапия (бір ай бойы)
| медикаментозды
~ Артериялық гипертензиямен науқастардың жалпы популяциясы үшін артериялық қысымның мақсатты деңгейі:
|< 140/90 +
|< 135/90
|< 130/85
|< 120/80
|< 125/75
~ АҚҚ жоғарылауы, қандағы альдостерон деңгейі көтерілуі, бұлшық ет әлсіздігі, кейде ісінулер... тән.
| Конн синдромына +
| біріншілік артериялық гипертензияға
| феохромоцитомаға
|бүйрек артериясы атеросклерозына
| тиреотоксикозға
~ Артериялық гипертензия және кіндік үстінде систолалық шу анықталуы кезінде диагнозды дәлелдеу үшін науқасқа... тағайындау қажет.
| бүйрек артерияларының УДДГ- сын +
|кеуде торы органдарының шолу рентгенографиясын
|бүйрек УД зерттеуін
|көз түбірін зерттеуді
| экскреторлы урографияны
~ Көмірсу алмасуына кері әсер ететін препараттар:
| диуретиктер +
| ААФ ингибиторлары
| АТ1 рецепторлар блокаторлары
| альфа -1 блокаторлары
| орталық әсерлі антиадренергиялық
~ ААФ ингибиторларын қолдануға қарсы көрсеткіш:
| гиперкалиемия +
| жүрек жетіспеушілігі
| сол қарынша дисфункциясы
| миокард инфарктінен кейінгі жағдай
| диабеттік нефропатия
~ АТ1-ангиотензин рецепторларының блокаторлары мен ААФ ингибиторларын қолдануға қарсы көрсеткіш:
|жүктілік +
| жүрек жетіспеушілігі
| сол қарынша дисфункциясы
| миокард инфарктінен кейін
| диабеттік нефропатия
~ Науқас іріошақты миокард инфарктінен кейін 21-ші күні стационардан шықты. Жарты жылдан кейін үйреншікті ырғақта орындалатын күнделікті аздаған дене жүктемесі кезінде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 метрге жуық жүргенде) 5-10 минутқа созылатын төс артында ауырсыну қайта пайда болған. Тиімді дәрілік емді таңдаңыз:
| аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангиналді препараттар+
| антиангиналді препараттармен монотерапия
| антиангиналді препараттармен комбинирленген терапия
| статиндер, антиангиналді препараттар
| аспирин, статиндер, антиангиналді препараттар
~Эргометринмен сынама... диагностикасында қолданылады.
|спонтанды стенокардия +
|алғашқы дамыған стенокардия
|үдемелі стенокардия
|тұрақты стенокардия
| инфарктан кейінгі стенокардия
~ 57 жастағы науқас ер адам 3 жыл бойы күштемелі стенокардиямен ауырады, антиангиналді препараттар (атенолол тәулігіне 50мг, нитраттар) қабылдайды. Жоғарғы дене жүктемесі фонында стенокардия ұстамасы жиілеген, кешеден бері айқын ауырсыну синдромымен созылмалы ұстама, АҚҚ күрт төмендеуі, мұздай жабысқақ тер мазалайды. Бұл науқасты ауруханаға дейінгі кезеңде дұрыс жүргізу тактикасын таңдаңыз:
| аспиринді шайнап қолдану, плавикс беру, ЭКГ түсіру, ауруханаға жатқызу +
| науқасты қарқынды терапия бөліміне жатқызу
|науқасты амбулаторияда 8-12 сағат бойы бақылау
|әр 10-15 минут сайын нитроглицеринді тіластына тағайындау
| антиангиналді терапияны күшейту
~ Алғашқы дамыған күштемелі стенокардиямен науқаста миокард инфаркті даму мүмкіншілігі төмен:
| егер ауырсыну үнемі бірдей дене жүктемесінде қайталанса +
| егер ауырсыну ST сегменті ығысуымен және Т тісшесі өзгеруімен бірге байқалғанда
|егер ауырсыну экстрасистолиямен бірге байқалғанда
| егер ауырсыну өткізгіштік бұзылуымен бірге байқалғанда
|егер нитроглицеринмен басылатын ауырсынуұстамалары байқалса
~ Оң қарынша инфаркті диагностикасы үшін ең ақпаратты ЭКГ- белгілері:
| V3R и V4R тіркемелерінде ST сегменті көтерілуі +
| ІІ, ІІІ, aVF тіркемелерінде p-pulmonale пайда болуы
| оң қарынша күштенуінің белгілері (V5-6 –да терең S)
| жүрек электр өсі күрт оңға ығысуы
| Гис шоғырының оң аяқщасының толық блокадасы
~55 жастағы науқас әйелде жүрек тұсында дене жүктемесімен айқын байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин қабылдағаннан соң басылатын қысып ауырсыну пайда болады. Науқаста аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. АҚҚ 160/90 мм сын.бағ. дейін жоғарылайды. ЭКГ-ның 12 стандартты тіркемелерінде спецификалық өзгерістер жоқ. Келесі диагностикалық зерттеу:
| тәуліктік мониторлеу +
| велоэргометрия
| обзиданмен сынама
| коронароангиография
|қандағы кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау
~Варфарин қолдануды қажет ететін жағдайлардың көпшілігінде халықаралық қалыптастырылған қатынастың тиімді деңгейіне жатады.
| 2,0-3,0 +
|1,0 –ден төмен
|1,0-2,0
|3,0-4,0
|4,0-5,0
~Кальций антагонистері... таңдаулы препарат болып табылады.
| Принцметал стенокардиясында +
| күштемелі стенокардияның ІІ ФК -да
| күштемелі стенокардияның І ФК -да
| миокард инфарктінде
| миокардтың ауырсынусыз ишемиясында
~... жүрек жетіспеушілігінде спиронолактонды қолдануға қарсы көрсеткішке жатады.
| калий деңгейі 5 ммоль/л-ден жоғары +
| калий деңгейі 5 ммоль/л-ден төмен
| креатинин деңгейі 200 ммоль/л-ден төмен
| натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден төмен
| натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден жоғары
~Толық АВ-бөгемесі және жыбыр аритмиясы қандай синдром деп аталады?
| Фридерик синдромы+
| Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы
| Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
| Дресслер синдромы
| Синус түйінінің әлсіздік синдромы
~48 жастағы науқас стационарға 2-қабатқа көтерілгенде дамитын, ұзақтығы 2
минутқа созылатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданып түсті.
Алғаш рет мұндай ауырсынулар 2 апта алдын дамыған. Ем қабылдамаған.
Объективті: жағдайы қанағаттанырлық, өкпесінде везикулярлы тыныс,
жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 68 рет, артериялық
қысым 120/70 мм.с.б. Электрокардиограммада - патология анықталмады.
Қандай ауруды болжауға болады?
| алғаш дамыған стенокардия+
| үдемелі стенокардия
| күштемелік стенокардия ФК III
| күштемелік стенокардия ФК II
| вазоспастикалық стенокардия
~Университет студенті, 23 жаста. Дәрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағу
ұстамасының болуына шағымданып қаралды. Ұстама кенеттен басталады,
бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады және өздігінен басылады.
Науқасты клиникалық қарағанда патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.
ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0.09 сек, QRS кешені 0.11 сек,
дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесінің өрлеген бөлігінде. Науқаста
қандай патология болуы мүмкін?
| Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы+
| cозылыңқы QT синдромы
| cинустық түйіннің әлсіздігі синдромы
| Лаун-Генонг-Ливайн синдромы
| Клерк-Леви-Критэско синдромы
~Ер адам 38 жаста. Жүрек тұсындағы, таралмайтын қысып ауырсынуға, оның
4-5 минутқа созылатынына, шамалы физикалық күш түскенде пайда
болатынына, өзі кететініне шағымданды. Ауырсыну бір айдан бері
мазалайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған.
Қарағанда: жүрек шекарасы қалыпты, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде
систолалық шу. ЖСЖ минутына 78, АҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық
Q III, AVF, V4-V6 тіркемелерінде. ЭХОКС: жүрек қуыстары өзгеріссіз,
қарынша аралық перде қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы
қабырғасының қалыңдығы 1,4. Шығарым (выброс) фракциясы 72%. Қайсысы
кардиалгияның себебі болуы мүмкін?
| гипертрофиялық кардиомиопатия+
| рестриктивті кардиомиопатия
| ЖИА, жедел миокард инфарктысы
| ЖИА, басынан кешкен миокард инфарктысы
| ЖИА, жедел коронарлы синдром
~18 жастағы жас жігіт. Шамалы физикалық күш түскенде тұншығу сезімінің
болуына, бас айналу ұстамаларына шағымданады. Балалық шағынан
ауырады. Әскери медициналық комиссия шешімімен тексерілуге жіберілді.
Қарағанда: жайылмалы цианоз, саусақтарының соңғы бунақтары «дабыл
таяқшалары» түрінде, жүрек шекарасы оңға ығысқан, эпигастри аймағында
оң қарыншаның систолалық пульсациясы. Аускультацияда: өкпе
артериясында ІІ тонның акценті және қосарлануы, семсер тәрізді өсінді
үстінде қысқа систолалық шу, төс сүйектің сол жағында ІІ қабырға
аралықта диастолалық шу. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе артериясының
сабауының шығыңқы болуы анықталды. Мүмкін болатын диагноз қандай?
| біріншілік өкпелік гипертензия+
| өкпе қақпақшасының жетіспеушілігі
| трикуспидалды қақпақша жеткіліксіздігі
| өкпе артериясының тума стенозы
| Фалло тетрадасы
~52 жастағы әйел физикалық күш түкенде жүрек тұсының ауырсынуына
шағымданады. ЭКГ-да физикалық күш түскенде әдеттегі горизонталды ST
интервалының депрессиясы, оң эргометринді тест. Коронарографияда –
эпикардиалды тәж артерияларының зақымдалу белгілері жоқ. Мүмкін
болатын диагноз қандай?
| Принцметал стенокардиясы
| дисметаболизмдік кардиомиопатия
| күш түсу стенокардиясы
| микроваскулярлы стенокардия+
| субэндокардиалды миокард инфарктысы
~62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік
құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері
жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүректің үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
| артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок+
| артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок
| асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті
| алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия
| артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок
~Жайылған миокард инфарктын алған 58 жастағы ер адамда бір жылдан
кейін ортопноэ, түнгі жөтел, минутына 120 дан асатын тахикардия пайда
болған. Қарау кезінде мойын веналарының ісінуі, гепатомегалия, аяқтағы
ісінулер. ЭХОКГ-да: кардиомегалия.
Науқаста СЖЖ қандай сатысы дамығанын көрсетіңіз:
| IIБ+
| 0
| I
| IIА
| III
~40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс
артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен
физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын
атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
| вазоспастикалық стенокардия+
| күштемелік стенокардия IV ФК
| күштемелік стенокардия II ФК
| күштемелік стенокардия III ФК
| үдемелі стенокардия
~38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру жасау қажет?
| қандағы котехоламиндерді анықтау+
| қандағы альдестеронды анықтау
| қандағы кортизолды анықтау
| қандағы электролиттерді анықтау
| қандағы ренинді анықтау
~ 48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу, өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспленомегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы.
Қандай тексерулерді тағайындаған дұрыс?
| жалпы қан анализі+қанды бактериологиялық себу-эхокардиография+
| жалпы қан анализі+ имуннограмма+ эхокардиография
| жалпы қан анализі+ревмосынамалар+ эхокардиография
| жалпы қан анализі+жалпы несеп анализі+эхокардиография
| жалпы қан анализі+жалпы несеп анализі+кеуде сарайы мүшелерінің рентгенограммасы
~38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсынуына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында ісік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады.
Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
| фентоламин+
| метопролол
| нифедипин
| клофелин
| каптоприл
~60 жастағы науқас стационарға 2-3 минутқа созылатын, аздаған физикалық күштемеде дамитын, нитроглицеринге босылатын төс артының ұстама тәрізді қысып ауырсынуына шағымданып түсті. Қарағанда: өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, брадикардия, жүрек жиырылу жиілігі минутына 52 рет, пульс 52 рет минутына, артериялық қысым 130/85 мм.с.б. Электрокардиограммада синусты брадикардия, жүрек жиырылу жиілігі минутына 46 рет, ритм жүргізүшісінің миграциясы.
Бұл жағдайда қандай дәрмек көрсетілген?
| оликард+
| кордарон
| дилтиазем
| верапамил
| конкор
~Науқас 18 жаста, стационарға төс маңындағы қысып ауруына, физикалық жүктемеден кейінгі ентігіге шағымданады.Бір ай бұрын гриппен ауырған.Объективті: жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, 100 рет мин, жүрек ұшында систолалық шу.Пульс 100 рет мин.Өкпесінде везикулярлы тыныс.Лабораториялық нәтижелер:лейкоциттер-8,2мың, СОЭ-32 мм/сағ, С-реак белок+++, аспарагинді трансаминаза-112 МЕ/л.ЭКГ-да синусты тахикардия, ЖСЖ 98 рет мин, политопты қарыншалық экстрасистолия. Патогенетикалық терапия ретінде қай препарат қолданылады?
| вольтарен+
| милдронат
| экстенциллин
| пенициллин
| рибоксин
~Науқас 68 жаста, стационарға басының ауруы, бас айналу, бірінші қабатқа көтерілгенде дамитын ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. 20 жыл бойына артериялық гипертензия және қант диабетімен ауырады. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты жүрек жиырылу жиілігі минутына 82 рет, артериялық қысым 170/100 мм.с.б. Бүйрек артерияларының проекциясында систолалық шу естіледі. Қан анализінде гипергликемия, гиперхолестерминемия. Электрокардиограммада- синусты ырғақ, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі минутына 78 рет, жүрек электрлік осінің солға ығысуы. Сол қарыншаның гипертрофиясы. Ангиограммада бүйрек артериясының екі жақты стенозы.
Бұл жағдайда қандай дәрмек қарсы көрсетілген
| моноприл+
| верапамил
| конкор
| арифон
| нормодипин
~Науқас 42 жаста, стационарға таңғы уақытта пайда болатын, нитроглицеринмен басылатын төс артындағы интенсивті қысып аурсынуға шағымданып түсті. Күндіз ауырсыну мазаламайды. Жүргізуші болып жұмыс істейді. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, жүрек жиырылу жиілігі минутына 72 рет, артериялық қысым 120/80 мм.с.б. Ұстама кезіндегі электрокардиограммада: ST сегментінің көтерілуі, ұстамадан тыс кезде патология анықталмады. Тропонинде қалыпты деңгейде. Коронарографияда өзгерістер анықталмады.
Патогенетикалық терапия ретінде қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
| дильтиазем+
| конкор
| эгилок
| небилет
| атенолол
~30 жастағы әйелге бір ай алдын операция жасалған: жүректің ревматикалық ақауына байланысты қосжармалы клапанды протездеу.
Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мақсатында қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
| варфарин+
| гепарин
| тромбоасс
| плавикс
| тромбокард
~57 жастағы науқас кардиологиялық орталыққа үнемі сақталатын жүрек тұсында ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне, сол иық буынындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 апта алдын жедел трансмуральды миокард инфарктісін өткерген. Конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлді үнемі қабылдайды. Қарағанда: дене қызуы 37,40 С, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүректің абсолютты тұйықтық аймағында перикардтың үйкеліс шуы, артериялық қысым 130/70 мм.с.б., жүрек жиырылу жиілігі 76 рет минутына. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы, тропаниндер қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада І, ІІ,ІІІ, тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі.
Бұл жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?
| преднизолон+
| гентамицин
| оликард
| амоксициллин
| диклофенак
~Сол қарыншаның жедел миокард инфарктысымен 62 жастағы ер адамда кенеттен жүрек соғуы және суық тер пайда болды. Артериялық қысым анықталмайды. Шұғыл ЭКГ түсірілді:
Науқасқа қандай шұғыл көмек шараларын көрсету керек?
| электрлік кардиостимуляция+
| электрлік кардиоверсия
| амиодаронды көктамырға енгізу
| лидокаинді көктамырға енгізу
| қолқа ішілік баллонды контрпульсация
~Жүкті әйел әйелдер кеңесінде дәрігерге терапевтке жүрек тұсында шалыс соғу (перебои) сезіміне шағымданды. Бұрын ештеңемен ауырмаған. ЭКГ түсірілді:
Науқасты жүргізу тактикасы қандай?
| Холтерлік мониторлау және ЭХО КГ жасауды ұсыну+
| науқасты динамикада бақылау
| шұғыл түрде жүктілікті үзу
| шұғыл түрде госпитализациялау және қарқынды антиаритмиялық терапия жүргізу
| бұл патологияға көңіл аударып қажеті жоқ
~Ер адам 60 жаста. Қабылдау бөліміне бір сағаттан артық төс артында интенсивті басып ауырсынуға шағымданып келді. Анальгин, валидол таблеткаларын қолданғанмен нәтиже жоқ. ЭКГ түсірілді:
Дәрігердің тактикасы қандай?
| наркотикалық анальгетиктер, тромболитиктер, шұғыл коронарография+
| тромболитиктер, гепарин, бета-блокаторлар
| наркотикалық анальгетиктер, гепарин, нитраттар
| наркотикалық анальгетиктер, варфарин, нитраттар
| наркотикалық анальгетиктер, гепарин, бета-блокаторлар
~Әйел 54 жаста. Пневмониямен ауырғаннан кейін «үру» тәрізді жөтел мазалап, жұтынудың қиындауы пайда болды, ентігу үдеді. Қарағанда: жүрек шекаралары ұлғайған,, жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 80, АҚ 130/65 мм с. б. ЭКГ: кешендер вольтажы төмендеген, кеуде қуысының мүшелерін рентгенологиялық зерттеуде: кардиомегалия, жүрек белі тегістелген, жүрек көлеңкесінің контурының пульсациясы әлсіреген. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Әлсіздік, тахикардия, суық тер, цианоз пайда болды, АҚ 60/40 мм с. б. Емдеу тактикасы қандай?
| перикард пункциясы+
| глюкокортикоидтар қолдану
| антикоагулянттар қолдану
| симпатомиметиктер қолдану
| электроимпульсті терапия қолдану
~Ер адам 60 жаста, жыбырлы аритмия ұстамасымен стационарға түсті.15 жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және артериялық гипертензиямен ауырады. Қандай препараттарды қолданған дұрыс?
| дилтиазем+
| бисопролол
| метопролол
| нормодипин
| дигоксин
~Реанимация бөліміне жедел миокард инфарктысымен науқас түсті. Объективті: бозғылт-цианозды ылғалды тері, шеткері көктамырлары басылып қалған. АҚ 80/60 мм с. б., диурез 20 мл/сағ. кем. Науқасты емдеуде аталғандардың қайсысын қолданған жөн?
| допамин+
| изадрин
| дроперидол
| дигоксин
| морфин
~Ер адам 63 жаста, жедел жылжымалы, толқын тәрізді төс артындағы және омыртқа жотасы бойымен ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде:15 жылдан бері артериялық гипертензиямен ауырады, соңғы 6 айда АҚҚ 200/120 мм.с.б.б. комбинирленген гипотензивті терапия фонында (конкор, нормодипин, моноприл).Объективті:Тері жамылғылары бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, аорта үстінен систолалық шу естіледі. Аяқтары және қолдарындағы тамыр соғысының ассиметриялы. АҚҚ 90/40 мм.с.б.б. Диагнозды анықтауға қандай зерттеу әдісі көмектеседі?
| аортография+
| эхокардиография
| электрокардиография