~ Өкпе артериясының тромбоэмболиясының ең нақты электрокардиографиялық белгілеріне жатады:
|S1- Q 3 синдромы және ІІІ, V1, V2 тіркемелерінде ST сегменті жоғары ығысуы +
| V4-V6 тіркемелерінде терең Q тісшесі
| І, ІІ және aVL тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
| ІІ, ІІІ және aV F тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы
| кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің инверсиясы
~ Жүрек ырғағы жиілігінің ауытқуы (вариабельность сердечного ритма)... көрсетеді:
|вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық белсенділік арасындағы тепе-теңдікті +
|миокардтың жиырылу қызметін
| синус түйіні қызметін
| атрио-вентрикулярлық түйін қызметін
| жүректің өткізгіштік жүйесі қызметін
~ Дене жүктемесімен ЭКГ- сынама жүргізуге қарсы көрсеткішке жатады:
|жіті миокард инфаркті (48-72 сағатқа дейін) +
|ФК стенокардияның ФК бағалау
| жүрек ишемиялық ауруы анықталған науқас болжамын бағалау
| симптомдар қайта пайда болған жағдайда реваскуляризация жасалған науқастарды зерттеу
|жиілік-бейімділік кардиостимулятор жұмысының көрсеткіштерін бекіту қажеттілігі
~Науқаста стенокардия ұстамасы 500 метрден аз қашықтықта орташа ырғақта жүргенде, 1-2 сатыға баспалдақпен көтерілгенде, кейде ұстама тыныштық күйде пайда болады. Канадалық жіктемеге сәйкес науқасқа тұрақты күштемелі стенокардияның... анықталды.
|III функционалдық класы +
|I функционалдық класы
| II функционалдық класы
| IV функционалдық класы
| 0 функционалдық класы
~ Үдемелі стенокардия диагнозын қоюға негіз болатын негізгі белгіні таңдаңыз:
|стенокардия ұстамаларының ауырлығы және жиілігі артуы +
| типтік ауырсыну ұстамасы бір ай бұрын алғашқы рет дамыған
| типтік ауырсыну ұстамасы ЭКГ –да қарыншалық комплекстің соңғы бөлігі өзгеруімен бірге байқалады
| ауырсыну ұстамасы түнде тыныштық күйде пайда болады
| ауырсыну ұстамасы алғашқы рет жарты жыл бұрын пайда болған
~ Тұрақсыз стенокардияға жүректің ишемиялық ауруының... түрі жатпайды.
|күштемелі (3 ФК) +
|алғашқы дамыған
| ерте инфарктан кейінгі
| ерекше
| үдемелі
~ Алғашқы дамыған стенокардия диагнозын қоюға негіз болатын негізгі белгіні таңдаңыз:
|ауырсыну ұстамасы алғашқы рет үш апта бұрын пайда болған +
|ауырсыну ұстамасы алғашқы рет жарты жыл бұрын пайда болған
| дене жүктемесі кезінде төс артында ауырсыну пайда болуы
| төс артында ауырсыну түнде (тыныштық күйде) пайда болады
|стенокардия ұстамаларының ауырлығы және жиілігі артуы
~ Қолқа стенозымен науқас ер адамның ЭКГ-сында: жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, көшпелі зона оңға ығысуы, V 5, V6 тіркемелерінде R тісшесі биіктенуі, ST сегменті төмендеуі, теріс T тісшесі. ЭКГ- өзгерістерді интерпретациялаңыз:
| систолалық күштенуімен сол қарынша гипертрофиясы +
| күштенуімен оң қарынша гипертрофиясы
| сол қарынша гипертрофиясы
| оң қарынша гипертрофиясы
| екі қарынша гипертрофиясы
~ Артериялық гипертензияның қатер тобын анықтауда ассоцирленген ауруларға жатпайды:
| созылмалы пиелонефрит +
| жіті ми қан айналымы бұзылысының транзиторлы атакасы
| тұрақты күштемелі стенокардия
| диабеттік нефропатия
| миокард инфаркті
~ Ұзақ әсерлі нитраттардың ішінде қазіргі кезде ең нәтижелі антиангиналді препаратқа... жатады.
| изосорбид -5- мононитрат +
| нитролонг
| нитросорбид
| нитролонгранулонг
| сустонит
~ Трансмуралді миокард инфарктінің негізгі электрокардиографиялық белгісі:
| екі және одан көп тіркемелерде QS комплексі пайда болуы +
| ST сегментінің бірнеше тіркемелерде көтерілуі
| ST сегментінің бірнеше тіркемелерде төмендеуі
| Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы
| ST сегментінің тостақ тәрізді ығысуы
~ Миокард инфарктімен ауырған науқаста қарыншалық фибрилляция дамуы мүмкіндігі бойынша болжамдық жағынан қолайлырақ қарыншалық экстрасистолаларға жатады:
| ерте T-ға R (R на T) түрі +
| монотопты
| политопты
| қосарланған
| топтасқан
~ Миокард инфарктінде... белсенділігі артуы ең спецификалық белгі болып табылады.
| тропонин+
| ЛДГ1-2
| АСТ
| АЛТ
| МВ-КФК
~ Төменгі миокард инфарктінің тікелей ЭКГ белгілері келесі тіркемелерде тіркеледі:
| ІІ, ІІІ, aVF +
| aVL, V1-V4
| І, aVL, V5-V6
| aVL, V1-V2
| V1-V6
~ Миокард инфарктінің зақымдалу кезеңінің негізгі ЭКГ- белгілеріне жатады:
| монофазалы қисық қалыптасуы +
| патологиялық Q тісшесі
|ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы
|теріс "коронарлы" Т тісшесі
| QRS комплексі кеңеюі
~ Ірі ошақты миокард инфарктінің тыртықтану кезеңінің негізгі ЭКГ- белгілеріне жатады:
| патологиялық Q тісшесі +
| ұзақ уақыт ST сегменті изолиниядан төмен ығысуы сақталуы
| QRS комплексі кеңеюі
| R тісшесі амплитудасы ұлғаюы
|теріс "коронарлы" Т тісшесі
~ Атропин қолдану миокард инфаркті... асқынғанда көрсетілген.
| брадикардиямен +
|нақты кардиогенді шокпен
|қарыншалық фибрилляциямен
| Дресслер синдромымен
| жүрекшелік фибрилляциямен
~ Трансмуралді миокард инфарктінің ең ерте электрокардиографиялық белгісіне жатады:
| ST сегменті жоғарылауы+
| QRS комплексі өзгеруі
| Т тісшесінің инверсиясы
| жүрек ырғағы бұзылуы
| Q тісшесі пайда болуы
~Пароксизмалді тахикардияның қайталануының алдын алу үшін ең нәтижелі препаратқа... жатады.
| кордарон +
| нифедипин
| ритмилен
|метопролол
| этмозин
~ Толық көлденең жүрек блокадасына... тән.
|толық жүрекшелік-қарыншалық диссоциация +
| PQ интервалы 0,20 сек-тан жоғары ұзаруы
| Самойлов-Венкебах кезеңдері пайда болуы
| QRS комплексі кеңеюі
| Р тісшесі жоғалуы
~ II дәрежелі атриовентрикулярлы блокаданың негізгі ЭКГ белгілері:
| Самойлов-Венкебах кезеңдері +
| ЖСЖ минутына 60 реттен баяулауы
| Р тісшесі жоғалуы
| QRS комплексі кеңеюі (0,14 сек-тан жоғары)
| толық жүрекшелік-қарыншалық диссоциация
~ Жүрекшелік фибрилляция жиі байқалатын ауруларға жатады:
| жүректің ишемиялық ауруы, митралді стеноз, тиреотоксикоз +
| қолқалық жетіспеушілік, гипертрофиялық кардиомиопатия
| экссудативті перикардит, митралді стеноз, гипотиреоз
| өкпелік жүрек, алкоголді кардиомиопатия, тиреотоксикоз
| гипотиреоз, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия
~ Тез арада электроимпульстік терапия (ЭИТ) жүргізудің абсолютті көрсеткішіне жатады:
| қарыншалық фибрилляция, трепетание +
| қарыншаүстілік пароксизмалді тахикардия
| жыбыр аритмиясы
| III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада
| жүрекше дірілі
~ Қарыншалық экстрасистолаларының электрокардиографиялық белгілеріне жатпайды:
| толық емес компенсаторлық үзіліс +
| өзгерген QRS комплексі уақытынынан ерте пайда болуы
| кезектен тыс қарыншалық комплекстің кеңеюі (0,14 с-тан жоғары)
| кезектен тыс қарыншалық комплекстің алдында P тісшесі болмауы
| толық компенсаторлық үзіліс
~ Селективті емес бета-блокаторларды тағайындауға қарсы көрсеткішке жатады:
| бронх демікпесі +
| күштемелі стенокардияның I-II функционалдық класы
| артериялық гипертония
| қарыншалық аритмиялар
| тахикардия
~ Жүрекше фибрилляциясының ЭКГ- белгісіне жатпайды:
| QRS комплексі алдында өзгерген Р тісшесі тіркеледі Р+
|тіркемелерде Р тісшесі болмауы
| f жыбыр толқындары тіркеледі
| өзгермеген қарыншалық комплекстер
| жүрек ырғағы дұрыс емес
~ Инфарктан кейінгі жүрек жетіспеушілігінің І және ІІ кезеңімен 68 жастағы науқасқа қатысты жыбыр аритмиясы (4 жыл бойы тұрақты) бойынша дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:
| жүрек гликозидтері көмегімен жыбыр аритмиясын нормасистолиялық формада ұстап тұру, ал нәтиже жеткіліксіз болса бета-адреноблокаторлармен бірге қолдану +
| синус ырғағын қалпына келтіру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен профилактикалық ем
| хинидин немесе ЭИТ көмегімен стационарда жыбыр аритмиясын синустық ырғаққа көшіру
| тұрақты электростимуляцияға көшірген тиімді
| мұндай науқас тұрақты терапияны қажет етпейді
~ Сол жүрекше гипертрофиясында ЭКГ-да анықталады:
| І, aVL, V5-6 тіркемелерінде екіөркешті кеңейген Р тісшесі +
| ІІ, ІІІ, aVF, V1 тіркемелерінде ұшқырлан биік Р тісшесі
| І, aVL, V5-6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі
| ІІ, ІІІ, aVF тіркемелерінде терең S тісшесі
| І, aVL тіркемелерінде терең S тісшесі
~ Жүрекшелік экстрасистолаға тән емес ЭКГ- белгісін таңдаңыз:
| Р тісшесіз QRS комплексінің ерте пайда болуы +
| Р тісшесі мен QRS комплексінің ерте пайда болуы
| ерте пайда болған Р тісшелері синустықтардан жиі ерекшеленеді
| компенсаторлық үзіліс толық емес
| кеңеймеген қарыншалық комплекстер
~ Жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түріне тән:
| пульс дефициті +
| парадоксалді пульс
| альтернирленген пульс
| яремді веналар пульсациясы
| қарыншалық комплекстер кеңеюі
~ Кенеттен ЭКГ-да I тіркемеде терең S және III тіркемеде Q, сонымен қатар көшпелі зона солға ығысуы пайда болатын ауру:
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы +
| төменгі миокард инфаркті
| перикардит
| сол қарынша аневризмасы
| сол қарынша күштенуі