Лекции.Орг


Поиск:




Маслоудың уәждемелік теориясы




 

А.Маслоудың жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана едәуір жоғары деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой ниеті туындайдайды. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады.

Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашан да толыққанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация процесінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.

А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізінтүсінуге зор үлес қосты. Басшы адамдардың мотивациясы,олардың жан-жақты қажетсінуімен айқындалатынын түсінді.,

Бүкіл ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшыларадамдардың ең қажетті нәрселерін, мүмкіндігінше толыққанағаттандыруға тырысу қажет.

Басшы өзінің қарамағындағыларды мұқият бақылауы, сөйтіп қандай қажеттілік олардың белсенділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттілік уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет колайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өтекеле мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалық тәсіл басым болса, енді мотивацияға әлеуметтік- экономикалық тәсіл бола бастады. А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп карамай, оларды өзін-өзін жетілдіретін және өзін-өзімеңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырды. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратынкөптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес санатқа бөледі.

Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу жәнежыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.

Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаган орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.

Әлеуметтік қажеттілік - бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.

Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке бас жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің оны құрметтеуі, мақұлдауы жатады.

Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

А.Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттіліктің қатаң иерархиялық құрылымды орналастыруға болады деп есептеді.

Адамның қажеттіліктер саласының құрылымын қарастыру тұрғысынан А.Маслоудың «қажеттіліктер үшбүрышы» үлкен қызығушылық тудырады, мұнда бір жағынан, адамның әлеуметтік, интерактивті тәуелділігі, екінші жағынан - оның өзін-өзі өзектендірумен байланысты танымдық, когнитивті табиғаты айқын көр інеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2219 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

968 - | 945 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.