Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ауырсыну. Ноцицептивтік талдағыш

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

Д Ә Р І С

Тақырып: «Ауырсыну физиологиясы»

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева


· Дәрістің тақырыбы: «Ауырсыну физиологиясы»

 

Дәрістің мақсаты: ауырсыну талдағышы мен антиноцицепторлы жүйені талдау.

· Дәрістің жоспары:

1. Ауырсынуға анықтама беру.

2. Ауырсыну талдағышы (хемо- және механоноцицепторлар).

3. Арнайы өткізгіш жолдар.

4. Антиноцицепторлы жүйе.

5. Бейнеленген ауырсыну, механизмдері (Захарина-Геда аймақтары).

 


Ауырсыну. Ноцицептивтік талдағыш.

Ауырсыну - бұл ағзаға зақымдаушы фактор әсер еткенде пайда болатын сезім. Бұл сезім ағза үшін өте маңызды, себебі қандайда бір зақымдаушы фактордың бар екендігінен хабар береді.

Зақымдаушы агентті қабылдайтын арнайы рецепторлар болады, оларға жауап ретінде ауырсыну сезімі пайда болады. Оларды ауырсыну рецепторлары деп атайды. Ауырсыну сезімі тек адамдарға ғана қолданылатын түсінік болғандықтан,/жануарларға емес/, бұл рецепторларды ноцицепторлар деп атау ұсынылған./ латынша- ноцио- зақымдаймын деген мағына береді/. Бұл рецепторлар теріде, бұлшық еттерде, буындарда, сүйектің беткі қабатында, тері асты майында, барлық ішкі мүшелерде бар,бұлар сезгіш жүйке ұштары, афферентті нейронның дендриттері, олар серпілістерді жұлынға апарады /немесе бас рецепторларынан сопақша миға/.

Ноцицепторлардың екі түрі бар,-механоцицепторлар және хемоноцицепторлар. Біріншісі механикалық әсерлерге қозады, нәтижесінде натрии иондарына клетка мембранасының өткізгіштігі артады, ал бұл өз кезегінде афферентті талшықта ӘП-ын туғызатын деполяризацияға әкеледі/ рецепторлық потенциал/. Хемоноцицепторлар химиялық заттарға жауап береді, атап айтқанда, сутегі иондарының, калии иондарының артық мөлшеріне, сондай-ақ брадикинин, гистамин, соматостанин сияқты заттардың әсеріне жауап береді. Модуляторлардың әсерінен осы аталған ноцигендік факторларға хемоноцицепторлардың сезімталдығы артады, мысалы, ПГЕ1, ПГЕ2, ПГФ2-альфа типті простагландиндерге. Міне, сондықтан, наркотикалық емес анальгетиктер, аспирин, амидопирин анальгин сияқтылар өз әсерін білдіреді, олар простогландиндердің синтезін бөгейге қабылетті, сол себепті хемоноцицепторлардың жоғарғы қозғыштығын жояды.

Ноцицепторлардан серпілістер арнайы өткізгіш жолдар арқылы өтеді, олар А- дельта және С типті жүйке талшықтарынан басталады. А-дельта типті талшықтар қозуды секундына 4-30 метр жылдамдықпен өткізеді, ал С типті талшықтар секундына 0,4-2 метр жылдамдықпен өткізеді. Сондықтан, адамдар ауыртатын тітіркендіргіштерге жауап ретінде бастапқы кезінде нақты, жедел, қатты ауырсынуды сезеді, ал әрі қарай нақты орынсыз, топаз ауырсынуды сезеді. Яғни, алғашқы сезім жылдам талшықтардан келетін серпілістерге жауап ретінде,/А-дельта/, екіншісі баяу талшықтар бойымен таралады.

Жұлында жұлын- таламустық жолға бастама беретін нейрондарға қиылысу болады/алдыңғы медиальды жол/. Бұл нейрондар 5 қабатта жатады/ Рексед бойынша/, сондықтан оларды 5 пластинканың нейрондары немесе жай ғана 5 нейрон деп атайды. Бұл нейрондардың аксондары жұлынның контр латеральды аймағына өтіп, сопақша ми және ортаңғы ми арқылы өтіп, таламусқа жетеді, терінің тактильді рецепторларынан және проприорецепторлардан.

Арнайы ядролардан серпілістер қыртыстың соматосенсорлы аймағына т

түседі- алғашқысы- S-1, және S-2 соматосенсорлы қыртыстың екінші проекциялық аймағына келіп түседі. Бұл аймақтар артқы орталық иірімде және сильвиев иірімінің түбінде орналасқан. Мидың бұл аймақтарында серпілістің белсенділігі, ауырсынуды сезіну талданады. Бірақ, ауырсынуға соңғы көзқарас маңдай қыртыстың қатысуымен қалыптасады. Осы нейрондардың арқасында ноцицепторлардан серпілістердің қатты ағыны әлсіз тітіркендіргіш ретінде қабылданады және керісінше. Сопақша ми және ортаңғы ми деңгейінде ноцицепторлардан серпілістер ағыны бір мезгілде коллатеральдар бойымен торлы құрылымға барады, ал одан – таламустың арнайы емес ядроларына, одан қыртыстың барлық бөліміне, сондай-ақ лимбиялық жүйенің нейрондарына дейін жетеді/ қыртыстың барлық бөлімдері нейрондарының тұтас белсенуі/. Осы ақпараттың арқасында ауырсыну серпілістері эмоциональдық жағдайға ие болады- ауырсыну серпілістеріне үрей, қорқу, ауырсыну және басқа да эмоциялар пайда болады..

Коллатеральдар бойымен ноцицепторлардан келетін серпілістердің жартысы жұлын мен сопақша ми деңгейінде шардың мотонейрондарына жетіп, рефлекторлық жауап туғызады. Мысалы: бүгу қимылы. Сондықтан, ауырсыну тітіркендіргішіне адам жауап ретінде тітіркендіргіштен аяғын тартып алады. Коллатеральдар бойымен ноцицепторлардан, жұлын және сопақша ми деңгейінде, ақпараттардың жартысы ВЖЖ –ң эфферентті нейрондарына бөлінеді, сондықтан ауырсыну тітіркендіргішіне жауап ретінде вегатативті рефлекстер пайда болады. Мыс: (тамырдың тарылуы, қарашықтың кеңеюі, т.б.)

Сонымен, ауырсыну серпілісін қабылдауда және ауырсыну сезімі пайда болуында мидың көптеген бөлімдері қатысады, оларды ноцицептивтік жүйе деп біріктіреді. Егер серпілістер ағыны берілуін кез – келген бөлімінде бөгеп тастаса, онда ауырсыну реакциясы төмендейді. Сонымен, ингаляциялық наркотикті қолданып, ауырсынудан құтылуға болады (эфир, закись азота), эфир спирті әсер еткенде де ауырсынудан құтылады. Эфир синапстары қозудың өтуін бөгейді деп санайды, сондай –ақ торлы құрылымның белсенділігін төмендетеді де, ноцицептикалық серпілістер ағынын төмендетеді. Ноцицептикалық талдаудың осы берілген жобасы ауырсыну тітіркендіргіштерін қабылдауға байланысты барлық фактілерді түгел түсіндірмейді. Мынандай жай белгі: Әдетте, жай уақытта ауырсыну шогын тудыратын зақымдаушы факторлар, кейде мүлдем ауырсынуды тудырмайды.

Мысалы: Үндістанда мынадай салт бар: құдайдың «таңдаған» адамы ауылды айналып өту керек, «таңдаған» адам терісімен етінен ілгектерге ілінген жағдайда көтеріліп ұсталады (тұтас малдың еті сияқты). Кезекті ауылға кіре берісте «таңдаған» адам осы күршектерге (ілмешектерге) ілініп, құдайдың үндеуін хабарлайды. Осы жағдайда ол ешқандай ауырсыну сезімін сезбейді.(Р.Мелзак). Басқа да осындай жағдайлар жазылған.

Қалай түсіндіруге болады? Сондай-ақ фантомдық ауырсынуларды қалай түсіндіруге болады? Мысалы, аяғын кесіп тастаса, гангрена болған жағдайда, ауру адам кесіп тасталынған аяқтың саусақтарынан үнемі ауырсыну сезеді, каузальгияны қалай түсіндіруге болады? / каузальгия- үзіліссіз, ашып ауру/. Ауырсыну теориясы керек пе? Ауырсынудың бірнеше теориясы бар. Тарихи даму барысында ауырсыну теориясының 3 түрі бар.

1. Арнайы жолдар теориясы. Бұл теория ауырсыну пайда болуын арнайы рецептор – ноцицепторлардан арнайы жолдар арқылы келетін серпілістерді талдау нәтижесі деп түсіндіреді. Серпілістер ағыны неғұрлым қарқынды болса, соғұрлым ауырсыну сезіну жоғары. Теория Декарт кезінен басталады, ол мына сұраққа жауап беруге ұмтылған:- ауырсыну тітіркендіргішіне организм қалай жауап береді? Бірақ, бұл теория жоғарыда аталған фактінің бәрін түсіндіре алмайды.

2. Бейнелеу теориясы - «Паттерна». Ол былай дейді, арнайы ауырсыну рецепторлары және ауырсыну жолдары жоқ, ауырсыну миға мөлшерден тыс, көп мөлшерде әртүрлі серпілістер түседі. Ауырсыну – бұл әртүрлі рецепторлардан шамадан тыс серпілістерге жауап ретінде пайда болатын сезіну, мыс: тері, дәм, дыбыс және т.б. рецепторлардан. Дегенмен, бұл теорияда көп фактілерді түсіндіре алмайды.

3. «Қақпа механизмі» гипотезасы. (Р.Мелзак, Уолл, 1965). Бұл теория былай түсіндіреді: серпіліс ағыны белгілі критикалық деңгейден асып кеткен жағдайда, арнайы рецепторлардан арнайы жолмен келіп түсетін серпілістер ағынына мидың реакциясы ретінде ауырсыну сезімі пайда болады. Жұлын деңгейіндегі (таламустардан) ноцицепторлардан мидың жоғарғы бөлімдеріне серпілістер өтуін реттейтін арнайы «қақпа механизмі» бар. Жұлында желатинозды субстанция бар – бұл нейрондар жиынтығы. (Р. Мелзак), (Рексед боййынша 2 және 3-ші пластиндер) Бұлар тежеуші нейрондар, афферентті нейрондардан жұлын нейронына келетін ноцицептикалық серпілістер ақпаратының берілуіне әсер ететін нейрондар – жұлын-таламустық жолдың басталуы. Нейрондар қозған кезде, олар ноцицептивтік серпілістер ағынының қарқынын төмендетеді. (егер ағын жеткілікті жоғары балса, адам ауырсынуды сезеді). Сонымен, «қақпалар» ретінде желатинозды субстанция нейрондары жұмыс атқарады, олардың белсенділігін 3 түрлі тәсілмен іске асырылады.

1) Терінің механорецепторларынан келетін серпілістер есебінен: қысым, жанасу, вибрация рецепторлары қозғанда, олардан серпілістердің жартысы, сопақша миға баратын жолда, желатинозды субстанция нейрондарына түседіде, оларды белсендіреді, тежеу белсенділігі жоғарылайды да, ноцицепторлардан ауырсыну белгілерінің өтуін бөгейді. Тері арқылы эленбростимуляция әсерлігінің негізі осы (терінің механикалық тітіркенуі, - Кузнецов иппликаторы ауырсынуды жою құралы ретінде).

2) Супражұлындық құрылымдар. Мидың көптеген құрылымдарын тітіркендіргенде «қақпа» арқылы ноцицептивтік ақпарат өтуінің тежелуі байқалады. Маңдай бөлімі, құйрықты ядро, таламус ядролары, мишық нейрондары, гипоталамус орталықтары, ортаңғы мидың бірнеше орталықтары, қызыл ядро, қара зат, сопақша ми құрылымдары, - торлы құрылымның үлкен ядросы, т.қ –ң гигант клеткалар ядросы, т.қ-ң парагигантклеткалар ядросы – осылардың барлығы 2-3 желатин тәрізді заттыың нейрондарын белсендіреді және ноцицептикалық ақпарат өтуін тежейді. Бұл құрылымдарда, сондай –ақ «қақпа» аймағына ноцицептивтік серпілістердің қан және ликвор арқылы өтуін тежейтін клеткалардың белсенділігінің жоғарылауы мүмкін.


· Иллюстрациялық материал:

Кестелер:

1. Бейнеленген ауырсынудың механизмдері.

2. Ауырсыну талдағыштары.

3. Ауырсыну және температуралық сезімталдылық жолдары.

 

· Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – А.: Қазақстан, 1992. – 280 б.

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 б.

 

· Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Ауырсыну деген не?

2. Эпикретиялық ауырсыну протопатиялық ауырсынудан немен ерекшеленеді?

3. Арнайы өткізгіш жолдар.

4. Антиноцицепторлы жүйеге не жатады?

5. Бейнеленген ауырсынудың механизмі.

6. Эндогендік пептидтердің ролі қандай?

7. Ауырсыну теориялары.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Психофизиологиялық сауал | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2252 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2225 - | 2154 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.