Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лекция мәтіні




А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану факультеті

Экология және химия кафедрасы

B.021 «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫ»

Пәнінен лекция тезистері

(барлық мамандықтар үшін)

 

Түркістан 2014

Лекция №1.

Тақырыбы: Кіріспе. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» пәні және әлеуметтік маңызы

Жоспары:

1.1. «Жаратылыстану» пәнінің әлеуметтік маңызы

1.2. «Жаратылыстану» туралы жалпы түсінік

1.3. «Жаратылыстану» пәніндегі заманауи концепциялар

Лекция мәтіні

Жаратылыстану – адамзаттың рухани мәдениетінің айырғысыз құрамдас бөлігі. Оның қазіргі заманғы негізгі ғылыми қағидаларын, дүниеге көзқарастық және методологиялық пайымдауларын білу кез келген қызмет саласындағы мамандар үшін қажетті мәдени даярлықтың бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде білімнің жеке салалары – жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және техникалық ғылымдар бір бірінен байланыссыз өз алдына табиғат, қоғам және адам жайлы біртұтас ғылыми білім бере алмайды, дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыра алмайды. Дүниенің ең жалпы заңдылықтары туралы ғылым деп саналатын философияда жаратылыстану ғылымдарының көмегінсіз өзі ғана бұл міндетті орындай алмайды. Философиялық дүниеге көзқарастың өзі де табиғат туралы ғылымдарп ашқан ғылыми жаңалықтарды біртұтас білімге біріктіруші дүниенің біртұтас жаратылыстану- ғылыми бейнесіне сүйенуі тиіс.

Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық,мәдениеттердің бірлігі мен өзара байланыстылығы. Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық, мәдениеттердің тығыз бірлігі жайлы пікірді төмендегі жағдайлардың көмегімен дәлелдеуге болады.

Біріншіден, ол екі мәдениеттің екеуі де — адам еңбегі мен ақыл-ойының желісі. Адам табиғатта қаншалықты жоғары тұрғанмен, ол табиғаттың бөлінбес бір бөлігі болып қала береді. Адам — биоәлеуметтік жан. Ол, бір жағынан, табиғат болмысының жалғасы, ал екінші жағынан, ақыл-ойы бар саначы әлеуметтік жан. Адам болмысының бұл объективтік екі жақты табиғаты оның біртұтас парасатга, епті жан болуына кедергі бола алмайды. Бұл біртұтастықты жаратылыстану-ғылыми мәдениетте де, гуманитарлық мәдениетте де не себепті іске асырмасқа?!

Екіншіден, аталған мәдениеттер жөне олардың өзегін құратын ғылымдар адамдардың дүниеге ғылыми көзкарасын қалыптастыруда белсенді рөл атқарады. Дүниеге көзқарас та өз тарапынан алғанда біртұтас болып табылады, өйткені оң козбем бір түрлі, ал сол көзбен екінші түрлі көруге болмайды ғой. Адамның дүниеге көзқарасы (табиғат пен алеуметгік дүниенің біртұтас көрінісі жайлы жалпы түсінікгер) екіге жіктелген, екі ұшты бола алмайды. Сондыктлм гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдер езара үйлесуге, өзара келісуге мәжбүр болады. Бүған мысал ретіңце ғылым мен діннің арасында болған кеп ғасырлық тартысты алса да болады.

Үшіншіден, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық мәдениеттер мен ғылымдар арасында толып жатқан "шекаралас" зерттеу саласы,, екеуіне де ортақ проблемалар бар. Мүндай проблемаларды шешу қажеттігі оларды бір-бірімен одақтаса зертгеуге мәжбүр етеді.Ондай проблемаларга, мәселен, экология, антропосоциогенез, гендік инженерлік проблемалары т.б. жатады.

Қоғамдық еңбек бөлісі еңбектің өнімділігін арттыратыны, еңбек адамдарының бір-бірінен тәуелділігін күшейтетіні белгілі. Бұл "бөлісу" процесі адамдардың әлеуметтік қауымдастығын бірдей еңбек түрлерін орындағандағдаяи горі әлдеқайда нығайта түседі. Дәл осы сияқты құбылыс гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми мәдениеттер арасындағы белісте де болады: олардың «еңбек» бәлісі өзара «көмек көрсету» қажеттілігін аудырады, ал бұл, жалпы алғанда, адамзат мәдениетінің бірлігіне, тұтастығына қызмет етсді деуге болады.

Атап айтқанда, жаратылыстануға мынадай проблемалар бойынша "гуманитарлық" көмек қажет болады: а) жаратылыстану ғылымдарының күшті дамуының нәтижесінде жасалған технологиялар бүкіл адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіретін объектілерді (ядролық, биохимиялық қару-жарақтар, гендік-инженерлік монстрлар1 т.б.) тудыруға қабілетгі, сондықтан гуманитарлық (юристік, адамгершілік) түрғыдан экспертиза (сараптау) қажет; ә) адамның өзі де жаратылыстанудьщ "заңды" объекгісі бола алады, яғни адам қарапайым "химиялық машина", биологиялық популяция немесе нейрофизиологиялық-автомат ретінде эксперимент объектісі болуы мүмкін; бұл жағдайда жаратылыстану ғылымдары гуманитарлық ғылымдардың көмегінсіз ол эксперимештердің адамгершілік нормаларына сәйкес деңгейін анықтай алмайды.

Жаратылыстану ғылымдарының басты құралы — олардың методологиясында, яғни ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінде, ережедерінде; ғылымның әдістері жайлы ілім және олардың системалық үйымдасуы методология деп аталады. Алайда жаратылыстанудың методологиясы (пайдаланатын әдістер системасын, олардың эволюциясын, қолдану мүмкіндіктерін талдау) сондай-ақ гуманитарлық ғылымдардың да пәні болып табылалы.

Гуманитарлық білімдер де өз мүмкіндігіне қарай жарытылыстану-ғылыми мәдениеттің жетістіктерін пайдаланады: XX ғасырдың басында классикалык жаратылыстанудың классикалық емес жаратылыстанудың даму кезеңіне өтуі гуманитарлық мәдениеттің соған сәйкес өзгеруіне әкеп сокты. Дамудың классикалық емес кезені жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардын арасындағы айырмашылықтардың өлшемі (критерийі) салыстырмалы екендігін ашып берді. Мысалы, тек қоғамтануда ғана емес, жаратылыстануда да, атап айтқанда, таным объектісі мен субъектісін қатаң бөліп қарауға болмайтыны анықталды.

Қысқарта айтқанда, жоғарыда келтірілген дәлелдер гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми мәдениеттердің бірлігін жеткілікті негіздей алады.

Мәдениеттер мен соларға сәйкес ғылымдардың бірлігі жоне өэара байланысы а) экология, олеуметтік. биология, биоэтика сияқты симбиотикалық1 ғылымдар түрлерінің қалыптасуынан; ә) адам үшін омірлік маңызы бар объектілерді қайта құруды коздейтін жаратылыстану-ғылыми программаларға "гуманитарлық экспертиза" (сараптама) жасаудың қажеттігін мойындаудан және оларды іс жүзінде үйымдастырудан; б) гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар үшін ортақ, эволюциялық, ықтималдық және өздігінше үйымдасу идеяларына негізделген таным. методологиясын кдлыптастырудан; в) жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімдерді гуманикаландырудан және сондай-ақ гуманитарлық білімдерді жаратылыстану-гылыми білімдермен негіздеуден көрінді.

Қорытынды ретінде ескерткен жөн, жаратылысгану-ғылыми және гумнитарлық мәдениеттердің жақындасу бағытыи оларды толық қосып жібері, біріктіру деп түсінбеу керек, ойткені ол ешқашан болмайтын іс және оның керегі де жоқ. Әңгіме екі мәдениеттің арасында орын алған қайшылықты шешіп, оларды бір-бірімен ұштастыру, толықтыру принциптері туралы ғана болуы мүмкін.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1071 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2256 - | 2103 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.