Өткізгіш жолдар арқылы сезім ақпараттары ми қыртысының проекциялық (жобаланыс) жэне ұласқан (ассоциативтік) аймақтарына жетеді.Ми қыртысында эрбір талдағыштың белгілі орны болады.Бұл орындарда жоғары анализ жэне синтез жасалады.Мэселен, көру талдағыш ми қыртысының көбінесе шүйде, қимыл-төбе, есту-самай аймақтарында орналасады.Сонымен қатар кейбір талдағыштардың (дене сезіну,есту, көру, ағзалық) ми қыртысының бірнеше қосалқы аймақтарында проекциясы болатындығы анықталады.
Талдағыштардың ми қыртысы бөлімінде тек бір тітіркенуге немесе оның белгілі нышандарына жауап беретін нейрондары болады.Олардың зор арнамалы қасиеті жэне дәлме-дәл жергілікті құрылымы бар.Мұны ми қыртысының бірінші проекция аймагы деп атайды.Алайда бұлда көпрайлы, яғни бірнеше тітіркенуге эсерленетін жэне эртүрлі бейарнамалы нейрондар да кездеседі.
Ми қыртысының екінші проекция аймагы біріншіні қоршай орналасады.Мүндағы нейрондар тітіркендірістердің күрделі нышандарын іріктеп ажыратады.Мэселен, ми қыртысының көру аймағындағы бірінші проекция аймағының нейрондары нэрселердің қарапайым беогілерін (сызықтарды, жолақтарды, контрасты жэне т.б.) іріктейтін болса, оның екінші проекция аймағындағы нейрондары заттардың күрделі пішіндерін)шетін, үзындығын, бүрыштарын, бағыттарын т.б.) талдайды.
И. П.Павловтың айтуынша, ми қыртысының бірінші жэне екінші проекция аймақтары талдағыштың мидағы орталық бөлімін құрайды.Олардың нейрондары тітіркенудің белгілі бір көрсеткіштерін дэлелдеп іріктейді.Сөйтіп, тітіркенуді жете талдап, ажыратады.Екі аймақтың өте күрделі бір-бірімен байланысы ми қыртысының үласқан аймағында талдағыштардың өзара эрекеттесуіне жылжымалы жағдай туғызады.
Ми қыртысының ұласқан аймақтарында (үшінші) біррайлы, эртүрлі райлы, бейарнамалы сезім толқындары түйіседі.Бүл аймақтың нейрондары тітіркенудің жалпыланған белгілеріне жауап береді.
Үласқан аймақ ми қыртысының щүйде, самай, артқы төбе бөлімдерінде орналасқан.Бүл бөлім адамдарда ерекше жетілген.Өйткені олар тітіркендіргіштерге тиімді синтез жэне ажыратылыс жасау арқылы сөйлеу, пайымдау, дерексіз ойлау эрекеттерін қамтамасыз етеді.Сондықтан бүл аймақтарын зақымдалса афазия (сөйлемей қалу) жэне агнозия (заттарды танымау) байқалады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары мидың үласқан аймақтарында гнозистік (таным) нейрондарының болатындығы анықталды.Олар талдағыштардың ең жоғары бөлімінде танымдық аймақ құрайды.Мидың самай аймағы зақымданған ауру адамдардың кісіні айырып танымау (прозопагнозия) осыны дэлелдейді.
Иллюстрациялық материал:
1. Кестелер
2. Кодокарталар
3. Слайдтар
Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Талдағыштар дегеніміз не?
2. Ағзаның өмір сүруіне талдағыштардың маңызы қандай?
3. Талдағыштар құрылымына қандай бөлімдер кіреді?