Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Хаттама _____ 2008 ж. МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г




Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

 

Д Ә Р І С

 

 

Тақырып: «Талдағыштардың физиологиясы.

Сезімтал жүйелердің құрлысы ның жалпы принциптері»

 

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

 

 

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

 

Қарағанды 2008 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

 

Дәрістің тақырыбы:Талдағыштардың физиологиясы.

Сезімтал жүйелердің құрлысының жалпы принциптері

 

 

Дәрістің мақсаты: Организм өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста және өмір сүруінде талдағыштардың маңызын түсіндіру. Сезімтал жүйелердің құрылысының және қызмет атқаратын жалпы принциптерін көрсету.

 

 

Дәрістің жоспары:

 

1.Талдағыштардың бөлімдері

2.Талдағыштардың құрылымы мен қызметі

3.Талдағыштардың үйлесімді қатынастары

4.Талдағыштар қызметінің реттелуі

5.Талдағыштардың бейімделуі

 

Организм өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста ғана тіршілік ете алады.И.М.Сеченовтың айтуы бойынша «организмнің қоршаған ортасыз тіршілігі болмайды».Бүл пікірдің физиология ғылымы дамыған сайын мағынасы толық ашылып, жаңа жетістіктермен дәлелденіп отыр.

Жануарлар организмі, өсімдіктермен салыстырғанда, өте күрделі жэне белсенді болады.Организм өзінің қимыл іс-эрекеті жэне мінез-қүлығы арқылы қоршаған ортаның өзгерістеріне белсене бейімделеді.Организмнің біртұтастығын сақтау кейде гомеостаздың күрделі өзгерістері арқылы ортаның эсерін жеңуден туады.Мұны ол жаңа мекенжай іздеп барлаумен немесе тіршіліктің жаңа жағдайларына көшумен жүзеге асырады.Осындай іс-эрекет өмір тэжірибесін жинақтауға,тіршілік үшін күрес жэне табиғи сү-рыпталу процестеріне қажет.

Бұлардың бэрі адамда ең жоғары даму сатысына көтерілген.Адамның қоғамдық еңбегі бүкіл қоршаған табиғатқа эсер етеді.Өйткені олар оны өзгертіп, өз мү-қтаждықтарына жаратады.Адамның іс-эрекеті тек табиғи ортамен емес,элеуметтік ортамен де байланысты.Бүл олардың өзара қоғамдық қарым-қатынастары.

Адам табиғи жағдай мен қоршаған төңіректің өзгерістері туралы ұдайы мэлімет алып тұрады.Ол қоршаған әлемнен сигналдарды сезім ағзалары арқылы қабылдайды. Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара эреккттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.Өйткені сезім ағзаларының рецепторларында сыртқы ортаның тітіркену әсерінен қозу толқындары пайда болады, ол ОЖЖ-не өтеді.Сезім ағзалары қабылдайтын тітіркендірістер үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарында ажыратылады.Яғни талдағыштар ақпаратты қабылдайтын жэне талдау жасайтын жүйелер.Әрбір талдағыштың іс-әреккті олардың рецепторларында сыртқы түрткілердің физикалық жэне химиялық эсерін түйсінуден басталады.Олар қозу толқынына айналып, эртүрлі деңгейде орналасқан нейрондардың тізбектері арқылы миға жетеді.Сезім сигналын өткізу бірнеше рет олардың өзгеруі және қайта түрлендіруі арқылы атқарылады.Сонан кейін қозу толқыны үлкен ми сыңарларының тиісті аймағына өтеді.Бұл жерде ең жоғары анализ жэне синтез жасалынады.Сөйтіп,рецепторлар қозу толқынын өткізетін жол жэне ми қыртысының белгілі бір аймағында организмнің тітіркендіруді қабылдауын және ажырата білуін қаматамасыз ететеін біртұтас жүйе — талдағыштарды түзеді.

Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты.Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты:рецепторлық (шеткі бөлімі), афферентік нейрондар жэне өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).


Талдағыштардың элем тануда өте зор мэні бар.И.М.Сеченовтың айтуы бойынша, талдағыш дегеніміз - мидың сезіну ағзалары.Өйткені эрбір психикалық іс-эрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.

Сыртқы дүниені тану эрдайым сезуден басталады.Ол заттардың жеке қасиеттері мен сапаларын анықтап табуға мүмкіндік туғызады.Алайда элемде өзімен-өзі бөлектенген қасиеттер мен сапалар болмайды.Сондықтан сезу түйсікті қалыптастырады.Түйсік заттар мен қүбылыстарды толық, олардың барлық қасиеттерінің бірлігін тануды жүзеге асырады.Ал, түйсік пен сезу арқасында түсінік пайда болады.Түсінік адамның элем тануын өрістетеді.Ол адамның сезім ағзаларына бүрын эсер еткен қоршаған ортадағы заттар мен қүбылыстарды көзге елестетіп, ойға түсіреді. Сөйтіп, сезу, түйсік, түсінік таным процесінің алғашқы кезеңі.Бұлар нақтылы ойлауды түзеді.Олар қоршаған ортадағы кейбір заттардың жэне құбылыстардың сыртқы пішіне мен байланыстарын бейнелейді.Ал құбылыстардың мэні мен заңцылығын тану дерексіз ойлаудан туады.Бұл ойлау құбылыстардың мэнін, олардың ішкі байланыстарын ажырататын ұғым, пікір жэне ой түжырымы, арқылы болады.Бұл танымның ең жоғары, күрделі кезеңі.Адамның таным процесі барлық кезеңде қоғамдық элеуметтік зандарға бағынады және қоғамдық тарихи тэжірибелермен сыналады.

И.П.Павлов өзінің зерттеулерімен бейнелеу процесінің мидағы физиологиялық механизмдерін дэлелдеді.Ол материялық әлемді бейнелеудегі адамның ой-өрісі мен тереңдегі сыртқы дүниенің әсерінен туатын көптеген мәліметті қабылдайтын және өңдейтін жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты екнін көрсетті.

Азаматтың дүниетанымындағы жетістіктері жэне табиғт пен қоғамдағы өзгертуі, ғылым мен техниканы дамытудағы табыстары оның сезім ағзалары мен үлкен ми сыңарлары қыртысы қабылдайтын, талдайтын мэліметтердің дұрыстығы, дэлдігі, сэйкестігінің аймағы болады.

Сондықтан әрбір талдағыш таным процесінде, әрекеттік тұрғыдан қарағанда, мақсатты мінездің тек арнамалы көрсеткіштерін белсендіріп қоймай, мидың басқа да күрделі қызметіне қатысады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 662 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2188 - | 2138 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.024 с.