1. Сабақ жоспары:
1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекшеліктері және алғышарттары.
2. Софистика – философия және мәдениет құбылысы ретінде.
3. Сократ, Платон, Аристотель философиясы.
2. Сабақ мақсаты:
Антика философиясы тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға анализ жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Антика заманының философиясы б.д.д VІІ-VІ ғасырларда кіші Азияның батыс жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б.д.д. VІІ-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі ал б.д.д. V-ІІІ ғасырларда ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, философиялық ойлаудың биік деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуы туралы көзқарастарын былай қарастырып отыр:
1. Б.з.д. VІ және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик- эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтез кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикреизм, стоицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойынынң діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуына Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлеріндегі заңдылықтар қатты әсер етті. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары қатарына мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натур-философтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анакимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішіндегі ең сыйлысы Фалес болды. Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы» деген еңбектер жазған. Фалестің ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Фалес біржағынан барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан ол жай су емес ақыл - ойдың осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын олардың пайда болуын даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы үлкен – Анаксимандр (б.д.д. 611-545ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері – «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен теңестіреді. Апейрон генетикалық бастама ретінде де, түп негіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің (жер, су, ауа, от) бір-бірімен араласып, ауысу процесінің негізі, бірақ апейрон кеңістікте шексіз емес, сол төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі, және мәңгі. Ол еш уақытта қартаймайды, өлмейді және жойылмайды, және қозғалыста болады. Осы қасиеттердің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар – ылғалмен құрғақтық, салқындық пен жылулық шығарады. Олар екі-екіден қосылып жер – құрғақтықпен салқындық, су – ылғалдық пен салқындық, ауа – ылғалдық пен жылылық, от – құрғақтық пен жылылық түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары оны сумен, ауамен, отпен қоршайды. Анаксимандр ілімінше тіршілік теңізбен құрлықтың шекарасы айда аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршақтарын тастап құрлыққа шығып тіршілік етті. Сөйтіп жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп ер жеткеннен кейін құрлыққа шығып өмір сүрді. Анксимандр ілімі қазіргі табиғаттану дилектикасының алғашқы қадамдары болды.
Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғасыр ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа шексіз ол үнемі қозғалыста болады да бірде қоюланып, бірде сұйылып алуан түрлі заттармен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылған да алдымен отқа, содан эфирге айналса, қоюланғанда желге, бұлтқа, суға, жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да қоюлануы салқынға байланысты. Анаксименнің ілімінше жер және басқа аспан денелері ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғида қозғалыста болады. Ауа тек денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Анаксимен құдайларды да ауадан пайда болды деген пікір айтады.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (б.д.д. 544-483 ж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Гераклит заттардың түп негізін генетикалық бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес. Әлемді құдай да, адам да жаратқан жоқ, ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын бар және болатын тірі от. Әлемнің өзгеру тәртібі мен өлшемі, оның обьективті заңы – логосқа байланысты. Логостың өзі от сияқты. Логос сонымен қатар адам жанына тән. Адамның жанына тән Логос ылғалдың булануынан пайда болады. Ал керісінше, жан өлгенде ол суға айналады. Жан қарама-қарсы екі құбылысты ылғалды және құрғақ жаннан тұрады. Ылғалдық – жаман жандарға тән. Мысалы: маскүнемдерге, ауруларға. Ал құрғақ жан – данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Гераклиттің ілімі ежелгі грек стоиктер философиясына үлкен әсер етті. Солардың арқасында бүкіл батысқа тарады.
Пифагор (б.д.д. 580-500 ж.). Б.д.д. VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан ұлы Элладаға ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италияның, Сицилияда пифагоршылар мектебі деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алды. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына, қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагор тек қана математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын сандарды жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың ара қатынастарын олардың арасындағы пропорцияның әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты философиялық ілімнің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар барлық заттардың, ғарыштың негізі. Олар ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсетеді. Бұл үйлесімділікті аспан денелерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда шығаруынан білеміз. Сандар тек денелерге ғана тән. Бастама емес олар әдептілікке де, рухани құбылыстарға да, жанға да тән. Жан дегеніміз сандардың үйлесіміділігі. Жан мәңгі өмір сүреді. Ол өлгеннен кейін жануарларға, өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Яғни бұл жерде ежелгі Үндістандағы ведалық ілімнің әсерін байқаймыз. Пифагор ежелгі Үндістандағы философиялық көзқарастар сияқты жанды тазарту, оған құмарлықты жеңу, жастарды, үлкендерді бұлжытпай тыңдауы, достық пен жолдастықты дәріптеу сияқты қағидаларды сақтай отырып жетуге болады дейді. Қорыта айтқанда, Пифагор философтардың ішінде бірініші болып өз ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш қарама қайшылыққа толы дей отырып олардың 10 жұбын атап көрсетеді. Олар: шектілік және шексіздік, тақ және жұп, жалпы және жалқы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көп қырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы шектілі пен шексіздік. Шекті нәрселерді танып білуге болса шексіздікті танып білу мүмкін емес. Шекте денелер геометрия арқылы мәлім болса шексіздік танымның мүмкіндік шеңберінен тыс сондықтан оны тек ойша шамалауға болады.
Элеаттар мектебінің негізгі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет өкілдері түп негіз – физикалық дене, ал Пифагоршылар – сан десе Элеаттарда түп негіз – болмыс. Элеаттар негізінің қағидалары мынаған сыяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды. Керісінше олардың бәрінде өздерін ақыл ой арқылы негіздеуге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді. Элеат мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі – Колофон, полисінен шыққан Ксенофан (б.д.д. 579-487 ж.) Оның пікірінше барлық заттардың негізі жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жер мен қоса судың да маңызы зор. Жанның өзі де жер мен судан жаратылған. Ал судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Егер милет мектебінің өкілдері космостың бастамасын физикалық қасиеттері бар ауа, су, от, аппейрон десе, Ксенофан жер космостың түп негізі ретінде бір тұтастық деп тұжырымдайды. Ксенофанның құдайы – таза ақыл-ой. Оның барлық күші данышпандылығында. Ол әлемді тек ақыл оймен ғана басқарады.
Ксенофанның жалпы құдай туралы ілімін; әрі қарай дамытып, оны бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл – Парменид (б.д.д. 540-480 ж.) болды. Оның негізгі шығармалары: «Табиғат туралы», «Ахиллес». Парменидтің қарастырған мәселелері – болмыс пен бейболмыстың арақатынастары мен болмыс ақыл ойға қатынасы. Бұл мәселелерді тек ақыл - ой арқылы шешуге болады.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, яғни болмыс - нақты өмір сүреді де бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тырысқан. Парменидке дейінгі философтар өз пікірлерін дәлелдеуден гөрі метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы негіздеуге тырысқан. Парменидтің ойынша бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі оны танып білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды, басқаша айтқанда нақты өмір сүрмейтін нәрселерді түсінуге де ойлауға да болмайды. Ал болмыс бейболмыс болмағандықтан біртұтас және қозғалмайды. Болмыстың өткен кезеңі де болашағы да жоқ, ол өзгермейді дейді. Әлемнің физикалық қасиеттеріне тоқтала келіп ол от пен жердің арақатынасын қарастырады.
Парменидтің ілімін ары қарай жалғастырушы оның шәкірті Зенон (б.д.д. 490-430 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Зенон Парменидтің болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды пікірін басқа жолмен дәлелдеуге тырысты. Зенон өз дәлелін көзге көрінетін ақиқатқа жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы. Сол себепті ол – ақиқатқа жатпайды. Ал нағыз ақиқат біздің түсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс. Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің аты шулы тәсілі – «эпихеирема» арқылы дәлелдейді. Бұл тәсілдің мәні – тікелей дәлелдеу тәсілінің орнына кері бұрмалап қарсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу арқылы өзінің айтқан пікіріне қарсы пікірді мойындаттыру. Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің «Дихотомия» (ортасынан қақ бөлу) «Ахиллес және тасбақа», «Жебе», «Стадион» деген апорияларына сүйеніп дәлелдейді.
Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т.б. жатады. Атомистік бағыттың, қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ, бөлшектерден «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікке алақұйын қозғалыста болады. Бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ, әрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады. Левкиптің, бұл пікірлері Демокрит ілімінің, қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (б.д.д. 460-371ж) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Адам табиғаты туралы», «Табиғат туралы» т.б.
Демокриттің ілімінше дүниеніц бастамасы - атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс-өзіндік пішіні, түрі жок, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс - сансыз көп ұсақ, бөлшектердің, жиынтығы. Ұсақ бөлшектер-атомдардың, негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең қозғал-майды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал сыртқы қасиеттеріне олардың өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ т.б. тәріздес. Атомдарды бос кеңістіке бөліп түрады. Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән, үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінін, қозғалыс бағыттарын өзгертеді. Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердіц пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді: Бос кеңістіктегі атомдардың, тығыздығы әр түрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман - жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мыс: жер мен аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал аспаннан — от, ауа және ауа құйынын қуып жүрген жұлдыздар пайда болады. Тіршіліктің, шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндірді. Бұл жерде ешқандай да жоғарғы күштердің әсері жоқ.
Барлық тіршілік иелері, онын, ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған - жылулық. Жандар әртүрлі болады. Мысалы: Адам жаны ең жоғарғы сатыда тұр. Себебі онда жылумен қоса отта бар. Адам мен жануарлардың айырмашылығы-ақылында. Ал жанның, ақылдылығымен ақылының жоқтығы оның өз бойына қабылдаған жылуының мөлшеріне байланысты. Жан - атомдарының жиынтығы. Демокриттің ілімінше ақылды жан-сана ұғымымен синонимдес ұғым. Демокриттің пікірінше шың мәнісінде - өмір сүретін атомдар, бос кеңістік және олардан туындайтын заттардан басқа адам ақыл ойында да өмір сүретін құбылыстар бар. Олар — пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер. Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға тән емес, олар тек адамдардың, пікірінде ғана бар құбылыстар. Осы екі түрлі құбылыстардың өмір сүруіне сәйкес танымның да екі түрі болады:
а) сезім мүшелері арқылы танып білу олардың берген мәліметтері көмескі білім болгандықтан, олардың ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жок.
ә) Ақыл - ой арқылы алған білімдеріміз заңды туылған білім болғандықтан, оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады. Себебі дүниенің, алғашқы бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы көріп біле алмаймыз, ал олардың мәнін, табиғатын түсіну үшін ақыл зер салып ойлану керек. Демокрит сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды. Жалпы таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын түсінген Демокрит, танымның, субъектісі болу кез-келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді.
2. Софистер. Б.д.д. V ғасырда Ежелгі грецияда құл иеленушілік демократия, логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы – «әркімнің өз ақиқаты бар». Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т.б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл – Протагор ( б.д.д. V ғ. ) болды. Негізгі еңбектері – «Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы» т.б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, «Адам барлық заттардыңмөлшері» деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай делінді: «Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор: «Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.
Сократта, Аристотельде софистік білімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып – софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы данышпандық. Ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп көрсетеді.
3. Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл, философ Сократтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп аталады. Сократты сонымен қатар антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ жазбаша дерек қалдырмаған оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа білім әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды, ақиқатқа жетудегі таным құралы ретінде алады. Сократ қарапайым түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды. Қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін тағы да, алдын – ала дайындалған сұрақтар қояды. Сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл кекесінмен қарсыласын менменшіл өзім білем деген сияқты пікірінен толығымен арылтады. Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол – Майевтика деп атайды. Майевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Олай болса Сократ жалпыға қарай ой түзеп индуктивтік тәсілді қолдану арқылы жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен ол ұғымның не екенін әлі сол Сократтың өзі де білмегендіктен ол: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін»деген қағиданы айтқан.
Осыдан келіп ол екінші қағиданы ұсынады. Ол: «Өзіңді өзің танып біл». Өзіңді- өзің тану деген, өзіңді қоғамдық әдептілік тұлға ретінде қалыптастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты.
Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды; адам өз бақытын да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда негіздеп қана қоймай, өз өлімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлайды. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі, танымды нағыз ізгілік ретінде өзін-өзі билей алуды ішкі еркіндік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдарды индивид автономиясын жария етті.
Сократтың өлімі сол кездегі философия саласына үлкен әсер еткен тарихи процеске айналды. Ол өзінің өлімі арқылы (ол соттың үкіміне байланысты өзі у ішіп өлді.) өзі уағыздаған философиясының шындықпен, ақиқатпен сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Сондықтан да Сократтан кейін пайда болған оның мектебі бірнеше тамаша ойшылдарды шығарып, дүниені таң қалдырды. Сократтың өмірі оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсететін ғажайып өмір болды. Сократтың әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана деген тұжырым, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ой түрткі болды.
Б.з.д. ІV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықты көрінісін беретін екі философиялық жүйе – Платон және Аристотельдің жүйелері қалыптасты.
Сократтың философиясын дамытқан идеалист Платон (б.э.д. 427-347ж.ж.) Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама-қарсы дүниеге көзқарас формасында көрінді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясында және бүкіл одан кейінгі философиядағы өзара қарама-қарс екі негізгі бағыт болып қалыптасты.
Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, «сезiмдiк заттар» дүниесi дегенiмiз - идеялардың көмескi бейнелерi. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана болады. Платон философиясында таза ақыл ойдың пайдасы үшін сезімді жоққа шығару бар, алғашқысы тек парасатта қамтылады. Дүниенің бастауы – идея немесе эйдостар, олар заттардың бейнесі болып келеді. Платонның кезінде «идея» сөзі күнделікті тілде «сыртқы кейіпі, көрініс, сапа, бейне, түр» дегенді білдірді. Платон идеялары шын мәнісінде адамның басынан бөлініп шыққан және идеялар дүниесінде дербес өмір сүретін объективтендірілген ұғымдар. Әрбір заттың өзіндік нұсқасы (эталоны) бар, ол соған сәйкестелініп жасалады. Мысалы, үстел идеясы нақты үстелді тудырады. Бірақ затпенен оның бейнесі арасында принципті айырмашылығы бар. Нақты зат шектелген, ол идея (эйдос) – мәңгі бұзылмайды. Осындай нұсқа (эталон) ретінде этикалық принциптер-игілік, жақсылық, сұлулық және әділеттік болып саналады.
Сұлулық идеясы барлық заттарға сұлулықты береді, басқаша айтқанда ол ңұсқа (эталон) немесе гректер көп қолданатын парадигма.
Идея қай жерде орналасқан? Осыған байланысты үш негізгі жауаптың болуы мүмкін:
– идея физикалық заттарда бар;
– идея адам ақылының туындысы, яғни ол адам санасында орналасқан;
– идея заттарда да, адам ақылында да емес, үшінші бір дүниеде орналасқан деп, ол оны Гиперуранций (тура мағынасында аспанның арғы жағында) деп атайды.
Сонымен қатар Платонның ілімі бойынша, болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінді. Шын дүниеге жалпы идеялар - идеалдық мәндер жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды. Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүнесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз Платонның пікірінше, жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады.
Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық дәлелімен ұштасып жатты: жеке мен көптің, тепетеңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады.
Платонның ұлылығы: ол өз ілімін өткендегі философияның барлық материалына сүйеніп жасады. Платон осы дүниеде «бәрі ағады және өзгереді» деп, Гераклитпен келіседі, бірақ идея дүниесі өзгермейді. Платон өз әрекетін Сократтың: «адамды жақсы ететін – игілік» – деген сеніміне негіздеп отырды. Жеке адам игілігі ме, жоқ әлде ұлт, тап немесе идея ретіндегі игілік жоғарғы ма? Сократтың жалпы адамзаттық мәніндегі игілік туралы түсінігінен шығып, Платон игілік идеясы ең жоғарғы дәрежеде тұратын «идеялар әлемін» жасады. Осы тұрғыда Платон шын мәнісінде Сократ ілімін жалғастырушысы болды.
Аристотель. ристотель (б.з.д. 384–322 жж.) Стагирда туған. Афинада «Лицей» (перипатетикалық) мектебін (б.д.д. 335-322 ж.) ашты, ол бір мезгілде оқу мекемесі әрі ғылыми одақ болды. Аристотельдің шығармашылығы жан-жақты. Ол табиғаттану ғылымымен, поэтикамен, мемлекет құру мәселелерімен айналысты, логика мен психологияның негізін жасады. Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi.
Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлау заңдары мен түрлерi туралы формальды логиканы жасауы. Ғылыми бiлiм жалпыны оқу, яғни сезiммен қабылдаудан емес, оймен дәлелдеуден басталады деп, дәлелдеу туралы iлiмдi енгiздi. Ол бiлiм деректерiн жинап қорытындылаудан, индукциядан дедукцияға өтуден туатынын көрсеттi.
Барлық ғылымды мына топтарға бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық. Теориялық ғылымдарда таным тек танымның өзі үшін жүргізіледі, оған «алғашқы философия» (метафизика), математика, физика жатады. «Алғашқы философия» болмыс мәселелерін, барлық өмір сүрудің пайда болуын, әртүрлі құбылыстырдың себептерін анықтайды. Математика – реалдық заттардың абстракті қасиеттерін зеттейді.
Практикалық этика ғылымы - адамның тәртібі, саясат – мемлекет құрылымына арналған басқарушы идеяларды береді.
Шығармашылық ғылымдар жаңашыл іс-әрекеттермен байланысты: поэтика – өлең шығару теориясы, риторика – шешендік өнер және мамандық өнер теориясы. Мұнда танымнан пайда табу және сұлулықты жасау мақсаты жүргізіледі. Аристотель өзінің таным туралы ілімінде Платонның генетика тұрғысында заттардан бұрын туатын «мәңгі идея» концепсиясына үзілді-кесілді қарсы шықты. Танымның реалды жолы түйсіктен (сезінуден) басталады, одан кейін есте сақтаумен күшейтілген елестету, тәжірибе, өнер мен ғылым жүреді. Ғылыми таным (эпистема), Аристотель түсінігінше, таным процесінің шыңы болып есептеледі. Материалистік және идеалистік көзқарастардың қақтығысы, оның себептілік концепциясында да көрінеді. Ол себептіліктің төрт негізгі түрлерге ажыратады: материалдық, формальдық, белсенді және соңғы (мақсаттылық). Материалдық себеп ─ ең алғашқы сипатында берілген, осы ретте ол потенциялды (мүмкіндгі бар) себепке ұқсас. Формальдық себеп – материядан «ақиқат реалдықты» жасайтын белсенді принцип «түрмен» байланысты. Белсенді себеп қозғалыстың бастауы және мүмкіндіктің шындыққа өту процесімен де байланысты. Жоғарғы деңгейге ол мақсаттылық (соңғы) себепті қояды, ол қозғалыстың мақсаты мен мәнін түсіндіреді. Өмір сүруді түсіну және түсіндіру үшін барлық себеп түрлерін тану керек. Бірақ олардың маңызы бірдей емес. Формальдық себептер түсінігі, материалдық себепті танудан қажеттірек – мұндай қорытынды Аристотельдің пассивті материя және белсенді форма ілімінен шығады. Мақсаттылық (соңғы) себепке берілген орын – оның теологияға ауысуы. Бұл дамудың аяқталу, мақсаттың орындалуының тану мүмкіндігін көрсетеді, оны Аристотель энтелехия ұғымымен белгілейді. Болмыс іліміне Аристотельдің қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты форма, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді әрі қалыптасады. Аристотель Платонның: «жан өлмейді» идеясына қарсы болды және барлық табиғаттың (материалдық дүниенің) жаны бар дегенді жоққа шығарды. Ол жан тек тірі дүниеге тән деп санады.
«Өсімдік жаны» ─ өсу, тамақтану және өну себеперіне жауап береді, «сезімдік (жануар) жан» тамақтану, өну, сезіну және қажет ету қызметтеріне жауапты, «ақылды (адам) жан» аталған қызметтерге қоса таным және ойлану қызметтерін орындайды. Жанның тәнге қатынасы – орманың материяға қатынасына сәйкес келеді» ─ деді, ол.
Аристотель «Категориялар» трактатында алғашқы болып философияның категориялық аппаратын жүйеге келтірді. Олардың өзара байланысын, диалектикалық қатынасын табуға ұмтылды. Мұнда ол мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, келпі, иемдену, әрекет, күйзелу категорияларын зерттейді. Негізгі логикалық заңдарды құрастырды: қарсылыққа түспеу, тепе-теңділік, үшінші ойдан қашу». Қозғалыстың әртүрлi алты сапалық сипатын көрсетті: 1) пайда болу; 2) жоғалу; 3) бiр күйден екiншi күйге ауысу; 4) үлкею; 5) кiшiрею; 6) орнын ауыстыру. Сөйтiп, қозғалыстың мазмұнын зерттеуде алға қадам жасалды. Алғашқы болып категориялар (жалпы ұғымдар) жүйесiн жасады. Ол енді Коперникке дейiн үстем болған геоцентристiк iлiмдi жасады.
Негiзгi еңбектерi: «Жан туралы», «Физика», «Метафизика», Категориялар». Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал екінші жағынан Аристотель көзқарасы орта ғасырмен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан – жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейтесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдарының арасынан қолдау тауып, шығармашылық пен дамытылды. Бұл жерде шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы философия саласында «екінші Аристотель» атанған әл – Фарабидің еңбектерін атап өтсе жеткілікті. Оның «Философиялық трактаттары», «Әлеуметтік – этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары» тағы басқа да еңбектері Аристотельдің көз қарасын барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сәйкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.
Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік-саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан, Аристотельдің өзі көптеген философиялық саяси - әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтылды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыздылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.
Аристотель де негізінен алғанда мәселені біркелкі шешті. Олардың негізгі көңіл бөлген проблемасы адамды тәрбиелеу, оның ішкі рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру еді. Оның үстіне Аристотель - көне грек философиясының ең жоғарғы шыңы, ол өзіне дейінгілердің қазынасын толық игере білді. Аристотельден кейінгі философия тек дағдарысқа ұшырап, одан соң барлығы қайтадан, жаңадан басталды деу қате болар еді. Әрине, Аристотельден кейінгі философияның теориялық деңгейі едәуір төмендеп кетті. Аристотельдің философиясымен аяқталған процесті жалғастырды да, екінші жағынан жаңа дәуір, орта ғасыр дәуірінің жаршысы болды. Бұл ағымдар стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер-философия тарихында бір-бірімен үнемі жауласып өткен топтар. Алайда, олар адам өмірінің негізгі мақсатын бақыт деп білді. Сондықтан олар адамның бақытқа жетуінің жолдарын өзінше көрсетіп беруге барынша ат салысты.
Қорыта келгенде түйіндеген ойымыз-көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады. Ал одан кейінгі дәуірорта ғасыр адамға тікелей назар аударып, оны ендігі жерде ғарышпен, табиғатпен, заттармен шатастырмай, оны құдайдың сүйген құлы, тірі жан деп есептеді. Сөйтіп, жаңа дәуірде адамды сезімдік материалдық зат деп қараудан арыла бастады. Бірақ адамды затпен, табиғатпен, ғарышпен шатастырған теріс көзқарастан толық арылуға әлі де көп уақыт бар еді. Ол үшін алдағы сан ғасырларды бастан кешіру керек болды.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар:
1–деңгейлік сұрақ. Антикалық философияны ңнегізгі мәселелері қандай?
2. –деңгейлік сұрақ.Ежелгі Грек философиясындағы космоцентризм қалай болды?
3.–деңгейлік сұрақ.. Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс, таным және мемлекет туралы ілімдері туралы түсінік
ОБСӨЖ тапсырмалары: Антика дәуірінің философиясы.
СӨЖ тапсырмалары: Сократ, Платон, Аристотельдің философиялары.
Әдебиеттер:
1. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. - Алматы: Қарасай, 2008.- 360 б.
2. Ғабитов Т. Философия. – Алматы, «Заң әдебиеті баспасы», 2010.
3. Марков Б.В.Философия. М., 2016
4. Аташ Б.М. Философия. – Алматы, 2013.
5. Рычков, А. К. Философия: учебник для студентов высших учебных заведений / А. К. Рычков, Б. Л. Яшин. - М.: ВЛАДОС, 2009.
6. Ильенков, Э. Философия и культура / Э.Ильенков. - М.: Политиздат, 2010. – 381 с.
7. Сыбанбаев Қ. Философия. – Алматы, «Экономика және құқық академия» баспасы, Алматы, 2012.
8. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2014.
9. Алексеев П.В. История философии: – учеб. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2010
10. Асмус В.Ф. Античная философия. М., - 451 с.
11. Богомолов А.С. Античная философия. - М., 1985. – 342 с.
WEB сайттар тізімі:
1.www.nigma.ru
2.www. philosophy.ru
3.www.arcto.ru
№4 Лекция сабағының тақырыбы:Батысевропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені.
1. Сабақ жоспары:
1. Ортағасырдағы христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері, даму кезеңдері.
2. Ф.Аквинскийдің еңбектеріндегі схоластикалық идеялар.
3. Номинализм мен реализм теориясы.
2. Сабақ мақсаты:
Ортағасырлық христиан философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері мен схоластикалық бағыттың ықпалының қоғамның барлық салаларына әсер еткенін түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Батыс Европа елдеріндегі – феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5ғ.), капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ.ғ.) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде – мұсылман, Европада - екі түрлі христиан (рим католицизмі мен византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды.
Орта ғасыр философиясы негізінен шіркеу догматымен есептесе отырып дамыды. Сол кездегі философияның өмір сүруі ─ шiркеу билiгiнiң ыңғайына, тарихи жағдайға байланысты болды. Шіркеу мен дін, қоғамдағы әлеуметтік өмірдің табиғи көрінісі болды. Олардың абсолюттік үстемдігi философияның және бүкіл мәдениеттің ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызбады. Ойшылдар шіркеу мектептерінде және діни қызмет атқару арқылы ғана философиямен шұғылдануға мүмкіндік алды. Философия білім саласында өзіндік ерекшелігінен айырылды. Дін түріне айналып, дінінің қызметін атқарушы «малайы» болып шыға келді. Философия негізінен діни қағидаларының қасиетті мәтіндерін түсіндірумен шұғылданды. Сонымен бірге философия мәселелерінің де ерекше түрі болды. Мысалы, әлемді құдай жаратқан ба, әлде өзінше өмір сүре ме? Адамның ерік-бостандығы мен құдайдың қажеттілігі қалай үйлеседі? ─ деген сұрақтар туындайды.
Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.
Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.
Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.
Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңге бөлінеді:
Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.) ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен байланысып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, П.Абеляр, А.Аврелий т.б.
2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.). Бұл – философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Ф.Аквинский, Д.Скотт т.б.
3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ.) ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға айналды. Негізгі өкілдері: У.Оккам, Ж.Буридан т.б.
Схоластардың талас пікірі – жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар яғни универсалдар (лат. Uneversalia – жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолы айтылады. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебептар адам санасынан, нақты заттар атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді және бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталады. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Реализм дегеніміз схоластикалыќ ортаѓасырлыќ философиядаѓы жалпы ±ѓымдарды, яѓни универсалилерді жеке заттарѓа ќараѓанда реалды µмір с‰реді деп есептейтін философиялыќ аѓым. Реалистер іс жүзінде ұғым мен объективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырды. Бұған қарама-қарсы екінші бағыт номиналистер (лат. Nomen – есім, атау) бойынша, тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланыста болды. Сонымен номиналистердің пікірі бойынша тек ќана жеке заттардыњ атауы ѓана болып табылады. Номинализмніњ пікірі бойынше реалды т‰рде тек ќана жеке заттар µмір с‰реді.
Орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселелер: Онтология, антропология, гносеология.
Онтология (болмыс). Барлық тіршіліктің алғашқы себебі ─ Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Бұл философияның жүйесінде антикалық философияның дәстүрі секілді, болмыс мәселесі тұрды. Айырмашылығы ─ орта ғасыр философиясы теоцентрлік, яғни, шындық ─ табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш - Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. «Құдай дүниені жоқтан жаратты» ─ делінген көзқарасты Креационализм (лат.creatio-жасау) дейді. Ол әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бәрi бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы идеалистік ілім.
Құдай және оның жаратқан дүниесі екі нақты әртүрлі онтологиялық (болмыстық) жағдайларда көрінеді, олар бір-біріне ауыспайды. Құдай мәңгі, өзгермейді, бәрінен де тәуелсіз, ол барлық тіршіліктің көзі, әрі оны тану мүмкін емес. Құдай ең жоғарғы игілік. Ал, дүние болса керісінше, құбылмалы, тұрақсыз, ауыспалы және жақсы жетілмеген. Басқа сөзбен айтқанда, адам үшін барлық дүниедегі зұлымдық - беиболмыс, өйткені құдай зұлымдықты жек көреді, игілікті құптайды. Зұлымдықтың өмір сүруін орта ғасырдағы қоғамдық сана: зұлымдық -ақиқаттық болмысты бүркеніп, игіліктің арқасында өмір сүреді деп түсіндірді.
Орта ғасыр адамы әлемнің тұрғылықтығына таңғалумен болды. Табиғат әлемінің табиғилығымен қатар, оның заңдарымен таңқаларлық әлемнің өмір сүруі ─ оны құдайдың жаратқанын мойындатады. Сонымен бірге тіршілік дүниесі мен о дүние (өлгендер әлемі) интенсивті (қарқынды) және драмалық қатынаста болады. Әрине, философтар осыдан пайда болатын сұрақтарға жауап іздеді. Осы екі дүниені тануға бола ма, болса ең алдымен қандай деңгейде іске асады?
Ортаѓасыр философиясыныњ негізгі міндеті – дінеге ќызмет ету жєне б±л кезењніњ филсофиясыныњ кµтерген негізгі мєселелері:
1. Ќ±дай мен д‰ниеніњ ќарым-ќатынасы;
2. Ќ±дай мен адам арасындаѓы байланыс;
3. Ќ±дайды танып білу жолдары.
Ортаѓасырлыќ Батысевропалыќ филосоифяныњ негізгі ерекшеліктері:
· Платон мен аристотельдіњ ілімдерін пайдалана отырып, антика философиясына кµњіл бµлу;
· Антика дєуірінде ќалыптасќан білім мен сенім ара-ќатынасы µзгеріп, білімнен гµрі сенімге берілуі
· Философтардыњ бар аќыл к‰шін христиан догмаларын дєлелдеуге негіздеп, діни ілімдердіњ єсеріне т‰суі;
· Єулиелік жазбаларѓа к‰дік туѓызбай, тек сенім арќылы ќ±дайды тану.
Орта ғасыр Батыс Европа философиясы – дүние таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңнің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни – теологияның ішінде христиандық діни, ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуінде өрбуімен сипатталады. Орта ғасыр Батыс Европалық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс, Тертулиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер, және А. Августин өздерінің интеллектуалдарының ықпалдарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық орта ғасырдың мәдениетінің ұлы сәулетшісі» дейді.
Христиан дінінің пайда болу тарихын әртүрлі дәлелдемелермен айтады. Теориялық зерттеушілер өз түжырымдарын тарихи, археологиялық материалдарға сүйене жасады.
Діни философияның айтуынша, дін - Адам-Ата мен Хауа-Анадан келе жатқан қүбылыс. Дін адамға туылғаннан беріледі. Ол Пайғамбарлар арқылы Алла сөзі адам баласының әулеттеріне үйретіліп келеді. Пайғамбарлар арқылы адам баласына жеткен дін адамдарды шынайы болмыстық қалпында сақтауға мүмкіншілік береді.
Дiндер, әсiресе әлемдiк дiндер адамды жеке тұлғалық тұрғыдан қарастырады. Осы дiндердiң негiзгi әлеуметтiк доминантасы адамның құдай алдында теңдiгi мәселесiн ұсынуы жағынан ерекшеленедi. Әсiресе осы үрдiс христиандықта айқын байқалады. Құл иеленушiлiктiң гүлденiп тұрған шағында құдайдың алдында оның игiлiгiмен және Иисустың қанымен жуылған құдайдың жер бетiндегi балаларын тең санау тосын жаңалық болған. Дегенмен, адамдардың құдай алдындағы теңдiгi пiкiрi феодалдық, буржуазиялық қоғамның қанаушылық сипатымен санасты. Құдай алдындағы теңдiк пiкiрi әр адамның Жаратқанның алдында iстеген амалына қарай жауап беру идеясын дамытты. Осы тенденция адамдардың қауымдасуын емес, олардың жеке басына қарай бөлшектенуiн қамтамасыз еттi. Құдай алдында әр пенде өз басын аман алып қалу түсiнiгiн қалыптастырды. Христиандықтағы индивидуализм өз басын аман алып қалу идеясының пайда болуы белгiлi бiр тарихи, әлеуметтiк-экономикалық себептерге байланысты.
Схоластикалық пікір-талас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, өзінің шешімін т