1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалыптастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия – бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді. Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әр түрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз қалады.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; аксиология – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы; антропология -адам туралы ғылым, яғни адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Сонымен қатар философиядан тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғат тану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия дүниетанымдық, методологикалық жүйе болып қалды. Өйткені, ол дүниенің, бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен байланысын, арақатынасын өзара байланысын білген жөн.
2. Философия – Дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады. Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Оның шығуының қайнар көзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпейді, ізденіске салды. Сөйтіп әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарлауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибесінің молаюы дүниге көзқарастық ұғымдарды молайта береді. Үсті-үстіне жаңа түсініктер мен ұғымдар пайда болып, дамып жатты. Айталық, материя, сана, кеңістік, қарама-қайшылық, т.с.с. ұғымдар туралы түсініктер дамып, тереңдетіліп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас диалектикалық бірлікте. Яғни адамның бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.
Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы пайда болатыны білімге байланысты.
Білім дегеніміз - объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары, басқалармен байланысы туралы деректер жиынтығы саналса, құндылық адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтардың (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат, т.б.) тарихи даму сұранысына сай сол заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс-әрекеттеріне қатыстыруы немесе ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады.Олар бір-бірімен қайшылыққа келіп, бірін-бірі жетелеп отырады, дүниеге көзқарасты тереңдете түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім деңгейіне байланыстырып, дүниеге деген көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады.
Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана нақтылықты жоятынын, қала берсе халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейін деп талпынбайтын адам - өте нашар адам» деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халқымыз «Білімді ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірбиесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналды.
Сенім - дегеніміз көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ дүниеге көзқарастың қалыптасуы дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақ-ты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес деп бөлуге болады.
Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж. өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.
Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.
Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. Дегенмен, ақиқатын айтқан жөн, нақты ой философиялық ой толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығу барысында, яғни ертедегі Қытай Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңдегі экономика мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларында шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.
Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, ондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік бұқара қауым мұндай игілік пен құқықтан айырылды.
Өндіріс өсті, өндіріспен біріге өндіргіш күш те жетілді. Осындай адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше адамдар арасында қарым-қатынас та, практикалық саяси тәуелділік те тұрақтанылды. Қоғамдық қайшылықта адам тұлғалынды. Қажетті күшке айналды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді.
Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегін бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда философиялық көзқарас қалыптасты.
Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көз-қарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық дамыды. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болады.
Екіншіден, шындық пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал, күрес білімнен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным теріс ұғыныстардың қай-қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды. Дүниеге философиялық көзқарас қалыптасты.
3. Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Дүниеге діни көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге бейімдейді. Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.
• Мифология
• Дін.
• Философия.
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi, ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiк дiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.).
Ал философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр. Оның ерекшiлiктерi:
1. Оның негiзгi зерттеу объектi - адам, оның әлемде алатын орны және оған деген қатынасы.
2. Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi, мазмұны қандай?
3. Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм, қиял болса; дiнде - сенiм және сезiм).
4. Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi, базасы - жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:
- материализм;
- идеализм;
- эмпиризм;
- рационализм.
Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.
Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж. өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты. Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар:
1–деңгейлік сұрақ. Философияның пән аралық байланысы қандай?
2. –деңгейлік сұрақ. Не себепті философия ғылымдардың атасы деп аталды?
3.–деңгейлік сұрақ. Мифтің мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз?
ОБСӨЖ тапсырмалары: Философия ғылым ретінде: адам және қоғам; дүниетаным; дін және философия; миф және философия.
СӨЖ тапсырмалары: Философияның пәні және зерттеу объектісі.
Әдебиеттер:
1. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. - Алматы: Қарасай, 2008.- 360 б.
2. Ғабитов Т. Философия. – Алматы, «Заң әдебиеті баспасы», 2010.
3. Марков Б.В.Философия. М., 2016
4. Аташ Б.М. Философия. – Алматы, 2013.
5. Рычков, А. К. Философия: учебник для студентов высших учебных заведений / А. К. Рычков, Б. Л. Яшин. - М.: ВЛАДОС, 2009.
WEB сайттар тізімі:
1. www.nigma.ru
2. www. philosophy.ru
3. www.arcto.ru