Ішкі аурулар_ қаз
$$$001
Науқас Д., 34 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданады. 2 жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: тері жабындары мен шырышты қабықтарының бозғылттануы. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолдиялық шу. ЖЖЖ 119 соққы /мин. Қанда: эритроциттер-2,7 млн., Нв-82 г/л, ТК-0,75, лейкоциттер-4,8 мың., тромбоцитер-200 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,4 мкмоль/л. Тағайындалатын тиімді препарат.
A) Сорбифер пероральды
B) Преднизолон пероральды
C) Феррум-лек көк тамырға
D) Десферал бұлшықетке
E) Эритроцитарлы масса көк тамырға
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =2
(Әдебиет) =(Руководство по гематологии в 3 томах. Т.3. Под ред. А.И.Воробьева. 3-е изд. перераб. и дополн. М.:Ньюдиамед; 2005.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$002
53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эритроциттер-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-9,3 мың, т-7%, сегметті ядролық-60%, эозинофильдер-4%, лимфоциттер-25%, моноциттер-4%, тромбоциттер-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:
A) Қан ағызу + дезагреганттар
B) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма
C) Дезагреганттар + хлорбутин
D) Дезагреганттар + алкеран
E) Дезагреганттар + гепарин
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) =(Руководство по гематологии в 3 томах. Т.3. Под ред. А.И.Воробьева. 3-е изд. перераб. и дополн. М.:Ньюдиамед; 2005.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$003
Науқас 36 жаста, тұмаудан кейін пайда болған бел аймағындағы ауырсынуға, қызбаға, зәр түсінің қараюына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: эритроциттер-3,1 млн. Нв-93 г/л, ТК-0,8 лейкоциттер-3,4 мың. тромбоциттер-96 мың. ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-35 мм/сағ. Лейкоцитурия, гематурия. Неғұрлым тиімді тактика:
A) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма
B) Десферал + ион алмастырушы шайыр (смола)
C) Глюкокортикоидтар + гепарин
D) Глюкокортикоидтар + цитостатиктер
E) Спленэктомия
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = (Руководство по гематологии в 3 томах. Т.3. Под ред. А.И.Воробьева. 3-е изд. перераб. и дополн. М.:Ньюдиамед; 2005.)
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
Эндокринология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні
Ішкі аурулар_ қаз
$$$001
2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:
A) Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі < 7,0 ммоль/л
B) HbA1сдеңгейі< 8,0 %
C) HbA1с деңгейі < 9,5 %
D) Зәрдегі глюкоза деңгейі > 0,5 %
E) Қандағы холестерин деңгейі < 6,0 ммоль/л
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =1
(Әдебиет) = Балаболкин И.Н. "Эндокринология" 1998 (Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$002
Науқас әйел 25 жаста, құлақтарына берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға, жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын жіті вирусты инфекциямен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа акырлықта, Т– 37,8С. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін үлкейген, тығыз, пальпацияда ауырсынады. Пульс – 96/мин, АҚҚ- 120/80 мм с.б.б. Анализінде: Нв - 134 г/л, Л - 9,8 мың, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Жітілеу тиреоидит
B) Диффузды токсикалық зоб
C)Фиброзды тиреоидит
D) Аутоиммунды тиреоидит
E) Іріңді жіті тиреоидит
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =2
(Әдебиет) = Балаболкин И.Н. "Эндокринология" 1998
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$003
17 жастағы науқас әйел бір жыл ішінде дене салмағының артуына, менструалды циклдің бұзылуына шағымданады. Сан, іш, сүт бездері терісінде қошқыл жолақтар. АҚ - 140/90 мм с.б. Глюкозаға төзімділік сынамасы: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен күштемеден кейін 2 сағаттан соң – 8,6 ммоль/л. КТ: екі бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8 –де 1060 нг/л (қалыпты – 260-720 нг/л), сағат 14 – те 1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Иценко-Кушинг ауруы
B) Церебралды семіздік
C) Гипоталамиялық синдром
D) Штейн-Левенталь синдромы
E) Экзогенді-конституциялық семіздік
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =2
(Әдебиет) = Балаболкин И.Н. "Эндокринология" 1998 (Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$004
Науқас К. 24 жаста, қатты арықтағанына (1 айда 9 кг), аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбет төмендеуіне шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңкті, фурункулез бар. Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия. Науқасқа тағайындау қажет:
A) Актропит НМ 4ЕД
B) Диабетон 10мг
C) Манинил 5мг
D) Хумалогмикс 25
E) Лантус 12ЕД
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = Балаболкин И.Н. "Эндокринология" 1998 (Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$005
45 жастағы науқас әйелді мертігуден кейін басының ауыруы, АҚ 150/90 мм с.б. дейін көтерілуі, дене салмағының тез артуы, терінің трофикалық бұзылулары мазалауда. Тері асты шел қабаты біркелкі емес, беті қызарған. Денситометрия: остеопороз белгілері. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8 де -1100 нг/л (норма – 260 -720 нг/л), ашқарынға гликемия - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) Парлодел
B) Сиофор
C) Нифедипин
D) Кальций Д3
E) Гидрокортизон
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = Балаболкин И.Н. "Эндокринология" 1998
(Курс) = 7
(Семестр) = 14
$$$006
Қантты диабетпен науқас коматозды жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілді. Бұл жағдай көп рет құсу және сұйық нәжіспен көрініс берген тағамнан уланудан кейін дамыған. Айқын гипотония және олигоуриямен сипатталған дегидратацияның клиникалық көріністері бар. Гликемия 27 ммоль/л, плазма осмолярлығы 380 ммоль/л, зәрдегі ацетонға сынама теріс. Шұғыл көмек көрсетудегі бірінші қадам:
A) Гипотониялық ерітіндіні сағатына 1 литр есебінен
B) 20 Бірлік инсулинді болюсті түрде
C) Сағатына 10-12 Бірлік инсулинді тамшылап
D) Физиологиялық ерітіндіні сағатына 1 литр есебінен
E) Коллоидты ерітіндіні сағатына 500 мл есебінен
(Дұрыс жауап) = А
(Күрделілігі) =3
(Әдебиет) = Балаболкин И.Н. "Эндокринология" 1998 (Курс) = 7
(Семестр) = 14