Іскерлік қарым-қатынас психологиясы.
Қарым-қатынас даналығы және ықпал ету шеберлігінің әдістері, ережелері, тәсілдері
Қытайдың ірі бизнес жаттықтырушыларының және кәсіпкерлерінің бірі – Чен Чжан Қытай мәдениетінің мыңдаған жылғы тәжрибесін, сол сияқты қазіргі бизнестегі табыс мәні туралы ең озық түсінікті игерген адамдармен табысқа жету жолындағы қатынастың шығыстық көзқарасын ұсынды
Адам табиғатында ақпараттарды көзқарас арқылы қалай қабылдайды?
83% көзбен көру арқылы
11% есту арқылы
3,5% иіс сезу арқылы
1,5% терімен сезу арқылы
1% дәм сезу арқылы
Ақпаратты қалай сақтаймыз?
10% оқу арқылы
20% есту арқылы
30% көру және есту арқылы
50% талқылаудың мазмұны арқылы
90% іс-әрекет жасай отырып мазмұнын талқылау арқылы
3. Сендіру және олардың негізгі ережелері.
Сендіру және оның негізгі ережелері
Біздің әлеуметтік жүріс-тұрысымыз тек қана біздің өмірлік тәжірибемізбен, нақты жағдайлармен ғана өлшенбейді, сонымен қатар біздің нұсқауларымызбен де анықталады. Сондықтан да кімде-кім басқа адамдардың жүріс-тұрысына әсер еткісі келсе, ең алдымен, оның нұсқауларына әсер етуі керек.
1933-1945 жылдар аралығында фашистік Германияның сол кездегі халықтық ағарту және үгіттеу министрі Йозеф Геббельсті тарих беттерінен қарастырайықшы. Баспасөз, радио, кино және басқа барлық өнер түрлерінің үстінен қатаң бақылау жүргізе отырып, ол сендіру тәсілдері арқылы неміс халқын фашистік идеяны қабылдауға мәжбүр етеді. Басқа ұлтшыл Юлиус Штрайхер “Der Strumer” атты антисемиттік газетті күнделікті 500 000 данадан шығарып отырған. Бұл басылымды оның досы Адольф Гитлер сүйсіне оқитын болса керек. Штрайхер, сонымен қатар, балаларға арналған антисемиттік кітаптарды да шығарған және Геббельспен ұлтшылдықтың үгіттеу машинасына айналған бұқаралық митингтерде ұзақ әңгіме-дүкен құрған деседі көзі көргендер.
Енді осы тарихи деректерге талдау жасап көрейк. Геббельстің, Штрайхердің және басқа да фашистік идеологтардың қарапайым халыққа әсер етуі қаншалықты тиімді болды? Шынымен де, Нюрнберг процесіндегі одақтастардың әрекеттері “миллиондаған адамдардың санасына у заһарын септі” деген кінәлауларға олардың сәйкес келе ме? Шын айтуына келсек, олардың неміс халқының көпшілігінің еврейлерге деген жеккөрініші мен қатыгездігін жаулап алуына әсер еткендігі шындық. Осылайша, антисемиттік шараларды қолдаушылар қалың бұқара халық арасынан да көптеп табылып жатты. Халықтың көбі индифферентті болып жатса, көпшілігі қорыққандарынан осы жолды таңдауға мәжбүр болды.
Мықты үгіт-насихат күштері әлі де өзінің маңызын жойған жоқ. Марихуананы қолданудың әлеуметтік және физиологиялық салдары туралы зерттеулер нәтижелері жарияланғаннан кейін жастардың бұл туралы нұсқаулары күрт өзгерді. Мичиган университеті сұрақ жүргізген 16 000 американдық жоғары сынып оқушыларының арасынан марихуананы қолданғандағы “қауіпті салдардың жоғары” екендігіне сенетіндер қатары 1978 жылы 35 пайыздан 1993 жылы 73 пайызға дейін көтерілді. Сонымен қатар жыл сайын білім жөніндегі Америка кеңесі жүргізетін сауалнамалар бойынша, талапкерлер арасындағы марихуананы тарату қозғалысын қолдау деңгейі де 50 пайыздан 32 пайызға дейін күрт төмендейді. Бұған адамдардың да қарым-қатынасы өзгереді.
Зерттеушілердің мәлімдеуінше, мәлімдеменің мазмұнын қайта қарастырып талдауға жақын адамдар сендірудің тура тәсіліне тез мойынсұнатын көрінеді. Мысалы, компьютер жарнамасында атақты Голливуд жұлдыздары мен әйгілі спортшылар сирек көрінеді, компетентті сатып алушыға бәсекелестікке қабілетті бағалар жақсы ұсынылады.
Петти мен Качоппоның ойынша, көптеген адамдар аналитикалық тұрғыдан ойлайды. Олар барлығын ой елегінен өткізіп, көбірек ойланғанды жөн көреді.Бұл адамдар сендіруші адамның жағымдылығына ғана емес, сонымен қатар өздерінің когнитивті реакцияларына да қарайды. Бұл жерде тек қана мәліметтер емес, сондай-ақ оларды ынталандырған ой-тұжырымдар да әсер етеді. Егер де бұл ой-тұжырымдар соншалықты терең болса, кез келген жаңа қабылданған нұсқаудың тамырлануға, қарсыласу шабуылдарына тұра алуға көп мүмкіндігі бар және ары-қарай жүріс-тұрысқа әсер ете алады.
Енді сендірудің жанама тәсіліне көшейік, шешім қабылдаудағы сұрақтардың көбі санаға сыйғысыз болса, онда жанама тәсіл неғұрлым көбірек бола алады, яғни қолданылаттын ымдау тәсілдері ойланбай-ақ қолдау табуғға көшеді. Тауар туралы нақты ақпарат орнына темекі жарнамасында осы тауарды ләззат пен әдемілік туралы түсініктермен байланыстырады. Осылайша, алкогольсіз ішімдіктер жөніндегі жарнамада да, мысалы, нағыз өнім ”Кока-кола” жастық шақ, денсаулық сияқты түсініктермен ассоциацияланады.
Тіпті, аналитикалық адамдардың өөзінде бастапқы пікір жанама эвристика негізінде қалыптасады, олар мынадай болады:”компетентті эксперттер”, “сенім тудыратын ұзақ мәлімдемелер” және т.с.с.
Кей кезде сендіру аудиторияның аргументтерге баса наазр аударумен шектеледі және сәйкес ой-тұжырымдарға негізделеді. Мұндай жүйелі немесе тура сендірудің тәсілі мынадай кезде: адамдар болған нәрсені талдай алса және ұсынылған тақырыппқа қызығушылық танытса, іске асады. Егер де ұсынылған тақырып аудиторияның назарын аудармаса, онда сендіру адамдар жедел қорытынды шығару үшін эвристиканы немесе кездейсоқ белгілерді пайдаланған кездегі неғұрлым тура немесе жанама тәсілдер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Тура тәсілмен жүзеге асатын сендіру неғұрлым аналитикалық және үстіртін болмайды, сонымен қатар ол неғұрлым тұрақты және көп жағдайда адамдардың жүріс-тұрысына әсер ете алады.
Қосарланған сендірулер
Сендірудің орталық және шеткі элементтерін зерттей отырып, әлеуметтік психологтар сендірудің қосарланған төрт түрін бөліп шығарады:
1) комуникатор;
2) мәлімдеме;
3) жеткізу каналы;
4) аудитория.
Басқаша айтқанда, бұлар – не нәрсе айтатындығы, кімге және қандай тәсілмен жеткізетіндігі.
Кім мәлімдемені жеткізеді? Коммуникатордың әсері.
Мынадай көріністі елестетейік. Я.Прав деген орта жастағы американдық азамат кешкі жаңалықтардан бірінші сюжетте Америка жалауын өртеп жатқан бір топ радикалдарды көреді.
Кім мәлімдемені жеткізеді? Коммуникатордың әдісі.
Мынадай көріністі елестетейік. Я.Прав деген орта жастағы американдық азамат кешкі жаңалықтардан бірінші сюжетте Америка жалауын өртеп жатқан бір топ радикалдарды көрсетеді. Олардың біреуі мегафонға былай деп айқайлайды. Халықтың өз құқығы бар, үкіметті ауыстыру немесе құлату керек. Ол- оның құқығы,оның міндеті – осындай үкіметті құлату. Ашуланған Прав мырза әйеліне былай деп күңкілдейді. Ятыңдауға күш жоқ,олардың коммунистер диірменіне су құйып жатқанын қарашы. Келесі сюжетте президенттікке кандидат салыққа қарсы митингке былай деп сөз сөйлеп жатады. Үндемеу біздің үкіметіңізді қаржы саясатының негізгі принципі боп табылу керек. Барлық үкімет шенеуніктерінің жемқорлық пен ысырапсыздық шығындардың нағыз қылмыс болып табылатындығын түсінгендері жөн. Қанағаттанған Прав мырза сабырлы үнмен: -Міне,бұл – басқаша. Бұл жігіт маған ұнайды.-деді.
ЕНді осының бәрі керісінше болсын. Прав мырза тура жоғарыдағыдай үндеулерді 4 шілдедегі Тәуелсіздік декларациясын салтанатты түрде жариялаудан бәрі содан алынған естиді және Мао Цзэдунның Цитатигінен алынған үнемдеу туралы пассажды оқып тұрған коммунистік шешенді тыңдаса, басқадай әсер етуі мүмкін бе?
Кредиттік-сендірушілік. Кредиттік коммуникатор компетенді және сенімді объект ретінде қаралады. Мысалы, қандай да бір пайда туралы пікірдің неғұрлым кредиттік болуы оның қандай бір көшедегі қағаздан емес,ұлттық ғылым академиясыннан шыққандығына байланысты. Бірақ та кредиттілік әсер тек қана бір ай көлемінде сақталуы мүмкін. Егер де кредитті адамның мәлімдемесі неғұрлым нанымды болса, оның әсері әлсіреуі мүмкін, оның қайнар көзі ұмтылу немесе өзінің мәлімдемесімен ассоциацияланбауы мүмкін. Кредиттік емес объектіні әсерінің оған сәйкес өсуі де таң қалдырмайды (егер де мәлімдеменің өзі қолдау таппаған себебіне қарағанда жақсы есте сақталып қалса). Сендірудің мұндай процесін, егер адамдар қайнар көзімен оның мәлімдемесінің байланысын ұмытатын болса, ұйықтап жату әсері деп атайды. Мұндай әсер - мәлімдемесінің кешігіп әсер етуі, біз мәлімдеменің өзін еске сақтап, оған деген сенімсіздік себебі ретінде ұмытып қалуды айтамыз.
Құзыреттіліктіқабылдау.
Адам қалайша эксперт бола алады? Қарапайымтәсілдерініңбірі – сіздіңпайымдауыңызбенаудиторияныңкелісуі, бұлсіздінеғұрлымақылдырақкөрсететінісөзсіз. Басқасы – осы мәселеденемесесұрақтабілгіштігінкөрсеткенадамретіндекөрінуі. «Канада стаматологияассоциациясыныңмүшесі» доктор Дж.РандлердіңШыққан тіс щеткасы туралы мәлімдемесі ауыз қуысы туралы гигиенасы туралы реферат жазған жоғары сынып оқушысының мәлімдемесінен гөрі анағұрлым нанымдырақ келетіні сөзсіз.
Коммуникатордың сенімділігін қабылдау.
Коммуникатордың сқйлеу стилі сенімділік туғызуға да көп әсерін тигізеді. Гордон Хемели және Энтони Дуб мынадай жағдайды бақылайды: егер де куәгер видеожазбаға еденге қарамай, тура қарайтын болса, онда оның сөздеріне сенуге болады.
Егер де коммуникатор аудиторияны билеп-төстеп алғысы келсе, онда оған деген сенімділік те жоғары болады. Қазіргі телевизиялық жасырын камераның эксперименттік версиясын Элейн Хэтфилд пен Леон Фестингер жүргізеді. Олар Стэнфорд университетінің бірнеше студенттеріне аспиранттардың әңгімесін сырттан тыңдауға мүмкіндік берді. Әңгіме ауаны тыңдап отырғандарға ауғанда, оларға алдын ала әңгіме тыңдалды деп ескертілген оратордан гөрі ескерту жасалмаған оратордың қатты қатты әсер еткендігі баса көрсетілнді.
1.Солтүстік Калифорния университетінен Норман Миллер мен оның әріптестері шынайылық пен сенімділік сезімі адам тез сөйлегенде байқалады деген тұжырымға келеді. Лос Анджелес пен оның маңайындағы тұрғындар кофені қолдануының қауіптілігі жөніндегі мәлімдемені тыңдап, тез сөйлегендерді неғұрлым объективті, зиялы, білімдер десе, жай сөйлегендеррдің әсер етпегендігін айтады. Олар, сонымен қатар, тез тез жеткізілген мәлімдеменің нанымдырақ екендігін атап көрсетеді.
2. Тез сөйлейтін оратордың сөздерінің нанымды болуына оның тез сөйлеуі әсер етеме, әлде сөйлеудің темпі әсер етеме? Маркетинг зерттеуші Мак Локхлан дауыстың жиелігі мен модуляциясын, тонын сақтай отырып, радио мен теледидар жарнамасынан сөйлеу сигналының акустикалық қысымыны өткізеді. Бұдан шыққаны: маңызды фактор болып сөйлеу темпі табылады екен. Жарнаманы 25 пайызға тездеткен кезде тыңдаушылар оны білімдер деп есептесе, мәлімдеменің өзін неғұрлым қызғылықты деп тапқан. Белгілі эфективті оратор Дж. Ф. Кеннеди сөзін минутына 300-ге дейін жеткізген. Американдықтар үшін тез сөйлеу – құзіреттіліктің белгісі. Осылайша, тез сөйлеу тыңдаушыларға қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, ол сондай – ақ қажет емес пікірлерді де алшақтатады.
4. Дау-дамайсебептерініңжіктелуі.
Дау-дамай себептерінің жіктелуі:
1.ресурстың жеткіліксіз, шектеулі болуы, олардың сандық және сапалық жақтары;
2.мақсаттар арасындағы айырмашылықтар;
3.құндылықтардағы, мінез-құлықтағы, тәрбиедегі айырмашылықтар;
4.қанағаттандырылмаған коммуникация;
5.қақтығысқа қатысушылардың жеке ерекшеліктері;
№ 21ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Тұлғаның әлеуметтену құралдары мен механизмдері.
2. Базалық психологиялық нұсқаулар.
Базалық психологиялық нұсқаулар қазіргі адамадардың мінез құлық түрлерін суреттейтін бірқатар теориялар бар, солардың негізінде қызметкер едәуір сенімді әрекет жасап, жақсы тәжірибелі нәтижелерге жете алады. Шостром Маслоу теориясы. Ол адамның екі базалық психологиялық нұсқасын қарастырады.
1. Манипулятор бұл негізі мақсаты жағдайды бақылау болып табылатын адамдар;
2. Актуализаторлар бұл өз өзіне қайталанбас тұлға ретінде қарайтын индивидтер.
3. «Стереотип» түсінігінің мәні.
4. Қарым-қатынас барысында кездесетін ым-ишара түрлері.
Иллюстрациялық:мәлімет беретін ым ишаралар:белгілер, пиктография суреттердің бейнелері, кинетография денемен қозғалыс, идеографтар ойдағы заттарды білдіретін қолдардың қозғалысы.
Реттегіш им ашаралар:адамның белгілі бір нәрсеге көзқарасы мен сезімін білдіретін ым ишаралар. Мыс: күлу, жылау, изеу, т.б
Эмблемалық: қарым қатынастағы сөздерді белгілі бірқимыл қозғалыстарын ауыстыратын ым ишаралар. Мыс: «Сау бол!» «Рахмет!»
Адапторлық: адамның қолдарының қозғалысымен байланысты.
Аффекторлық: дене және бет әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы арқылы белгілі бір эмоцияларды білдіретін ым ишаралар.
№ 22ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Тұлғааралық қатынас психологиясы.
Тартымдылық
Көптеген адамдар атақты спортшылар мен әртістер үндеулерінің өздеріне әсер ететіндігін мойындамайды. Коммуникатордың тартымдылығы оның дәйегінің алдында бізді қарусыз қалдыруы мүмкін немесе позитивті ассоциациялар тудырады. Тартымдылықтың бірнеше аспектілері бар. Солардың бірі – физикалық тартымдылық. Әсіресе, эмоциялық дәйектерді әдемі адамдар жеткізсе, анағұрлым әсерлі болады. Келесісі – ұқсастық аспектісі. Біз өзімізге ұөсас адамдарды жақсы тартамыз.
Тартымдылық- аудиторияны баурап алатын қасиет. Тартымды коммуникатор субъективті қолдау табатын жағдайда үлкен рөлге ие және неғұрлым нанымды болып келеді.
Маңыздысы - кім не айтып тұрғандығында емес, оның нақты не айтып тұрғандығында. Егер де сіз шылым шегуге қарсы немесе аштыққа қарсы қаржы жинауға жұртты жұмылдырып шақыруға көмектесетін болсаңыз, онда оларды тікелей сендіру туралы инструкцияны құруда қиындыққа ұшырауыңыз мүмкін. Сондықтан да мына мәселелерді білген жөн:
Неғұрлым сенімді болғаны қайсысы? Неғұрлым негізделген мәлімдеме немесе басқадай мәлімдеме нақты бір эмоцияларды сыртқа шығара ала ма?
Аудиторияның пікірін өз жағыңызға шығару үшін қандай тәсілдерді қолданған дұрыс? Тыңдаушылар қалыптасқан сендіруден ерекшеленетін позицияны қорғай ма немесе ең ақырғы экстремисттік көзқарасты ұстана ма?
Мәлімдемеде барлық мәселелерді өзіңнің позицияңда әлде қарама-қарсы көзқарас позициясында қарастырған жөн бн?
Енді осы мәселелерді жекелеп қарастырайық. Елестетіп көрейік, сіз аштықта қалғандарға жәрдем беру компаниясын өткізесіз, нұсқаулар анағұрлым мықтырақ, тұрақты және өзіне жасалған шабуылдарға анағұрлым төзімді болып келеді. Бірақ сөйтсе де, психология баспа сөзіне көп мән береді.
Біз хабарландырулар ілеміз. Машина жүргізушілердің жылдамдықты азайтып, жолды дұрыс қадағалауына қалайша әсер етеміз? Әрине, сөзсіз, «Байқа!Жолға үңіл!» деген сиқты белгілер ілеміз немесе «Ластауға болмайды!» деген үндеулерді кез келген жерден көруге болады.
Осылайша, адамдарды сендіру жеңіл болама? Екі оқиғаны қарастырып көрейік. Калифорниядағы Скриппс колледжінде бір апта көлемінде «Скриппс кампусының көркемдігін сақтайық!», «Қоқы сты тастамайық!» деген үндеулермен акция өтеді. Мұндай хабарландырулар мен құлақтандырулар көрнекті жерлерге ілінеді. Әлеуметтік психолог Реймонд Палациан адам көп жүретін жердегі урнаның жанына қоқыстарды шашып тастайды. Бұдан соң зерттеуші 180 жүргіншіні сырттан бақылайды.Бұл кезде бірде-бір студент бір қоқыстың түйірін де жинамайды. Компанияның соңғы күнінде бұл сынақты тағы да қайталайды. Компанияның соңғы күнінде бұл сынақты тағы да қайталайды. Сол кезде 180 жүргіншінің екеуі ғана қоқысты жинаған көрінеді.
Осыған қарағанда, ауызша үндеулер жазбашаға қарағанда нанымдырақ па деп қаласыз. Томас Кроуфорд және оның көмекшілері ауызша насихаттың әсерін зерттейді. Он екі шіркеуге келушіден нәсілдік дискриминация жайлы насихатты шіркеу қызметкерінің аузынан естігеннен кейін сұрағанда, бұл туралы естігендерін адамдардың 10% ғана мойындаса, 30 пайызы ол туралы естіген емеспіз деп жауап береді. Бұдан шығатыны – шіркеу үгітшісінің адамдардың нәсілдік нұсқауларына әсер ете алмайтындығы. Сондықтан да мәлімдеме неғұрлым түсінікті, сенімді, есте қалатын және қандай да бір нақты әрекеттерді аяқтата алатын болуы керек. Десек те, пассивті түрде қабылданған мәлімдемелер де тыс қалмайды. Бір дәріханада аспириннің екі түрі сатылады: бірі- кең жарнамаланған, екіншісі – мүлде жарнамаланбаған. Бұл дәрінің екеуінің де құрамы бірдей. Ағзаға бәрібір емес пе? Ал бұны қалтаның қалыңдығы шешеді. Жарнамаланған дәрі тез өтеді және үш есе қымбатқа сатылады. Ендеше, дәрінің нақ осы түрін миллиондаған адам сатып алады емес пе?
Қарама-қайшылық:жеке әсер ету - БАҚ-ның (бұқаралық ақпарат құралдарының) әсер етуі
Зерттеулер көрсеткендей, бізге аралық ақпараттардан гөрі адамдардың жеке қатынастағы ақпараты анағұрлым әсер ететін көрінеді.
Адамдарды бір нәрсеге сендіру кейде аморальды болып табылса, кейде адамгершілікке шақырады, ал кейде тіпті нәтижесіз де болуы мүмкін. Бұл сендірулердің барлығы, бір жағынан, өзінше жақсы, екінші жағынан, жаман. Мәлімдеменің жақсы немесе жаман деген бағасы, әдетте, оның мазмұнына байланысты. Егер де оның мазмұны ұнамай жатса, біз бұл мәлімдемені насихат деп атаймыз, егер ұнаса, оны ағарту жұмыстары деп те атап жатамыз. Мағынасына қарай
Ағарту көп жағдайда фактілерге сүйенуі тиіс және неғұрлым мәжбүр етушіліктен ала болуы тиіс. Сонда да біз ақпаратқа сенетін болсақ, оны ағарту дейміз, сенбесек, үгіт-насихат деп атаймыз.
Десек те, біздің көзқарасымыз бір нәрсеге сүйенуі тиіс. Сондықтан да бізді бір нәрсеге сендіру барысында мейлі ол насихат болсын, мейлі ол ағарту болсын, біз иланудан бас тарта алмаймыз. Шындығында да, сендірумен кез келген жерде ұшырасамыз, саясат, маркетинг, тәрбиелеу, келіссөздер жүргізу салаларында, тіпті сот шешімдерін қабвылдау кездерінде де кездесеміз. Осы себептен әлеуметтік психологтар мәлімдемелерді тиімді етуге және біздің пікірлеріміздің өзгеруіне қандай факторлар әсер ететіндігін анықтауға тырысады.
Өзіңізді жыл сайын әлемде жарнама үшін жасалатын 300 миллиард доллармен жұмыс істейтін маркетинг немесе жарнама саласындағы маман ретінде қойып көріңізші немесе өзіңізді жұртының жүрегіне қайырымдылық пен мейірімділік ұялатқысы келетін діндар ретінде елестетіп көріңіз. Осы кезде сіз өзіңіздің сендіре алу қабілетіңізді қалайша көтересіз және неғұрлым иландыра алатын дәйекті қалай табасыз?
Осындай сұрақтарға жауап табу үшін әлеуметтік психологтар, әдетте, сендірудің әсерін зерттеу үшін, геологтар эрозияны зерттеген сияқты, қарапайымданған, жеңіл бақыланатын эксперименттік жағдайларда әр түрлі факторларлың әрекетін бақылайды. Бұл факторлардың әсері соншалықты көп емес, олар көбінесе біздің құндылықтарымызбен сәйкес келмейтін әлсіз нұсқауларға күштірек әсер етеді. Сонда да оларды зерттеу осы әлсіз әсерлер ұзақ уақытта қалайша қомақты нәтиже әкелетіндігін түсінуге көмектеседі.
Сендірудің екі тәсілі
Сендірудің екі тәсілі бар: тура және жанама. Сендірудің тура тәсілінде қызығушылық танытқан аудитория барлық назарын жағымды дәйектерге аударады. Сендірудің жанама тәсілі – адамдарға кездейсоқ факторлардың әсер етуі, мысалы, ораторға деген жағымды қатынас.
2. Әлеуметтік шағын топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы
Шағын топ іс әрекет мақсаттары ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы.
Шартты топ жасына, жынысына, тұрмысына қарай біріккен топ
Нақты топтардағы адамдардың күнделікті өмірі мен іс әрекеттері үнемі бірге өтеді.
Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде бекітілген топтар.
Бейресми топтар тұлғаның қызығушылығы мен таңдауларына негізінде қалыптасады.
Әлсіз дамыған топтар топ тіршілігінің әлсіз ұйымдасқан кезеңі.
Дамуы жоғары дамыған топтар мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан.
Диффузиялық топтар тек қана жалпы эмоциялармен, қайғырулармен біріккен кездейсоқ адамдар тобы.
Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалыққұндылықтарын және бағалауларын адам бағдарға алады
Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып шынайы түрде кіреді.
3. Дау-дамайдың позитивті және негативті қызметтері.
Позитивті қызметтер:
1) оңтайландыру қызметі әлеуметтік субъектілердің қарым қатынастарында, дамуында және т.б жағдайда тиімді теңдікті қалыптастырады;
2) қатынастар жүйесінің дамуына, өзгеруіне әсер етеді, инновацияға жол ашады;
3) дау-дамай арқылы адамдар бірін-бірі жақсы біле бастайды, яғни оның информацияялық рөлі зор;
4) бірдей ойлайтын адамарды әлеуметтік топ, ұйым ретінде біріктіреді;
5)адамдардың белсенділігін оятады:
6)адамдарда жауапкерщілік артады, олар өздерінің маңыздылығын сезеді:
7)Сын уақытта адамдардың бірден білінбейтін жағымды және жағымсыз қасиеттері көрінеді, олар бірін-бірі бағалай бастайды:
8)жағдайды, мәселенің белгісіздігін жоюға немесе азайтуға үлкен септігін тигізеді.
Негізгі негативті қызметтері:
1. әлеуметтік климаттың нашарлауы:
2. еңбек өніміділігінің төмендеуі: кейде дау-дамайды шешу үшін кейбір жұмыскерлерді жұмыстан босатуға немесе белгілі бір санкция орнатуға тура келеді.
3. Екі жақтың бір-бірін дұрыс қабылдамауы
4. дау-дамай уақытында және дау - дамайдан кейінгі кезеңде қарсы жақтардың арасындағы келіспеушіліктің, ынтымақтастықтың азаюы.
5. Дау-дамайды шешу үшін жұмсалатын материалдық немесе эмоционалдық шығынның болуы.
4. Қарым-қатынас түрлері.
1. Маскалар байланысы
2. Қарапайым қарым қатынас
3. Ресми рөлдік қарым қатынас
4. Кәсіби қарым қатынас
5. Рухани қарым қатынас
6. Манипулятивті қарым қатынас
7. Ауқатты қарым қатынас
№ 23ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. В.Линкольн бойынша дау-дамайдың типтері.
5типін көрсеткен:
1. Ақпараттық факторлар:
-толық емес, нақты емес фактілер;
-дезинформация;
-уақытынан ерте немесе кеш жеткізілетін ақпараттар;
2. Мінез-құлықтық факторлар;
3. Қарым-қатынас факторлары;
-мәртебе бойынша айырмашылық;
4. Құндылықтық факторлар;
5. Құрылымдық факторлар: біздің тілегімізден тыс объективті жағдайлар,оларды өзгерту өте қиын, т.б.
5. «Эмпатия» түсінігі.
Эмпатия – адамның басқа адамды қабылдауының тағы бір тәсілі. Эмпатия арқылы адам басөа адамның жағдайын рационалды түрде емес, эмоционалды түрле түсінеді. Демек, эмпатия - адамның басқа адамды эмоционалды түрде қабылдауы, оның ішкі оның ішкі жай-күйін түсінуі, оны барлық ойларымен, сезімдерімен қабылдауы. Эмпатия қабілеттілігі әр адамда әр түрлі деңгейде дамыған.
6. Вербалды қарым-қатынас.
Тілдік қарым қатынас
1) Сөздердің мәні мен мағынасы мөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру.
2) Тілдегі дыбыстық құбылыстар сөйлеудің темпі, ритмі, интонациясы, дикциясы.
3) Дауыс шығару көріністері, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну.
7. Шағын топтардың психологиясы.
Шағын топ дербес іс әрекет субъектісі. Оның мазмұнына психологиялық сипаттама беруге болады. Шағын топтың рухани өмірі мен психологиялық бірлігі оның жеке ерекшелігімен бірлеседі. Демек, оның құрамындағы тұлғалар бір бірімен қызметтес сипатта болады.
- өзара қатынас (тұлғааралық қатынас) индивидтің әр түрлі эмоциялы күйлерін ілестіруден және адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінде туындайтын субъективті байланыстар.
Шағын топтың өзін өзі дамытуы дамытуы мен қалыптасу механизмі, адамдардың мінез құлығы негізінде мақсаты, міндеті, қажеттілігі, мотивтері (қызығушылықтары, құндылықтар) жатады. Адамдардың іс әрекетін ынталандыру өзара қатынаста шартталады.
- топтық ұмтылуға шағын топ мүшелерінің бірлескен күші мен мінез құлқы негізінде мақсаты, міндеті, қажеттілігі, мотивтері (қызығушылықтары, құндылықтар) жатады. Адамдардың іс әрекеті және қоғамдық өмір жағдайының әсеріменұмтылу жүйесі қалыптасады және дамиды.
- топтық көңіл күй белгілі кезеңдегі адамдардың түрлі көңіл күй жиынтығы. Жалпы топ мүшелерінің эмоциялық дайындығы мен көріністері күрделі күрделі эмоциялық күйге жатады.
- дәстүрлер шағын топ мүшелерінің бірлескен іс әрекетінің ұзақ тәжірибесі негізінде және өмір нормаларын, ережелерін, әрекеттер мен мінез құлық стереотиптерін күнделікті өзара қатынаста сақтау негізінде қалыптасады. Осы дәстүрлерді шағын топтың әр мүшесі қажетсінуі керек.
Шағын топ психологиясы әрбір уақыт аралығында ерекше атмосферамен, белгілі күймен және дайындығымен сипатталады.
Әр шағын топ қоғамның құрамында болғандықтан, ірі қауымдастықтардың (ұлттық, таптық, діни, кәсіби, жас ерекшелігі және, т.б.) бітімі олардың психологиясына тән. Сонымен қатар шағын топ психологиясының өзіндік ерекшелігі тұрақты болады.
№ 24ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Қарым-қатынас – әлеуметтік байланыстың негізгі құралы.
Қазіргі уақытта қарым қатынас стилі иерархиялық немесе авторитарлық көзқараспен емес, әріптестік көзқараспен ерекшеленуі тиіс. Ол консенсусқа жетуге бағытталып, коммуникативті болуы қажет.
Басқаша айтқанда, қарым қатынас барысында бұйрытарды, айыптауларды болдырмау, шексіз пікірталастарға жол бермеу шарт. Әңгіме барысында қызметкер өзінің кәсіби біліктілігін, істі білетіндігін, қолайлы шешімдерді табу ептілігін көрсетуі тиіс. Әңгіме барысында қызметкерде толық айқындық болуы тиіс.
-коммуникация серіктері туралы;
-әңгіменің мақсаты туралы;
-әңгіме кезінде сыртқы әсер етуші факторлар туралы
2. Ұжымға тән белгілер.
А) барлық адамдардың бір объектіге бағыттылығымен, яғни жұмыс уақыты мен орнының, жалпы өндіріс құралдарының, ғимараттарының болуымен ерекшеленеді;
Ә) ұйымдасқан адамдардың бірлігі, нақты бекітілген құрылымы, жалпы ерік жігерінің мықтылығы, сондай ақ ұжым мүшелерінің ерік жігерінің иегері ұжымның сенімді өкілдері болып табылады.
Б) жалпы ойлар мен пікірлер, этикалық және ар ождандық нормалардың бірлігі, өзара жақын қарым қатынас.
3. Вербалды емес қарым-қатынас.
Тілдік емес қарым қатынастарды зерттейтін ғылымдар:
1) Кинестика эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді;
А) мимика бет әлпеттің бұлшықет қозғалыстарын зерттейді;
Ә) жестика дененің жеке бөліктерін қозғалыстарын зерттейді;
Б) пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс тұрыс, еңкею, қисаю.
2) Таксика қарым қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтасу.
3) Просемика қарым қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
4. Әлеуметтік-психологиялық таптар.
Психологияда таптарды адамдардың үлкен ұйымдастырылған топтары деп түсіндіреді. Әлеуметтік психологиялық таптар тарихы қалыптасқан күрделі экономикалық қатынастар жүйесіндегі нақты мемлекетке анықталған орны бар үлкен ұйымдасқан әлеуметтік адамдар тобы. Таптар өз ішінде үшке бөлінеді:
1. Қоғамдық өндірістік жүйедегі орны
2. Қоғамдық ұйымдардың еңбектегі рөлі
3. Қоғам байлығының өлшемімен оны алу әдісі бойынша
Таптардың әлеуметтік сипаты
1. Таптардың қажеттілігі;
2. Таптардың қызығушылықтары;
3. Таптардың рөлдік түсініктері;
4. Таптардың мінез құлық нормалары;
5. Таптың қызығушылықтары;
6. Таптың әдет ғұрыптары.
№ 25ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Бағдардың негізгі көрсеткіштері.
Бағдардың негізгі үш көрсеткіші бар:
1.Когнитивті – белгілі бір субъект немесе обьек туралы қалыптасқан ой, бағдар;
2.Аффективті – беогілі бір адам немесе ақпарат туралы жағымды, не жағымсыз эмоциялар;
3.Жүріс-тұрыстық – адамның бағдарына, көңіл-күйіне белгілі бір жүріс-тұрысреакцияларына дайындық.
2. Конфликтерді шешудің әдіс-тәсілдері.
Тура шешу әдісі:
1) өз көзқарасынан таймау;
2) бағынушылардың көзқарасын ескере отырып, өз әрекетін қайта қарастыру;
3) конфликтіні елеп-ескермеу;
4) бірлесе жұмыс істеп, бірлесе шешім қабылдау.
Жанама шешу әдістері
Бұлар бірнеше тізбектен құралған жасырын әрекеттерді сипаттайды:
1) сезімін сыртқа шығару принципі: қазіргі кездегі көрнекі психотерапевтердің бірі К.Роджерстің айтуынша, егер адамның оны толқытып тұрған барлық негативті сезімдерінің шығуына мүмкіндік берсе, бұл сезімдер бірте-бірте позитивті сезімге айналады.
2) Эмоцияны қайтару принципі: дау-дамайды басудың төте тәсілдері,адамдар арасында тұрақты және жағымды қарым қатынас орнату –әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан адамдардың бірімен-бірі жалпы тіл табысуында,қоғамдық өмірді кеңейту жолындағы еңбек әрекетін дамытуында, бүкіл қоғамдық игіліктер жасауда шексіз маңызды,әрі мұндай әрекеттер игі мақсат болып табылады.
3. Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас.
Вербальды қарым қатынас дегеніміз яғни аузша қарым қатынас. Адамдардың бір бірімен сөйлесу, тілдесу арқылы қарым қатынас жасауы.
Вербальды емес қарым қатынас ым ишара, ымдау арқылы жеткізілетін қарым қатынас.
4. Қоғамның рухани мәдениетінің психологиялық сипаттары
Рухани мәдениет адамның рухани іс әрекеті нәтижесінде қалыптасады: ғылыми жетістіктер, әдебиет пен өнер, сұлулық жайлы түсініктер, өмірдің мәні; мақсаты, құндылық бағдары және мұраттары; тұлғалық қоғамдықнормалар мен жазбалары.
Рухани мәдениет адамдарды әлемге бейімдейді, қоғамдағы әлеуметтік қатынасты реттейді, әлеуметтік бағдар, идеялар, құндылықтарды жүйе ретінде көрсетеді.
Мәдениеттің түрлері: адамгершілік, эстетикалық, діни, құқықтық, саяси, кәсіби, білім, тұрмыс (рухани аспектіде), бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.
№ 26ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Әр түрлі тап өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері.
Жұмысшы таптың негізгі психологиялық сипаттамасы (өндіріс және ауылшаруашылық жұмысшылары, орта және төмен қызметкерлер) еңбексүйгіш, өз еңбегіне әлеуметтік және материалдық жағдайымен қанағаттанарлығы шамалы.
Буржуазия таптарының (жоғары және орта меншік иелері, жоғары жалдамалы басқарушылар, билік басындағы өкілдер, ірі қаржыгерлер)психологиялық ерекшеліктері: іскерлік, өндірістік әрекетке берілуі, өзін өзі шектеу, индивидуализм және өзін өзі сүю.
Орта топтағы өкілдерге (шағын буржуазиялық, шағын сауда саттық меншік иелері, зиялы қауым, әкімшілік қызметіндегілер) еңбексүйгіш, кәсібі мен ісіне берік, жауапкершілік, іскерлік пен индивидуализм.
Маргинальды топ (жұмыссыздар, қайыршылар, тұрғылықты орындары жоқтар, т.б.) өз күшіне сенімсіздік, моральдық және рухани тоқырау, әлеуметтік қорқыныш, т.б.
2. Дау-дамайды шешуге көмектесетін қарапайым сұхбаттасуда қолданылатын ережелер.
Дау дамайды шешуге көмектесетін қарапайым сұхбаттасуда қолданылатын ережелер бар, олар:
· Қатысушыға делдал ретіндегі рөлін түсіндіру.
· Кінә тақпау.
· Өзін ақтамау
· Сөзді бөлмеу
· Тек шындықты айту
· Басқаны тыңдау
· Келісімге келу
· Дау дамайды шешу
3. Ым-ишараның негізгі түрлері.
1) Иллюстрациялық:мәлімет беретін ым ишаралар:белгілер, пиктография суреттердің бейнелері, кинетография денемен қозғалыс, идеографтар ойдағы заттарды білдіретін қолдардың қозғалысы.
2) Реттегіш им ашаралар:адамның белгілі бір нәрсеге көзқарасы мен сезімін білдіретін ым ишаралар. Мыс: күлу, жылау, изеу, т.б
3) Эмблемалық: қарым қатынастағы сөздерді белгілі бірқимыл қозғалыстарын ауыстыратын ым ишаралар. Мыс: «Сау бол!» «Рахмет!»
4) Адапторлық: адамның қолдарының қозғалысымен байланысты.
5) Аффекторлық: дене және бет әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы арқылы белгілі бір эмоцияларды білдіретін ым ишаралар.
4. Қарым-қатынас техникасы және құралы.
Қазіргі уақытта қарым қатынас стилі иерархиялық немесе авторитарлық көзқараспен емес, әріптестік көзқараспен ерекшеленуі тиіс. Ол консенсусқа жетуге бағытталып, коммуникативті болуы қажет.
Басқаша айтқанда, қарым қатынас барысында бұйрытарды, айыптауларды болдырмау, шексіз пікірталастарға жол бермеу шарт. Әңгіме барысында қызметкер өзінің кәсіби біліктілігін, істі білетіндігін, қолайлы шешімдерді табу ептілігін көрсетуі тиіс. Әңгіме барысында қызметкерде толық айқындық болуы тиіс.
-коммуникация серіктері туралы;
-әңгіменің мақсаты туралы;
-әңгіме кезінде сыртқы әсер етуші факторлар туралы
№ 27ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Қарым-қатынастактикасы.
Қарым қатынас таксикасы – қарым қатынас ережелерінің техникалары мен білімдерін қолдану негізінде нақты бір жағдайда қарым қатынас стратегиясын жүзеге асыру тәсілі. Қарым-қатынас техникасы – қатынас икемділіктерінің жиынтығы: сөйлеу және тыңдау.
2. Тұлға және әлеуметтік мінез-құлық.
ТҰЛҒА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Тұлға және денсаулық
Көптеген адамдар тұлғалық диспозициялар денсаулыққа байланысты деп ойлайды. Шынымен, бұл фактілерді денсаулықты анықтайтын ғылыми түсініктерден көруге
болады: денсаулық тек ауырмағандықтың белгісі ғана емес, ол-ф Ұлдар
1. Шылым қолданатын долстары
2. Денсаулыққа зиянын түсінбеуі
3. Достарының әсері
4. Үлгерімінің төмендігі
5. Денсаулығын ойламауы
6. Беделі
7. Өзің бағалауының төмендігі
8. Жасы
Қыздар
1. Шылым қолданатын достары
2. Денсаулыққа зиянын түсінбеуі
3. Достарының әсері
4. Нейротизм
5. Еліктеу
6. Анасы тұтынады
7. Конфорымдылығы
Тұлға және рак ауруы
ІІІ ғ. Гален көрсетіп кеткендей, «Меланхолик» әйел адамдар сүт безінің рак ауруына жиі шалдығады, шынымен тұлғалық факторлар әсерін тигізеді. Кейбір авторлар стресс факторы, отбасының бұзылуы немесе эмоционалды өарым қатынас рак ауруына әкеп салады деп көрсетеді. Психоәлеуметтік фактордың нақты синдромы – ракпен байланысты тұлғалық диспозицияның «С типі». Тұлғаның бұл типі эмоцияның төмендеуін, депрессияны, өкінішті әлеуметтік көмектің жоқтығын көрсетеді.
Стресті тудыратын өмірлік жағдайлар стресті тудырады.
Алғашында рак диагнозын қойғанда қабылдаудың да маңызы зор. Мысалы, Малкар зерттеуі көрсеткендей, пациенттер өздерін кінәлі деп сезінген, соның әсерін 4 айдан соң психологиялық дистреске ұшыраған.
«Үлкен Бестік» және денсаулық
Қазіргі кезде көп зерт теулер нәтижесі бойынша экстраверсия және нейтроизм факторлары маңызды екенін көреміз.
Зерттеулер денсаулықтың күйін анықтауға бағытталған.
Маршал осыған орай 3 факторды анықтады: Оптимистік бақылау,ызаның тууы және бақылау. Бұл 3 фактор «Үлкен бестік» өлшемдерімен байланысты, нәтижесінде коррекциялар бірдей болған.
Тұлға және спорт
Тұлға және спорт- теориялық және әдіснамалық мәселелері шешілмеген тақырып. Физиологиялық, морфологиялы және генетикалық факторлармен тұлғаның физикалық дайындық деңгейін, жеке спортқа қызығушылығын, спорт шеберлігін байланыстыруға талпыныс байқалады.
Кейбір теорялар мен жеке адам модельдерінде бос уақытта түрлі физиологиялық және әлеуметтік спортпен айналысу жеке адам аспектілерінің қалыптасуына әсер етеді деген көзқарас кездеседі.
Динст Бир спортпен айналысу нәтижесінде жеке адам бойында қалыптасуы м.мкін 4 өзгерісті атап көрсетеді
1. Физиологиялық өзгеріс: спортпен айналысу физиологиялық жүйелерге, соның ішінде көңіл кү» мен эмоцияға қатты әсер ететін гармоналдық депресиямен мазасыздану деңгейін төмендетіп, жағымды өзгерістерге алып келеді.
2. Өзіні өзі қабылдауының өзгеруі: спортпен айналысу нәтижесінде адам азып бұрынғысынан жасара түседі, яғни «мен» тұжырымдамасы өзін һөзі бағалауына оң әсер етуі мүмкін.
3. Өмірге қарым-қатынасының өзгеруі: бос уақытта спорт немесе белгілі бір іс- әрекетпен айналысу адам өміріне біршама өзгерістер алып келеді. Мысалы, тамақтану, ұйқы мен демалыс уақыты.Нәтижесінде өмір сүру стилі өзгергеннен кейін басқа адамдармен өзара әрекеті де өзгеріп жаңа таныстық тағыда басқа пайда болуы мүмкін
4. Күту: басқа спортшылармен немесе бапкерлермен қарым-қатынаста жеке адамның құнды, бағалы талғамдарының өзгеруі мүмкін. Бірте бірте адамның бұл күткен құндылықтары бойға сіңіп, қалыптасып, адамда жаңа ынта пайда болады. Жеке тұлғаның бос уақытта спортпен шұғылдануы тақырыбын зерттеудегі ең басты негізгі мәселе- басөа ғылыми зерттеулер сияқты теориялық база негізінің жоқтығы.
Тұлға оқу іс әрекеті және үлгерім
Оқу дегеніміз- адамның оқу әрекетіндегі педогогиканың әсері қабылдауға деген икемділігі. Психология ғылымында ересек адамдардың үйрене алу тіәсілдері туралы эксперименттік тәжрибелер бар. Бұл зерттеулер вербалды және вербвлды емес деңгейде жүргізіледі.Соның нәтижесінде вербалды үйрену деңгейі жастық кезеңде, ерте және орта кемел жаста жақсы жүретіні, ересек адамдарда төмендейтіні анықталды.Е. Харке зерттеулері бойынша, лексикалық категорияларды және грамматикалық құрылымдарды игеру 30 жасқа қарай ұлғаятыны анықталды. Көптеген шетелдік авторлардың анықтауынша, интелектуалдық дамудың шыңы 10-20 жасқа сәйкес келеді. Бекслердің көрсеткіштері бойынша интеллектуалдық функциялардың жоғарғы көрсеткіштері 25- 30 жасқа сәйкес келеді. С.Пако көрсеткіштерінде дарынды адамдарда инелектуалдыө дамудың көтерілу уақыты бойынша ұзағрақ болатыны және инволюцияның кешірек басталатыны жайында айтылған. Инволюциялық процесс оқыту, білім алу арқылы тежеліп отырады.
Психологтар функциялардың ерекшелігі олардың дамуының бәркелкі еместігінде, қозғалыс реакциясы жылдамдығының 18-19 жаста үлкен екендігін, қимылдың дәлдігі 30-35 жастағыларда жақсы екендігі аныөталған. 30-35 жасқа қарай оң және сол қолдың буындары күшейе түседі, жоғары ауырлықтарға деген төзімділіктің өсетіндігі байқалады. Мұны Б.Г.Ананов «сол қол мен оң жақ ми жарты шарларының психомоторлық функцияларға күшті араласуы» деп түсіндіреді.
Үйрену процесінде қалыптасқан байланыстар вербалдыө деңгейде, моторлық деңгейге қарағанда ұзағрақ сақталады және жастық диапазог бойынша да ұзағрақ болады. Интелектуалдық дамудың жас ерекшеліктері кезеңіне қарасақ, екінші макрокезеңнің соңына қарай вербалдық үйрену процесі моторлық жағынан төмендейді, бірақ бұл моторлық функциялардың барлық көрсеткіштеріне таралмайды...
Жоғарыда айтылғандай, психикалық функциялар мен интелектінің көп өзгеріске ұшырайтын кезеңі- ерте кемел жас 18-25 жас. Бұл өзгерістер ойлаудың образдық, логикалық және қимылдық компоненттерінің арақатынасының біркелді еместігінің және зейін мен ес процестерінің сәйкес еместігінен туындайды. Бұл жылдардағы ойлаудың вербалды – логикалық деңгейінің жоғары болуын мектептегі немесе одан кейінгі оқу орындарындағы оқыту процесі кезіндегі ойлаудың біраз қиындықтарымен кездесіп шынығатыны арқылы түсіндіруге болады.
Ойлаудың негізгі функциясы адамның алған ақпаратын өңденуіне және қайта құруына байланысты. Б.Г.Ананов ақпаратты өңдеудің және меңгерудің 3 кезеңін ұсынады:
1. Жинақтау кезеңі: бұл кезде есте қалдыру, сақтау және ақпаратты қысқа уақытты естен ұзақ уақытты есте сақтауға ауыстыру процестері жүреді.
2. Ақпаратты логикалық операциялар және концептуалдық жүйелер көмегімен өңдеу. Бұл жерде ойлаудың образдық, логикалық және қозғалыстық компоненттерінің өзара байланыс динамикасы өте маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, есте сақтау мен ойлау жеке жеке интелектінің құрылым бөліктерін көрсетеді және функцияаралық дамудың заңдылықтарына негізделеді.
3. Ақпаратты өңдеудің 3-ші кезеңі болжамдауды, мүмкін болар ұсыныстар жасауды қамтитын шығармашылық ойлаумен байланысты.Ересектерді оқытуды оптимализациялау жинақтаушы және реализациялаушы заңдылықтарды ескерумен байланысты қарастырылуы керек.
Жинақталған ғылыми мәліметтердің көрсетуі бойынша, жеке тұлғалық қасиеттер жұмыстың орындалуы мен оқу нәтижесіне әсер етеді. Сонымен қатар әр ата- ана баланың мектептегі үлгерімі, оның оқуға деген мотивациясына тәуелді екенін біледі.
Адамның психологиялық мінездемесінің, соның ішінде жеке тұлғалық қасиеттерінің оқу процесіне, сонымен қатар академиялық үлгеріміне және тапсырмаларды орындауына әсер етуі мәнді болып келеді. Осыған байланысты мазасыздық сияқты факторлар тапсырманы орындауға, оқу үлгеріміне қалай әсер етеді? Оқу іс –әрекетінің белгілі түрлерінде экстраверттер шынында да табысқа жете ме? Адамдар жаңа материалды меңгеру үшін қолданатын тәсілдер мен стратегиялар индивидуалды ма? Тағы басқа сұрақтар туындайды.
Адамның оқуға қабілеттілігінің деңгейін болжаған кезде көптеген әлеуметтік факторлар мен оқу процесін ұйымдастырумен байланысты факторларды ескеру қажеттігі белгілі. Жеке меншік мектептерде оқушылар мемлекеттік оқу орындарындағы оқушыларға қарағанда жақсы оқиды, бұл мектеп типі мен ата - ананың әлеуметтік, экономикалық жағдайы, беделі, қоғамдағы деңгейі баланың академиялық үлгеріміне әсер ететінін көрсетеді. Жинақталған мәліметтердің көрсетуі бойынша, сонымен қатар, мемлекеттік мектеп оқушылары, олардың жеке меншік мектептегі құрдастарымен салыстырғанда, мектепке ұзақ дайындалу, жоғары оқу орындарына түсу ықтималдығын алады.Тап осылай, жеткіншек мектепті бітіргенде жоғары оқу орнына түсуін болжау кезінде ата - аналардың белгілі құндылықтары мен мүмкіндіктері болады. Бұл олардың балаларының оқуда табысқа жету ықтималдығын жоғарылатуға себебін тигізеді.
Одан басқа, ұл балалар мен қыз балаларды біріктіріп, не бөлек оқытатын мектептердің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы дау-жанжал жалғасуда; біріктіріп оқытатын мемлекеттік мектептерде қыз балалар терең оқытатын пәндер ретінде математика немесе жаратылыстану ғылымының циклі бар пәндерді таңдайды. Осылайша, оқушы қыз балаға қатысты әлеуметтік тап идеологиясы әлеуметтік және гендерлік факторлармен өзара әсерлеседі, бұл көптеген оқушы қыздардың бірге оқытатын мемлекеттік мектептерде оқуын қалауына шынайы оқуының көрсеткіштерін төмендетеді.
Дегенмен, жеке тұлғалық факторлардың ұзақ уақыт бойы оқу процесінің үлгеріміне әсер етуі байқалмаған. Айзенк бойынша, жеке тұлғалық факторларды (экстраверсия және нейротизм сияқты) басқа ауыспалы факторлармен (мектеп типі сияқты) қатар қарастырсақ, онда зерттеушілер дисперцияның аса жоғары бөлшегін түсіндіре алады. Осылайша, жеке тұлғалық факторлар мәнді өлшем болып табылады, олар оқыту мен оқу үлгерімі аумағын қамтитын түрлі мәселелерді түсіндіруге көмектеседі.
Тапсырмаларды орындау
Әр түрлі жеке тұлғалық қасиеттердің психологиялық - физиологиялық және мінез-құлықтық деңгейде көрініс беретіні зерттелген.
Кей авторлардың анықтауынша, тапсырмаларды қозушылыққа (вигильность) орай орындау табыстылығы, әдетте, зерттелушінің қозуының деңгейімен бірге жоғарылайды. Экстраверттермен салыстырғанда интроверттерге жоғары қозу тән. Мысалы, жақында ғана зерттеушілер - Аладиялова және Арнольд келесіні тауып ұсынған. Ер адамдар - интроверттер, экстраверттерге қарағанда, қозушылыққа қатысты тапсырманы жақсырақ орындаған. Мұндай нәтиже дұрыс ұйқыдан кейін де, ұйқысыз түннен кейін де байқалған. Сонымен қатар, бұл авторлардың мәліметтері бойынша, бұл жеке тұлға типтері арасындағы ерекщеліктер тапсырманың аяқталуына жақындағанда жоғарылаған.
Осы саладағы зерттеу нәтижелері бір мәнді емес, кейбір зерттеушілердің мәлімдеуінше, экстраверттер мен интроверттер арасындағы күткен айырмашылықтарды табу мүмкін болмады.
Коулига жақында экстраверсия мен қозушылыққа қатысты тапсырмаларды орындаумен байланысты әдебиеттердегі мәліметтерге метоталдау жүргізді және Айзенк өңдеген қозу теориясының растығын дәлелдеді. Бірақ бұл тиімділіктерді әлсіз деп таныды.Көбіне интроверттер сигналдарды табысты бақ