Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Антика философиясы. Ежелгі грек философиясының космоцентрикалық сипаты. Диалектиканың пайда болуы және қалыптасуы.

Антика философиясы деп бүгінгі Грецияның территориясында, кіші Азия, қазіргі теңіз жағалауы, Рим империясында дүниеге келген философиялық мектептер мен бағыттарды айтады. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды. Ежелп Грек (антика) философиясы ез дамуында 4 негізгі кезеңнен өтті:

1. демократиялык (Сократка дейінгі) - б.д.д. VII-V ғ

2. классикалык (Сократтык) — б.д.д. У-1У ғ. соңы;

3. эллинидік — б.д.д. IV г. соцынан - б.д.д. II ғ.

4. римдік — б.д.д. 1-6.д. V ғ

Негізгі ерекшеліктері: құдайлар тіршілігі мойындалады. Полистердің экономикалық кеңеюі – антикалық философияның көркеюінің материалды негізі болды.адамның табиғат бөлшегі ретінде қабылдануы, қоршаған дүниеден бөлінбеуі.

Космологиясы: 1. бастапқыда дүние барлығы бірдей мөлшерде араласқан 4 стихиядан құрылған шар формалы: бұл – махаббаттың салтанат құрып, араздықтың дүниеден тысқары ығыстырылған уақыты. 2. Шарға енген араздық әрекеті әлементтерді бөліп, біріктіре бастайды. Бұл араздық пен махаббаттың тұрақты емес тепе-теңдік күйі. Бұл прогрестердің жалпы бағыты: бірлік пен көптікке қарай. 3. Араздық жеңіп, әрекетті элементтер толық бөлініп, біртектілер бірігеді. 4. Қайта оралған махаббат әрекеттерді біріктіріп, элементтерді бөледі. Араздық пен махаббат тұрақты емес тепе-теңдік күйінде. Бұл процестердің жалпы бағыттары: көптіктен – бірлікке, зұлымдықтан – ізгілікке. 4-кезеңнен соң 1-кезең қайта басталып, бәрі қайтадан шексіз түрде жалғаса береді. Диалектика – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оның қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне грек философияда диалектиканы алғашқы стихиялық формасы дүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элит мектебінің өкілдерінен ақ байқалған болатын. Сократ қарама-қарсы пікірлерді қалыптастыра отырып, ақиқатқа жетуді, яғни айта білуді дәйекті сөз жүйесімен құрылысты жеңуді диалектика деп ұсынды.

6. Софистер және олардың негізгі идеялары. Сократ.

Софистер (гр sophists – өнерпаз, дана) – «даналықтың» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтардың осылай аталған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атұарған еңбегі зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық ж/е әлеуметтік релятивизм олардың ортақ көзқарасы б.т. Софистер 2 топқа бөлінеді: «Аға софистер» - табиғатты материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Бұл топтың өкілдері: Протагор, Гиппий, Продик, Антифандар – алғашқы ағартушылар. 2 тобы «Кіші софистер» (аұсүйектер тобы) – Гипподам, Критий – философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау-дау кезінлегі кейіпке байланысты п.б. «Софистка» деген әлһдісті қолданды. Софистка – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қиынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни, сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтан Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деа атайды.

Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.

Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

 

7. Аристотельдің философиялық ілімі. Платон идеялары туралы философиялық ілім. Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.

Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.

Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.

 

Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347)- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.

Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.

Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

 

8. Эллинистикалық дәуірдің философиясы: «эпикур ийліктер, стоик тер, скептик тер».

Стоиктер (гр. stod - портик, үй алдындағы калка) — Эллинизм дәуірінде қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердің бірі. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдің материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет енгізген. Логос туралы жалпы ілімнің шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған.

Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» (гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. «Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады. Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.

Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – Скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.

 

9. Мұсылман Шығыс елдерінің ортағасырлық философиясы. Әл-Фарабидің, Яссауидің, Баласағұнидің, Қашғаридің философиялық көзқарастары.  

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдарыБатыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді.

Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасы н тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады.

Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік,өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ежелгі үнді философияның мектептері, олардың бірлігі мен ерекшеліктері | Батыс Европаның ортағасырлық философиясы. Христиандықтың діни негіздері және идеялары.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1174 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2279 - | 2111 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.