Философияның пәні және оның негізгі мәселелері және функциялары. Қазіргі замандағы қоғамдағы рөлі.
«Философия» ұғымы «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. Философия атауын тарихқа алғаш қолданған Пифогор болды. Б.з.б. 1мж ортасында бір-біріне байланыссыз, дербес, тәуелсіз түрде ежелгі Үндіде, ежелгі Қытайда, ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақтада ф. – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда ф. Даналық-дәстүрлі өмірсалт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидаларын әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындылықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан табиғиды жасандыдан ажырату қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұсыну талпыныстары алдымен алғыфилософияға содан соң ф-ға әкелді. Функциялары:. Дүние көзқарасты - дүние туралы тұтас түсініктің - дүние құрылымы, заңдылықтары, ондағы адам орны, қоршаған ортамен қарым қатынас қағидалары туралы тұтас пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Методологиялық – ф. Қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды. Теориялық – концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді. Гносеологиялы қ – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды көздейді. Аксиологиялық – қоршаған дүниедегі құндылықтарды, заттарды бағалап келіп, барлық бағалы, құнды пайдалыны өткізіп, барлық ескі қажетсіз кедергілерді ұстап қалатын сүзгі рөлін атқарады. әлеуметтік – қоғамды, оның пайда болуын, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күштерін зерттеп, ішкі қайшылықтарын ашып, оларды жою немесе жетілдіру жоларын нұсқайды. Сыни – қоршаған дүниені және білім атаулыны күмән «елегінен» өткізу, оның жаңа белгілерін, сипатын іздеу, қайшылықтарын ашу. Бұл функцияның түпкі міндеті - таным көкжиегін кеңейтіп, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгеуін жоғарылату. Болжамдық – қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге таным жетістіктеріне сүйене отырып материяның, сананың, таным процестерінің, адамның табиғат пен қоғамның даму тенденцияларына болжам жасайды.
Аңыз, дін, өнер, философия, ғылым олардың жалпы және ортақ ерекшеліктері. Философиялық білімнің құрылымы.
Негізгі бөлімдері: онтология (болмыс туралы ілім), гносеология (таным), антропология (адам), аксиология (құндылық), этика (мораль), логика (ойлау), эстетика (сұлулықтың заңдары).
Мифология - гректің «миф» - «аңыз» сөзінен шыққан. Қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фаистикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы. Миф жауап беретін негізгі сұрақтар: әлемнің, жердің, адамның жаратылуы. Табиғи құбылыстар туралы түсінік. Адам өмірі мен тағдыры, өлімі, әрекеті жетістіктері туралы. Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.
Дін – (латынның «религия» - «құдайшылдық» сөзінен) – сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру. Негізіг сұрақтарға жауап береді: әлемнің, жердің, жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы. Табиғи құбылыстарға түсінік. Адам әрекеті мен тағдыры. Адамгершілік мәселесі. Қарым-қатынас мәселесі. Кең тараған ұлттық діндер: синтоизм, индуизм, иудаизм. Негізгі әлемдік діндер: буддизм, христиандық, ислам.
Философия – дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы: 1. Нақты ұғымдар мен категориялардан құралады. 2. қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді.3. рефлексивті (ойдын өз-өзіне бағытталуы) 4. қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді.)Осылайша ф. – рационалдылықпен, жүйелілікпен, қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.
Ежелгі үнді философияның мектептері, олардың бірлігі мен ерекшеліктері
Ведалык ортодоксалды
мектептер:. 1. Веданта (б.д.д. ГУ-П г.)-Вьяса. Бадараяна
2. Вайшешика (б.д.д.У1-У г.)-Кананда
3. Миманса (бд.д. VI г.)-Джаймини
4. Санкхья (б.д.д.У1 г.)-Каотша
5. Ньяя (бд.д. III г.)-Готам
6.Йога (б.д.д П г.)-Патанджали