Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын айқындаңыз?

Философия ғылымының негізгі мәселесінің мәнін ашып көрсетіңіз

Философияның негізгі мәселелері
Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?

— Бізді қоршаған дүние таныла ма?

— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.

Философиядағы сара бағыттар

Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады

 

Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама

Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын айқындаңыз?

Философия ғылымы туралы айтпастан бұрын, әуелі философияның не екендігін анықтап алуымыз қажет, өйткені бұл сауалдың өзі – философиялық мәселе. «Философия дегеніміз не?» деген сауал философия арнайы ғылым ретінде қалыптасқан сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін ғылыми дискурс аймағында өзекті түрде талқыланатын тақырыптардың бірі.

Философия – ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі. Ғылым болып табылатын себебі, арнайы ғылыми әдіснамалары мен әдістерінің болуы, осы ғылым тарихының арнайы қалыптасуы, теорияларын дәйектеуді және дәлелдеуді қажет ететіндігі т.б. болса, қоғамдық сананың формасы ретінде қабылдануы – қоғамның әрбір мүшесінің белгілі бір деңгейде кәсіби емес түрде болса да философиялық пайымдауларды бастан өткізетіндігінен-ақ анық байқалады, тіпті философиялық ой ойламайтын, ойламаған адам болмайды. Осы орайда, философиялық ой адам санасының ажырамас қасиетіне айналады. Сондықтан ол жалпы қоғамдық көпшілік сананың деңгейінде қарапайым формада болса да үнемі қылаң беріп отырады.

Бұдан оның дүниеге көзқарастық қыры ашылады. Философия мен философиялық ой өзінің объектісі болып саналатын дүние, әлем мен адам хақында белгілі бір деңгейде қажетті мағлұматтар мен ақпараттар тасқынын бере алады. Екіншіден, бұл үрдіс кезінде адам мен дүние толықтай қатысып, адамның шексіз танымының бір саласын құрайды. Ал өнер ретіндегі қыры – кең шығармашылық ойлауды қажет ететіндігі, өткенін жоққа шығармайтындығы, объектілерін зерделеу барысында мәселелердің бастапқы күйінен тамыр тартып қозғала беретіндігі т.б. Мәселен, әдебиеттегі махаббат, достық, ана сияқты тақырыптар мәңгілік болса, философиядағы субстанция, рух,



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Рост научного знания. Научные революции и смены типов рациональности. | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 665 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2601 - | 2278 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.