Лекции.Орг


Поиск:




Ткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды.: ( Ом*м) SI.

6.Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарылағанда кедергісі іс жүзінде өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды дәл эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады.Қыздырғанда кедергінің өсу себебі, өткізгіштің температурасы артқанда кристалдық тордың түйіндеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде электрондар иондар мен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады: R = R0 (1+  t)

Бұдан:;  - кедергінің температуралық коэффициенті.

Көптеген тәжірибелер барлық металдар үшін  екенін көрсетеді. Химиялық таза металдар үшін К -1 Асқын өткізгіштік деп таза металдар (мырыш,алюминий,қалайы, сынап, қорғасын, және т.б.) мен бірқатар қоспалар кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

7. Тізбектей жалғау: Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері бірдей, тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: I = I1= I2=......= In, I= const

                                                                                    U= U1 + U2+-----+Un

                                                                                     R = R1+R2+------+Rn

Параллель жалғау: Өткізгіштерді параллель  жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей, жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, ал жалпы кедергі кемиді:                                                                       U=U1= U2= --- =Un, U= const

                                                                                   I = I1+ I2 + --- + In

                                                                                   

8.Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы. Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшемі ток жұмысының, яғни зарядтар орын ауыстырғандағы өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмыстын шамасы болып табылады.

                U = A/q  ; A = qU;  q = It; A = IUt      1Дж = 1А*1В*1с

Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы бойынша: I= U/R U= IR; А= I2*R *t; A = U2/R * t

Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.

Олай болса: P = A/t = I*U Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек. Сонымен қатар тоқтың қуаты үшін мына өрнектерді алуға болады: P = U2 / R және P = I2R   1Вт = 1А*1В; 1Вт = 1Дж/с; 1Дж = 1Вт*с

Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды.Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр есептеуіш деп аталады. Ток жұмысының бірлігі 1 кВт*сағ,                              1кВт*сағ= 3.6*106Дж.

Джоуль-Ленц заңы: Өткізгіш бойымен ток өткенде өткізгіш қызып, электр энергиясы ішкі энергияға айналады. Бұл металдардағы еркін электрондар электр өрісі әрекетінен орын ауыстырғанда кристалдық тор түйіндерінде орналасқан иондармен соқтығысып және оларға өз энергиясының бір бөлігін беруімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде иондар үлкен жылдамдықпен тербеле бастайды, өткізгіштің ішкі энергиясы артады және оның температурасы көтеріледі.Тізбекті тұйықтап, ондағы ток күшін біртіндеп арттырып, егер әр өткізгіштің кедергілері әр түрлі болса,тізбектей жалғау кезінде өкізгіште ток бірдей болады, ал өткізгіштерде бөлінетін жылу мөлшері әр түрлі.Бұл тәжірибеден өткізгіштердің жылуы олардың кедергілеріне тәуелді болады деген ұғым шығады.Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы ДЖ.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Ленц зерттеді.Олар бір-біріне тәуелсіз Джоуль-Ленц заңы аталатын заңды тағайындады: «Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура

пропорционалболады.»     Q= I2Rt

9.Электр тогының химиялық әрекеті: Токтың өткізгіш арқылы өтуі әрқашан оның әрекетімен қатар жүреді.Олар: жылулық, химиялық және магниттік. Токтың кез келген әрекетінде электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне түрленуі болады. Токтың химиялық әрекеті әрқашан сұйық өткізгіштерде – электролиттерде бақыланады. «Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері,сонымен қоса тұздардың балқымалары электролиттер деп аталады.» Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.Көптеген заттардың молекулалары өзара тарту күшімен біріккен оң және теріс иондардан тұрады.

Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.Суда иондар арасындағы өзара тарту күші азаяды.Молекула иондарға ыдырайды.Бұл процесс электролиттік диссоциация деп аталады.

Әдетте, электролиттерде әр аттас иондардың молекулаға бірігуі сияқты кері процесс те жүреді.Бұл процесс рекомбинация деп аталады. Ерітіндіде  диссоциация мен рекомбинация бірін – бірі теңестіріп тұрады. Электр өрісі жоқ ерітіндідегі иондар ретсіз қозғалады. Егер электролитке қандай да бір потенциалдар айырымы бар екі электродты (катод – теріс зарядталған, анод – оң зарядталған) енгізсе, онда зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы пайда болады. оң иондар қатодқа қарай, теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Ендеше, электролиттердегі зарядтарды тасымалдаушылар оң және теріс иондар болып табылады. Электролиттердегі электр тогы дегеніміз - оң және теріс иондардың қарама –қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы. Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады. Электролиз заңы: Сонымен, тұз, қышқыл және сілті ерітінділері арқылы ток өткенде электродтарда зат бөліну құбылысы электролиз деп аталады.Әр түрлі электролиттерден түрліше токтарды өткізіп және соның барасында электродта бөлінген зат массасын нақты өлшей отырып ағылшын физигі М. Фарадей 1832 жылы эксперимент  жүзінде мынадай заңдылықты ашты:

«Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал.» Бұл заң Фарадей заңы деп аталады:   m = kq; m=kIt  

m- бөлініп шыққан заттың массасы.

k- берілген заттың электрохимиялық эквиваленті: k= m /q (кг/Кл)

q- электролит арқылы өткен заряд. 

«Заттың электрохимиялық эквивалентінің сан мәні электролит арқылы 1Кл заряд өткенде электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең.» k= m /q (кг/Кл)

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тұрақты электр тогы. | Электромагниттік құбылыстар.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 576 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

620 - | 565 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.