1. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
-- Электр зарядтарын тасымалдаушылары еркін қозғалатын жағдайда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады.
-- Электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті.
-- Электр тогы ұзақ сақталуы үшін электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті, яғни ток көзі керек.
Тоқтың негізгі әрекеті: 1. Тоқтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. 2.Тоқтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітінділерге батырылған металл өткізгіш бойымен ток өткенде ерітіндінің құрамына енетін заттар бөлінеді. 3.Тоқтың магниттік әрекеті. Бойымен ток жүргенде өткізгіш магниттік қасиеттерге ие болады. 4.Токтың физиологиялық әрекеті. Жануарлар бойымен ток өткенде бұлшық еттердің жиырылуын тудырады.
Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды. Сонымен зарядтарды бөлу дегеніміз – бөгде күштердің кулондық күштерге қарсы атқарған жұмыс процесі.Бұл кезде әр аттас зарядтар тұрған нүктелердің арасында потенциалдар айырымы туады, яғни электр өрісі пайда болады.ЭҚК – бөгде күш деп атайды.
Осы бөгде күштердің әрекеті ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын электр қозғаушы күші (ЭҚК) деп бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы айтады:
б / q
1 В = 1Дж /Кл
2.Ток күші. Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Ампер болды.Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. Көлденең қимасының ауданы өткізгіште электр өрісінің әсерінен еркін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан, өткізгіш бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді.
«Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.» I = q / t; 1А = 1Кл / 1с
1Ампер – вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрді ток күші өлшенілетін құралмен тізбектеп қосады.
3.Электр кернеу. Ток көзінде пайда болатын электр өрісінің әрекетінен зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы,яғни электр тогы пайда болады. Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын токтың жұмысы деп атайды. Тізбектің бөліктері үшін бұл жұмыс әр түрлі болғанымен, сол бөліктерден өтетін зарядтардың шамасына тура пропорционал. Тізбектің берілген бөлігіндегі заряд бірлігінің орын ауыстыруы үшін токтың атқарған жқмысын анықтайтын шаманы осы бөліктің электр кернеу деп атайды.
«Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады. U= A / q; 1В= 1Дж / 1Кл
Егер өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда 1 Дж – ге тең жұмыс істелсе, онда тізбек бөлігіндегі электр кернеуі 1 В – қа тең болады. Өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшеуге арналған құралды вольтметр деп атайды. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Ток көзі ішкі тізбекке, ал барлық қалған бөлігі сыртқы тізбекке жатады.
4. Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы. Кедергі. Ток күшінің қандай шамаға тәуелді және қалай тәуелді екенін тәжірибеден қарастырсақ одан алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін нәтижелердің математикалық өрнегін былай жазуға болады: I =
Мұндағы
- пропорционалдық коэффициент. Тәжірибе
шамасының өткізгіштің қасиеттеріне ғана тәуелді екенін көрсетеді. Тізбек бойымен өтетін тоққа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шамасын кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Г. Ом ашты.
«Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.» I =
; R =
1 Ом = 1В / 1А
Кедергінің 1Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1В болғанда бойымен 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылдаған. Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін реостаттар қолданылады. Олар реттегіш және іске қосқыш болып бөлінеді. Кедергі өзгергенде тізбектегі ток күшін біртіндеп өзгерту үшін реостат қолданылады.
5. Меншікті кедергі. Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзыдығына тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатынын айтады. R =
;
- меншікті кедергі.
1. Бұдан, өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына тура пропорционалдығы шығады R 
2. Өткізгіштің көлденең қимасының ауданы үлкен болғанда оның кедергісінің азаятынын білдіреді. R 
3. Ө ткізгіш материалының электрлік қасиеттерін сипаттайтын шаманы
- белгілейді. Онда өткізгіш кедергісінің оның материалына тәуелділігі былай өрнектеледі; R 






