Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басқа елдеродің Мысырдың, шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.
Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары әл-Мансур, парун ар-рашид әл-мамундар (VIII-IX ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. Парун ар Рашид даналық үйі (“Байт әл-хикма”) деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.
Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының эәне Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.
Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.
Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді,.қазіргі кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте ертеде ойлап тапқан болатын. қазіргі математикада қолданып жүрген араб цифрлары – үнді математиктерінің жетістігі.
Бағдат обсерваториясы мен!Даналық үйінің! ғылыми жұмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мұхаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.
Бұлардың ішінен теңдесі жоқ ұлы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол – “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Әбу Нәсір өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің “Метафизикасын” қырық, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің “Категория”, “Бірінші және екінші Аналитика” сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Өзі де “Кемеңгерлік меруерті”, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселенің түп мазмұны”, “Ғыылмдардың шығуы” тағы басқа трактаттар жазған.
Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.
Америкадағы Паттсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидіңас үлкен, әрі терең мағыналы “Әуездің үлкен кітабы” атты трактатын француз тіліне аударған.
ІХ ғасырда Хорезм қаласында математика Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми өмір сүрді. Ол арфиметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап “Китаб әл-Джебр” деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды.
973-1048 жылдары ұлы астроном, тарихшы, географ Бируин өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының тұрған орындарын анықтауға көмектеметін астролеия аспабын жасады. Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің ұзындығының шамасын анықтады.
Сонымен, араб ғылымының жаратылыстану ғылымдары тарихындағы алатын орыны ерекше, олар ғылым эстафетасын ежелгі гренктерден алып, оны бірнеше ғасырлардан кейін Европаға берді.
Антикалық ғылым
Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.ғ. VII-VI ғасырлардан басталды делінеді.
Яғни б.э. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колониялары. Жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда ақша қатынастары жылдам дами бастады, құл иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.
Құл иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді
Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.
Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады
Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.
Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы дамиды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттардың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от - өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа – сегіз жақты көпбұрыш тағы басқалар).
Антикалық дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Ол грек философиясы ғұрыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды
Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі – атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи құбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.
Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы түсіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.
Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Демокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.
Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан құралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін ұсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.
Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байланысты болды. Бұл программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи құбылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.
Гректердің жаратылыстануы абстрактылы – түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.
Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
XVI-XVIIғасырлардағы ғылыми революциялар және классикалық ғылымның дамуы
Классикалық ғылымының ерекшеліктері
Ғылымдағы жаңалықтар
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары