Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Заттарды массасы бойынша салыстыру

Заттарды санау

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқша-лармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

       он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары;

       заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша;

       интерактивті тақта.

Тірек сөздер

қанша? (неше?); cанау;

сан;

саны.

Сабақтың мақсаты:

Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шегараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда есептік сан есімдер қолда-нылады. Есептік сан есімдер — “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады. Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы оқушылардың бір-бірімен және мектеппен алғашқы таныстығы туралы сөйлесіңіз. Ол үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Терезенің жанында қанша бала отыр?

— Сенің алдыңда қанша бала отыр?

 

— Сенің артыңда қанша бала отыр?

 

— Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?

 

— Ал мұғаліммен бірге ше?

 

Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау дағдысын анықтап, 10-ға дейін санау дағдыcын бекітіңіз.

 

Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұ-руын ұсыныңыз. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды сұраңыз. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама-қарсы бір қатарға тұруын ұсыныңыз (бұл жағдайда оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға сыныптағы ұлдарды санауды ұсыныңыз.

 

Оқушылардан мыналарды сұраңыз:

 

— Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, неге?

 

— Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру мүмкін.)

 

Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң қолмен ұстауға болатын деректі заттарды са-натыңыз. Мынадай сұрақтар қоюыңызға болады:

 

— Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті) мектеп сөмкесі бар?

 

Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмке-сі бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т.с.с.

 

— Ақ түсті гүл саны қанша?

 

— Сыныпта қанша парта бар?

 

— Сынып бөлмесінде қанша орындық бар?

 

Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды санау керектігін түсіндіріңіз. Олардың назарын заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударыңыз: “бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”.

 

Оқушылардан кез келген заттарды санағанда барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын ойлап, жауап беруін сұраңыз. Заттарды санау әрқашан “бір” санынан басталатынын және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға әкеліңіз.

 

Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатыңыз:

 

— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.)

 

— Алақандарыңды төрт рет соғыңдар.

 

— Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.

 

— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т.с.с.Суретке қара, сана. Тапсырманы жалпы сынып-қа орындатыңыз.

Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраңыз.

Жауабы:

екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсыныңыз. Оларға бір-біріне алма-кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды санатыңыз. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаңыз.

Жауабы:

дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі түсті қарындаш — 10 дана.

Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адам-нан топтарға бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір-біріне қоюды ұсыныңыз.

 

Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындау-ды ұйымдастырыңыз. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс. Тапсырма оқушылардың санау дағды-cын бекітеді. Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда ол өзінің жұбын көмек-ке шақырады немесе оның қарындашының саны 10-нан артық екенін айтады.

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.

Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.

Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттің

астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.

Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.

Жауабы:

5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.

Бағалау

 

Оқушылар сабақ соңында:

 

он көлемінде санауды;

заттардың саны мен сандар арасындағы сәй-кестікті табуды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін

 

мынадай сұрақтарды қойыңыз:

— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)

— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетіңіз.)

 

— Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.

 

             


 

 

Сабақ тақырыбы:

Реттік санау

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

• натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

• заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

түрлі түсті қарындаштар;

санауға арналған материалдар (10 заттан тұратын жинақ).

Тірек сөздер

реттік санау; нешінші?

Сабақтың мақсаты:

Сандық және реттік сан есімдерді қолданып, заттарды орналасу ретімен реттік санау бойынша санау дағдысын дамыту; реттік және сандық санауды айыра білу дағдысын бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

 

Реттік сан есім — бұл заттарды санау кезінде олардың ретін көрсететін сан есімдер класы. Оқушылар сандық санау туралы түсінікті бекітеді және он көлеміндегі заттарды реттік санау арқылы осы дағдыны қалыптастырады. Олар алғашқы ондық көлемінде сандарды орналасу реті бойынша атауға үйренеді. Реттік сан есімдерді қолданады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы.Сабақ заттарды сандық санауды қайталаудан бастаған мақсатқа сай келеді. Оқушылардың білімін қайталата отырып, заттарды сандық санай білу арқылы реттік санай білуді түсіндіруге болады. Оқушылармен он көлемінде тура және кері ретпен

санауды қайталаңыз.

 

Кіріспе тапсырма. Он оқушыны тақтаға ша-қырып, оларға бір қатарға тұруды ұсыныңыз. Қал-ған оқушыларға оларды санатыңыз. “Бір, екі, үш … он” деп санауды сұраңыз. Енді оқушыларды солдан оңға қарай санауды ұсыныңыз. “Кім бірінші тұр? (оқушының атын атап) санау бойынша нешінші болады? (ең соңғы тұрған оқушының атын атап) санау бойынша нешінші тұр?” — деп сұраңыз.

Барлық оқушыларды ретімен санауды сұраңыз: “Бірінші, екінші, үшінші, …, оныншы”. Оқушылардан “Мына сөз тіркестерінде айырмашылық бар ма?” деп сұраңыз: “Он оқушы” және “Оныншы оқушы”. “Біз соңғы жағдайда реттік санауды қолдандық, яғни ретімен санадық”. Жаңа тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітіңіз.

 

Оқушылардан Айжанға кітапханадан кітап алуы-на көмектесуін сұраңыз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ескертіңіз және қыздың сөреден неше кітап алғанын анықтатыңыз. Тақырыпты бекіту үшін қыздың іс-әрекетін көрсетіңіз. Оқушылардың назарын “бес кітап” және “бесінші кітап” деген ұғымдарға аудары-ңыз. Кітаптарды ретімен санап, (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші кітап) реттік санауды жүргіземіз. Оқушыларға заттарды реттік санау мен сандық са-наудың айырмашылығын түсінуге көмектесіңіз. Қол-данылып отырған сандарды салыстыра отырып, “не-шінші?” және “қанша?” сұрақтары арқылы “реттік”

және “сандық” санаудың айырмашылығын түсіндіріңіз.

 

Көңілді клоундар. Тапсырма заттардың реттік

 

санау түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Сынып-пен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, ондағы клоундардың аттарын оқып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылар тапсырманы орындау барысында заттарды реттік санау санақ басына байланысты болатынын түсініп қорытынды жасайды (санау солдан немесе оңнан, жоғарыдан немесе төменнен, т.с.с.). Тапсырманы орындап болған соң, топпен тексеру жұмысын өткізіңіз.

 

Жауабы:

 

       Сопақ;

       Екінші;

       Бесінші;

       Сөлпек;

       Бармақ. Бірінші.

 

Шығарып көр. Тапсырма реттік сандарды сөйлеуде қолдану дағдысын дамытады. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылардан “Өз үйле-ріңнің мекенжайын білесіңдер ме?” деп сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оларға өз үйінің немесе пәтерінің нөмірін айтқанда реттік санауды қолданатынына назар аудартыңыз. Оқушыларға бір-біріне қай үйде, қай қабатта, қай пәтерде тұратыны туралы айтқызыңыз. Жағдайға байланыс-ты сөйлеуде реттік сандарды дұрыс пайдалануға көмектесіңіз. Одан кейін суреттегі кейіпкерлер қай қабатта тұратынын табуды ұсыныңыз. Сұрақ-тар ойлап, оны бір-біріне қойғызыңыз. Сұрақтар мынадай болуы мүмкін: “Киініп далаға шықпақшы болып тұрған ұл бала қай қабатта тұрады?”, “Телефонмен сөйлесіп тұрған қыз бала қай қабатта тұрады?” және т.с.с.

 

Жауабы:

 

       Алтыншы қабатта;

       Оныншы;

       Бірінші және оныншы қабатта;

       Тотықұс.

Орындап көр. Оқушыларға бірінші партаданбастап санауды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта жұмыс істей алады: біреуі тура ретпен санайды, екіншісі кері ретпен санайды.

 

Ойлан. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетінреттік санауға байланысты жағдайларды естеріне түсіріп, мысалдар келтіреді.

 

Сабақты қорытындылау

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Санау дағдысын игеруге жаттықтырыңыз. Ол үшін реттік сандарды қолданып, бірінші, екінші, үшінші т.с.с. ретпен және де керісінше — оныншы, тоғызыншы, сегізінші т.с.с. санатыңыз. Тірек сөздер-ді дауыстап айтқызыңыз. “Сөздер тақтасына” жа-зылған тірек сөздері бар парақшаларды іліңіз.

Дұрыстап санап көр. Берілген тапсырма зат-тарды санау кезінде сандық санау мен реттік са-наудың айырмашылығын ажыратуды жаттықтыруға бағытталған. Оқушылар өз беттерінше қанша затты бір қарындашпен бояу керектігін және нешінші затты басқа қарындашпен қоршап сызу керектігін анықтауы тиіс.

Жарыс. Тапсырма заттың реттік нөмірінанықтай білу дағдысын бекітуге және реттік сан-дармен сәйкестендіруге бағытталған. Оқушылар спортшылардың қандай ретпен жүгіріп келе жатқа-нын анықтап, оларды қандай реттік нөмірмен жалғастыру керектігін табуы тиіс. Нөмірлеу реті мәреден бастап анықталады. Тапсырманы диффе-ренциациялау үшін балалардың аттарын олардың суреттерінің астына жазуды ұсыныңыз.

Жауабы:

бірінші — Әнуар; екінші — Әлiмхан; үшінші — Мансұр; төртінші — Ілияс; бесінші — Данияр;

 

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттардыорналасуретінеқарайреттіксандардықолданыпсанауды: бірінші, екінші, үшінші …;

заттың реттік нөмірін анықтауды;

реттік санауды сандық санаудан айыра білуді

меңгереді.

Оқушылардың сабақтың тақырыбын қаншалық-ты меңгергенін бағалау үшін, олардан мына сұрақ-тарға жауап беруін немесе тапсырманы орындауды сұраңыз:

— 1-ден 10-ға дейін реттік нөмірмен санау;

— 10-нан 1-ге дейін реттік нөмірмен санау;

— Сендер қалай ойлайсыңдар? “Үш үй” мен “үшінші үй” деген сөз тіркестеріндегі айырмашылық қандай?

— Бүгін сендерде неше сабақ болады?

— Кесте бойынша қай сабақ ең соңында болады? Оның реттік нөмірі нешінші?

— Асханада он бала кезекте тұр деп елестетің-дер. Марат кезектің басынан санағанда бесінші тұр. Кезектің соңынан санағанда Мараттың нешінші тұрғанын сана (алтыншы).

Оқушылардыңбергенжауаптарынақарап, са-бақтағытақырыптымеңгерудеңгейінбағалаңыз.

Оқушыларғаөзініңсабақтағыжұмысынжұмысдәптеріндегі “Жетістікбаспалдағы” бойыншаба-ғалаудысұраңыз.

 

             


 

Сабақ тақырыбы:

Сандарды салыстыру

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

           

бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды       “+”, “–”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

әр оқушының уысы толғанша алуға болатындай үрмебұршақ салынған қапшық;

 

ламинатталған беттер;

маркерлер.

Тірек сөздер

тең;

сонша; тең емес.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сандарды салыстыру үшін жиын-дардың элементтерінен жұптар құрастыру тәсілін қолдануға үйрету; екі жиынның элементтерінің сандарын теңестіру тәсілдерін іздеу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Сандарды салыстырғанда элементтер жұбын құрастыру тәсілі — бірінші жиынның бір элементіне екінші жиынның бір элементін сәйкестендіру арқылы салыстыру тәсілі жүргізіледі. Жұпсыз қалған элементтің саны, бір санның екіншісінен артық немесе кем екенін көрсетеді. Егер екі жиынның барлық элементтері жұптар құрастырса, онда сандар тең деген сөз. Оқушыларға дифференциация үшін екі жиынның элементтері санын теңестіруге арналған жұптар құрастыруға тапсырма беріледі. Берілген сабақ оқушыларды сандарды айырмалық салыстыруды түсінуге даярлайды.

Кіріспетапсырма. Сабақтыжұппенжұмысжасауданбастаңыз. Барлықоқушыларғақапшықтанбір-біруыстанбұршақалудысұраңыз. Оларғаалғанбұршақтарыныңсанынсалыстыруүшінүстелдіңүстінекезекпенбір-бірдентізіпқоюдыұсыны-ңыз. Құрастырылғанжұптардыбөлекалыпқоюдыескертіңіз. Салыстырудыоқушылардыңбіреуіндегібұршақбіткеншежалғастырудыұсыныңыз (немесеекеуіндедебірдейбіткенше). Оларданжұптарқұрастыруүшінбарлығындабұршақтаржеткіліктілігінсұраңыз. Егероқушылардыңбұршақтарыбірдейбітсе, ондаоларданбұлненібілдіретінінсұраңыз. Оқушылардыңжауаптарынтыңдап, екітоптағызаттарсанытеңдегенқорытындыжасауғажетелеңіз. Салыстырунәтижесінбекітукезінде “сонша” дегенсөзұғымыненгізіңіз. Жаңатақырыптытүсіндірукезіндеоқулықтағыиллюстрациялардыпайдаланыңыз. Төрталмаментөртжидектісаныбойыншасалыстырыңыз. Оқушыларғамынадайсұрақтарқойыңыз:— Қаншаалма?

 

— Қанша жидек?

 

— Неше жұп құрастыруға болады?

 

— Жидек қанша болса, алма сонша ма?

 

— Егер барлық алма мен жидектің саны бірдей болса, онда олардың санын көрсететін сандарды тең деп айтуға бола ма? Сендер қалай ойлайсыңдар?

 

Оқушыларды барлық заттардан жұптар құрал-са, онда олардың саны тең деген қорытындыға жетелеңіз. Егер жұп құрағанда барлық заттардан жұп құрауға болмаса, онда сандар тең емес деген сөз. Сабақтың тақырыбын оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындатып бекітіңіз.

Суреттегі заттар қатарын салыстыр. Сынып-пен жалпы жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар оқулықтағы иллюстрациялар бойынша топтарды салыстырып, тапсырмадағы қай зат қанша болса, сонша екенін анықтап, сұрақтарға жауап берулері тиіс. Оқушыларға салыстыру нәтижесін тірек сөздер көмегімен айтуды сұраңыз. Әңгіме барысында мына сұрақтарды қоюға болады:

— Неше қаламсап? Неше қарындаш?

— Егер оларды саны бойынша салыстырса, неше жұп құрастыруға болады?

— Неше зат жұпсыз қалады?

— Біз қанша қаламсап болса, сонша ұштағыш бар деп айта аламыз ба? Неліктен?

— Осы заттардың санын көрсететін сандар тең бе?

Берілген иллюстрациядағы басқа заттармен де осындай жұмыс жүргізіңіз.

Жауабы:

қанша ұштағыш болса, сонша өшіргіш бар.

Дәмхана. Берілген тапсырманы топпен орын-дауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға суретке қарап, заттардың санын санауды және салыстыруды сұраңыз. Оқушыларға салыстырудың нәтижесі бойынша қайсысы тең, ал қайсысы тең емес екені туралы қорытынды жасатыңыз. Салыстыру нәти-жесін “=” немесе “≠” белгілерін қолданып, ла-минатталған қағазда жазғызып орындатыңыз. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Суретте қанша үстел салынғанын санаңдар.

— Үстел қанша? (қоқыс салатын жәшіктер, ве-лосипедтер, балалар, автомобильдер, тұрақтағы орындар, ағаштар).

Оқушылардың назарын заттардың санының сан-мен өрнектелетініне аударыңыз: “Орындықтардың саны үшеу, оны 3 деген санмен жазамыз. Дәмханаға келген адамдар саны — 7. 3 ≠ 7 екенін салыстыруға болады”.

Одан әрі оқушылар салыстыруды тапсырма мә-тініндегі сұрақтар бойынша орындайды. Тапсыр-маны орындап болған соң топтар өз жұмыстары-ның презентациясын сынып оқушылары алдында қорғайды.

Жауабы:

ағаштар саны бұталар санымен тең; орындықтар саны дәмханаға келген адамдар санымен тең.

 

 

Сабақты қорытындылау

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Оқушылар тірек сөздердің айтылуын есте сақтауы және сандарды салыстыру дағдыларын бекіту үшін ойын-жаттығуын өткізіңіз. Олардың біреуін тақтаға шақырып, суретті парақшалардың екеуін таңдауды ұсыныңыз. Екі парақшадағы заттардың саны тең болу үшін біреуіндегі заттың нешеуін өшіру керектігін немесе неше заттың суретін салу керектігін анықтатыңыз. Содан кейін ойынға қатысушы “тең”, “тең емес” және “сонша” деген тірек сөздерді айтады. Ол дұрыс шығарса және сынып онымен келіссе, барлық оқушылар хормен осы сөздерді қайталайды.

Фигуралардан жұп құрастыр. Оқушылар заттардың екі тобын жалғастырып, фигуралар жұптарын құрастыруы керек. Одан кейін оларды салыстырып, салыстыру нәтижесін суреттердің астына мына белгілерді “=” немесе “≠” пайдаланып жазулары тиіс.

Жауабы:

а) 6 ≠ 3; ә) 5 ≠ 7; б) 4 ≠ 10.

Түсіп қалған сандарды қой. Оқушылар бе-рілген тапсырма бойынша құмырадағы гүлдердің саны тең болатындай етіп суретті өзгертуі тиіс. Олар бір құмырадағы гүлдерді екінші құмырадағы гүлдердің санына тең болатындай етіп толықтырып салады. Немесе олар бір құмырадағы гүлдердің санын екіншідегімен теңестіру үшін бірнешеуін сызып тастайды.

Жауабы:

бірінші құмыраға 4 гүлді толықтырып салуға немесе екінші құмырадағы 4 гүлді сызып тастауларына да болады.

Шаршының саны қанша болса, дөңгелектің де саны сонша болатындай етіп суретті толықтыр.

Оқушыларға салыстыру үшін екі шаршы мен бір дөңгелек ұсынылған. Олардың санын теңестіру үшін оқушылар 1 дөңгелекті толықтырып салу керек.

Ағаштардағы құстар саны тең болатындай етіп суретті аяқтап сал. Оқушылар екі ағаштағы

құстар саны тең болатындай етіп, қай ағаштағы құстарды толықтыру керектігін өз беттерінше табуы керек.

Жауабы:

екінші ағашқа бір құсты толықтырып салу керек.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

— жұптар құрастыру арқылы сандарды салыс-тыруды;

— “=”, “≠” белгілерінің көмегімен салыстырудың нәтижесін өрнектей білуді;

— екі топтағы заттардың санын теңестіре білуді меңгереді.

Сабақты қалай меңгергенін тексеру үшін, келесі сұрақтарды қойыңыз:

— Сыныптасыңдағы және сендегі қаламдар са-нын салыстыр. Тең бе, әлде тең емес пе? Неге?

— Екі оқушыдағы қаламдар саны тең болу үшін оқушылардың біреуі тағы неше қалам қосып алуы керек?

— Екі оқушыдағы қаламдар саны тең болу үшін оқушылардың біреуі неше қаламды алып тастауы керек?

— Төрт дөңгелек пен алты жұлдызшаның суреті салынған. Олардың саны тең бе, әлде тең емес пе? Салыстыр.

— Қандай тәсілмен дөңгелек пен жұлдызшалар санын теңестіруге болады? (Екі дөңгелек салып толықтыру немесе екі жұлдызшаны өшіріп тастау.)

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.

 

           


 

 

Сабақ тақырыбы:

Сандық сәуле

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

 

сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

оқулықтағы үлгіге сәйкес нүктелері бар па-рақшалар;

домино тастарының топтамасы;

жіп;

1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар топтамасы.

Тірек сөздер

сандық сәуле; алдыңғы сан; келесі сан.

Сабақтың мақсаты:

Натурал сандар қатарындағы санның орнын табу және санап үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Сабақта сандық сәуле ұғымын енгізу, оқушыларға сандардың сандық сәуледе рет-ретімен орна-ласатынын және арақашықтықтары бірдей болаты-нын түсіндіру көзделеді.

 

Натурал сандар қатарындағы әр санның өзіне сәйкес орны бар. Алдыңғы сан — натурал сандар қатарындағы берілген санның алдындағы сан. Келесі сан — натурал сандар қатарындағы берілген саннан кейінгі сан.

 

 

Сабақ басында оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды, мысалы, 3-тен 8-ге дейін, 9-дан 4-ке дейін санау және т.с.с.; өз қатарында отырған оқушы санын санау; кім бірінші отыр, кім үшінші, бесінші отырғанын атау және т.с.с. ұсыныңыз. Соңғы партадан бастап санағанда, кім бесінші, кім үшінші екенін анықтауды ұсыныңыз.

 

Сабаққа қажетті жіп пен қыстырғыштарды дайындап алыңыз. Жіпті сынып бөлмесіне бір қабыр-ғадан екінші қабырғаға дейін жететіндей етіп керіңіз. Жіп байланған қабырғадан белгілі бір жерге дейінгі қашықтыққа қыстырғыштың көмегімен “1” саны жазылған парақшаны қыстырыңыз. “Әрі қарай қандай сан болуы тиіс?” — деп сұраңыз. Сәйкес сандарыбар парақшаларды біртіндеп қыстырыңыз. Бұлардан кейін тұратын сандар жазылған парақшаларды осылайша ретімен орналастыруға болатынын ай-тыңыз. Сөйтіп, сандық сәулені құрастырыңыз.

Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға сабақтың басында жіптен жасалған түзудің бөлігін оқулықта суреті берілген түзумен салыстыруды ұсыныңыз және “Қандай сандар түсіп қалған?” деген сұраққа жауап беруін сұраңыз.

 

Жауабы:

2, 5, 7.

Қанша сан түсіп қалған? Оқушыларға тап-сырманы өз беттерінше орындауға мүмкіндік беріңіз. Содан кейін жауабын сұраңыз. Олардан ондай жауапты қалай алғанын түсіндіруді сұраңыз.

Сандарды ата.

Жауабы:

2 саны үшін: алдыңғы сан — 1; келесі сан — 3; 5 саны үшін: алдыңғы сан — 4; келесі сан — 6.

 

 

Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жұмыс жа-сай отырып, суретке қарауды ұсыныңыз. Оқушылар-дан “Аю бал құмыраларын дұрыс қойған ба?” деп сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын айтулары ке-рек. Талқылау барысында олар құмыралар дұ-рыс емес қойылған деген қорытынды жасайды және біріншіден жетінші құмыраға дейін немесе кері ретпен жетіншіден бірінші құмыраға дейін орналастырулары керек. “Барлық құмыра ретімен тұру үшін қайсыларының орындарын ауыстыру қажет?” деп сұраңыз.

Жауабы:

дұрыс емес.

Орындап көр. Парақшаларды ретімен орна-ластыр.

Оқушыларға оқулықтағы доминоның суретін қа-рауды ұсыныңыз. Әр доминода қанша нүкте барын сұраңыз. Балалардан домино тастары топтамасын оқулықта көрсетілген ретпен орналастыруды сұ-раңыз. Қалай орындалғанын жұп болып тексеруді ұсыныңыз.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Бір нүктесі бар тасты табыңдар;

— Келесі таста қанша нүкте бар? (Жауап: екі.) Яғни 1-ден кейін 2 болады, 2-ден кейін 3 болады және т.с.с.

Оқушылардың назарын барлық сандардың ре-тімен орналасатынына және әр санның өз орны болатынына аударыңыз. 6, 4 және т.б. сандардан соң қандай сандар болатынын айтуды сұраңыз.

 

Көрсетілген саннан кейін тұрған сан “келесі сан” деп аталатынын түсіндіріңіз. 8, 3, 6 сандарының ал-дында қандай сандар орналасу керектігін сұраңыз. Көрсетілген сандардың алдында тұрған сандарды “алдыңғы сан” деп түсіндіріңіз. “Көрші” ойынын ойнатыңыз: қандай да бір санның “көршілерін” атаңыз және оқушылардан оның қай сан екенін табуды сұраңыз. Мысалы, “Бұл сан 5 пен 7 арасында тұр, оның атын ата” немесе “Бұл санның көршілері 3 пен 5”. Сандық сәулеге сүйене отырып, жұмысты орындатыңыз.

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Тірек сөздерді бекітуді ойын түрінде ұйым-дастырыңыз. Белгілі бір санды атаңыз, ал оқушылар алдыңғы және келесі сандарды жылдам айтуы керек.

1-ден 10-ға дейінгі сандарды сандық сәулеге орналастыр. Тапсырма сандық сәуледегі санның

орнын табу дағдысын бекітуге және оның алдында немесе артында орналасқан санды анықтауға бе-рілген. Оқушылар сандарды орналастыру үшін 0 санына — санақ басына қарап бағдарлау қажет.

Түсіп қалған сандарды жаз. Бұл тапсырма да алдыңғы тапсырма сияқты, оқушыларды жаңа оқу дағдыларын бекітуге жаттықтырады.

Әрбір футболкаға нөмірлерді ретімен жаз.

1-санынан баста. Екінші футболканы боя. Оқушы-ларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыны-ңыз. Тапсырманы орындау қиыншылық туғызған жағдайда сандық сәулені тірек ретінде пайдаланып орындатыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, өзінің нәтижесін басқа сыныптастарымен салысты-

рып, тексеруді ұсыныңыз.

Доминоның тастарын реті бойынша сызық-тармен қос. Оқушылар тапсырманы орындағанда шығармашылықтарын пайдаланып, келесі домино тасын өзі толықтырып салуына болады.

Әрбір ағаштың астындағы сан қанша болса, сонша жемістің суретін сал. Суретті өз бетінше

талдап, санға сәйкес келу үшін қанша алманың жетпей тұрғанын тауып, толықтырып салуы керек.

Сандарды нүктелермен қос. Тапсырма күр-делі болса, оқушылар сандық қатарға сүйеніп орындауына болады.

Жауабы:

1, 2, 3, 4, 5.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

       сандық сәуледегі санның орнын табуды;

       алдыңғы және келесі сандарды атай білуді меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

— Сандық сәуледе сандар қалай орналасады?

— 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаң-дар.

— 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар.

— Кейбір оқушылардан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз.

— Ұл баланың жасы алтыда емес, бірақ сегіз жасқа толған жоқ, сонда ол неше жаста?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

 

сандық сәуледегі санның орнын табуды;

 

алдыңғы және келесі сандарды атай білуді меңгереді.

 

Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

 

— Сандық сәуледе сандар қалай орналасады?

 

— 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаң-дар.

— 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар.

 

— Кейбір оқушылардан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз.

 

— Ұл баланың жасы алтыда емес, бірақ сегіз жасқа толған жоқ, сонда ол неше жаста?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

 

             


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

Артық, кем, тең

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

 

сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды;

 

сандардың қосындысы мен айырмасын анықтау, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сандық сәулені пайдаланады;

 

“+”, “–”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

2 ойын текшесі;

 

ламинатталған парақтар мен маркерлер;

 

10 көлемінде санау үшін заттардың суреттері бар парақшалар.

Тірек сөздер

артық;

кем.

Сабақтың мақсаты:

Екі жиынды элементтерінің санына қарай са-лыстыру дағдысын бекіту және салыстыру нәти-желерін “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану арқылы өрнектеу; салыстыру нәтижелерін мына белгілерді “<”, “>”, “=” қолданып жазуды үйрету; сандық сәуле бойында сандардың орналасуы бо-йынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Оқушылар сандардың сандық сәуле бойында орналасуы бойынша салыстыруды үйренеді: үлкен сан оңға қарай, ал кіші сан солға қарай орналасады. Оқушылар нысандарды санау арқылы екі жиын-ның қайсысында нысандардың артық немесе кем екенін анықтап, салыстыру таңбаларының көмегімен жазатын болады.

 

 

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтыңбасында ойын текшелерімен жаттығу жасауды ұсыныңыз. Текшелерді кезекпен лақтыра отырып, түскен сандарды салыстырады, яғни текшелердің жоғарғы жағында түскен нүктелердің санын салыстырады. Оқушылар салыстыру нәтижелерін айтқанда “тең” немесе “тең емес” деген сөздерін қолданып, ал жазу кезінде “=”, “≠” белгілерін қолданады. Ойыннан кейін оқушыларға “≠” белгі-сімен жазылған салыстыру нәтижелеріне қарауды ұсыныңыз. Олардан “Салыстыру нәтижесін нақты-лауға бола ма?” деп сұраңыз. Оқушылар салыстыру нәтижесін “артық” және “кем” сөздерімен нақты-лаулары мүмкін. Салыстыру нәтижелерін “<”, “>” белгілерінің көмегімен жазуға болатынын айтыңыз. Содан кейін осы сандар сандық сәуленің бойында қалай орналасатынына бақылау жасауды ұсыныңыз. Сандық сәуле бойындағы кез келген сан солға қарай орналасса, ол басқа сандарға қарағанда үлкен болатыны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.

Шығарып көр. Қай қолдағы бұршақтар саны артық? Тапсырманы жұппен орындауды ұйымдас-тырыңыз. Оқулықтағы иллюстрация бойынша оқу-шылар оң қол мен сол қолдағы бұршақтар санын салыстыруы тиіс (7 бұршақ сол қолда және 6 бұршақ оң қолда). Жауабын мына түрде жазу керек: 7 > 6.

Жауабы:

сол қолдағы бұршақтар артық.

Сандық сәулені қолданып, берілген сан-дарды салыстыр.

Тапсырманы жалпылама түрде орындатыңыз. Оқушылар сандық сәуледе орналасқан 20 көле-міндегі сандарды салыстыруы тиіс.

Жауабы:

иә, 9 саны 2-ден артық; жоқ, 1 саны 5-тен артық емес, ол кем;

жоқ, 9 саны 7-ден кем емес, ол артық.

Салыстыр. Кім азық-түлікті артық сатып алды? Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылар екі себеттегі азық-түліктердің санын санау арқылы салыстыруы және талдаулары тиіс.

Жауабы:

ер адам азық-түлікті көп сатып алды.

Кімнің апельсині артық? Оқушыларға тапсыр-маны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Оқу-шылар заттарды санау арқылы балалардың қай-сысында апельсиннің көп екенін анықтайды және тапсырманың сұрақтарына жауап береді. Тапсыр-маны орындау қиындық туғызса, сандық сәулені пайдалануды ұсыныңыз.

Жауабы:

ұл баланың апельсиндер саны артық.

Орындап көр. Берілген тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң нәти-жесін салыстырыңдар.

Ойлан. Тапсырма логикалық ойлауды дамытады. Оқушыларға өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда,оларды жұпқа біріктіріп, тапсырманы бірлесе тал-дауды ұсыныңыз.

Жауабы:

кілемдегі ойыншықтар артық.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Тірек сөздерді есте сақтау үшін оқушыларға ойын ойнатыңыз. Тақтаға бір оқушыны шақырыңыз және бірнеше заттың суреті салынған екі суретті таңдауды ұсыныңыз. Мысалы, бір суретте бес заттың суреті, екіншіде — үш сурет. Оқушыларға суреттердің қайсысында заттардың артық немесе кем екенін салыстыруды ұсыныңыз. Олар салыс-тырып, нәтижесін айтады. Суреті көбін жоғары көтеріп, “артық” деп, ал заттардың саны аз суретті көтеріп “кем” деп дауыстап айтады. Егер оқушы-лар тақтадағы оқушымен келіссе, олар осы сөздер-ді қайталап айтады. Егер олар келіспесе, үндемей отырады. Одан кейін келесі оқушы шығады. Заттардың санын салыстырып, нәтижесін айтады. Ал оқушылар оны қайталайды немесе үндемей отырады. Үшінші оқушы осылайша заттардың санын салыстырып, нәтижесін хабарлап айтады. Әрі қарай осылай жалғастыра беруге болады

Қай топтағы заттар артық?

Оқушылар жоғарғы және төменгі қатарларда-ғы бірдей заттарды санайды да, қай топта заттар көп болса, сол топты айналдыра қоршап сызады. Иллюстрацияның оң жағына нәтижесін “>”, “<” белгілерінің көмегімен жазуы тиіс.

Жауабы:

а) 5 алманы қоршап сызу керек (5 > 4); ә) 10 араны қоршап сызу керек (10 > 8).

Қай топтағы фигуралардың саны кем?

Оқушылар сол және оң жақта орналасқан топ-тардағы заттарды санауы тиіс және фигуралар саны аз топты бояйды. Иллюстрацияның оң жағына нәтижесін “>”, “<” белгілерімен жазуы тиіс.

Жауабы:

а) 6 дөңгелекті қоршап сызу керек (6 < 9); ә) 5 үшбұрышты қоршап сызу керек (5 < 10).

Бос орындарға сандарды қой.

Оқушылар 10 көлеміндегі заттардың санын салыстырып, сөйлемдегі бос орындарды толтырады. Соңғы жолда салыстыруға сандар берілген жоқ. Оқушылар кез келген санды таңдап алып, өзара салыстырады. Мұндай тәсіл оқушылардың матема-тикалық ойлауын дамытуға көмектеседі.

Жауабы:

5 > 4, 3, 2, 1, 0; 10 > 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1;

1 < 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

 

сандық сәуле көмегімен 10 көлеміндегі сандарды салыстыруды;

 

екі жиындағы нысандар санын салыстыруды және нәтижесін “>”, “<” белгілерінің көмегімен жазып көрсетуді меңгереді.

 

Оқушылардың меңгерген білімін тексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

 

— 5 артық 10-нан? 7 кем 3-тен? 10 кем 8-ден? 3 кем 9-дан?

 

— 5 немесе 8 санының қайсысы сандық сәуледе солға қарай орналасады? Қайсысы оңға қарай? Неге?

 

— Динаның үш кәмпиті бар, ал Маратта — бі-реу. Кімнің кәмпиті артық?

 

— Мараттың кәмпиті артық болу үшін, ол тағы неше кәмпит алуы керек?

 

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

 

             


 

 

Сабақ тақырыбы:

1 саны және цифры

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

натурал сандар және нөл санының құрылу

 

жолын түсінеді; 10 көлемінде

сандарды

тура және кері санайды; натурал сандар

қатарындағы орнын анықтайды;

 
• цифр

мен санды бір-бірінен

ажыратады;
бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдер-
мен (нүктелер

жиынтығымен, таяқшалармен

       

және т.б.) түсіндіреді және сандық сәуледе белгілейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

қатты қағаздан жасалған төрт шаршы (әрбір оқушыға);

 

сандар таспасы (тек қана 1 цифры бар);

белгі беретін тақтайша (қатты қағаздан жасалған жолақша: бір беті — қызыл, екінші беті — жасыл);

 

қажетті суреттер мен магниттер.

Тірек сөздер

цифр;

 

бір.

Сабақтың мақсаты:

Сан ұғымымен және 1 цифрымен таныстыру, 1 санының орнымен таныстыру, 1 цифрын жазуды үйрену.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Санау “бір” санынан басталады. “Бір” саны бір затты көрсетеді. Көп заттардың ішінен бір затты бөліп алу дағдысын дамытуға көңіл бөлу керек. Оқу-шыларға цифрдың белгі болып табылатынын, оны санды жазу үшін қолданатынымызды түсіндіру қажет. Сабақта олар санды 1 цифрымен сәйкестендіріп, 1 цифрын жазады.

 

 

Сабақты қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға “Тізбектеп санау” ойынын ойнатыңыз. Бірінші оқушы қатарынан екі-үш санды атайды, содан кейін санауды келесі оқушы жалғастырады және т.с.с. 2-ден 6-ға, 3-тен 7-ге,



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Задача на отыскание наибольшего или наименьшего значения функции | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 707 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2210 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.