Қосымшаның жеке медициналық батальонының командирі жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды анықтап және оңашалауды, науқастарды оңашалау бөлмесінде уақытша орналастыруды, биологиялық заттармен зақымдалған жаралылар мен зақымдалғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізуді, жеке киімдерін дезинфекциялауды ұйымдастырады. Жеке медициналық батальонға келіп түскен барлық адамдардан жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық сұрыптау жүргізіледі, бөлімшелерде көрсеткіштер бойынша обсервация немесе карантин енгізіледі, зақымдалған адамдарға медициналық бақылау, көліктерге дезинфекция жүргізіледі, жұқпалы аурумен ауырған науқастарды дер кезінде тасымалдау бақыланады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Егер қарсылас бактериологиялық қаруды қолданса немесе қолдануы мүмкін болса, онда анықталғанға дейін 2-3 тәулік ішінде науқастарды жеке медициналық батальоннан тасымалдайды. Бұл жерге эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейту күштері мен заттарын бағыттайды. Егер бактериологиялық зертханалардан оба, тырысқақ, күйдіргі, қоздырғыштары туралы «теріс» нәтиже алынса, жаралылар мен науқастарды жеке медициналық батальоннан осы топқа арналған арнайы госпитальдерге тасымалдайды.
Егер аса қауіпті жұқпалар қоздырғыштары анықталса немесе бұл жұқ-палармен ауру табылса, карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргі-зіледі. Жеке медициналық батальонда диагноз қою үшін диагнозы анық-талмаған науқастарды қабылдауға диагностикалық бөлімшелер орналастыру керек. Биологиялық қаруды қолданған туралы күдік туса, әскери-медици-налық зертханалардың мүмкіншілігін сыртқы ортаны зерттеуге кеңінен қолдану керек. Оңашалау бөлмесі, оның орналасуы, жабдықталуы, жұмыс істеу тәртібі.
ПМП-нің құрамында 5-6 орынға, жеке медициналық батальонда және госпитальде 10-12 орынға оңашалау бөлмесі ұйымдастырылады. Соғыс уақытында оңашалау бөлмелері барлық медициналық тасымалдау кезеңде-рінде құрылады, сонымен қатар әскери санитарлық жағдайларда, әскери-санитарлық ұшақтарда, санитарлық-бақылау пункттерінде құрылады. Әскери бөлімшелердегі, санитарлық-бақылау пункттеріндегі, емдеу мекемелеріндегі оңашалау бөлмелері ең аз дегенде 2 жұқпалы ауруға құрылады. Олар жеке бөлмелерде, азық-түлік және су нысаналарынан алыс жерде орналастырады.
Оңашалау бөлмесі жеке дәретханалармен, санитарлық өткізгіштермен киім және төсек орындарының толық кешені мен ыдыс-аяқпен науқастарға көмек көрсететін заттармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дезинфекци-ялық заттармен, инсектицидті препараттармен, киімдерді салатын бактармен, киім салатын қапшықтармен, науқастардың бөліністерін дезинфекциялайтын қақпағы бар шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Аталған заттардың бар-лығы оңашалау бөлмелерінен тек залалсыздандырылған соң жіберілуге тиіс.
Жұқпалы аурулардың оңашалау бөлмесінен сыртқа шықпауын ескерту үшін көптеген ережелерді ұстау керек. Оңашалау бөлмесіне келіп түскен нау-қастарды міндетті түрде санитарлық өңдеуден өткізу керек, бөтен адамдарды кіргізбеу керек, науқастарды күтетін қызметкерлер жұқпалы ауруларға қарсы егілу керек. Оңашалау бөлмесіндегі қызметкерлерге шылым шегіп және та-мақ ішуге рұқсат етілмейді.
Оңашалау бөлмесіне медициналық қызметкерлер кірген кезде халат киіп, шыққан кезде халатты шешіп кету керек. Бұл халаттар тек оңашалау бөлмелерінде болады. Егер оңашалау бөлмесінде бөртпе сүзегімен науқас болса, қызметкерлерге паразиттерге қарсы заттармен залалсыздандырылған киімдер беріледі. Бөлмелер, жиһаздар, есіктердің тұтқасы хлорлы заттармен тазартылып жуылады. Киім-кешек, төсек орындар жуылар алдында құра-мында жуғыш заттары бар дезинфекциялық ерітінділерге салып қойылады. Оңашалау бөлмесінен шыққаннан кейін қызметкерлердің қолдары, аяқ-киімдері дезинфекцияланады.
Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегімедициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Арнайы тағайындалған медициналық жасақ әскери округтың іс-әрекеттік аумағында төтенше жағдайларды жою, ірі апаттар кезінде, жаппай санитарлық жоғалту ошақтарының маңында зақымдалғандар мен науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету үшін орналастырылады.Арнайы тағайындалған медициналық жасақ келесі міндеттерді атқарады:
- зақымдалғандар мен жаралыларды қабылдау, медициналық сұрыптау, тіркеу, санитарлық өңдеу, орналастыру;
- келіп түскен зақымдалғандар мен науқастарға қорытынды диагноз қою;
- мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, жаралыларды және аса қауіпті жұқпалы аурумен ауырғандарды сауығып шыққанға дейін кешенді емдеу;
- емделіп шыққандарды аса қауіпті жұқпалармен зақымдалудан қамтамасыз ету;
- әскери жеке құрамның арасында аса қауіпті жұқпалардың пайда болуы мен таралуын ескерту және жұқпалардың сыртқа шықпауын қамтамасыз ету;
- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізу.
Қатаң тәртіптегі аумақта сұрыптау, тасымалдау, обсервациялық, оңашалау бөлімі, рентген кабинет және зертханалық бөлім орналасады. Шектеулі аумақта жасақтың басқармасы, дәріхана және қаттамасыз ету бөлімшелері орналасады.Жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртібінің жұмысы қарастырады:
- ауруханаішілік сұрыптауды 4 лек бойынша жүргізеді:
а) аса қауіпті жұқпаларға күдіктілерді диагнозы анықталғанға дейін оңашалау бөлмесінің диагностикалық палатасына жіберіледі;
б) аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастар оңашалау бөлімінің госпитальдық палатасына жіберіледі;
в) аса қауіпті жұқпалы ауруларға белгілері жоқ зақымдалғандар обсервациялық бөлімге жіберіледі;
г) аса қауіпті жұқпалы ауруларға жатпайтын, бірақ басқа жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдарды оңашалау бөлмесіне жібереді.
Эпидемияға қарсы қатаң тәртіптегі жасақтың жұмысы тағы да қарастырады:
- жасаққа келіп түскен науқастардың санитарлық өңдеу, дезинфекция, дезинсекция жүргізу, сонымен қатар жасақтың нысаналарының аймағында дератизацияны жүргізеді;
- жасақты басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден алшақ ұстау;
- диагнозы анықталғанға дейін науқастар мен зақымдалғандарды жасақтан тасымалдауды уақытша тоқтату;
- қажет болған жағдайда жасақтың жеке құрамына зақымдалғандар мен науқастарға жедел профилактика жүргізу;
- жасақтың жеке құрамына қауіпсіздік шараларын жүргізу керек;
- арнайы тағайындалған медициналық жасақты барлық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Арнайы тағайындалған медициналық жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртіпке ауысуының шешімін округтың медициналық қызметінің бастығы жасақтың бастығының баяндамасынан кейін қабылдайды. Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті енгізуге жасаққа аса қауіпті жұқпалы аурулармен(оба, тырысқақ және т.б.)келіп түскен науқастар немесе емделіп жатқандардың арасынан науқастар анықталса көрсеткіштері болып табылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жасақты эпидемияға қарсы топпен толықтыру(дәрігер, бактериолог және 2 лаборант),медициналық далалық зертханамен жабдықталған, сонымен қатар жуғыш дезинфекциялық көлікпен жабдықталуы тиіс.
Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).
Әдебиет:
1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..
2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.
3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология.Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.
4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.