Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс 3 Ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері.

Дәріс 1 Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары.

2. Мақсаты: студенттердің эпидемиология медицина ғылымдарының өзіндік дербес саласы ретінде және жұқпалы ауурлар эпидемиологиясының қазіргі кездегі мақсаты мен міндеттері. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері бойынша білімдерін қалыптастыру.

3. Дәріс тезисі:

       Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы – бұл эпидемиялық процестің объективті заңдылықтары (адамға жұғу заңдылықтары) және пайда болуын ескерту жолдары, тұрғындар арасында жұқпалы (паразиттік) аурулардың таралуы және оларға қарсы күресу туралы ғылым. 

       Жұқпалы аурулардың қазіргі кездегі эпидемиологиясының мақсаты – эпидемиялық процестің дамуы мен механизмдерін, талдау және ауруларды ескерту тәсілдері қолдануды және олармен күресуді оқыту. Эпидемиология ғылым ретінде екі негізгі міндетті шешеді. Біріншісі – адам қоғамындағы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын ашу және оқыту, екіншісі – ғылыми негізделген теориялар негізінде жинақталған алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жасау.

       Эпидемиологиялық зерттеу әдістері – бұл тәсілдер жиынтығы. Эпидемиялық процестің ретроспективті және қауырт белгілері (көріністері) үшін арналған және оның негізінде – пайда болуы мен себептерін анықтау.

4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

5. Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология.Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.

Дәріс 2 Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым

2. Мақсаты: студенттерді эпдемиялық үрдіс  заңдылықтарымен таныстыру. 

3. Дәріс тезисі:

1. Арнайы қоздырғыштардың организмге енуі кезінде жұқпалы аурулар пайда болады. Микроб қоздырғышы барлық биологиялық түр ретінде, ұрпағының қайта жасауы процесі кезінде үздіксіз сақталуы мүмкін. Паразиттің ие организмінде болуы жаңа организмге ену мүмкіндігін, бұл эволоюцияда және эпидемиолог тек қоздырғышпен емес биологиялық иесімен, сонымен қатар инфекция көзімен жұмыс жасайды.

2. Инфекция көзі ретінде шынайы болуы мен қоздырғыштың көбеюі болған жерді тірі объект деп түсіну (Л.В. Громашевский).

3. Қоздырғыш көзі болуы мүмкін: А) ауру адам, бірақ ауру адам аурудың барлық кезңінде қауіпті болмауы. Жұқпалы ауру ағымы циклді, көптеген оқиғаларда өршу кезеңінде адам қауіпті болып келеді.

Б) Қоздырғыш көзі болуы мүмкін және тасымалдаушысы (іш сүзегі, сүзектерде, құрөзектерде және т.б. кезінде)

В) Жұқпалы аурулар ауруы бар арасында (бруцеллез, сібір жарасы, құтыру) кезінде жануарлар, кеміргіштер, құстар инфекция көзі болуы мүмкін.

4. Қоздырғыш бір (ауру) организмнен екінші (сау) организмге ауысуы жағдайында түр ретінде сақталуы мүмкін. Түрлік және жеке иенің ауысуы зарарланған организмнен шығуы 3 тізбектен тұрады..

Б – қоздырғыштың қоршаған ортада болуы.

В – қоздырғыштың жаңа организмге енуі

Бұл 3-уі қоздырғыштың берілу механизмін, берілу жолдары мен факторларының таралуын құрайды. 

5. Эпидемиялық процестің 3 тізбегі тұрғындардың қабылдаумаушылығы үшін қажет.

4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

5. Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология.Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.

Дәріс 3 Ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері.

Мақсаты: студенттерде ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері бойынша білімдерін қалыптастыру.

Дәрістің тезисі: идемиологиялық әдіс жеке жағдайларды емес, көпшілік дертті жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән жалпы заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі барлық популяция мен репрезентативті топты зерттеу нәтижесінде алынған жағдайда ғана маңызды болып табылады. Популяция бір аймақты мекендеген тұрғындар немесе қандай да басқа бір белгілері арқылы біріккен (мамандық, жыныстық, рассалық және т.б.) топтар болуы мүмкін. Популяция шизофрениямен, эпилепсиямен немесе қандай-да бір басқа аурулармен ауыратын адамдардың тобы болуы мүмкін. Көлемді зерттеулерде репрезентативті топтар құрылады.

Құрылған топ барлық көрсеткіштері бойынша популяцияға (жынысы, жасы, қызметі, білімі) сәйкес келуі керек.

Тұрғындардың психикалық денсаулығының негізгі көрсеткіштері ауыру, аурушаңдық және ауыру қауіптілігі болып табылады. Ауруға шалдығу – популяция деңгейінде бір жыл ішінде тіркелген жаңа науқастар санымен анықталады. Аурушаңдық - науқас адамдардың жалпы санымен анықталады. Аурушаңдық пен ауыру 100, 1000, 10000, кейде 100 000 дейінгі тұрғындар есебінен алынады. Интенсивті көрсеткіштер бойынша басқа да құбылыстардың таралу дәрежесі көрсетіледі: өлім дәрежесі, мүгедектік және т.б. Ауыру мен аурушаңдық және басқа да көрсеткіштер басқа сипаттамаларға қатысты көрсетіледі: нақты бір жылда немесе қандай-да бір уақыт кезеңінде, қандай-да бір жас кезеңіндегі адамдарға және т.б. Ауруға шалдығу қаупі – адам жасына қарай аурудың пайда болу мүмкіндігі және аурудың басталу жасы. Қауіп мүмкіндіктер (50 ішінен 1 мүмкіндік) немесе пайыз түрінде көрсетіледі.

Психикалық аурулардың қалаларда, аудандарда, елдердегі таралу көрсеткіштерін салыстыру науқастардың психикалық жағдайын бағалау унификациясы іске асырылғанда ғана нақты нәтиже береді.

Дегенмен мектептердің көбеюі мен диагностикалық тәсілдердің әрқилылығына байланысты ұқсас жағдайларды нақты квалификациялауды әртүрлі елдерде емес, бір ғана ел шеңберінің өзінде іске асыра алмаймыз. Ауру жағдайын бағалауда келіспеушіліктерді болдырмас үшін, психикалық аурулардың таралуы, формасы, варианты туралы мәлімет алғанда зерттеу кезінде есепке алынған сипаттаманың унификациясы қажет. Осыған байланысты біздің елімізде, эпидемиологиялықлық зерттеулер жүргізгенде тәжірибеде қолданылатын барлық негізгі нозологиялық формалар үшін психопатологиялық синдромдар глоссарийлері дайындалған. Кез-келген психикалық ауруларды бағалауға қолданылатын стандартты синдромдар жинағы құрастырылған. Синдромдарды глоссарий бойынша шифрлай отырып, диагностикалық бағытқа және мамандық бойынша дайындық дәрежесіне тәуелсіз дәрігер суреттелген синдромдардың бірімен науқас жағдайын идентификациялайды.Осылайша болашақта статистикалық өңдеу жүргізу үшін мәліметтер алуда бірлік қалыптасады. Әрі қарай мәліметтерді талдауда зерттеу кезінде нақты синдромды анықтау ауру дамуының өте ерте сатысында науқастың алдағы жағдайы жөнінде нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда ауру ағымын синдромдардың динамикалық тізбегі түрінде қарауға мүмкіндік туады, бұл психопатологиялық үрдістің динамикалық тенденциясын, себептерді және клиникалық патоморфоз ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология.Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.

Дәріс 4 Эпидемияға қарсы жұмыстардың мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы жұмыстың құқықтық аспектілері.

Мақсаты: студенттерде эпидемияға қарсы жұмыстардың мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы жұмыстың құқықтық аспектілері бойынша білімдерін қалыптастыру

Дәрістің тезисі: қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы. Медициналық тасымалдау кезеңдері дегеніміз медициналық тасымалдау жолдарында орналасқан медициналық қызметтің күштері мен құралдары, олар келесі міндеттерді орындауға арналған:

- келіп түскен науқастар мен жаралыларды медициналық сұрыптау, тіркеу, қабылдау;

- науқастар мен жаралыларды санитарлық өңдеуден, олардың киімдері мен қару-жарақтарын дезинфекциядан, дезактивациядан, дегазациядан өткізу;

- жұқпалы ауруларды оңашалау;

- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету;

- жаралылар мен науқастарды емдеу;

- жаралылар мен науқастарды ауруханаға жатқызу;

- медициналық тасымалдауды келесі кезеңдерде емдеуге жататын жаралылар мен науқастарды тасымалдауға дайындау.

Медицинаның тасымалдау кезеңдеріндегі бұл көрсетілген міндеттерді атқару үшін функциональды бөлімшелер қарастырылады:

- сұрыптау–тасымалдау бөлімі (ПМП),бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны немесе сұрыптау–қабылдау бөлімі(госпитальді базаның емдеу мекемелерінде);

- арнайы өңдеу бөлімі;

- жұқпалы ауруларға арналған оңашалау бөлімі;

- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімшелер (бригаданың медициналық ротасының таңу бөлмесі, ПМП, қосымшалардың жеке медициналық батальонының операциялық таңу бөлмесі;

- жаралылар мен науқастарға арналған госпитальді бөлім.

Медициналық тасымалдаудың негізгі кезеңдері болып табылады: ПМП, бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны, госпитальді базаның емдеу мекемелері.

Медициналық тасымалдау кезеңдерінде орналасатын жерін анықтағанда медициналық жағдайды, тылдағы басқа да бөлімшелердің орналасуын, тасымалдау жолдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайын еске алып отыру керек.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Атаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1027 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.