Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Санитариялық-қорғаныш аймағын көгалдандыру және оның аумағының режимі

Ндірістік объектілердің СҚА белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

СҚА халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес белгіленген мәндерге дейін және, ал қауіптіліктің І және ІІ сыныбы объектілері үшін – санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес белгіленген мәндерге дейін, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекелдің шамасына дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

СҚА өзінің функционалдық мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады;

Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына қолайсыз әсер ету көздері болып табылатын объектілер үшін жобалық және жоба алды құжаттамаларының құрамында СҚА өлшемі негізделеді.

СҚА сыныптама бойынша шамамен алғандағы өлшемі атмосфералық ауаның күтілетін ластануының және физикалық әсер ету деңгейлерінің есептеулері бар СҚА жобасымен негізделуі тиіс.

СҚА өлшемін айқындауға арналған критерий оның сыртқы шекараларында және оның сыртында елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластану заттарының шоғырлануы максималды бір реттік РЕШШ немесе әсер етудің шамамен алғандағы қауіпсіз деңгейінен (бұдан әрі-ӘЕБҚД) және/немесе физикалық әсер етудің РЕШД аспау болып табылады.

Адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді тұрғын үй құрылысы аумағынан, ландшафтылы-рекреациялы аймақтан, демалыс аймағынан, курорт, санаторий, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық ұйымдарының аумақтарынан, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысы аумақтарынан, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінен СҚА мен СА бөлу қажет.

1) СҚА 1000 метр (бұдан әрі – м) және одан артық – І қауіптілік сыныбындағы объектілер;

2) СҚА 500 м-ден 999 м-ге дейін ІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер;

3) СҚА 300 м-ден 499 м-ге дейін ІІІ қауіптілік сыныбындағы объектілер;

4) СҚА 100 м-ден 299 м-ге дейін ІV қауіптілік сыныбындағы объектілер;

5) СҚА 0 м-ден 99 м-ге дейін V қауіптілік сыныбындағы объектілер.

Автомобиль магистральдары, теміржол көлігі желілері, жер бетіндегі метрополитен учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында жер бетіне түскен проекциядан СА белгіленеді.

СА шамасы әрбір нақты жағдайда, кейіннен заттық өлшеулер физикалық факторлардың (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) есептеу негізінде, жүргізу арқылы белгіленеді.

СҚА, СА аумағындағы және олардың шекарасындағы атмосфералық ауаны зертханалық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсерді өлшеуді аккредиттелген өндірістік зертханалармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымдармен және/немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен зертханалармен жүзеге асырылады.

Санитариялық-қорғаныш аймағын көгалдандыру және оның аумағының режимі

СҚА шекараларында:

1) жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын;

2) ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс аймақтарын, курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;

3) жаңадан құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;

4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын орналастырмайды.

СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумақтарында:

1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және/немесе дәрілік нысандарды өндіру жөніндегі объектілерді, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;

2) тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме қоймаларын;

3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастырмайды.

Өндірістік объектінің СҚА шекараларында көрсетілген объектінің жұмыскерлеріне, келушілерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстарды және объектінің қызметін қамтамасыз етуге арналған мына объектілер орналастырылады:

1) кезекші авариялық персонал үшін тұрғын үй емес үй-жайларды, вахталық әдіс бойынша (15 күнтізбелік күнге дейін) жұмыс істейтін адамдар тұратын үй-жайларды;

2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроларды, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстарын;

3) жергілікті және транзитті коммуникацияларды, электр беру желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, су бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстарын;

4) өндірістік объектінің СҚА шекараларында, негізделген кезде тамақ өнімдерін өндіруге пайдаланылмайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылық алқаптары орналастырылады.

ІV, V сыныптағы кәсіпорындар үшін СҚА алаңның кемінде 60 % максималды көгалдандыруын көздейді, ІІ және ІІІ сыныптың кәсіпорындары үшін – кемінде 50 %, СҚА 1000 м және одан асатын кәсіпорындар үшін – тұрғын үй құрылысын салу жағынан ағаш-бұта көшеттері жолағын міндетті түрде ұйымдастыра отырып, кемінде 40 % аумағын көгалдандыру көзделеді. СҚА алаңын көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындауға мүмкіндік болмаса (өнеркәсіп алаңы (объектілер) тығыз салынған кезде) СҚА жобасында міндетті түрде негіздей отырып, құрылыс салудан бос аумақты көгалдандыруға жол беріледі.

Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның денсаулығына және өмір сүру ортасына, өнімге өзара жағымсыз әсер ету болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.

Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне кірмейді, ал автомобиль магистралінің шығарындылары санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемін негіздеу кезінде фондық ластануда ескеріледі.

СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын үй аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қарауға болмайды.

СҚА бір бөлігі бар СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШШ және/немесе РЕШД сақталуы негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Но, повторимся, ни одна отечественная технология в справочник НДТ так и не вошла. | Тема 1. Основы конституционного строя Российской Федерации. Подготовка текста и работа с Конституцией РФ предполагает оценку работы студента на «4» балла.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 946 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

4351 - | 4103 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.