Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стенокардияның функциональдық класы




I II III IV
І Монотерапия: - нитраттар - b-адреноблокаторлар - кальций антагонистері   + + +    
ІІ Екі препараттың қосындысы: - нитраттар + b-адреноблокаторлар - нитраттар + кальций антагонистері - b-адреноблокаторлар + кальций антагонисі     + + + + + +  
ІІІ Үш және одан да көп препараттар қоспасы: - нитраттар + b-блокатор + кальций антагонистері - нитраттар + ААФ ингибиторы + b-адреноблокатор - алдыңғылар + жүрек гликозидтері және диуретиктер       +     +   +   +   +

 

Стенокардияның ІІІ ФК-да нитрат + b-адреноблокатор, нитрат + кальций антагонисі,    b-адреноблокатор + кальций антагонисі қосындылары науқас адамның күйін компенсациялы жағдайға келтіреді. Егер мұндай қосындылар тиімді болмаса, онда ІІІ сатыға көшеді, бір мезгілде әсері ұзартылған нитраттар, b-адреноблокаторлар, кальций антагонистері (нифедипин және оның әсері ұзартылған препараттары) қосылып беріледі.

Тұрақты стенокардияның IV ФК-да емнің ІІІ сатысының препараттары беріледі. Ауыр стенокардия мен қан іркілмелі жүрек әлсіздігі болған жағдайда қосымша жүрек гликозидтері мен диуретиктер беріледі.

Дәрімен емге рефрактерлі стенокардияда емдеудің эфферентті әдістері – плазмаферез бен гемосорбция уақытша нәтиже беруі мүмкін, олар клетка рецепторларының дәрілерге сезімталдығын көтереді.

Тұрақты стенокардияның онша жоғары емес класында емді мезгіл-мезгіл беруге болады, ал стенокардияның ауыр түрінде ем тұрақты болуы керек. Жоғарыда көрсетілген дәрілерден басқа антиагреганттық препараттар қолданылады: аспирин 60-160 мг/тәулігіне, аспиринге қарсы көрсетпе болған жағдайды – тиклопидин (тиклид) беріледі.

Стенокардияның ІІІ-IV функциональдық класында дәрімен емдеу тиімді болмаса және сол жақ тәж артериясының негізгі бағанының қуысы 70% жоғары тарылған болса, аорта-коронарлық шунттау операциясы жасалады.

Стенокардияның III-IV функциональдық класында дәрімен емдеу нәтижелі болмаса, бірақ қауіп дәрежесі төмен жағдайда (шектелген бір – екі тамырдың кальцинозсыз стенозында, артерия қуысы 70% тарылған, сол жақ қарыншаның қызметі қанағаттанарлық күйде) аорто-коронарлық шунт салу операциясына қарсы көрсетпелер болса, паллативтік шара ретінде баллонды коронарлық ангиопластика жасалады (аорто-коронарлық шунттау операциясын кейін қалдыруға мүмкіндік береді).

Соңғы кезде коронарлық артерияларды кеңітумен (баллондық ангиопластика) қатар стент орнату (рестеноздың алдын алатын жіңішке сым каркастар орнату) операциясы қолданылып жүр.

Спонтанды стенокардияны емдеу. Стенокардияның ұстамасын тоқтату үшін тіл астына нитроглицерин таблеткасын салады. Нәтиже болмаса, нифедипин (коринфар) қолданылады.

Спонтандық стенокардияның қайталама ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын таңдамалы дәрілер – кальций антагонистері. Препараттарды қосып та беруге болады: коринфар (60-120 мг/тәул.) + аспирин 125 мг 3 рет күнге; нитраттар (нитросорбид 80-240 мг/тәул., венаға нитроглицерин) + финоптип (верапамил) 320-600 мг/тәул. + аспирин; коринфар + финоптип + аспирин.

Бета-блокаторлар коронарлық артериялар жағынан спастикалық реакция туғызатын болғандықтан спонтанды стенокардияны емдеуде қолданылмайды. Әсері ұзартылған нитраттар мен бета-адреноблокаторларды қоса тағайындауды спонтандық стенокардия мен күш түсу стенокардиясы қоса кездескенде қолданады.

Хирургиялық ем операция жасау көрсетпелері мен қарсы көрсетпелерді ескере отырып жасалады.

Тұрақсыз стенокардияның емі. «Q-жоқ» миокард инфарктісінің емімен бірдей.

Аритмия дамуының, кенеттен болатын өлімнің және миокард инфарктісі дамуының жоғарғы дәрежелі мүмкіндігі болатындықтан науқас адамды қарқынды ем блогына жатқызып, тәулік бойы мониторлы ЭКГ-лық бақылау қойылады. Төсек режимі тағайындалады.

Емдеу стенокардия ұстамасын тоқтатып, стенокардияның қайталауы мен миокард инфарктісінің алдын алуға бағытталған. Емді нитроглицериннің 0,1% ертіндісін венаға 25 мкг/мин. есебінде тамшылатып жіберуден бастауға болады, немесе нитроглицериннің        1 таблеткасын (0,0005 г) тіл астына 5-10 минут сайын салудан, немесе нитросорбидтің      1 таблеткасын (0,02 г) тіл астына 2 сағат сайын салудан (шайнауға болады) бастайды.

Күшті және ұзақ ангинозды ауырғандықта наркотиктік анальгетиктер, нейролептоаналгезия қолданылады.

Гепаринмен емдеудің курсы тағайындалады: гепариннің 5000-10 000 ӘБ венаға немесе тері астына күнге 4 рет егіледі; ұсақ молекулалы гепариндерді де қолдануға болады: энаксапарин салмақтың 1 кг-не 1 мг есебінде 12 сағат сайын тері астына 2-8 күн бойы егіледі; дальтепарин салмақтың 1 кг-на 120 ХБ есебінде (ең жоғарғы дозасы 10000 ХБ) тері астына    12 сағат сайын 5-8 апта бойына егіледі.

Антиагреганттар ішінде аспиринді алға ұстайды – аспириннің 0,125-0,25 г/тәулігіне тағайындалады. Басқа антиагреганттар (тиклопидин, клопидогрель) аспиринге қарсы көрсет-пелер болғанда беріледі.

Антиангинальдық препараттардың ішінде бірінші қатарда миокардтың оттегін қажет етуін азайтатын бета-блокаторлар тұрады. Атенолол 50-100 мг/тәулігіне дозасында ішке қабылданады, немесе анаприлин тәулігіне 60-80 мг ішке қабылданады, немесе метопролол 100-200 мг/тәулігіне беріледі.

Бета-блокаторлармен емдеуге қарсы көрсетпелер болған жағдайда кальций антагонистері – верапамил және дилтиазем қолданылады. Барлық жағдайда нитраттар базистік препараттар болып қалады. Бастапқы емнің вариантын (b-блокаторлармен немесе кальций антагонистерімен емдеу) таңдағанда ЭКГ өзгерістерін ескеру керек. STсегментінің депрессиясында (төмен ығысқанда) бета-блокаторлар, элевациясында (жоғары ығысқанда) кальций антагонистері қолданылады.

Тиімсіздігін ескеріп тромболизистік ем қолданылмайды. Оның себебі тромболизис нәтижесінде эндотелийдің тромбогендік дефектісі (кемістігі) ашылып, ретромбоз болу мүмкіндігі сақталады. 1-3 тәулік бойы жүргізілген қарқынды медикаментозды емнің нәтижесі болмаса, шұғыл коронарография жасайды, хирургиялық ем жасауға көрсетпелер болса, транслюминальды баллонды дилатация немесе аорто-коронарлық шунт салу операциясы жасалады.

Стационардан шығар алдында науқас адамды ЭКГ бақылау қолданып, күш түсіру сынамасынан өткізу керек. Оң мәнді сынамада және жүктемеге төмен дәрежедегі төзімділік (толеранттылық) болса, коронарография жасап, хирургиялық ем қолдану сұрақтарын шешу керек. Сынама теріс мәнді болса, онда дәрімен емдеу жалғастырылады.

ЖИА ауырсыну жоқ түрін тұрақты стенокардияны емдегендей емдейді. Аспирин, нитраттарды кальций антагонистерімен және/немесе b-адреноблокаторлармен қосып береді; емнің тиімділігін күш түсіру сынамасының немесе ЭКГ-ң холтерлік мониторингісін қолданып тексереді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 256 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2540 - | 2236 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.