ДДҰанықтамасыбойыншакенеттенболатынөлімгебұғандейінсауадамдардаболғанөлімдінемесеқанағаттанарлықкүйдеболғанауруадамдардасебепаурудыңбелгілерікөрінісбергенненкейін 1-6 сағатішіндеболатынөлімдіжатқызады. Жүрекауруысебептікенеттенболғанөлімдіжүректенболғанкенетөлімдепатайды. Басымкөпжағдайда (90%) кенеттенболатынөлімніңсебебіЖИАболатындықтанкенеттенболатынөлімдікенеттенболатынкоронарлықөлімдепатайды. Жүректенболғанкенетөлімменкенеттенболатынкоронарлықөлімдердіңклиникаларындаешқандайайырмашылықболмайды. Сондықтандабұлаурудыәріқарайсипаттағандажүректенболғанкенетөлімдепатаймыз.
Этиологиясыжәнепатогенезі. Жүректенболатынкенетөлімжүректіңкез-келгенауруынанболуымүмкін. БірақкөпжағдайдаолЖИАбайқалады.
ЖИАауруынанбасқакенетболатынкардиальдықөлімніңсебептерінежататындар: миокардиттер, кардиомиопатиялар (әсіресегипертрофиялықкардиомиопатия), тәжартерияларыныңауытқулары (аномалиялары), жүректіңклапандықақаулары, жүрекырғағыменөткізгіштігініңіштентуаболғанбұзылыстары (ұзарған QT – аралығыныңсиндромыт.б.), солжаққарыншаныңгипертрофиясынтудыратынауруларт.б.
Кенеттенболатынөлімніңтуындауынажағдайтуғызатынқауіптіфакторлар:
а) ЖИА барлық қауіпті факторлары;
б) күш түскенде миокард ишемиясы белгілерінің болуы;
в) жүрек әлсіздігі белгілерінің болуы;
г) жоғарғы градациялы жүрек ырғағының бұзылысы;
д) сол жақ қарынша гипертрофиясының ЭКГ – белгілері.
Жүректен болатын кенет өлімге түрткі болатын факторларға (бастауыш факторға, «триггерлік» факторға) жататындар:
1) денеге күш түсу (миокардтың оттегін жедел қажет етуінен болатын миокардтың жедел ишемиясы);
2) вегетативтік тонустың дисбалансын (симпатикалық бөлімнің басым болуын) тудыратын психоэмоциональдық стресс;
3) улы факторлар (алкаголь) және дәрілер (QT интервалын ұзартатын І кластың антиаритмиялық дәрілері);
4) миокард метаболизмінің бұзылуы, әсіресе гипокалиемия мен гипомагниемия.
Жүректен болатын кенет өлімнің механизмдері:
1) қарыншалардың фибрилляциясы және дірілі;
2) қарыншалардың асистолиясы;
3) жүректің электромеханикалық диссоциациясы.
Кенеттен болатын өлімнің механизмі 80-88% жағдайда қарыншалардың жыбыры мен дірілі болады; брадиаритмия немесе асистолия 15-20% жағдайда кенеттен болатын өлімнің механизмін құрайды.
Қарыншалар фибрилляциясының (жыбыры) алдында қарыншалық жүрек ырғағы бұзылуының мынандай түрлері кездеседі: а) қарыншалық тахикардия
б) torsadesdepointesтүріндегі қарыншалық тахикардия
в) қарыншалық экстрасистолиялар немесе қарыншалық
тахикардияның қысқа ұстамасы
Қарыншалар жыбыры мен дірілі көбіне миокардтың ишемиясы нәтижесінде симпатикалық нерв жүйесі белсенділігінің күшеюімен және қанда катехоламиндердің көбеюімен байланысты туындайды.
Бірінші ретті асистолияны ауыр гипоксия мен миокард инфарктісінде болатын электролиттік өзгерістер және антиаритмиялық дәрілер тудырады.
Электромеханикалық диссоциация қалыпты ЭКГ комплекстеріне қарамастан жүректен қан айдау процесінің тиімсіздігімен сипатталады. Электромеханикалық диссоциацияның негізгі пайда болу механизмі сол жақ қарыншаның систолалық және диастолалық функцияларының бұзылуы болып табылады. Ал систолалық және диастолалық функциялардың бұзылуында ацидоз, миокардта АТФ пен креатин – фосфаттың азаюы және кальцийдің клеткаішілік алмасуының бұзылуы белгілі рөль атқарады. Электромеханикалық диссоциацияның алдында парасимпатикалық тонустың өте жоғары көтерілуі жиі байқалады.
Клиникасы. Кенеттен болатын өлімнің басты диагностикалық критерийлері:
- сананың болмауы;
- тыныс алудың тоқтауы немесе кенеттен агональды типті тыныстаудың (шулы, жиі тыныстау) пайда болуы;
- ұйқы артериясында пульстің болмауы;
- қарашықтардың кеңуі (есірткі қабылдамаған болса, нейролептоанальгезия жасалмаған болса, наркоз берілген болмаса, гипогликемия жоқ болса).
Қосымша критерийлер:
- жүректің бірінші ретті тоқтауында беттің қуқыл-сұрғылт тартуы байқалады;
- тыныстың бірінші ретті тоқтауында цианоз болады.
Практикалық жағынан тірі кезде қауіпті өлім жаршыларын – кенеттен болатын коронарлық өлімнің предикторларын анықтау өте маңызды. Бұл жағдайда мезгілінде қолданған шаралар мезгілсіз өлімнің алдын алуға көмектеседі. Ондай жаршыларға себепсіз әлсіздік, қызметке қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқы қашу және ентікпе жатады. Кенеттен болатын өлім предикторларына кенеттен естен тану, анамнезде қарыншалар фибрилляциясының болуы, тұқым қуалаушылық (қандас тумаларда кенеттен өлімдер болуы), қарыншалық экстрасистолиялар (жиі, политопты, топтасқан, ерте) мен ЭКГ-да STсегментінің депрессиясы да жатады.
Кенеттен болатын өлім жаршылары болған жағдайда орындалуға тиіс тексерулер: Эхо - және вентрикулография, күш түсіру сынамалары, ЭКГ холтерлік мониторлау, электрофизиологиялық тексерулер, липид алмасу көрсеткіштерін анықтау.
Емі. Алғашқы – шұғыл көмекке 3 компонент (А В С ережесі) кіреді:
А – Aireway open (ауағажолаш)
B – Breath for isetum (зақымданғанғатынысберу)
C – Circulation his blood (қанайналысы)
Тынысжолдарыныңөткізгіштігінқалпынакелтіруүшінқолданылатыншаралардыңорындалуреті:
- зақымданғанадамдықаттыжергебасжағынтөменжіберіпжатқызу;
- зақымданғанныңбасынмойындеңгейіндешалқайтып, оныңтөменгіжағыналғатартып, шығару;
- ауызқуысынтіспротездерінен, кілегейден, құсықтантазарту.
Тынысжолдарыныңөткізгіштігінқамтамасызеткенненкейінбірденөкпеніжасандыжелдендіруге (ауыздан – ауызғатынысберутәсілі, ауыздан – мұрынғатынысберутәсіліқолданыладынемесетынысаппаратықолданылады) жәнежүректіңсырттаймассажынжасауғакіріседі.
Қолданылғаншаралартиімдіболғанжағдайдаұйқыартериясындапульспайдаболады, қарашықтартарылады, цианозбенқуқылдықжойылады, систолалыққанқысымыс.б. 80 ммдейінжәнеоданжоғарыкөтеріледі, көзалмасының, аяқ-қолдың, бастыңқимылыпайдаболады, тынысалуменжүректіңқызметіқалпынакеледі, азуақыттанауқастыңсанасыоралады.
Көмеккөрсетудіңекіншісатысындашешілетінсұрақтар:
- ЭКГкөмегіменжүректіңтоқтаутүріанықталады;
- қанайналысытиістіқалпынакелтіріледі;
- спонтанды тыныс қалпына келтіріледі;
- дәрілік ем тағайындалады.
Асистолия мен электромеханикалық диссоциацияда жүректің сыртқы массажын жалғастыра отырып жүректі дәрімен стимуляциялайды. Ол үшін 0,1% адреналиннің 1-3 мл натрийдың изотониялық ертіндісінде 1:9 қатынасында ерітіп оған 0,1% атропин сульфаты ертіндісінің 1 мл, 10% кальций хлоридының немесе глюконатының 3-4 мл қосып, барлығын бір шприцпен жүректің ішіне егеді.
Жүректің сыртқы массажы мен медикаментозды стимуляция тиімсіз болса, қуыстық электрод көмегімен электрокардиостимуляция жасайды.
Қарыншалардың фибрилляциясында электрлік дефибрилляция жасалынады. Разрядтың бастапқы кернеуі 4,5 кВ болады. Жүректің сыртқы массажы мен жасанды тыныс нәтижесіз болған жағдайда дефибрилляцияны қайталап жасайды. Әр қайталаған сайын разрядтың кернеуін 1000 В көбейтіп отырып, максимальды кернеуді 7000 В жеткізеді.
Әр дефибрилляцияның алдында орталық вена катетеріне, вена ішіне лидокаинннің 80-120 мг немесе новокаинамидтің 10% - 10 мл егіліп отырылады.
Синус ритмі қалпына келгеннен кейін қарыншалық органикалық экстрасистолиядағы сияқты сүйемел антиаритмиялық ем қолданылады.
Кенеттен болатын өлімнің предикторларын анықтаған жағдайда, науқас адамды мұқият тексеруден өткізіп, қарқынды антиангинальдық, антиаритмиялық, антиагреганттық ем қолданылады, керек болған жағдайда антисклероздық ем де жасалады.
Стенокардия (жүрек қыспасы)
Стенокардия – коронарлық атеросклерозбен ауыратын адамдарда күш түскен кезде де, тыныш күйде де миокардтың қысқа мерзімді ишемиясына байланысты пайда болатын ауырсыну синдромы.
Стенокардия деген атаудың (сөзбе сөз аударғанда – жүректің қысылуы, сығылуы) «кеуде қыспасы» (anginapectoris) синонимі бар. Терминді 1768 ж. Геберден ұсынған.
Стенокардиямен ауыратындардың 90% стенокардия тәж артериясының кем дегенде бір сегментінің ішкі қуысының ауданы атеросклерозбен 75% тарылғанда пайда болады. Оған қарамастан стенокардия коронарлық атеросклерозы бар адамдардың 20-30% кездеседі. Кейбір жағдайда стенокардия коронарлық артериялардың спазмының нәтижесінде көрініс береді.
Клиника. Стенокардияның клиникасын алғаш сипаттап жазған Геберден (1772 ж).
Стенокардия – кенеттен пайда болып, тез жойылатын кеуденің ұстама ауыруы. Жалпы кеуденің ауыруын, оның ішінде стенокардияны сипаттағанда мынандай белгілерді есте ұстау керек: ауырған жердің орны (локализациясы), ауырғандықтың тарау бағыты (иррадиациясы), ауырғандық белгінің сипаты, оның ұзақтығы, ауырғандыққа түрткі болатын және оны тоқтататын факторлар.
Стенокардияда ауырғандық көбіне төс артында, сирегірек төстің сол жақ шетінде орналасады. Өте сирек жағдайда ауырғандық эпигастрий аймағында және ауырғандықтың тарайтын аймақтарында кездеседі.
Ауырғандық сол жақ иыққа, сол қолға, көбіне оның ішкі жағына тарап, қолбасының IV-Vсаусақтарына жетеді. Сирегірек ауырғандық арқаға, сол жақ жауырын астына, мойынға, төменгі жаққа, тістерге, төстің астына тарайды. Өте сирек ауырғандық оң жақ иыққа, оң жауырынға және бел аймағына тарайды.
Сипатына қарай қысып, жаншып, сирек күйдіріп және сыздап ауыру байқалады. Ауырғандық өте күшті болады, жиі оған қоса ауру адамды өлім үрейі билейді. Бірақ стенокардиядағы ауырғандық миокард инфарктісінде болатын ауырғандықпен салыстырғанда әлсіз болып келеді.
Стенокардиядағы ауыру ұстамасы 1 минуттен ұзақ, 15-20 минуттен қысқа болады, көбіне ауырғандық 2-5 минутке созылады. Бірнеше секундке созылатын ауырғандық (шаншып ауыру) стенокардияға тән емес, әдетте ондай ауырудың коронарлық тегі болмайды. 30 минуттен ұзаққа созылатын ауырғандық та стенокардияға тән емес, оның себебі миокард инфарктісі немесе жүректің басқа аурулары болуы мүмкін.
Стенокардияға ең тән ауырғандық ұстамасын денеге түскен күш (қыдырып түру, жүгіру, жыныс қатынасы), көңіл-күй күйзелістері (стресс, ашу, үрей, қуаныш т.б.) тудырады. Ангинозды ұстаманың түрткісі салқындық, желге қарай жүру, тойып тамақтану (әсіресе ішті кептіретін тағам), шылым шегу, қан қысымының көтерілуі және тахикардия болады. Кейде стенокрадия асқорыту мүшелерінің қосымша аурулары қайталаған кезде пайда болады.
Стенокардияда болатын ауырғандық түскен күшті тоқтатқан кезде жойылады (ауырғандық ұстамасы кезінде науқас адам тоқтап, айналасына, витринаға қараған болады – витрина симптомы) және нитроглицерин таблеткасын тіл астына салғаннан кейін 30 с – 5 минут ішінде тоқтайды.
Сұрастырған кезде науқас адам ауырған жерін көрсету үшін жұмған қолын төске қойып көрсетеді (С.Левин симптомы).
Стенокардиядағы ангинозды ұстамаға қоса жиі тыныстау, ауыздың құрғауы, кіші дәретке жиі отыру сезімі, тершеңдік сияқты вегетативтік дисфункция белгілері кездеседі. Ауыру ұстамасынан кейін (әсіресе ол күшті болған болса) шаршағандық, әлсіздік, делсалдық сезім байқалады.
Клиникалық тексергенде спецификалық белгілер болмайды. Гиперлипидемия белгілері мен ерте қартаю белгілері болуы мүмкін: шаштың ағаруы мен ерте түсуі (қасқабастық), ауру адамның сырт пішіні мен жасының сәйкес келмеуі, самай тамырларының ирелеңдеп көрінуі, ксантелазмалар, ксантомалар, arcussinilis. Кей науқастың құлақ сырғалығында диагональды қатпар табылады. Қолқа атеросклерозының белгілері (тамыр будасы аймағының кеңуі, қолқа үстіндегі ІІ тон акценті, осы жерде естілетін систолалық шу) болуы мүмкін.
Стенокардия эквиваленттері немесе стенокардияның атипиялық түрлері. Стенокардия эквиваленттеріне ұстамалы ентігу және күш түскенде байқалатын өте күшті әлсіздік (тұншықпа варианты) жатады. Бұл белгілер күш түсуді тоқтатқаннан кейін және нитроглицерин бергеннен кейін тоқтайды. Тұншықпа вариантынан (астматикалық вариант) басқа стенокардияның аритмиялық және перифериялық (шеткі) варианттарын ажыратады. Стенокардияның аритмиялық эквивалентінде көбіне қарыншалық экстрасистолия (топтасқан, политопты, полиморфты) байқалады. Сирегірек жыбыр аритмиясы, пароксизмальды суправентрикулярлық тахикардия, қарыншалық тахикардия кездеседі. Сирек кездесетін белгілерге атриовентрикулярлық немесе қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы жатады.
Стенокардияның аритмиялық эквивалентінде аритмия денеге күш түскен кезде пайда болады және нитроглицерин немесе басқа антиангинальдық дәрілердің әсерінен (антиаритмиялық дәрілердің әсерінен емес) тез жойылады.
Стенокардияның перифериялық вариантының клиникалық белгісіне күші әр түрлі, көбіне сыздап ауырудың кеуде торының аймағында емес, нағыз стенокардиядағы ауырғандықтың тарау аймақтарында (сол жақ иықта, сол жақ шынтақ буыны тұсында, білекте, мойын маңында, кеңірдекте, жақ аймағында) болуы жатады. Стенокардияның эквиваленті сирек қыжыл түрінде белгі береді. Барлық жағдайда нитроглицерин немесе басқа антиангинальдық дәрілер жақсы нәтиже береді.
Күш түсу стенокардиясы. Стенокардияның бұл клиникалық түрінде ангинозды ұстаманың пайда болуы денеге күш түсуімен, көңіл-күй күйзелістерімен (эмоциональдық күш түсу) немесе басқа да миокардтың оттегін қажет етуін күшейтетін факторлармен байланысты болады. Ауыру ұстамасы түскен күшті тиған кезде немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін тоқтайды. Күш түсу стенокардиясының негізін миокардты оттегімен дененің тыныш күйінде қамтамасыз ете алатын, ал күш түскенде қамтамасыз ете алмайтын дәрежедегі коронарлық артериялардың тарылуы құрайды.
Күш түсу стенокардиясы алғаш рет пайда болған күш түсу стенокардиясы, тұрақты (стабильді) күш түсіру стенокардиясы және үдемелі стенокардия болып бөлінеді.
Алғаш (бірінші рет) пайда болған стенокардия. Оған пайда болған мерзімнен 1 айдан артық уақыт өтпеген стенокардияны жатқызады. Оның клиникасы стабильды стенокардия клиникасына ұқсас, бірақ одан айырмашылығы даму барысына және болжамына қарағанда полиморфты болып келетіні. Алғашқы стенокардия стабильды стенокардияға, үдемелі дамуға немесе миокард инфарктісіне көшуі мүмкін. Кей жағдайда кері дамуы мүмкін. Көптеген вариантының және даму барысының болатынын ескере отырып, алғашқы стенокардияны тұрақты стенокардияға ауысқанға дейін тұрақсыз (стабильды емес) стенокардияға жатқыза-ды.
Тұрақты (стабильды) күш түсу стенокардиясы тұрақты даму барысымен, яғни ауырғандықтың орны мен иррадиациясының тұрақтылығымен, ангинозды ұстаманы тудыратын күш деңгейінің біркелкілігімен сипатталады.
Клиникалық тұрғыдан тұрақты стенокардия деген ұғымды екі фактор анықтайды:
а) ұстама пайда болу жағдайының біркелкілігі (стереотиптігі);
б) күш түсуді тоқтату мен нитроглицерин қабылдаудың нәтиже беретіндігі.
Стенокардия ұстамасының жиілігі, ұзақтығы, оны тудыратын факторлар және ұстаманы тоқтату мүмкіншіліктері 60 күн бойы өзгермеген болса, ондай стенокардияны тұрақты стенокардия деп есептеу керек деген кең тараған пікір бар.
Көбіне тұрақты стенокардия атеросклероздың баяу үдеуімен байланысты болады, сондықтан оның үдеуі баяу болып келеді, ол ұзақ уақыт (апта, ай, жылдар бойы) стеоротипті жағдайда көрініс береді.
Ұстамаға түрткі болатын жағдайлардың тұрақтылығы тұрақты стенокардияны үлкен күш түскеннен, орташа күш түскеннен, жеңіл күш түскеннен болатын стенокардия деп бөлуге немесе оны түскен күш деңгейіне қарай функциональдық кластарға (ФК) бөлуге мүмкіндік береді (Канаданың жүрек-тамыр қоғамы, 1976 ж; РМҒА БКҚО).
І ФК. Науқас адам әдетте түсетін күшті жақсы көтереді. Стенокардия ұстамасы шамадан тыс күш түскенде байқалады. Стандартталған велоэргометриялық сынамаға төзімділік (толеранттылық) жоғары: меңгерілген күш қуаты (W) 750 кгм/мин. (125 Вт) төмен емес. Оттегіне қажеттілікті көрсететін қос көбейтінді (ҚК) 278 кем емес. (ҚК = ЖЖЖ х АҚҚ сист./100).
ІІ ФК. Дене қызметінің (түсетін күштің) аздап шектелуі байқалады. Стенокардия ұстамасы тегіс жермен 500 м артық жүргенде немесе бір қабаттан артық биіктікке көтерілгенде пайда болады. Стенокардия ұстамасының пайда болу ықтималдығы салқын ауада, желге қарсы жүргенде, эмоцияның көтеріңкі кезінде немесе ұйқыдан оянғанның алғашқы сағаттарында арта түседі. W = 450-600 кгм/мин. (75-100 Вт); ҚК = 216-277.
ІІІ ФК. Әдеттегі дене қызметінің анағұрлым шектелуі. Стенокардия ұстамасы қалыпты жылдамдықпен тегіс жермен 100-500 м жүргенде, бір қабат биіктікке көтерілгенде пайда болады. W = 300 кгм/мин; ҚК = 157-215.
IV ФК. Стенокардия денеге шамалы күш түскенде, тегіс жермен жүргенде 100 м аз қашықтықта пайда болады. Стенокардия ұстамасы тыныш күйде де болады.
Тыныш күй стенокардиясы. Тыныш күй стенокардиясында ауырғандық науқастың горизонтальды қалпында ұйықтап бара жатқан кезінде немесе түнде (науқас горизонтальды қалыпқа көшкенде жүрекке келетін веналық қанның көбеюі) бой көрсетеді. Ауырғандық сипаты күш түсу стенокардиясымен бірдей. Ауырғандық науқас адамның отырған қалпында немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін тиылады. Ұстама, әдетте, 15 минуттен қысқа болады. Түсетін күштің рөлін жатқан күйде күшейетін вена қанының оралуы (алғы күш) атқарады. Пайда болу жағдайларының біркелкілігі, төсектегі қалыпты өзгерткенде немесе нитроглицерин қабылдағаннан ауырғандықтың тез жойылуы және ұстаманың қысқа мерзімді болуы стенокардияның бұл түрін аз күш түсуден болатын тұрақты стенокардияға яғни IV функциональдық класқа жатқызуға мүмкіндік береді.
Үдемелі күш түсу стенокардиясы әдеттегі түсетін күшке жауап ретінде пайда болатын стенокардия ұстамасы жиілігінің, ауырлығының және ұзақтығының көбейіп кетуімен сипатталады.
Үдемелі стенокардия – тұрақты күш түсу стенокардиясының ауыр қайталауы (өршуі).
Стенокардияның бұл түрінде ұстама бұрынғыға қарағанда қарқыны аз күш түскенде пайда болады, ұстама жиілей түседі, оның ұзақтығы мен ауырлығы бұрынғы кезбен салыстырғанда арта түседі. Ауырудың орны мен иррадиациясы өзгеруі мүмкін, бұрын болмаған белгілер (жүрек айну, жүректің соғуы, тершеңдік, тұншықпа т.б.) қосылуы мүмкін. Нитроглицериннің әсері нашарлайды, күш түсу стенокардиясына тыныштық күй стенокардиясы қосылуы мүмкін. ЭКГ-да жаңа өзгерістер пайда болуы мүмкін. Үдемелі стенокардияны тұрақсыз (стабильды емес) стенокардияға жатқызады және оны инфаркталды күй деп есептейді. Онда болатын миокард инфарктісінің немесе кенеттен болатын өлім жиілігі 20-25% жетеді.
Спонтандық (ерекше) стенокардия. Спонтанды ерекше немесе вариантты стенокардияның – Принцметалл стенокардиясының (1959 ж. Принцметалл және оның қаламдастары сипаттап жазған) негізі – коронарлық артериялардың, көбіне ірі артериялардың спазмы мен субэпикардиальды (трансмуральды) ишемия. Барлық стенокардияның ішінде варианттық стенокардияның үлесіне 2-5% тиеді.
Күш түсу стенокардиядан ерекшелігі Принцметалл стенокардиясында ангиноздық ұстама күш түсуге тәуелсіз бой көрсетеді. Спонтанды стенокардияда болатын ауырғандық ұстамасының сипаты, орны және иррадиациясы жағынан күш түсу стенокардиясындағы ұстамамен бірдей. Ангинозды ұстаманың ұзақтығы 5-15 мин. созылады, кейде 30 мин. жетеді. Ауыру ұстамасы түнде немесе таңертеңгілік ерте кезде болады. Кейде ұстама циклді болып келеді, 2-5 ұстама қатар болады, араларына 2-15 мин. салып, бірінен кейін бірі болады. Стенокардия ұстамасын нитроглицерин және коринфар жеңіл тоқтатады.
Принцметалл стенокардиясына тән белгі – ұстама кезінде STсегментінің изосызықтан жоғары көтерілуі; STаралығының жоғары көтерілу ұзақтығы 5-10 минутке созылады, одан кейін STизосызыққа оралады. Ангиноздық ұстама кезінде ЭКГ-да басқа да өзгерістер болады: жүрек ырғағының баяулауы, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалар фибрилляциясы, экстрасистолия т.б. Вазоспастикалық стенокардияның диагнозын дәлелдеуге эргоновин сынамасы, коронарография (коронарлық артериялардың атеросклерозды тарылуы, коронароспазм) көмектеседі.
Вариантты стенокардия миокард инфарктісінің дамуымен аяқталуы мүмкін, сондықтан оны тұрақсыз стенокардияға жатқызады. Күш түсу стенокардиясына көшуі мүмкін.
Ауырсынусыз миокард ишемиясы (миокардтың мылқау ишемиясы). Клиникасында стенокардия белгілері жоқ адамдарды холтерлік мониторлы тексергенде ЭКГ-да ST сегментінің өткінші депрессиясы немесе жоғары көтерілуі табылса, онда ауырсынусыз миокард ишемиясының диагнозын қояды. Миокардтың «мылқау» ишемиясының кезеңдері көбіне ауырсыну бар кезеңдерге сәйкес келеді және стенокардиямен ауыратындардың 70-95% кездеседі. Миокардтың ауырусыз ишемиясы көбіне таңертең болады. Диагнозды күш түсу сынамасы көмегімен дәлелдеуге болады. Миокардтың ауырсынусыз ишемиясының мүмкін механизмдеріне ауырсыну медиаторларының аз бөлінуін, сезімталдықтың бұзылуын (мысалы қант диабетінде), ауырсынуды қабылдау табалдырығының көтерілуін, ишемия дәрежесінің төмен болуын және сол жақ қарынша функциясының бұзылуын жатқызады. Мылқау ишемиядағы алыс прогноз стенокардиямен бірдей.
«Х» синдромы. Стенокардияға тән ангинозды үстама бар күйде коронарографияда өзгеріс болмайтын клиникалық күйді «Х» синдромы деп атайды. Науқас адамдардың ішінде әйелдер басым болады. Күш түсу кезінде позитронды – эмиссиондық томография көмегімен миокардтың қанмен қамтамасыздығының бұзылғаны және/немесе сол жақ қарынша қабырғасы қозғалысының жергілікті бұзылғаны анықталады, эргоновин сынамасы кезінде вазоспазм белгілері болмайды.
Бұл науқастарда стенокардияның пайда болуы артериолдардың дилатациялық қабілеті төмендеуіне байланысты микроциркуляциялық қан арнасы деңгейінде қан айналысының уақытша бұзылуымен байланысты. Сондықтан стенокардияның бұл түрін микроваскулярлық стенокардия (microvascularangina) деп атайды. «Х» синдромының болжамы әдетте жағымды болып келеді.
Тұрақсыз стенокардия (жедел коронарлық жетіспеушілік, инфаркталды күй, аралық коронарлық синдром) тұрақты стенокардия мен миокард инфарктісінің аралығында орналасады, ол коронарлық жетіспеушіліктің ауырлауына сәйкес келеді.
Тұрақсыз стенокардияға жатады:
1) алғашқы күш түсу стенокардиясы; негізінен орташа және жеңіл күшке болатын немесе жиі (тәулігіне 3 реттен жиі) болатын алғашқы стенокардия;
2) үдемелі стенокардия (бұрыннан бар тұрақты күш түсу стенокардиясының ұстамалары-ның күшеюі, ұзаруы, жиілеуі);
3) Принцметалдың вариантты стенокардиясы;
4) 15 минуттан ұзаққа созылатын тыныш күй стенокардиясы немесе жиілеген тыныш күй стенокардиясы;
5) инфарктан кейінгі тыныш күй стенокардиясы немесе болмашы күш түсу стенокардиясы.
ДДҰ классификациясында соңғы екі түрі көрсетілмеген, олар кейін қосылған.
Тұрақсыз стенокардия коронарлық атеросклероздың кез келген деңгейінде және ауыртпалығында кездесе береді. Тұрақсыз стенокардияның пайда болуы миокардқа қан келуінің жедел төмендеуімен байланысты. Мұның өзі коронарлық артериялардың тарылуының төменгі себептерге байланысты тез күшейе түсуінен болады:
1) атеросклероздық түймедақтың секірмелі өсуі (оған қан құйылуы);
2) динамикалық стеноз: спазм, тромбоцитралық агрегаттар немесе тромб тудыратын өткінші окклюзия және спонтанды фибринолиз әсерінен қайтадан тез өзек пайда болуы;
3) бұл факторлардың қоса кездесуі.
Тұрақсыз стенокардияның морфологиялық субстраты – асқынған атеросклероз түймедағы (үсті жарақаттанған, үсті шытынап жарылған, тромбоциттер агрегаты шөккен) тудыратын эксцентриялы стеноз. Спастикалық реакцияның себебі деп жедел пайда болған эндотелий зақымдарын есептейді. Науқас адамның күйінің жақсаруы асқынған атеросклероздық түймедақтың «жазылуымен» байланысты болады немесе процесс миокард инфарктісінің пайда болуымен аяқталады.