Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


V. Лифа түйіндері және олардың орналасуы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Лимфаның құрылым қағидалары,түзілуі,құрамы мен қасиеттері және айналымы

           

       Орындаған: Онғарбекова Ж.Д.

                                                                     Группа:ВМ-703

                                                                     Тексерген: Айтқазы А.Д.

                                                                    Лектор: Тоқаев З.Қ.

 

Семей-2018ж.

 

Жоспар:

 

І. Лимфа

ІІ. Лимфаның түзілуі

ІІІ. Құрамы мен қасиеттері

IV. Лимфа айналымы

V. Лифа түйіндері және олардың орналасуы

 

 

                   

 

 

Лимфа (лат. lympha) — жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.

Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) – жануарлардың лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Жанур  денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

Лимфа-лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі- белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағұлматтар тек XVI ғ. пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Италия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды. Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын қаналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасқан. Лимфа тамырларының өте қабырғасы дәнекер ұлпалар мен біріңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат энтотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш жүйке талшыктамен жүйкеленген. Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады. Лимфа тамырлары денеге кәріздік (дренаждық) жүйе құрып, органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан, лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтік кетеді. Олар биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфациттер де түзіледі. Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарайды.

 

Лимфа түзілу і тінаралық сұйықтықтың лимфа капиллярларына өтуінен басталады. Қан шығып, тінаралық сұйықтыққа өткен су, плазмада еріген кейбір заттар, тіраралық зат алмасу кезінде пайда болған заттар одан әрі лимфа капиллярларына өтеді. Кезінде лимфа, оның түзілуі туралы бірнеше, атап айтқанда фльтрациялық, секрециялық теориялар ұсынылды. Олар бірін-бірі толықтырып, кейін лимфа түзілуі, оның тетіктер туралы ілімінің негізі болды.

Қазіргі таңддағы ұғым бойынша тінде лимфа түзілуі - өте күрделі, көп салалы үрдіс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

1) Вена капиллярларындағы сұйықтық пен онда еріген заттар, жасушааралық кеңістікте өтеді;

2) Аталған заттар дәнекер тінге өтіп, соны жайлап алады;

3) Вена капиллярлары арқылы сүзінді қайтадан қанға сіңеді;

4) Жасушааралық сұйықтық пен онда еріген заттар, айталық, белок лимфа капиллярларына қайта сіңеді.

Лимфа капиллярлары басқа резорбциялық шөлмектер деп аталады. Лимфа капиллярларының қабырғасы диаметрі әртүрлі саңылаулар, бір қабат эндотелий жасушаларынан тұрады.

Лимфа капиллярларының негізгі резорьциялық қызметі физико-химиялық заңдылықтарға бағынады, яғни конвекция, диффузия, заттардың везикулалық жолмен тасылуы сияқты тәсілдермен іске асырылады.

Бүгінгі таңдағы мағлұматтарға қарағанда, лимфа түзілуі үш себепке, атап айтқанда:

1) қан мен лимфа капиллярларындағы, тінаралық екңістіктегі гидростатикалық қысым айырмшылығы;

3) жалпы осмостық және онкостық қысым айырмашылығына;

4) қан мен лимфа капиллярлары эндотелийінің өткізгіштік қасиетіне байланысты.

Өткен ғасырда К.Людвиг ашқан гидростатикалық қысымның қандай мәні бар екенін, қысымы азайса лимфа түзілуі баяулайтыны, ал ол күшейсе, лимфа түзілуі де күшейетіні сияқты мағлұматтардан байқауға болады. Мәселен, ірі венаны бір жерінен байлап тастаса лимфа түзілуі күшейіп, оның жалпы көлемі арта түседі. Людвигтің бұл ілімін кейін Старлинг толықтырды. Лимфа мөлшері қанның, тінаралық сұйықтықтың және лимфаның осмостық қысмындағы айырмашылықтарына байланысты. Қанға осмостық қысмы күшті ерітінде жіберсе, ның қысымы артады а лимфа көлемі азая бастайды, кейін тұз жасушааралық сұйықтыққа өткен соң лимффа түзілуі қайтадан күшейеді.

Өздеріңізге белгілі, осмостық қысым минерал тұздарға ғана байланысты емес. Бұл қысымға плазма белоктарының да қатысы бар. Олар қан капиллярлары арқылы үлкен молекулалы қосынды ретінде өздеріне суды тартып алады. Сондықтан қанның онкостық қсысымы күшейсе, лимфа түзілуі баяулайды, ал азайса, керісінше лимфа түзілуі күшейеді. Айта кету керек, таза қан капиллярларында гидростатикалық қысым онкостық қысымнан жоғары, бұл лимфа түзілуіне өте қолайлы. Вена капиллярларында, керісінше сұйықтық тінаралық кеңістіктен қайтадан қанға сіңеді де лимфа түзілуі баяулайды.

Сонымен лимфаның мөлшері артериялық әне веналық қан капиллярларындағы үрдістердің арақатынасына байланысты. Белок жетіспесе де дене ісіне бастайды. Қанның онкостық қысымы төмендесе сұйықтық тінаралығына жиналады да денені су кернейді.

Лимфа түзілуі қан мен лимфа капиллярлары эндотелийінің өткізгіштік қасиетіне де байланысты.

Бүгінгі ұғым бойынша қан мен лимфа капиллярларының қабырғасы жартылай өткізгіш мембрана болып есептеледі: оның құрылысы өте күрделі. Сұйықтық пен онда еріген заттар капилляр қабырғасындағы ультомикроскопиялық тесіктер арқылы өтеді.

Капилляр қабырғаларындағы тесіктердің саны мен көлемі әр ағзада әртүрлі, осыған орай оралдың өткізу қабілеті де түрліше. Бауыр капиллярларының өткізу қабілеті өте жоғары, сондықтан да өзегіне құйылатын лимфаның көбі бауырда түзіледі.

Лимаф түзілуін денеге химиялық не биологиялық әсері күшті заттар енгізу арқылы өзгертуге болады. Ондай заттар лимфагога деп аталады. Олар осмостық қысым мен қан қысмы өзгерсе де лимфа түзілуін күшейтеді. Олардың лимфа шығару қабілеті апиллярлардың таңдамалы өткізгіштігінің күшеюіне байланысты. Мұндай қабілет пептин, гистамин, кейбір гормондар, сүлік экатракты сияқты заттарға байланысты.

 

Лимфа – мөлдір сарғылт түсті сұйық. түрлі органдардан ағатын лимфаның құрамы әртүрлі. мысалы ішектен шыққан лимфа құрамында негізінен альбуминдер ғана болады, глобулиндер болмайды. Ал бауыр лимфасының құрамында қан плазмасындағы мөлшерде белоктар ұшырасады. Аш мал лимфасы 1,015 шамасында түзсіз мөлдір сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, гормондар, тұздар, ферменттер, витаминдер және антиденелер кезедеседі.
Құрамы жағынан лимфа белоктар плазма белогына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз.белоктардың ең аз кқнцентарциясы (1- 2 пайыз) аяқтардан, теріден, еттен шығатын лимфада кездеседі. Себебі бқл органдар капиллярларының өтімділік қасиеті өте төмен. Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар концентрациясы көбірек. Оның әрекетшіо ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада эритроциттер болмайды,аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер және гранулоциттер кездеседі.Лимфа құрымнда тромбоциттер болмағанымен фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды. Лимфа құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның физиологиялық күйіне қарай өзгертіп отырады.Мысалы, майлы азық жегеннен кейін ішек лимфасының құрамында май тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға келеді. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килогармына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе- 5-18, көк бауырда- 3-12, аяқ еттерінде- 2-3 мл лимфа түзіледі. Көкірек өзегі арқылы қанға малдың ірі массасының әрбір килограмына шаққанда сағытына 2 мл лимфа құйылады. Салмағы 500 кг сиыр қанында тәулігіне 24 л лимфа қосылады. Ағзалардан ағатын лимфа мөлшері қан қысымы жоғарлағанда, органға келген қан мөлшері артқанда, вена қанының ағуы нашарлағанда, денедегі қан мөлшері көбейгенде, органдар қызметі күшейгенде артады.

 

Л имфа айналымы

Адам денесінің клеткаларының арасында сұйықтықпен толып тұратын өте кішкене кеңістіктер болады. Осы клетка аралық жолдардан тұйық капиллярлар тоы түрінде лимфа тамырларының жүйесі басталады. Бұл лимфа капиллярлары олардан ірірек лимфа сосудтарына жалғасады; кейінгілер дененің әр түрлі учатоктерінде / қолтықта, мойында, шапта/ лимфа түйіндеріне келеді де, онда өте майда тамырларға тарамдалады. Лимфа түйіндерінен шыға берісте олар қайта бірігіп, үлкен сосуда құрайды. Бүкіл денедегі лимфа көкірек лимфа жолы және мойын лимфа ьтамыры арқылы оң және сол бұғана асты веналарына құяды. Лимфаны құрамы. Қан ешуақытта денедегі клеткаларымен тікелей жанаспайды. Қанмен келетін қоректік заттар, оттегі және тағы басқалар, клеткалар араларын толтырып жатқан мөлдір я сорғыштау сұйық зат- ткань сұйықтығы арқылы беріледі. Әртүрлі органдардан ағатын лимфаның өзіндік ерекшіліктері болады, себебі, әрбір органда жүретін алмасу процесінің өзіндік өзгешіліктері бар. Мысалы, ішектен ағатын лимфаны сүт сөлі деп атайды. Оның себебі,ішектен лимфаға ас қорыту кезінде өте майда май түйіршіктері өтедіде, ол лимфаның түрін ағартады. Адам лимфасында -94-95,8% су, 2-3%-ке дейін белок (альбумин, глобулин, фибриноген); оның ішінде фибриноген-0,04-0,06%; азлап дәнді лейкоциттер, лимфоциттер болады. Эритроциттер жоқ. 0,7-0,8% минерал тұздары; 0,4-0,9% май боладыы. Сыбағалы салмағы – 1,012-1,023. Көкірек ағысы арқылы тәулігіне 1-3 л. Лимфа қанға құйылады.

  Лимфа түйіндері (лимфатические узлы); (nodi lymphatici, лат. nodi - түйін, lympha - таза су, ылғал) - пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.

     Жылқы малында лимфа түйінділерінің орналасуы



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Расписание учебных з анятий и | Лекарственные средства, применяемые в гастроэнтерологии
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 722 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2317 - | 2272 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.