СИЛЛАБУС
«Микробиология» пәнібойынша
5В130200– «Стоматология»мамандығына арналған
Дәріс18сағат
Практикалық сабақ 72 сағат
БӨЖ45 сағат
Барлық сағат саны 135сағат (3 кредит)
КурсІІ
Астана 2018ж.
Силлабусмикробиология пәнінен 5В130200– «Стоматология» мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.
Дайындаған:м.ғ.к.,доцент Әсемова Г.Д., м.ғ.к., доцент Байдуйсенова
аға оқытушы, магистр Бекниязова Г.А.
Силлабус 5В130200 – «Стоматология»мамандығы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ-да оқитын білім алушыларға арналған.
2018 жылы «29» тамыз айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, №1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Досмағамбетов М.Ө.
1. Кафедра о қ ытушылары туралы м ә л і меттер:
Досмағамбетов Марат Өтеуұлы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор. №1 Сеченов атындағы Маскеудің медицина академиясында күндізгі бөлімінің аспирантурасын бітірді. Ғылыми ізденістері: микроорганизмдердің экологиясы, топырақ биотасының құрамына және қасиеттеріне жоғары дозадағы радиацияның әсері.
Табаева Алия Абиловна, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. КАРГМИ санитарно-гигиеналық факультетінің түлегі. Ғылыми ізденістері: балалардың бронх демікпесі, балалардың тыныс алу жолдарының микрофлорасы, ПТР, ИФТ.
Рахметова Нүрила Беркенқызы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті. б.ғ.к., Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 2003 жылы «Озонотерапия гнойно-воспалительных заболеваний мягких тканей» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми ізденістері: іріңді-қабыну ауруларының микробиологиясы, медициналық паразитология және энтомология.
Байдуйсенова Алия Утешовна, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының медико-профилактикалық факультетін бітірген. 1999 жылы 07.00.03-микробиология, 14.00.36-аллергология және иммунология мамандықтары бойынша «Использование показателей противоинфекционной защиты в комплексном обследовании лиц с иммунологической недостаточностью» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Докторлық диссертация жұмысымен айналысады. Мемлекеттік және орыс тілдерде дәріс оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: клиникалық-диагностикалық микробиология, медициналық микология, иммунология, дәрілердің микробиологиялық зерттеулері.
Асемова Гүлжан Данқыбекқызы, Ш, И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті, м.ғ.к. АкмолММИ емдеу факультетінің түлегі. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. «Күйік инфекцияларын емдеудегі эфматол тиімділігін микробиологиялық турғыдан бағалау» атты тақырыбына кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. Ғылыми ізденістері: күйік жараларының қоздырғыштары, дисбактериоз.
Досмағамбетова Айгүл Мұқатқызы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доцент қызметін атқарушы, м.ғ.к. ҚазММА медико-биологиялық факультеттің түлегі. Профессор Қазымбет П.К. жетекшілігімен «Техногенді ластану жағдайындағы қоршаған орта және адам қалыпты микрофлорасының биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Мемлекеттік және орыс тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: уран кең тау өндірісімен техногенді ластанған аймақтар топырақтарындағы микромицеттердің құрамы және қасиеттері.
Бекниязова Гүлімшат Алпысбайқызы, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы. ҚазММА медико-биологиялық факультеттің түлегі. Мемлекеттік және орыс тілдерде практикалық сабақтар жүргізеді. Биология ғылымдарының магистрі. Ғылыми ізденістері: лактобациллалардың биологиялық қасиеттері, фармацевтикалық микробиология.
Акимбекова Гульнара Муханмадиевна Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусологияжәне иммунология кафедрасының аға оқытушысы. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану факультетінің түлегі. Мемлекеттік және орыс тілдердепрактикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Қазақстан Респубикасындағы ЖИТС бойынша жағдай.
Ботбаева Мадина Тұрлыбековна Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті. «АМУ» АҚ медико-профилактикалық факультетінің түлегі. Мемлекеттік және ағылшын тілдердепрактикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Ақмола облысындағы тұрғын пункттарындағы ауаның санитарлық зерттеуі.
Сутимбекова Назгул Сейтбековна Ш..И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті. «АМУ» АҚ қоғамдық денсаулық сақтауфакультетінің түлегі, биология ғылымдарының магистры. Мемлекеттік және орыс тілдердепрактикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Урогенетальді инфекцияларды зерттеу.
Сарсенова Айгерим Григорий-Абатовна Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті, биология ғылымдарының магистры.Мемлекеттік және ағылшын тілдердепрактикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері: Ішек лактобактериясының антагонистік белсенділігі.
Мусабай Қаракөз Нуржановна, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті, биология ғылымдарының магистры.Мемлекеттік және ағылшын тілдердепрактикалық сабақтар жүргізеді. Ғылыми ізденістері:құтыру вирусының глико- және матрицалық протеинің бөліп алу.
2. Байланыс ақпараты:
Практикалық сабақтар «АМУ» АҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасының оқу зертханаларында жүргізіледі (Астана қаласы, Сары-Арқа көшесі, 33 үй, 5-ші қабат,), дәрістерді оқу процесін жоспарлайтын және мониторингін жүргізетін бөлімі құрастырған кесте бойынша дәрістер оқылады. тел. 8-(7172)-44-41-84. Электрондық адресі: kaf.micro@gmail.com.
3. Саясаты:
Кафедраның білім алушыларға оқу процесінде қоятын талаптары, жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары
Микробиология базалық пән болғандықтан, оны білу әр бір дәрігерге, әрбір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым ретінде теориялық және клиникалық медицинаның өзекті маңызды сауалдарын шешуін қамтамасыз етеді. Білім алушылар теориялық білімдерді және келешекте кәсіби тәжірибеге қажетті дағдыларды практикалық сабақтарда алып шығады. Білім алушылар бірінші практикалық сабақтан бастап дәріске арналған қалын дәптер (45 беттен кем емес), үлкен альбом, түрлі-түсті карандаштар, медициналық халат, калпақ, екінші ауыстыратын аяқ-киім қажет. Кафедраның негізгі талаптарының бірі әр дайым дәрістерге, практикалық сабақтарға қатысып жүру. Себепсіз қалдырған сабақтарды Білім алушы аралық бақылауға дейін өтейді. Білім алушы сабаққа 15 минуттан көп кешігетін болса сабаққа жіберіледі, бірақ журналда «жоқ» белгісі қойылады және кейін өтеуі қажет.
Емтихан мен қорытынды тестілеуге егер Білім алушы дәрістерге, практикалық сабақтарға, БӨЖ-на себепсіз қатыспауы, барлық аралық бақылауы (коллоквиумдары) тапсырылған жағдайда жіберіледі. Кафедраның оқу талабын (практикалық сабақтардан, БӨЖ тапсырмаларын толығымен орындамаған жағдайда, аралық бақылауы (коллоквиумдар тапсырылмаса) орындамаған Білім алушы ақылы түрде қайтадан пәнді оқиды. «Микробиология және иммунология» пәнінен ОРД баллы 85 балл және одан да жоғары балл болса, қорытынды бақылау (емтихан) ОРД баллымен бағаланады.