Пәннің сипаттамасы
1.1. Пәннің пререквизиттері: Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері
1.2 Пәнді оқыту мақсаты: жалпы экологияның теоретикалық сұрақтарына жүйелік бағыт және экологиялық мәселелерді шешуде жүйелік талдауды қолдану негізінде экология бойынша студенттердің алған білімдерін жалпылау, экожүйелердің барлық негізгі компоненттеріне біртұтас бағыттан сипаттама беру.
1.3. Міндеттер: -қоршаған орта туралы теоретикалық білімдерді жүйелік жинақтау;
- алынған білімді өз жұмысында болашақта қолдану үшін санадан өткізу.
Пәннің қысқаша мазмұны
Жүйелік экология сала аралық бағыт ретінде. Жүйелік талдаудың әдіснамасы. Жүйелер туралы жалпы жүйелік түсініктер. Геоэкожүйе өзара байланысты, өзара әсер ететін табиғи компоненттердің тұтас көпшілігі ретінде. Геожүйелерді модельдеу. Жүйелік экология және мониторинг.
1.5 Оқыту нәтижелері:
А (білімі және түсінігі)
- популяциялардың, экожүйелердің экологиялық модельдері, ғаламдық имитациялық модельдер;
- экологиялық жүйенің құрылымдары мен қызмет атқаруы;
- дүниенің жүйелік ұйымдастырылуы, заттың айналымдары, энергия ағындары және экожүйелердегі ақпараттар, қоршаған ортаның биологиялық реттеуі туралы.
географиялық зерттеулердегі жүйелік бағытты ұйымдастыру ерекшеліктері
В (білімі мен түсінігін қолдану)
- эко және геожүйелердің қалыптасуына, дамуына, құрылымына, қызмет атқаруына және динамикасына әсер ететін себепті-салдарлы байланыстарды анықтау және талдау;
- ластану деңгейін анықтағанда және шешімдерді қабылдағанда;
- экологиялық қауіп көздеріне мониторингті ұйымдастырғанда және анықтағанда;
С пікір қалыптастыру (құру)
- экологиялық жауапкершілікті ескере отырып толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде;
D (коммуникативті дағдылар)
- құбылыстарда қарама-қайшылықтарды көру және олар арасында байланыстарды анықтау қабілеті, кешенді көп жоспарлы мәселелерді шешу;
Е (оқу дағдылары) экологиялық төтенше жағдайларды шешуде жүйелік талдауды құру үшін міндеттерді қалыптастыру және қою.
1.6 Пәннің постреквизиттері: жоқ
Оқу жылының 1 семестріне күндізгі оқыту нысанындағы Агрономия факультетінің 5В060800 – «Экология» мамандығының 4 курс білім алушыларына
Арналған Жүйелі экология негіздері пәні бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспар
Апта | Модуль, тақырып атауы | Дәр | Пр. | БАОӨЖ | БАӨЖ | Барлық сағат |
Модуль 1 Жүйелік экологияның теоретикалық-әдіснамалық негіздері