Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы

Лгілік оқу бағдарламасы

Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынасәйкес әзірленген.

2. Жалпы орта білім беру деңгейінде«Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқыту маңызды болып табылады, себебі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін неғұрлым тиімді әдістерді ұсынады және логикалық,абстрактілік, кеңістіктік, сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді, шынайылықты танудың ғылыми әдістерін меңгереді, математиканың практикалық маңыздылығын жете түсінеді. Пайымдаулардағы қорытындыларды негіздеуде математикалық тілдің қолдану қажеттілігі оқушылардан математикалық терминологияны, логикалық конструкциялар мен таңбаларды еркін пайдалануын талап етеді, адамның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

3. Мақсаты: практикалық іс-әрекетте қолдануға, басқапәндерді игеруге, білім алуды жалғастыруға қажетті математикалық білімді оқушылардыңмеңгеруі; жалпы адами құндылықтаржәне ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың зияткерлігін дамыту.

4. Міндеттері:

1) Бағдарламаның «Сандар», «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ»бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын әрі қарай қалыптастырумен дамытуға жағдай жасау;

2) математикалық тіл мен негізгі математикалық заңдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал ету;

3) әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде санды қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге жәрдем беру;

4) нақты процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді құру және интерпретациялау дағдыларын дамыту;

5) әртүрлі теориялық облыстар мен практикалық іс-әрекеттердезерттеулер және есептер шешу үшін математикалық әдістерді қолданудың дағдыларын дамыту;

6) логикалық және сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

7) коммуникативтік, әртүрлі дереккөздерден ақпараттыіздеу және қолдану дағдыларын дамыту;

8) өздігінен, топта жұмыс істеуге қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

9) қоғамныңілгерілеуі үшін математиканың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету;

10) математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

тарау. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

5. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында– 136 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында– 136 сағат.

6. 10-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) 7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау;

2) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Функцияның қасиеттері. Бөлшек-сызықты функция. Күрделі және кері функция ұғымдары;

3) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар,олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу;

4) «Кері тригонометриялық функциялар». Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс. Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер;

5) «Тригонометриялық теңдеулер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері;

6) «Тригонометриялық теңсіздіктер». Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;

7) «Ықтималдық». Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті). Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы. Бернулли формуласы және оның салдарлары. Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері;

8) «Көпмүшелер». Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі. Біртекті және симметриялы көпмүшелер. Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі. Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу. Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу. Безу теоремасы, Горнер схемасы. Анықталмаған коэффициенттер әдісі. Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема. Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер. Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виеттеоремасы;

9) «Функцияның шегі және үзіліссіздігі». Функцияныңнүктедегі және шексіздіктегі шегі. Функция графигінің асимптоталары. Сан тізбегінің шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Шектерді табу. Біріншітамаша шек;

10) «Туынды». Туындының анықтамасы. Функция дифференциалы ұғымы.Туынды табу ережелері. Күрделі функция туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары.Кері тригонометриялық функциялардың туындылары. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі;

11) «Туындының қолданылуы». Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері. Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияныдөңестікке зерттеу. Туындының көмегімен функцияны зерттеу жәнеграфигін салу. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері.

12).«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары». Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы.

13) 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.

7. 11-сыныпқа арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) 10-сыныптағы математика курсын қайталау;

2) «Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Интегралдау әдістері. Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы;

3)«Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау;

4) «Дәрежелер және түбірлер. Дәрежелік функция». n -ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже.Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Иррационал өрнектерді түрлендіру.Дәрежелік функция, оның қасиеттері жәнеграфигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы;

5) «Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктер». Иррационал теңдеулер мен олардың жүйелері. Иррационал теңсіздіктер;

6) «Комплекс сандар». Жорамал сандар. Комплекс сандар анықтамасы. Алгебралықтүрдегі комплекс сандарғаамалдар қолдану. Квадрат теңдеулердің комплекс түбірлері. Алгебраның негізгі теоремасы;

7) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы;

8) «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері. Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңсіздіктер;

9) «Дифференциалдық теңдеулер». Дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы мағлұмат. Айнымалылары ажыратылатын бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер;

10) 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау.

8. Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерінбағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.

9. Оқу пәнінің мазмұны төрт бөлімді қамтиды: «Сандар», «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ».

10. «Сандар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Сандар және шамалар туралы түсініктер;

2) Сандарға амалдар қолдану.

11. «Алгебра» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру;

2) Теңдеулер және теңсіздіктер, олардың жүйелері және жиынтықтары;

3) Тригонометрия.

12. «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Комбинаторика негіздері;

2) Ықтималдықтар теориясының негіздері;

3) Статистика және деректерді талдау.

13. «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Математикалық анализ бастамалары;

2) Математикалық тіл және математикалық модель;

3) Математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Для заболеваний тонкой кишки более характерны поносы, или диарея. | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-17; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1564 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2437 - | 2356 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.