Дәріс 1
Тақырыбы: Өсіміктерді химиялық қорғау пәніне кіріспе.
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1,6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460-380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8,5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер – химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайдаланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі, жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Сол сияқты ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын тамақ өнімдерінде пестицидтер қалдығы гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препараттар мөлшерінен аспауын қадағалау керек. Өсімдікті химиялық қорғау пестицидтердің физикалықхимиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянды ағзаларға, қоршаған ортаның элементтеріне әсерін, қарқынды технологияда интегралды қорғау шараларында қолданылуын зерттейтін ғылым. Өсімдікті химиялық қорғау курсының негізгі мақсаты – заманауи пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету механизмінің табиғатын зерттеуге, барынша тиімді және қауіпсіз қолдануға үйретеді. Өсімдікті химиялық қорғаудың теориялық негіздеріне ауылшаруашылықта қолданылатын уларды зерттейтін ғылым - агрономиялық токсикология жатады. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары – ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Дәріс 2.
Тақырыбы: Өсімдікті химиялық қорғау, классификациялау
Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады. Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады. Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді: - бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор қосылыстары); - өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер); - органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитротуындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар). Қолдану нысаны бойынша барлық химиялық заттар келесі топтарға бөлінеді: инсектицидтер (insectum-жәндік) – жәндіктермен күресу үшін; акарицидтер (acarys-кене) – кенелермен күресу үшін; инсектокарицидтер – жәндіктермен және кенелермен күресу үшін; овицидтер (ovum-жұмыртқа) - зиянды жәндіктермен және кенелердің жұмыртқаларын жою үшін; ларвицидтер (larva-құрт) - жәндіктер мен кенелердің құрттарын жою үшін; Пестицидтерді қолдану нысанына байланысты жіктеу шартты, өйткені олардың жәндіктерге, кенелерге және олардың жұмыртқаларына әр түрлі әсері бар. Мысалы, карбофос әрі инсектицид, әрі акарицид. Оларды инсектоакарицид деп атауға болады. Көптеген препараттар саңырауқұлақ ауруларын және тағы сол сияқты зиянкес жәндіктерді, кенелерді құртады. (Мысалы, каратан, мороцид, күкірт препараттары). Бұларды акарофунгицид деп атайды. Көптеген гербицидтер қолдану мөлшерін жоғарылатқан жағдайда ағаш бұталарды жояды. Оларды арборицид деп атайды. Инсектицидтер ағзаға ену және әсер ету қасиетіне байланысты ішекпен баратын, жанаспа әсерлі, фумиганттар болып жіктеледі. Ішекпен баратын инсектицидтер қоректік заттар мен бірге зиянды жәндіктердің ағзасына еніп уландырады. Жанама әсері бар инсектицидтер жәндіктердің тері қабатын тікелей жанасу арқылы улайды. Фумиганттар – жәндіктердің ағзасына тыныс жолдары арқылы, газ күйінде енеді. Барлық пестицидтер жанама әсерлі, жүйелік болып екі топқа бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағазаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдіктердің ағзасына сіңгіш, ұлпаларымен жылжи отырып, зиянды ағзаларды жояды.
Биологиялық белсенді заттар
Өсімдікті зиянды ағзалардан қорғау үшін биологиялық белсенді заттарды қолдану көп зерттелген. Олар төмендегідей болып бөлінеді: Феромондар - жәндіктерден қоршаған ортадағы зиянкестерге әсер еткіш, бөліп шығарылатын заттар. Аттрактанттар – жәндіктер мен жануарларды иісімен, дәмімен еліктіргіш заттар. Репеленттер – жәндіктерді иісімен, дәмімен үркітетін заттар. Ингибиторлар – тірі ағзадағы зат алмасу процестерін, ферменттердің белсенділігін төмендететін органикалық, бейорганикалық заттар. Антифиданттар – жәндіктердің қоректенуін төмендететін заттар. Дефолианттар – өсімдіктің пісіп жетілуін жылдамдататын, өнім жинау жұмыстарын жеңілдететін, сабақтағы жапырақтарды түсіруге арналған заттар. Десиканттар – өнім жинау алдында өсімдіктерді кептіруге арналған заттар. Реторданттар – өсімдік сабағының өсуін бәсеңдететін заттар. Химиялық иммунизатор – өнімділік сапасын жоғарылататын өсімдіктің зат алмасу процестерін жақсартқыш заттар. Химиялық өндірісте шығарылатын барлық пестицидтер сапа жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы тиіс. Бұл стандарт препараттың нақты атын (химиялық және қысқаша аты), құрамын, дайындалу техникалық жағдайын, әсер етуші заттың мөлшерін, қоспалары, ылғалдылығы, сулағыш ұнтақтардың дисперстілігі, әсер етуші затты анықтау әдісі, сақталу мерзімі сияқты мәліметтерді қамтиды. Жыл сайын жаңа пестицидтер сынақтан өткізіліп, оларды өндірісте қолдану үшін Қазақстан Республикасының өсімдік қорғау құралдарын сынау және тіркеу жөніндегі комиссиясы ұсынады.
Дәріс -3
Тақырыбы:Пестицидтерді қолданудағы физикалық – химиялық негіздер
Препараттық формалар
Пестицидтердің тиімділіктері препараттың қолдану формасына және жағдайына байланысты. Пестицидтердің және зиянкестердің алуан түрлілігі көптеген препараттық формалардың жасалуын талап етеді. Дүние жүзі бойынша пестицидтердің 100 000-нан аса препараттық формалары бар. Белгілі жағдайда өте тиімді препараттар олардың әсер етуші заттарының физикалық-химиялық қасиеттеріне, қарсы қолданылатын нысанына және қолдану әдісіне байланысты іріктеп алынады. Көптеген жағдайда препараттың таңдамалық қасиеті препараттық формасына байланысты. Мұндай қасиет көбінесе гербицидтерге тән. Мысалы, жоңышқа егістіктерінде арамшөптерге қарсы қолданылатын 2М-4Х немесе калий тұздары өте тиімді, алайда препаратқа суландырғыш қосқан жағдайда оның жоңышқаға кері әсері байқалады. Пестицидтердің бірнеше негізгі топтары бар:
1) ұнтақтар; 2) түйіршіктер; 3) мирокапсуладағы препараттар; 4) сулы ертінділер; 5) ерігіш ұнтақтар; 6) концентрат эмульсиялар; 7) пасталар, сулы суспензиялар; 8) аэрозольдар мен фумиганттар; 9) басқа да түрлер.
Бөлшектері 3-30 мкм пестицидтер мен инертті толықтырғыштардың механикалық қоспаларын инсектицидтті, акаридцидттік, фунгицидттік ұнтақтар (дустар) деп атайды. Ұнтақтау процессі кезеңінде пестицидттің және толықтырғыш бөлшектерінің арасында: 1) Ұнтақтар (дусттар), умен тозаңдану немесе опалану; 2) түйіршіктелген (немесе микротүйіршіктелген) өсімдіктерді өңдеуге және топыраққа енгізуге арналған препараттар; 3) өсімдіктер мен топыраққа бүркілетін микрокапсуладағы препараттар; 4) судағы ерітінділер және органикалық ертітінділер (оның ішінде ультраазкөлемдегі ерітінділерді өсімдіктерге бүрку үшін қолданады); 5) сулайтын ұнтақтар, бүрку үшін қолданылатын су суспензиясы түрінде; 6) эмульсиялы концентраттар, эмульсияға су қосу арқылы немесе концентрленген эмульсиямен бүрку; 7) пасталар және сулы суспензиялар; 8) аэрозолдар мен фумиганттар; 9) басқа түрлері - антисептикалық және инсектицидті сабындар, бояулар, лактар, сылақшылар (маздер), мастиктер, балауыздар, инсектицидті қарындаштар және бактерицидті қағаздар, әртүрлі қармақ жемдер және т.б. Препараттардың соңғы түрлері шектеп қолданылады және аз мөлшерде өндіріледі. Улы қармақ жемдердің бір ерекшелігі - кеміргіштерге қарсы қолданылатын препараттардың негізгі түріне жатады.
Ұнтақтар (дусттар)
Инсектицидті, акарицидті, фунгицидті және гербицидті дусттар мен құрамалы ұнтақтар пестицидтің инертті толтырғышты мөлшері 3-30 мкм болатын бөлшекке дейін ұнтақталған механикалық қоспасы болып табылады. Ұнтақтау процесі кезінде пестицид бөлшектері толтырғыш бөлшектерге бөлінеді және толтырғыш бөлшектермен қапталады. Ингредиенттерді ұнтақпен қосып бөлек үгіткенге қарағанда, пестицидті толтырғышпен бірге ұнтақтау кезінде тиімді әсер етуші препарат пайда болады. Мұндағы әсер етуші зат ұсақ ұнтақталса, тозаңдану үшін ұнтақ тәрізді препарат өте тиімді. Препараттың ұсақтап ұнтақталған ұстамды бөлшегі өсімдікте, зиянкестерде және тұқымда біркелкі ендірілсе (1 га егістікке әдетте 1-ден 40 кг дейін дуст енгізеді, ол үшін егістікте препарат біркелкі бүркілу үшін ұнтақ ұсақ ұнтақталады). Дегенмен ұсақ үгітілген препараттар көрші учаскелерге желмен жеңіл ұшырылатынына көңіл аудару керек, ал осы кезде гербицидтерді қолдануға рұқсат етілмейді. Пестицидтерді ұнтақ тәрізді күйге ауыстыру үшін құрамына тәуелділігін қарастыру қажет.
Өте тез ұнтақталатын заттың құрылымы кристалды, жоғары мортты және аздап майысады. Ереже бойынша, құрамында майы бар техникалық дақылдар қиын үгітіледі. Мұндай өнімдерді шар тәрізді диірменде ұнтақтағанда кесек болып қалады да, диірмен қабырғасында жабысқан ірі агрегаттар түзіледі. Ұнтақтау және дайындалған ұнтақты сақтау кезінде инертті толтырғыш препараттың кесек болуына кедергі келтіреді. Қосылған толтырғыштардың саны оның сорбциялық көлеміне тәуелді; толтырғыштың сорбциялық көлемі өскен сайын, жақсы ұнтақталған препарат алу үшін оның аз мөлшері ғана керек болады. Пестицидті шар тәрізді диірменде ұнтақтағанда және басқа ұқсас агрегаттарда шар соққысы нәтижесінде кейбірінің температурасы көтеріледі, соның салдарынан ол бөлшектеніп балқиды. Сондықтан, шар тәрізді диірменде ұнтақтағанда толтырғыштар санын біршама қосу керек, сонда ғана ұнтақтау төменгі температурада өтеді. Көбінесе ауамен істейтін сепарациясы жиі қолданылады. Кейде ұнтақтау екі стадияда өтеді: алдымен концентрленген ұнтақ дайындалады (шар тәрізді диірменде жүгіргіштерді ұсақтау немесе агрегаттың басқа түрлерінде), содан кейін толтырғышпен сұйылтады және шар тәрізді диірменде қосымша ұнтақтайды. Сорғалап ағатын диірменді қолдану арқылы жақсы сапалы дустты алуға болады, бірақ электроэнергияның көп шығындалуына байланысты препараттың құны өседі. Дустты алу үшін ерітілген пестицидпен ұнтақталған толтырғышты қосу әдістерін пайдаланады. Бұл әдістің бірнеше модификациясы белгілі: дустты дайындау үшін төмен балқитын, майысқақтығы жоғары пестицид алынады. Дегенмен фосфорорганикалық пестицидтерден жасалатын дусттарды дайындағанда толтырғыштарды таңдау керек. Кейбір толтырғыштар тиофосфаттар мен дитиофосфаттардың изомеризациясына, әсіресе улы қосылыстарына мүмкіндік туғызады. Бұл карбофоста табылған. Фосфорорганикалық пестицидтерден жасалған дусттарды дайындау үшін сілтілі толтырғыштарды қолдануға болмайды, себебі олар пестицидті гидролиздейді.
Егер пестицид - сұйық болса, оны араластырғышқа арнайы форсунка көмегімен жібереді. Осы жағдайда ұнтақталған толтырғышты қолдану ұсынылады, демек ұнтақталған дустты өндірістен шығаруды мүмкін немесе екі сатылық араластырумен шектеуге болады. Пестицидтің тиісті мазмұны белсенділігі мен тағайындалуы дустқа тәуелді. Осылай инсектицидті дусттардың әсер етуші заттары, әдетте 1-ден 10% ға дейін құрайды, тұқымды улағыштар (мысалы, ТМТД, фентиурам және т.б.) 90%-дық әсер етуші заттардың ішіне (инсектицидтер, фунгицидтер, бактерицидтер) кіреді. Дусттардың толтырғыштары үшін гидрофобты минералдардың топтары - тальк және пирофиллиттер, ал бор, гипс, каолин және т.б. сирек қолданылады. Гидрофилді толтырғыштарды қолданғанда жоғарғы ылғалдылықты керек етпейді, өйткені кесек болатын және қиын шашырайтын өнімдер түзілуі мүмкін. Толтырғыштар ретінде бірнеше минералдар мен синтетикалық неорганикалық өнімдердің қоспасы жиі қолданылады. Толтырғыштармен қатар дусттар өсімдіктерде жоғарғы ұстамдылық танытса, оларға органикалық гидрофобты заттарды, әсіресе силикондарды пайдаланады.
Түйіршікті препараттар
Өсімдіктердің зиянкестерімен және арамшөптерге қарсы ұнтақтармен бірге түйіршікті препараттар кеңінен қолданылады. Мұндай препараттар бүркілген өсімдікті басқа да қоспалармен ластамайды. Түйіршікті препараттар көбінесе топырақтағы зиянкестерге қарсы және өсімдіктің алғашқы өскіндерін сорғыш жәндіктерден қорғау үшін қолданылады. Өсімдіктің тамыры арқылы сіңетін жүйелік түйіршікті фунгицидтер де белгілі. Түйіршікті пестицидтерді алудың негізгі жолы дайын түйіршіктерді пестицидтердің ертінділерімен шылқыту немесе пестицид ертінділерінің минералдарымен ұнтақтарын әртүрлі толықтырғыштармен түйіршік жасау. Толықтырғыштар ретінде көбінесе каолин, бентонит және сол сияқты минералдар, ал байланыстырғыштар ретінде синтетикалық шайырлар қолданылады. Түйіршікті препараттар құрамында препараттардың 0,5-20 пайызы, байланыстырғыш заттардың 1-10 пайызын құрайды. Түйіршіктердің көлемі және қаттылығы препараттың қайда жұмсалуына байланысты болады. Әдетте препараттардың түйіршіктерінің көлемі 0,2-1 мм. Соңғы кездері көлемі 0,2 мм түйіршікті препараттар көп қолданылады. Мұндай микротүйіршікті препартардың арамшөптерге, нематодтарға және басқа да зиянды ағзаларға қарсы әсері жоғары. Қаттылығы жоғары препараттардың арамшөптерге әсері төмен, алайда су айдындарындағы шөптерге қарсы қолдану үшін олардың қаттылығы жоғары болуы тиіс. Түйіршікті препараттар шаң тозаңданбайды, тері бетінен және киімнен тез тазартылады сондықтан олардың тиімділіктері де, улылығы да жоғары болып келеді. Толықтырғыштар суперфосфат немесе мочевина болып келетін түйіршікті препараттар аз қолданылады, өйткені тұрақтылығы төмен болып келеді. Зиянды кеміргіштермен күресуде түйіршікті препараттар қоректік заттардың қоспаларымен жасалады. Мұндай заттар көбінесе жем ретінде пестицидтерден, қоректік және байланыстырғыш заттардан тұрады. Микрокапсулалық препараттар
Микрокапсулалық препараттар пестицидтердің әсер етуші затымен қаптамадан тұрады. Мұндай заттар күннің сәулесіне тұрақсыз, тез ыдырағыш келеді. Капсулалардың көлемі 5-100 мкм құрайды. Микрокапсулалық препараттар пестицидттің қолданылатын нысанаға тікелей әсерін баяулату үшін қолданылады. Бұл препараттық формада иісі жағымсыз улы заттар қолданылады. Кейбір препараттар ірі капсулаларда да қолданылады. Мұндай капсулалық препараттар ретінде көбінесе жүйелік инсектицидтер қолданылады. Микрокапсулалау процесі пестицидтердің тамшыларын немесе бөлшектерін пленкалағыш материалдармен қаптаудан тұрады. Пленкалағыш заттарға қойылатын талаптардың бірі олардың суда немесе топырақ ерітіндісінде ерігішінің жоғары болуы. Сол сияқты олардың пестицидтерді ерітпеуі тиіс, өйткені ол пестицидтің сақталу мерзімін төмендетеді. Өндірісте пленкалағыш заттар ретінде табиғи немесе жасанды жоғары және төменгі молекулалық заттар - желатин, желім, агар, әртүрлі мономерлер және т.б. қолданылады. Микрокапсулалық препараттарды алу үшін әртүрлі заттар қолданылады. Олардың негізінде микрокапсулаларды жасаудың химиялық, физикалық-химиялық негіздері қолданылады. Химиялық әдістерге мономерлерді полимерлеу, полконденсациялау, полимер ерітінділерін агенттермен жалғау қолданып, капсуланың ерігіштігін төмендетеді. Физикалық-химиялық әдістерде пестицидтердің тамшыларын немесе дисперті бөлшектерін қаптағанда дисперсті ортада жасалады. Сол сияқты пестицидті қаптағыш заттардың бу фазасында аэрозольді бөлшектерге айналдырып, ары қарай конденсациялап, буды бөлшектерге айналдырады. Микрокапсулалық пестицидтер тиімділігі жоғары болса да, олардың өндірісі қаптағыш заттардың арзандылығына байланысты. Судағы және органикалық еріткіштердегі ерітінділер
Судағы ерігіштігі жоғары пестицидтер ерітінді ретінде қолданылады. Көбінесе, гербицидтердің ішінде фосфор, карбон және сульфон қышқылдары, суда ерігіш феноляттар ерітінді ретінде қолданылады. Ұрықтарды өңдеуде формалиннің, органикалық негіздердің тұздарын, өсімдіктің өсуін реттегіш заттар ерітінді ретінде қолданылады. Ұнтақ улағыш препараттарға қарағанда фунгицидтердің сулы ертінділерімен себетін ұрықтарды бүрку тиімді. Өйткені, олардың жұмсау мөлшері төмен. Әсіресе, кейбір дақылдар (сұлы) үшін тиімді. Мысалы, кольфуго-супер, 20% с.е. (карбендазим) препаратының 1,5-2,0 л/т мөлшері 10 л суда ерітіліп 1 тонна бидай немесе арпа дәнін алдын ала улауға жұмсалады. Көлемді улау кезінде жартылай құрғақ улағыш фунгицидтер пайдаланылады. Пестицидтердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері кеңінен пайдаланылады. Мысалы, дивиденд стар, 036, т.к.с. (дифеноконазол, 92 г/л + мефеноксам, 23 г/л), дуплет, 37% в.с.к. (карбендазим, 20% + карбоксин, 17%). Мұндай ерітінділер көлемі аз бүркігіш қондырғыларға арналған. Пестицидтердің органиникалық ерітінделері зиянкес жәндіктерге – адам және жануарлардың паразиттеріне қарсы, бейметалл заттарды қорғау үшін, қандала және қансорғыш жәндіктерді үркіту үшін қолданылады. Осындай заттар көмегімен бөлмелерді дезинфекциялау және дезинсекциялау жұмыстары жүргізіледі. Пестицидтерге ерітінді таңдау кезінде препараттың ерігіштігі ғана емес, еріткішпен алынатын ерітіндінің қасиеттері ескеріледі. Жасыл өсімдіктерді өңдеуге арналған пестицидтер үшін олардың фитоцидтік қасиеттері бар. Мұндай жағдайда өсімдік жапырағын күйдірмейтін еріткіштер таңдап алынады. Егер ерітінділер жабық бөлмелерді бүркуге арналмаған болса, олардың адамға, үй жануарларына улылығын ескерген жөн. Пестицидтердің өртену қауіпсіздігін барлық жағдайда, тіпті ұшақпен бүрку кезінде ескеру қажет. Еріткіштерді таңдауда олардың басқа пестицидтермен химиялық әрекеттесу қасиеттерін де ескереді. Пестицидтердің ерітінділерін жасауда көбінесе мұнай көмірсутектері, ароматсыз керосиндер, уайт-спирит, минералды майлар, дизельді жанармайлар пайланылады. Тұрмыста аэрозольды баллондар үшін еріткіш және диспергаторлар ретінде фреондар немесе олардың қоспалары қолданылады. Кей жағдайларда еріткіштердің қосындалары пайдаланылады. Мысалы, пестицидтің арзан еріткіштегі ерігіштігін жоғарылату үшін препаратқа жақсы еритін қымбат еріткіштер қосылады. Мұндай ертікіштер екіара еріткіштер деп аталады.
Сулайтын ұнтақтар
Сулайтын ұнтақтар, әдетте ұнтақтәрізді препараттар, оларды сумен сұйылтқанда ұстамды суспензиялар түзіледі. Әртүрлі беткі қабаттарда суспензиямен бүркігенде, дустпен тозаңдануға қарағанда, олар өте тиімді. Тұрғын үйлерде масаға, шыбынға қарсы тозаңдану арқылы жасалатын дезинфекциялар жарамсыз. Шаң тәрізді препараттар өңделген қабатта онша сақталмайды, сондықтан суспензиялар қолданылады. Мысалы: жемістің беткі қабатында эмульсиялы препараттар жеміске оңай енеді және удың қалдық мөлшері де сақталуы мүмкін. Ал суспензиялар жемістің беткі қабатында сақталады, бірақ оның ішіне тереңдей енбейді, яғни оңай жуылады. Пестицидтердің сулайтын ұнтақтарына келесі негізгі талаптар қойылған. Оларды сақтағанда төзімді болады және нығыздалмауы керек; тез арада тұрақты суспензиялар түзіледі; бүркілетін заттарды жақсылап сулап, олардың беткі қабатында суспензияның тез жайылуын қамтамасыз ету керек. Суспензияның бөлшектері беткі қабатта ұзақ немесе тез уақытта сақталуы препараттың жоғары тиімділігіне байланысты. Негізгі жағдайлардың бірі ретінде, суспензияларды тиімділігіне қарай зиянкестерге, өсімдіктердің ауру тудыратын қоздырғыштарына және арамшөптерге қарсы қолдану препараттың жоғары дисперстілігі (ұнтақ ұсақ болған сайын, препарат тиімді) болып табылады. Жоғары тиімді сулайтын ұнтақтардың мөлшері 3 мкм-ге дейін болатын 80% бөлшектерді құрайды. Сулайтын ұнтақтар негізінен үш топқа бөлінеді: әсер етуші заттарының құрамы жоғары болатын препараттар (60-тан 90%ға дейін), орташасы (30-дан 60%-қа дейін), төменгісі (30%-ға дейін). Сонымен қатар өте көп қолданылатын сулайтын ұнтақтардың құрамы 70-80% әсер етуші заттары табылған. Сулайтын ұнтақ құрамында әсер етуші заттан басқа толтырғыш, диспергатор және әртүрлі қосалқы заттар (стабилизаторлар, жапсырғыштар, бояулар, қабыршақтүзгіштер және т.б.). Сулайтын ұнтақтардың сандық және сапалық құрамдары препараттың алғашқы әсер ететін табиғатына тәуелді және кең көлемде өзереді. Әдетте, сулайтын ұнтақтардың құрамында 10-90% пестицид, 2-10% диспергатор, 100% -ға дейін толтырғыштар болады. Кейде өңделген қабатта препараттың ұстамдылығын жоғарылату үшін арнайы жапсырғыштар енгізеді. Егер пестицид сулайтын ұнтақта біртіндеп ыдыраса, оған стабилизаторлар қосады. Құрамында жоғары әсер етуші заты бар препараттарды дайындау үшін таза өнімдер, яғни майлы қоспаларсыз, тығыздығы аздап төгілген толтырғыштар қолданылады. Силикагелдің тығыздығы 0,15 г/см3 төгілген арнайы сорты ұсынылады. Сонымен қатар басқа гидрофилді толтырғыштар - алюминий гидроксиді, кальцидің синтетикалық силикаты, ақ күйе және т.б. Егер препараттың әсер етуші затының балқу температурасы жоғары болса және жақсы үгітілсе, сулайтын ұнтақтарды толтырғышсыз жасауға болады. Диспергатор ретінде әртүрлі детергенттер (синтетикалық жуғыш заттар) және олардың қоспасы, оның ішінде сілтілі металдардың сульфонаттары, кальций, натрий алканбензолсульфонаттары, сілтілі металдардың алкилсульфаттары, полиэтилен- және полипропиленгликолдердің алкилденген эфирлері (заттарының түрлері - ОП-7, ОП-10), натрий лигнинсульфонаттары және басқа металдар. Соңғысы жапсырғыш ретінде пайдаланылады. Қабыршақтүзгіштер карбоксиметилцелюллоза ретінде, ал крахмал әртүрлі жағдайда қолданылады. Жоғары концентрленген сулайтын ұнтақтар пестицид қоспаларымен, толтырғыштармен және басқа да компоненттермен бірге коллоидты диірменде үгітіледі. Жоғары дисперсті ұнтақтар ауалы-сорғалап ағатын диірменде үгітіліп алынады. Ал шар тәрізді диірменде өте үлкен ұнтақтар түзіледі; бұл жағдайда ылғалды ұнтақты кептіріп, екінші рет үгіткен қанағаттанарлық нәтижелер береді. Егер заттар ауамен қосылса, қауіпті жарылғыш шаңдар түзіледі, үгітуді атмосферада азотпен немесе көміртегі диоксидпен жүргізеді, мысалы күкірттің сулы ұнтағын жасайды. Пестицидтерді сулы ерітінділерден тұндыру жолымен алғанда, сулы ұнтақтарды дайындау үшін ұнтақтау схемасын қолданбауға болады. Осы жағдайда тұндырылған және жуылған пестицидке керекті компоненттердің барлығын қосады және оны тозаңдатылған кептіргіште кептіреді. Бұл әдіс арқылы көптеген фунгицидтрден сулы ұнтақтарды алуға болады. Сулайтын ұнтақтарға мынадай препараттар, яғни концентрленген суспензиялы немесе бірнеше сулы пестицидтер және минералды майлар ұсынылады. Мұндай суспензия суды сұйылтқаннан кейін пайда болады. Оған жүгерінің арамшөптеріне қарсы қолданылатын примэкстра препараты мысал бола алады. Ол препарат метолахлордың (330 г/л) және атразиннің (170 г/л) суспензия формасында шығарылады. Көп жағдайда минералды майлар өсімдіктердің арамшөптеріне қарсы қолданылатын препараттардың белсенділігін жоғарылатады. Осындай суспензияларды алу үшін, ерітінділердегі әсер етуші заттарды тұндыру арқылы стабилизатордың немесе ортаға керек болатын ерітіндімен үгітеді. Суспензияның жаңа алынған формаларынан микротүйіршіктер пайда болады және олар суда ыдырап, ұстамды суспензия түзеді. Мұндай препараттарды қолданған өте ыңғайлы.
Ағатын сулы ұнтақтар
Пестицидтердің суда ағатын ұнтақтары жоғары тиіміділікті көрсетеді. Осы ағатын сулы ұнтақтарды сумен араластырса суспензияның эмульсиямен қоспасы пайда болады. Жай суспензияға қарағанда бұл өте тиімді. Осындай препараттардың құрамына, әсер етуші заттар мен диспергатордан басқа ерітінді кіреді. Препаративті форманың ұстамдылығын қамтамасыз ету үшін, оның тығыздығы әсер етуші заттың тығыздығына жақын болуы тиіс. Егер препарат құрамына екі немесе одан да көп әсер етуші заттар кірсе, әдетте оның біреуі ерітінді түрінде болады. Осы препаратқа мысал ретінде атразиннің дисперсиясы алахлордың хлорбензолді ерітіндісі жатады. Атразиннің үгіндісі ұсақ және бөлшектің мөлшері 4 мкм-нен аспауы керек. Мұндай жағдайда препаративті формалар ішінде, көбінесе гербицидтер қолданылады. Препарат құрамына бір немесе бірнеше әсер етуші заттар, ерітінді және диспергатор кіреді.
Эмульсиялы концентраттар
Пестицидтердің препаративті формалары ретінде эмульсиялы концентраттар қолданылады, оларды сумен сұйылтқанда төзімді эмульсия түзіледі. Кейбір жағдайда бұл препаративті формалар суспензиялардың алдында артықшылығын көрсетеді. Көптеген сұйық пестицидтердің концентраттарын, ерітінділермен толтырғыштарды қолданбай пайдалануға болады, ал басқа пестицидтер үшін азғана мөлшерде ерітінділер керек болады. Суспензияларға қарағанда, әсер етуші заттың бірдей концентрациядағы эмульсиясы біршама тиімді. Мұндай жағдайда олар органикалық ерітінділердегі пестицидт ерітінділеріне жақындайды. Пестицидтердің эмульсиялы концентраттары екі түрге бөлінеді. Бірінші түрге сумен араласпайтын механикалық дисперленген органикалық ерітіндідегі пестицидтің сулы ерітіндісі эмульсиялы концентраттарға жатады. Дисперлеудің өзі коллоидты диірмен мен басқа аппараттар көмегімен жүзеге асады. Бұл концентраттарды дұрысын айтқанда, эмульсиялы концентраттар дейді. Мұндай эмульсиялар жоғары дисперсті, олар сақтауға өте төзімді келеді. Стабилизация үшін эмульсияға сульфит-спиртті барданы қосады (ССБ). Пестицидтердің концентрленген эмульсиясын алу үшін бастапқыда сульфит-спиртті барданың сулы ерітіндісі мен пестицидтің маймен немесе басқа органикалық ерітінділермен қосады және осындай үлкен дисперсияны механикалық диспергаторда дисперлейді. Гомогенделген эмульсиялы концентраттар жақсы сақталады және төменгі температураны ұстайды. Сақтау кезінде кейбір жағдайда олар қоюланады, бірақ оны жақсылап араластырса өз орнына келеді. Ауылшаруашылығында эмульсияның бұл түрі шектеп қолданылады. Пестицидтердің эмульсиялы концентраттарының екі түрі маймен араласқан, олардың гомогенді ерітінділері органикалық ерітіндіде эмульгатор немесе қосалқы зат ретінде (қолдану алдында) сумен сұйылтқанда тұрақты эмульсия алынады. Препараттағы сұйық пестицидтер негізінде ерітінді қолдану қажет емес, себебі ерітіндіні қолданғанда эмульгатордағы концентрат құрамы азаяды. Ерітінді ретінде көмірсутектер және олардың галогентуындылары, күрделі эфирлер, мұнай өнімдері, таскөмірлі майлар, кетондар және басқа қосылыстар. Эмульгаторлар қатарына кальций сульфонаты, полиэтилен және полипропиленгликольдерінің эфирлері, сорбиттің моноэфирі, маннттің жоғары майлы қышқылдары, сабындар, нафтен қышқылдарының тұздары және басқалар. Әсіресе, екі немесе одан да көп эмульгаторларды қолданғанда жақсы нәтиже береді, оның бірі полиэтиленгликоль эфирі, ал екіншісі кальйий, аммоний алкилсульфонаттары немесе жоғары спирттерден алынған алкилсульфонаттар. Эмульсиялы концентратты алу үшін пестицидті таңдаған ерітіндіде ерітеді және эмульгатормен қосып, 40-800С-та қыздырады. Оны суытқаннан кейін концентрат тұнбасыз біркелкі массада болады. Концентратты механикалық қоспалардан тазарту үшін сүзеді. Пестицидтердің эмульсиялы концентратын алу әдістері 2.3-суретте көрсетілген. Ауылшаруашылығында эмульсиялы концентраттарды пайдаланған өте ыңғайлы, тұтқырлығы өте жоғары емес, бірақ фосфорорганикалық қосылыстардың улы болатын препараттарын қолданғанда қауіпсіздік ережесін ескерген жөн (ол теріге тисе күйдіреді, сондықтан сумен жуу керек). Эмульсиялы концентраттар ретінде дезинфекциялы препараттар, оның ішінде дезинфекциялы сабындар, антисептиктер және инсектицидтер, сонымен қатар ағаштар мен металл емес материалдарды қорғайтын әртүрлі пасталар қолданылады. Концентраттардың сәйкесінше сумен сұйылтылған «кері эмульсиясы» кеңінен қолданылады. Эмульсияның түрі «майдағы су түріне» келгенше сумен араластырады. Бұл концентраттар аз көлемді бүркуге арналған, ал майлы қабыршағы тамшылап буланады. Ұшақпен немесе басқа әдістермен бүркігенде тамшының булануын азайту үшін жоғарғы спирттер, аминдер мен жоғары майлы қышқылдардың тұздарын арнайы қоспа ретінде ендіреді. Сонымен қатар, препараттың түсін өзгертуге арналған бояулар қосымша зат түрінеде қолданылады.
Аэрозольдар
Ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау жүйелерінде пестицидтердің аэрозольдері ретінде көбінесе инсектицидтер қолданылады. Бұл пестицидті қолданудың үлкен тәжірибелік мәні бар, өйткені аэрозольдар препарат шығынын азайтып, жоғары тиімділік көрсетеді. Инсектицидті және фунгицидті аэрозольдарды алу үшін негізінен үш әдіс қолданылады: 1) құрамында әртүрлі инсектицидтер, фунгицидтер және бактерицидтер бар түтін түзетін материалдарды, жанғанда буға айналатын және зиянды организмдер үшін у түзетін түтін немесе тұман, пестцидтерді қыздырғыш құралдардың көмегімен қыздыру (мысалы, электршамдар), өртеу; 2) тез ұшатын ерітіндіде пестицид ерітінділерін шашырату, ауада; буланған псетицид жұқа дисперсті күйде қалады. 3) тозаңдану құрылғысын қолдану арқылы механикалық әдіспен пестицид ерітінділерін тозаңдандыру. Кейде бұл әдіс екіншімен қосылады: органикалық ерітіндіде пестицидтердің ерітінділері, ең бастысы мұнай өнімдерінде тозаңданады. Тозаңдануда ерітіндінің жартысы буланады, аэрозольдың бөлшекті мөлшеріне дейін тамшы азаяды. Бұл әдіс аз көлемді жұқа дисперсті бүрку деп аталады. Инсектицидті аэрозольдарды алу үшін ең оңай әдіс қолданылады, ол үшін арнайы қағаздар, іші бос жанғыш материалдар, инсектицидтер, фунгицидтер, бактерицидтер сіңген заттарды өртеу керек. Түтін түзетін композицияның құрамына, пестицидтерден басқа жанғыш заттар, толтырғыш және тотықтырғыш кіреді. Тотыққыш ретінде нитраттар, нитриттер, хлораттар, персульфаттар, хроматтар және олардың қосылыстары қолданылады. Керекті температураны ұстап тұру үшін оларға ағаш үгінділері, целлюлозаның, көмірдің, битумның және әртүрлі шайырдың өнірістегі қалдықтары қолданылады. Осы композицияны жандыру негізінде пестицидтің 80%-ы ыдырамай буға айналады, ал қалған бөлігі усыз шыбын-шіркейлерге тағам болады. Инсектицидті қағазды инсектицид ерітіндісіндегі желімсіз жапсырылған қағаздан алады. Қағазды алдын-ала нитраттың немесе натрий мен калийдің сулы ерітінділерін сіңдіреді және кептіреді. Аэрозольдарды ұшқыш ерітінділерден инсектицид ерітінділерін тозаңдандыру арқылы алады. Оны жабық кеңседе шыбын-шіркейлер үшін пайдаланады. Мұндай ерітінділер металды аэрозольды баллондарда тозаңдандырғыш қондырғымен жабдықталған. Көміртегі диоксидінің немесе төмен қайнайтын ерітінділердің (фреондар, метилхлорид және т.б.) көмегімен баллонда қысым пайда болады, осының әсерінен препарат тозаңданады. Пайда болған пестицидті аэрозольдің бөлшекті шамасы баллондағы қысымға және тозаңдану құрылғысының конструкциясына тәуелді, сонымен қатар олар көп жағдайда өзгереді. Осы әдістермен алынған аэрозольдердің құны жоғары болса, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданбайды. Ауылшаруашылығында органикалық ерітінділерден пестицидтерді механикалық дисперстеу үшін арнайы аппараттардың көмегімен аэрозольдар қолданылады. Бұл әдістерің ішінде аз көлемді жұқа дисперсті бүрку (жабық грунтты, орман алқаптарын, егістіктерді) тиімділік көрсетті. Осы аз көлемді жұқа дисперсті бүрку кезінде ерітінді ретінде жоғары температурада қайнайтын мұнай өнімдері қолданылады. Пестицидтердің жоғары ерігіштігі үшін аралық ерітінділер (ксилол, полиметилнафталиндер және басқалары) қосылады.
Дәріс -4
Тақырыбы:Пестицидтерді қолдану тәсілдерінің жалпы сипаты
Бүрку. Пестицидтердің ертінділерінің, эмульсияларының немесе суспензияларының тамшы-сұйық күйінде өңдеу бүрку деп аталады. Бүркуді жүргізу үшін арнайы қондырғылар (тракторлы және авиациялық бүрку) қолданылады (6-кесте). Бүрку әдісі басқа пестицидтермен өңдеу әдістеріне қарағанда жұмсалу мөлшерінің аздығымен, бүркілетін ауданға тегіс жұғуымен ерекшеленеді. Бүркуге арналған ерітіндіге жұғу қасиетін жоғарылатқыш заттар қосу арқылы пестицидтердің тиімділігін жоғарылатуға болады. Табиғаттың жағдайларына байланысты бүркуде әртүрлі пестицидтер құрамдарын қолдануға болады.
Авиациялық бүрку кезінде аэрозольді тамшылар көлемінің аздығына, бастапқы түсу жылдамдығына байланысты олар тез буланып кетеді. Мысалы, 1% көлемі 50 мкм ұшқыш емес заттар бірнеше секундтан кейін құрғақ көлемі 11 мкм бөлшектерге айналады. Мұндай ұсақ бөлшекті заттар ауа ағынымен ұшып, белгіленген нысандарға қонбайды. Тамшылардың тұрақылығын ескерсек, 150С-та 40% ылғалдылықта диаметрлерінің өзгерістері келесі кестеде көрсетілген. Тамшының диаметрі 200 мкм құраған жағдайда ауадағы жылдамдығы 0,6 м/с болғанда, оның булануы аз болады. Тамшының диаметрі 100 мкм-ы құраған жағдайда ауадағы жылдамдығы 0,3 м/с болғанда, оның булануы жоғарылай түседі. Тамшының диаметрі 50 мкм құраған жағдайда, 0,3 метрден кейін буланып кетеді. Сондықтан, егістік жерлерді бүрку кезінде тамшы диаметрі 200 мкм болуы тиіс. Ұсақ көлемді бүрку үшін пестицидтердің майлы ерітінділері, концентрат эмульсиялары қолданылады. Ұсақ көлемді бүрку пестицидтердің тиімділігін жоғарылатады. Авиабүрку кезінде пестицидтердің шығынын төмендету үшін, кері эмульсиялау әдістері қолданылады. Құрамы желе немесе паста тәрізді пестицидтердің ерітінділерін бүрку кезінде, ұшқыштығы төмен майлы орташа ірі тамшыларға айналады. Мұндау бүрку кезінде пестицидтердің шығындары 2-3 есе азаяды. Ультраұсақ көлемді бүрку (УМО) кезінде пестицидтердің ерітінділерін езбей, дисперстеу арқылы қолданылады. Олардың жұмсалу мөлшерлері 1-5 л/га. Ультраұсақ көлемді бүрку (УМО) кезінде ұшақтың өнімділігін 4 есе жоғарылатады және жұмысты біршама арзандатады. УМО препараттары аққыш, сүт қоректілер үшін уыттылығы төмен, биологиялық белсенді, өсімдікке зияндылығы төмен, тұрақты қалдықтары болмауы тиіс. УМО препараттарымен бүрку пестицидтермен өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда сұйытылған эмульсияларға қарағанда тиімділігі әсер ету ұзақтылығымен сипатталады. Сол сияқты УМО препараттарымен бүрку кезінде өңделетін ерітінді дайын, адам терісіне жанасу қауіптілігін төмендетеді. Жер бетінде бүркудің үш түрі белгілі - көплитрлік, төменгі көлемді және ультра төменгі көлемді (8-кесте). Көплитрлік бүрку жоғары концентрацияда фитоцидті қасиеттері бар пестицидтер және өсімдікке препараттың тікелей әсер етуі үшін пайдаланылады. Мұндай өңдеулер мөлшері көп емес жерлерге, жеке ағаштарды бүркуде қолданылады. Сол сияқты жоғары мөлшерлер фунгицидтермен жұмыс істегенде пайдаланылады. Тозаңдандыру – белгіленген ауданды пестицидтің тозаң күйімен бүрку. Бұл әдістің ерекшелігі дайын дусттар болғандықтан бүрку алдында арнайы ерітінділер дайындалмайды.
Тозаңды препараттар дәнді-дақылдардың қалың егістіктеріне оңай енеді. Тозаңдандырудың кейбір тиімсіз жақтары бар. Ол бүрку кезіндегі ауаның ластануы, адамға зиянды әсерінің болуы.
Дусттармен авициялық бүрку кезінде олардың бөлшектерінің ауысуын болдырмау үшін оларға 3-5 % (бөлшектерді ірілеп агрегаттайтын) бонификатор ретінде – минералды майлар қосылады. Дусттармен өңдеудің тиімділігін жоғарылату үшін бүркуді ертеде немесе кеште, желсіз күнде және жаңбырдан кейін жапырақтар ылғалды болғанда жасау керек.
Фумигациялау - зиянды ағзалардың мекендейтін ортасына пестицидті газ немесе бу күйінде жіберу. Фумигациялау дақылдарды сақтаудағы зиянкестермен күресудің негізгі жолы. Фумигациялау әдісі топырақтағы зиянкестермен және кеміргіштермен күресуде пайдаланылады. Бұл әдістің тиімділігі пестицидтің улы буының немесе газды материалдардың ұсақ тесіктеріне, қуыстарындағы ұялаған зиянкестерді жоюуымен негізделген. Дақылдардың өнімі сақталатын бөлмелерді жақсы ауа өткізбей бүрку жұмыстарын жүргізгенде 100 % тиімділік алуға болады. Фумигациялау тиімділігі сол сияқты фумиганттың қасиетіне және бүркілетін препараттың физикалық (газ, бу) күйіне байланысты. Фумиганттардың негізгі қасиеттері - ұшқыштығы, булану жылдамдығы, аудағы диффузиясы, жану қасиеті, әртүрлі заттармен сорбциялануы, металдарға әсері, улылығы, дегазациялануы. Фумиганттың ұшқыштығы белгілі бір температурада және қысымда ауаның бірлік көлемінде көп емес мөлшерінің булануы. Ол миллиграмм литрмен (мг/л) немесе 1м3 (г/м куб) сипатталады және температура артқан сайын жоғарылайды.
Фумиганттардың ұшқыштығы ауа қысымы төмендегенде жоғарылай түседі. Сол үшін фумигациялау вакуумдық камерада жүргізіледі. Фумиганттың булану жылдамдығы бу көлемімен (1 см кв. 1 мин) анықталады. Булану жылдамдығы ауадағы температура артқан сайын және ашық ортада жоғарылайды Фумигациялау тиімділігі жоғарылатудан фумигациялайтын бөлмеде жылытылады. Сусымалы заттар сақталған бөлмелерде фумигациялауда препараттың олардың қуыстарына енуі үшін фумиганттың ауадағы диффузия қасиетіне тәуелді әрі диффузиялану температура өскен сайын жоғарылайды және будың серпімділігіне тәуелді. Будың серпімділігі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым ауадағы диффузия жоғары болады. Фумиганттардың бүркілетін өнімдердің қабатына өтуі үшін вакуумдық камералар немесе басқа да техникалық қондарғылар пайдаланылады. Фумиганттардың бу немесе газ күйлерінде белгілі концентрация шегінде жанғыш және жарылғыш қасиеттері өте қауіпті. Сондықтан, мұндай заттармен жұмыс істегенде бүркілетін бөлмелерден жанғыш, қопарылғыш заттар алдын-ала тазартылады. Фумигациялау кезеңінде қорғайтын заттардың фумигантты сорбициялау қасиеті өте маңызда. Адсорбциялану фумиганттың материал бетіне топталуы немесе беткі қабатына сіңірілуі және барлық массасына сіңуі, хемосорбциялау препараттың материалмен әрекеттесуі болып бөлінеді. Адсорбциялану нәтижесінде пестицидтің шығыны жоғарылай, дегазациялану қиындайды және препараттың қалдық мөлшері белгіленген санитарлық мөлшерден көбейеді. Сорбциялану беттік ауданы жоғары ауылшаруашылық дақылдары өнімдері ұн, жарма, жемді фумигациялағанда жоғары болады. Фумигациялау жұмыстарын арнайы қауіпсіздік шараларына сәйкес арнайы фумигациялаушы топтар жасайды. Фумигациялауда өте улы заттар қолданылғандықтан олардың адам ағзасына және жануарларға уыттылығы жоғары.
Фумигациялаудың бірнеше негізгі түрлері белгілі. Бөлмелерді (қоймалар, элеваторлар, дән сақтайтын жерлер, т.б.) фумигациялау. Фумигациялау жұмыстарын жүргізуден бұрын дайындық жұмыстарын (бөлме ауданын анықтау, оны ауа өткізбейтіндей жабу, жылыту) жүргізеді. Фумигациялау кезінде өртену қауіпсіздігін сақтау үшін бүркілетін жерді өртенгіш заттардан тазарту керек. Дайындалған бөлмелерді газдау үшін қатты фумиганттарды тегіс себеді, сұйық препараттарды бүркиді, фумигант сіңірілген материалдарды іледі және газ күйіндегі пестицидтер толтырылған баллондарды қояды. Сол сияқты газдау жұмыстарын жүргізгенде 2-АГ және 2-АГМ қондырылғылары пайдаланылады. Фумигациялау кезінде зиянды ағзалар трахея жолдарындағы қосымша оттегімен тыныс алып, тыныс алу жолдарын жауып өмір сүретіндіктен бүрку уақытын дұрыс таңдау керек. Зиянды ағзалардың тыныс жолдарындағы көмірқышқыл газдарының қоспасы тыныс алу процестерін жылдамдататындықтан тыныс алу жолдарының тезірек ашылуына себепкер болады. Яғни, пестицидтердің уыттылығын жоғарылатады. Фумигациялау жұмыстарынан кейін бөлмені желдетіп, дегазациялау жүргізіледі. Дән сақталатын қоймаларды дегазациялау жұмыстары, тазалау машиналары арқылы кептіру, желдету және орын ауыстыру арқылы жүргізіледі. амералық фумигация. Келесі жылы отырғызылатын материалдарды (алма, пияз, әртүрлі отырғызылатын материалдар) зиянкестерден қорғау үшін камералық фумигациялау жасалады. Арнайы камераларды тиісті температура, герметизациялау, фумиганттың мөлшері белгіленген. Камералық фумигациялау вакуумдық және вакуумсыз болып бөлінеді. Вакуумсыз фумигациялау - ауа жібермейтін бөлмеде орналастырылған материалды фумиганттың белгіленген концентрациясымен фумигациялау. Мұндай фумигациялау отырғызылатын көшеттерді және гүлдерді карантиндік нысандардан тазарту үшін көлемі 40-200 м2 бөлмелерде қолданылады.
Вакуумдық фумигациялауда арнайы ауасын сорып шығаратын қондырғылар жасалады. Материалдарды орналастырғаннан соң вакуум-насос көмегімен ауасын сорып шығарады, қысымы 112-125 мм сынап бағанасына жеткізіледі. Кейін газ генератордан жіберілген газ немесе бутәрізді фумигант диффузия арқылы залалсыздандырылады. Вакуумдық фумигациялау біткен соң улы ауа белгіленген жерге сығылып залалсыздандырылады. Материал желдетілгеннен кейін камерадан шығарылады. Типтік фумигациялау қондырылғыларында фумиганттың концентрациясын анықтауды, газды ауаны сорғыш түтіктер атқарады. Фумигациялау қондырғыларында препаратты газ, бу фазаға айналдырылатын бөлігі, газдың тазалық деңгейін анықтайтын индикатор оранатылған. Фумигациялау қондырғыларын жүргізетін жұмысшылар арнайы газға қарсы маскалар киеді. Палаталық фумигациялау аса бағалы ағаштар мен бұталардың зиянкестерімен күресуде пайдаланылады. Оларды газ өткізгіш материалдардан жасалған палаткалармен жабады және астынан фумиганттың белгілі концентрациясы жіберіледі. Жылыжайларды фумигациялау - жабық алаңдарды зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Осы әдістің бұл түрі басқа фумигациялау түрлерінен айырмашылығы шамалы. Жылыжайларды фумигациялағанда препараттардың маусымдық өсімдіктерге тиетін әсері ескеріледі. Жылыжайларды фумигациялауда аэрозольді бүрку де қолданылады. Топырақты фумигациялау, топырақтағы зиянкестерді жою үшін қолданылады. Топырақты фумигациялау кезінде топырақтың сіңіргіш қасиеттері, фумиганттың сіңгіштік қасиеті, топырақтың ауыр механикалық құрамы, ылғалдылығы ескеріледі. Сол сияқты топырақтағы фумиганттар буланудың нәтижесінде ұшып кетуі мүмкін. Осы факторларды ескере отырып, фумигациялауда қайнау температурасы жоғары препараттар қолданылады. Топырақты фумигациялауда препараттар 18-20 см тереңдікке көміліп
жабылады. Қатты фумиганттар соқа атыздары шұңқырларына металл желіде, сұйық препараттар инжектор торда көміледі. Аэрозольды пестицидтерді қолдану - зиянды ағзалар мекендейтін ортаға пестицидтердің жоғары дисперсті (түтін, тұман) күйін бүрку. Аэрозольды пестицид бөлшектерінің диаметрі 0,001-ден 50 мкм, орташалары 20-дан 50 мкм құрайды. Аэрозольды пестицидтердің бөлшектері ауада баяу отырады (10-кесте). П.В. Поповтың санағы бойынша бөлшектердің ауадағы өзгерісі су тамшыларының диаметріне және түсу жылдамдығына байланысты Аэрозольды бөлшектер заттың қасиетіне байланысты оң немесе теріс зарядталған болады. Аэрозольдар дисперстілік, конденсация және термомеханикалық әдістермен алынады. Диперстілік әдісте сұйық пестицидтерді ұсақтау аэрозольды генераторлардың ауа ағынында немесе пестицидті сұйық ұшпада жүргізеді. Осы кезде сұйық буланып, тамшылар аэрозольға айналады. 10-кесте. Аэрозольді пестицидтердің бөлшектерінің ауадағы өзгерісі
Су тамшыларының диаметрі, мкм
Су тамшыларының ауадағы отыру жылдамдығы, см/м 100 120 10 1,2 0,1 0,00012 Конденсациялық әдісте аэрозольды генераторлардағы жылу құбыры көмегімен сұйық пестицид қыздырылып, буға айналдырылады, пайда болған бу ауада конденсацияланып, сұйық немесе қатты аэрозольды бөлшектер пайда болады. Аэрозольдар көбінесе бау-бақшалардың зиянкестерімен күресуде, бидай сақтайтын қоймаларды дезинфекциялағанда қолданылады. Аэрозольдар қолдану мақсатына байланысты тамшыларының келесі орташа дисперстілігі (тамшылардың орташа көлемі) болуы керек: - бөлмелерді фумигациялауда препараттардың дисперстілігі 5 жоғары емес (0,5-10); - ұшып жүрген жәндіктер үшін 20 (10-30);
- өсімдіктердің бетіне толығымен қонуы үшін 40 жоғары емес (20-50); - ұсақ та