КІРІСПЕ
Қазақ ауылындағы тұрмыс- тіршілікті, сана мен салтты, ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты саралап оқырман қауымға жеткізе білген әрі сөзбен әрі әжуа-қалжыңмен сабап жазушылар көп емес. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтерісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы. Ол мақсаты бүкіл көркем сөз бен көсем сөздің арқауына айналды. Сол жолмен жүріп әдебиетімізде де, публицистикамызда да аса көрнекті, мол көлемді қазына қалдырды. Сондықтан да оның мұрасының шет-шегіне күні бүгінге дейін жете алмай жүрміз, жинап басын құрай алмай жатырмыз.
Халық мұңы, оның қуаныш-қайғысы, болашақтан күткен үміті, арман-мұраты, туған жер тағдыры - Бейімбеттің бірде қуана, құлшына, бірде езіле, ашына жазған тақырыптарының негізі, қайнары. Оны толғандырған адалдық пен арсыздық, ерлік пен ездік, тазалық пен арамдық, қарапайымдылық пен билікқұмарлық, әділеттілік пен қулық, махаббат пен азғындық, сыпайылық пен сыңарезулік, жуастық пен өктемдік сияқты тағы басқа өмірлік құбылыстар қайшылығын бейнелеу сан тарау болып көрінеді. Тереңірек үңілсек, ақиқатты ашық айту шектеулі кезде көптеген өрескелдіктерге көкірегі сыздап, іштей күйзелген суреткер неше түрлі шерлі шемендерді сәті түскен кездерде сын-сықақпен аузын аршып отырды. Ел басына түскен ауыр күндерді көзікен көріп, құлағымен естіген, ыстығына күйіп, суығына тоңып өмір кешкен Бейімбеттей азамат ар жүгін аттап кете алмады.
Басқа қазақ жазушыларынан Бейімбет шығармашылығының ерекшелігі- реализм күштілігі. Ол асқақ романтикаға да, жалаң қиялға да әуес емес. Көбінесе өмірде болған, өзі көріп білген құрбыластар жайында жазады. Бұдан, әрине, Бейімбет өмірде көріп білгенін қаз қалпында көшіре салады деген ой тумауы керек. Өйткені олай жазар болса, ондай шығарманың көркемдік құндылығы да жұтаң, нәрсіз блар еді.
Бейімбет өмірде бар шындықты оқиғаларды жазушылық талғамнан өткізіп соны жинақтай отырып көркемдеп суреттеуге келгенде, нақты детальдар мен штрихтар арқылы барады. Және ол өз шығармаларына аса жауапкершілікпен қарайтын болған. Әрбір басылымдарында түзетулер мен енгізіп отыратын болған.
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ӨМІР ЖОЛЫ
Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, заманымыздың аса талантты суреткері Бейімбет (Бимухаммет) Жармағамбатұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дампар болысында, Әйет өзенінің бойында Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Бейімбет Майлин атындағы савхозда) дүниеге келген.
Жазушының әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да өте момын, кісі есігінде жалшылықпен күнін көрген кедейлер болыпты. Әкеден алты айлығында айрылған болашақ жазушының әкесі ісіне пысық, сөзі өтімді, өз жанынан өлең шығара білетін кісі болған көрінеді.
Жас жазушы өсе келе шешесі Күлғизар қайтыс болған соң ақылды әжесінің қамқорлығына біржола көшеді. Әжесі бойдас есті, сөзге жүйрік, өлең шығаратындай дарынды болғанын Бейімбет кейініректегі бір естелігінде: «Үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі қиссаларды тыңдап болып, бір күрсініп алып өзі өлең айтатын еді, кейде маған қарап күліпсіреп: «Қарағым-ау, сен жоқта мен өлең шығарып қойдым»- дейтін еді деп жазған.
Ақылды әже ағайындарын жинап Бейімбетті оқыту қажеттігін айтады. Сонымен ол әуелі өз ауылында кейбір көзі ашық кісілерден сауатын ашып, білімге ынталана түседі. Осыдан кейін іргелес ауылдағы Арғынбай қажының медресесінде оқиды, Троискідегі «Уазифа» медресесін бітіреді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде екі жылдай оқиды» [1, 3 б]. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сәйфи Құдаш пен Мағжан Жұбабаев та осы медреседе қатарлас оқыған.
Бейімбет өмір сүрген кезең тарихи толқыныстардың кезеңі деуге болады. XX ғасырдың алғашқы ширегі қазақ қоғамы үшін ұлы өзгерістер мен бетбұрыстар кезеңі, дәлірек айтсақ, 1916-жылғы ұлт- азаттық қозғалыс, Қазан төңкерісі, Ақпан революциясы, Кеңес Одағының құрылуы секілді және сонымен қатар түрлі реформалар мен жарғылардың қазақ тұрмыс- салтына ене бастаған кездер еді. Осындай уақытпен тұспа- тұс келген жазушы өмірі де заманы секілді аумалы- төкпелі болды деуге әдбен негіз бар. Жазушы өмірінің хронологиясына назар салатын болсақ, өмірінің соңғы бөлігіне дейін жасалған тынымсыз іздену мен әдебиеттегі прогресті көреміз [2, 89 б. ].
ü 1910- 1912 ж.ж. Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды.
ü 1913- 1914 ж.ж. Троискідегі «Уазифа» мектебінде оқиды.
ü 1914 ж. «Садақ» журналының 3- санында тұңғыш туындысы- «Шұғаның белгісі» хикаяты жарияланады.
ü 1915 ж. емделу үшін Троискіге барды, сонда «Айқап» журналына өлеңдерін бастырды, журналдың шығарушылары: М. Сералин, С. Торайғыровпен жүздеседі.
ü 1916- 1919 ж.ж. ауылға келіп, ұстаздық етеді.
ü 1916 ж. ұлт- азаттық көтерілісте халық жағында болып, «Қанды тұман», «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» өлеңдерін жазды.
ü 1922-1923 ж.ж. «Еңбекші қазақ» газетінде істеді. «Кедейге», «Құтты болсын мейрамың» өлеңдерін жазды.
ü 1923-1925 ж.ж. Қостанайда «Ауыл» газетін шығарысты. «Айранбай әңгімесі», «Раушан- коммунист» хикаяты алғаш рет сонда басылды.
ü 1925-1934 ж.ж. баспасөзде, баспа орындарында әртүрлі қызмет атқарды.
ü 1934-1937 ж.ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болды.
ü 1937 ж. нақақтан- нақақ тұтқындалды.
ü 1938 ж. С. Сейфуллинмен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды [2, 67 б].
1923-1937 жылдар арасында Бейімбеттің 55 кітабы жарық көрді. Сонымен 43 жыл ғана өмір сүрген дарынды жазушы көптеген өлеңдермен қатар 14-15 поэма, жүздеген әңгіме, очерк, фельетондарымен қатар, ондаған повестері, 20-дан астам пьеса, либретто мен сценариялары өзінің көзі тірісінде жарық көрген. «Азамат Азаматыч» романы жеке кітап болып басылған. «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс» романдары отызыншы жылдардың басында республикалық газет-журналдарда жариялана бастаған. «Жалбыр», «Атылмаған оқ» повестері, Ғабит Мүсіреповпен бірге жазылған «Батыр- большевик Амангелді» повесі де газет-журналдарда жарық көрді [3, 56 б. ]
Елуінші жылдардың аяғында жазушының шығармалары қайта басылым көрді. Өлеңдері мен әңгімелері жеке кітап болып басылды. Шығармалар жинағы 6 томдық көлемде жарық көрді. (1956-1964 ж.ж.). Оларды құрастырып баспаға дайындаған марқұм ағамыз Қанекей Жармағамбетов екеуміз едік. Кейінірек 1979 жылы менің құрастыруыммен «Жазушы» баспасы Бейімбеттің газет-журналдарда шашырап жүрген «Атылмаған оқ», «Он бес үй» повестерімен қатар «Қоңсылар», «Қызыл жалау» деген атпен жарияланады. Бейімбеттің «Ел сыры» (1925), «Кесінділер» (1928), «Сойқанды содырлар» (1929) атты еңбектері сол бірінші басылым қалпында қалып отыр. «Еңбекші қазақ» газетінің 1926-27 жылғы сандарында жарияланған қалпында қайта басылым көрмеген Бейімбеттің әңгіме, очерктері, фельетондары қаншама десеңізші?!






