Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Табиғи экожүелердің тұрақтылық критерийлері және тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері




Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан жер бетінде трүлердің саны өте көп, бұл алуантүрлілік адамзат ақылына сыйлайтын жұмбақ және еш уақытта таусылмайтындай көрінеді.

Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.

Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.

Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасылар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен ірі жануарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерден құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерн қамтамасыз етеді:

1. Бөліктерінің өзара бір-бірін толықтыруы. Бірлестіктерде қоршаған орта ресурстарын пайдалануда бір-бірін толықтыратын түрлер бірігіп тіршілік етеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орманда бірінші белдеудің өсімдіктері жарық ағының 70-80%-ын сіңіріп алады. Екінші белдеуде толық жарықтың ағынының бар болғаны жүзден 1-2 үлесінің өзінде фотосинтез жүргізуге қабілетті. Бір-бірін толықтыра отырып, өсімдікте күн энергиясын толық пайдаланады.

Осындай толықтырудан әр түрдің өсімдіктерінің топырақ бетінде таралуы, олардың тамыр жүйелерінің орналасуы, минералдық заттарды толық пайдалануы және т.б. көрінеді.

Жануарлардағы «еңбек бөлінісін» әр түрлердің тамақты, тәуліктік және маусымдық белсенділікті, кеңістікте орналасуды пайдалануынан көруге болады.

Түрлердің өзара бірі-бірін толықтыруы, яғни органикалқы затты жасаушылар мен ыдыратушылар, биологиялық зат алмасулардың негізінде жатыр.

2.Түрлердің бір-бірін ауыстыруы. Биоценоздың кез келген түрін басқа экологиялық талаптары мен функциялары ұқсас түрлермен алмастыруға болады.Мысалы, қылқан жапырақты ормандағы шыршаның және самырсының әр түрлі түрлері немес әр түрлі шалғандықтағы тозаңдырушы – бунақденелілер.

Көптеген түрлердің экологиялық орны ұқсас болғандықтан қандай да бір түрдің кемуі немесе жойылуы экожүйе үшін қауіпті емес.

Түрлердің бір-бірін ауыстыруы табиғат жағдайларының үнемі өзгеріп отыруынан болады. Мысалы, шалғындықтарда ылғалды жылдары қысқа, ал құрғақшылық жылы- ұзын тамырлы өсімдіктер басым болады.

3. Реттеушілік қасиеті. Өздігінен реттелуге қабілеттілік – күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өздігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Теріс кері байланыс принципі дегеніміз – жүйенің қалыпты күйден ауытқуы, оны қалыпты күйге қайтаруға бағытталған күштерді іске қосады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық өзара қарым-қатынастардан көрінеді. Жемтіктердің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді. Популяцияның тығыздығының белгілі бір деңгейден артып кетуі, түрдің ішкі байланыстарын өзгертеді, яғни көбею қабілеті төмендейді немесе кеңістікте даралардың таралуы күшейеді.

Биоценозға түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын, популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.

4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі.

Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі – органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің саыны реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір-бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде – арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда – инфекциялық ауруларды туғызушылар немесе бәселкелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.

Өсімдік ұлапаларындағы күрделі және берік компонент – целлюлозаны ыдыратуды маманданған боактериялар, әр түрлі зең саңырауқұлақтары, ұсақ топырақ кенелері – сапрофагтар, бунақденелілердің дернәсілдері, жауынқұрттары және басқа да ішінде бұл процеске қажет ферменттері бас жануарлар да жүзеге асыра алады.

Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамсыз етеді.

Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты.

Осы алуантүлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.

Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл апаттарды басынан өткізді. Өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдағы жойылған түрлердің орнын басып отырды.

Сондықтан табиғи және антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.

 

 Бақылау сұрақтары:

1. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсіндіріңіз?

2. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары қандай?

3. Г.Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі қандай?

4. Линдеманның энергия тасымалының 1% ж.не 10% ережелерін атаңыз?

5. Экожүйелердің табиғи дамуы қандай?

6.Экожүйелердің біртұтастығы және тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық механизмдері қандай?

Әдебиеттер:

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 82 – 137 беттер.

2.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др.Экология. Учебник для студентов ВУЗов.Алматы.1999

3. Гилярова А.М. Популяционная экология. – М., 1995 г.

 

                                                         Тақырып 5





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 989 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

4028 - | 3943 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.