Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


АК-2М-40 котлеттi автомат конструкциясы мен оның жұмыс принципi.

 

Автоматтың негiзгi тораптары: шойын құйма тұрық, татталмайтын болаттан жасалған күштеу цилиндiрi, қисық қойылған қалақшасы бар силуминдi бұранда, бес домалақ тесiгi бар құйма шойын айналатын үстел, шойынды поршеньдер, ұяшық iшiнде орналасқан, бағыттаушы дискiсi бар доза реттегiш, қырғышы бар пышақты дискi және берiлiстi шестерния механизiмi (жетекшi механизiм).

Автомат жетегi клинбелдiктi берiлiс арқылы электроқозғалтқыштан жүзеге асады, ары қарай буынтықты берiлiс арқылы, одан соң 3-тiк валикке цилиндiрлi берiлiс жүйесi арқылы жүзеге асады.

Қалыптағыш барабандардың бетінде поршендерге арналған диаметрі 300мм-лік цилиндрлі тесіктер бар. Поршендер әр қайсыында 10 ұядан бар 10 қатардан тұрады. Әр ұяның ішіне поршендер орналасқан.

Штамптаушы баранбанның беті жылжымайтын лекальді болып келеді, ол поршень штактары үшін тірек қызметін атқарады. Барабанның айналуы кезінде лекальді бет поршендерге білікті (радиалды) ығысу туралы хабарлайды.

Қалыптағыш барабанның үстінде, оның қабырғаларына өте жақын фарштық бергіш (бункер) орналасқан. Қалыптағыш барабанның қалталары үстінгі жағдайда орналасқан, олар құйғыштың астына келіп фаршқа толтырылады, ал астыңғы жағдайда поршендер оларды фаршқа ысырады.

Пышақ барабанның төменгі бөлігіне параллельді орналасқан. Олар қалыпталған котлеттер поршеннің бетіне жабысып қалған жағдайда терберліс арқылы оларды ажыратады.

Қалыптағыш барабанның астында тізбекті тронспортер орналасқан. Тронспортердің бос наулары қытырлақ нандарға арналған бетпен байланысқан.

Котлет қалыптау барысында котлеттер тізбекті тронспортері бар барабанның әсерінен 5 қатарға қалыпталады. Штампталған котлеттер науалардың көмегімен қақталған наны бар қондырғанын астына келеді де қақталған нанға аунатылады.

Пісектің осьтік жүріс өлшемі реттегішпен реттеледі, ол бөлгіш шкалаларымен қамтамасыз етілген. Котлет массасын өзгерту үшін реттегіш дискісін айналдыру керек. Бұл кезде г-тәрізді екілікті рычаг білік үстелін көтереді, одан өз кезегінде арнайы шайба қатысуымен піспек белдемшелері көтеріледі, нәтижесінде піспек жүрісі өзгереді.

Автоматтың өнімділігі сағатына 108000 котлет. Қалыптағыш барабанның жұмыс жасау көрсеткіші 20 айналым/сағатына, ал тізбегінің жылдамдығы 19 м/мин. 

 

Кейбір үлкен өндіріс орындарындағы котлет автоматтарынның жүйесі.

 

1. Бункер-араластырғыш – бүтін немесе ұсақталған шикізатты тұзбен және дәмдеуіштермен араластыратын қондырғы.

2. Волчок және нанкескіш (хлеборезка) – нан ұсақтау үшін пайдаланылады.

3. Волчок немесе ет шикізатын бөліктеуге, жуа ұсақтауға арналған қондырғы.

4. Өлшейтін бак – фаршқа қажетті су дозасын өлшеу үшін қажет.

5. Ет шикізаты мен пиязға арналған массалық дозатор.

6. Фаршараластырғыш – ұсақталған ет шикізаты, тұз, қоспа және суды араластыруға арналған.

7. Бункер – фаршараластырғыштағы дайын фаршты наносқа түсіреді.

8. Транспортер – наулар арқылы дайын котлеттерді қораптауға жеткізіп, салқындату үшін жәшіктерге қалыптау.

 

Сурет-2; Котлет қалыптайтын автомат

 

Техникалық сипаттама:

1. Өнімділік, котлет/сағ.........................................................................4716

2. Фаршқа арналған цилиндрдің сыйымдылығы, л.................................20

3. Қалыптайтын котлеттің диаметрі.........................................................65

4. Қалыптайтын котлеттің массасы..............................................50,75,100

5. Қалыптаушы үстелдегі поршендер саны, дана.....................................6

6. Электрқозғалтқыш

                           түрі..............................................................АОЛ-27-4

                           қуаты, квт...............................................................0,4

                           айналыс жиілігі, айн/мин...................................1400

7. Негізгі өлшемдер, мм

                           биіктігі...................................................................704

                                 ені..........................................................................314

                                ұзындығы............................................................2735

8. Масса, кг.................................................................................................90



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Котлет автоматтары туралы жалпы түсінік | Кинематикалық сұлбаның сипаттамасы.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 606 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2506 - | 2323 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.