Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ

58-жаттығу. Текстерден ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздерді (қарапайым, дөрекі, тұрпайы, эвфемизм сөздерді) тауып жазыңыздар. Олардың стильдік басқа топтардан қолданудағы өзіндік ерекшеліктеріне түсінік беріңіздер.

       І. 1. Дәукен үйіне келіп жеткен соң, үй адамдарына өз ішіндегісін ақтарып:

       - Өңшең саң мүйіздің бас қосқан бір мәжілісі еді. Үрит, соқ! Соқ! – деп отырып, молда мен мұғалімді сүзістіріп алдық, - деп сылқ-сылқ күлді. Күліп жатып: - Мейлі, екі ноғайдың бірі өліп, бірі қалсын! Менің нем кетеді! – деді өзі (І.Ж.). 2. – Бұлардың малы бай болғанмен, бейілі кедей... Бәсентиынның болысы осы ауылдарда, - деді Сатанның нағашысы.

       - Е, болыс аулы осы болса, ендеше құдай берді, жігіттер. Қарап тұрыңдар, Сатан осы ауылдан төрт ат жегіп жөнеледі, - деп Сатан күлді.

       - Атаң басы, жегесің – Әбіш нағашысы Сатанды тойтарып тастады (І.Ж.). 3. Ол есік алдына шыға салысымен ауылға айқай салды:

       - А, өңшең иттер-ау, мына малды қырушы ма едіңдер? О, иттер-ау, қырылғансыңдар ма? Құдыққа үймелеген жылқыға су құймай! – деп ақсаңдай басып, құдық басына топырлаған жылқыға қарай кетті. Бәйбішенің ауылдың биі екенін ұғына бастаған Сатан ішінен:

       - Бәлем бәйбіше, сүйекшің келгендей бір шулатпасам, жігіт болмай жерге кірейін! – деп отыр (І.Ж.). 4. – Бір пәледен құтылдық па десек, түпке сақтағаның тағы бар екен ғой! (Ғ.М.). 5. – Ойбай, мынау ырсылдақ қараның шабысы! Ол жетпей қоймайды. Иттің малы, алдынан келсең, - тістеп, артынан келсең – теуіп, жолатпап еді! Екі қолтығында тесігі бар... Ентігу дегенді білмейді! – деді Қайсар (Ғ.М.). 6. Біржанның «Жанбота» деп аталатын әні ышқынған жанның зары. «Өлген жерім осы ма еді? Боқтыққа көмген жерің осы ма еді?» - деп келеді (Ғ.М.). 7. – Оныңа түйедей-түйедей екі спасибо... енді мешайт қылмай, Совдебіңе жүре берсең екен. Өлең-мөлеңді әңгімеа қылып, жұмысты тоқтатып қоя алмасақ керек... Айда жөнел, комиссарлар бүгін де қызыл өңеш болысып жатыр деген (Ғ.М.). 8. Ол бір оқыс сөйлейтін адам екен: - Әй, сен шырақ, жақсы редактор боламын десең, сыбырлақ сынға пысқырма! Оттай берсін! – деді. 9. Арамқатқыр, жатқың келе ме, немесе өзі! – деген ащырақ дауыс шыққан соң, Айгүл әдейі солай қарай бұрылып келіп еді, Берден екен (Ғ.М.).

 

60-жаттығу. Текстерден көркем әдеби тіл стиліне тән сөз қолданыстарын, айшықты, мәнерлі сөздерді тауып, олардың басқа стильдерден ерекшелігін, жасалу жолдарын талдаңыздар.

       І. Абай Ордадан шығып, дәл Қарауылға жеткенше, түстік жерге барғанша, айықпай, айнымай жыр шертті, өлең тебірентті. Қай жерде, қалай келе жатқанын мүлде ұмытып кеткендей. Тек Қарауыл суының бойына ілінген кезде ғана түс-қиялдан аз оянып, селт еткендей болды. Бұл ояну да рақат еді. Елді, жерді қыс бойы қатты сағынып қалған екен. Өзінің туған қоныс өлкелері. Әсіресе өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл.

       Көз алдынан тізбек-тізбек елес суреттер өтіп келеді. Ең алғаш Тоғжанды көргенде осы өзеннің бас жағындағы, анау алыста көкшіл тартқан – Түйеөркеште көрген... Осы Қарауыл суы тасып жатқан. Ашулы ағыс тулап өтіп жатқан шақта, Абай Тоғжанды ең алғаш рет, жазықсыз бала иазалығымен ынтық, ыстық құшағына алған. Сол Тоғжан, күйдірген, арманды еткен Тоғжан бүгін, міні, жылдар, зарлар, мұңдар бәрін сағым етіп ұшырды. «Ол жоқ, ол бекер. Мен әлі сол ғана уыз жас қалпымдамын. Сондай ақ, кіршіксіз көңілмен сені қайта таба алам. Сүйіп, сүйсіндіріп, бақытты ете алам» деп келіп тұр (М.Ә.).

64-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден неологизмдерді тауып, олардың ішінен бұрын қалыптасқандарын бір бөлек, кейін қалыптасқандарын бір бөлек айырып жазыңыздар. Неологизмдердің қандай лексикалық салаларға қатысты екенін және жасалу жолдарын анықтаңыздар.

       І. 1. Қазақ халқының болашақ даму жолы, бақытқа, тәуелсіздікке, өркениет алып барар жолы әбден таптаурын болған, өзімізге белгілі қара жол емес. Ол тек парықтық экономикаға апарар ауыр да қиын жол, қажырлы еңбекті, іскерлікті, білімді, ұйымдастырушылықты қажет ететін тың жол («Е.Қ.»). 2. Бірақ осы нарықтық қатынастарға өтудің нақты бағдарламасын, концепциясын бұқара халық әлі де жан-жақты түсіне алмай жүргенін айтпасқа болмайды. Мысалы, неге нарықтық қатынас деп айтамыз, оның түп негізі, барар межесі не? Келешектегі өндірістік қатынастардың сипаты қандай болмақ? Еркін баға (бағаны босату) дегеніміз не? Заңдылық па немесе кездейсоқтық па? Ол еркін бағаны тежейтін шаралар қандай? (сонда). 3. Міне, Омбы қаласының жатақтары, жәмшіктері жасаған Октябрь төңкерісінің алдындағы ереуілге Ақмоланың облыстық қазақ комитетінің қарары осы (С.С.). 4. Біраздан соң біздің уақытша совдеп үстем бола берді. Төрағасы Чернов деген мал дәрігері (С.С.). 5. Мыс өндірісін ұлғайту міндеттерін орындауда еліміздің мыс өнеркәсібінің негізгі шикізат базасы болып табылатын Жезқазған кенін жасау шешуші маңыз атқарады («С.Қ.»). 6. Мұнда алдымен айналым уақыты мен айналым саны, негізгі капитал мен айналмалы капитал, бұлардың теориялық мәселелері, өндіріс уақыты мен айналыс уақыты, өзгермелі капитал айналымы мен қосымша құн айналысы тәрізді проблемалар талданады (С.Б.).

 

КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР

66-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден көнерген сөздерді тауып, олардың қазіргі кезде архаизм болатындарын бір бөлек, историзм (тарихи сөздер) болатындарын бір бөлек айырып жазыңыздар. Көнерген сөздердің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасап, мағынасын анықтаңыздар.

       І. 1. Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады (М.Ә.). 2. Екі жақтың арбасып, қабақ торысқан болыстары: «Бұл билікті кім айтады?» дегенге келгенде, нені тілерін біле алмай жүрген-ді. Аяздарға «өздерің айтып шешіп бер» деген де арыз болған. Бірақ ұлықтар бұдан бас тартқан. Ал төбе биді Асылбекке беруге, керей қарсы. Бұны «Сыбанның күйеуі» деп, «қанды мойып, дұшпан ауылымның бірі – Ақтайлақтың күйеуі» деп, Керей «тіретей» билер алдынан қашып отыр (М.Ә.). 3. Бір сөзде жұрт: «Құнанбай балалары төбе билікті өзімізге бер деп қанша жабысса да, Абай қарамапты. Ағайын тіліне азбапты. Жұртқа адалдығымен пайда келтірсін деп, алыс ата баласына төбе билікті өз туыстарынан тартып алып беріпті» деседі. Екінші лақап дәл соңғы бірер күн ішінде тарады: «Жатаққа өзі жоқшы бопты, өзі би де боп, кесік айтыпты» (М.Ә.). 4. Мақпал ерінің басына қиындық түскенде қолына қылыш алып, үстіне сауыт киіп, бұрымын дулығаның астына жасыратын да, қас сарбаздай қасына еріп, жорыққа бірге аттанатын (Ә.Әлім.). 5. Тоғыз санды торғауыт, Он сандайын оймауыт, Барабан соғып, шың қағып (Ер Тарғын). 6. Қыдыра жалды қыл құйрық, Жылқыдан қалмас дегіздім (Қыз Жібек). 7. Аламанға жол бердік, Аса жұртты меңгердік (М.). 8. Күресте қалың қолды адақтаған, Майданда бетіне жау қаратпаған (С.С.). 9. Жібектейін жеңгемнен бір жауап әкеп бер, аға (Қыз Жібек). 10. Көргендей жол бейнетін жүзің сарық (сонда).

 

68-жаттығу. Пассив қабаттығы кейбір сөздердің кейін актив қабатқа, керісінше актив қабаттағы кейбір сөздердің пассив қабатқа ауысуына бес мысал келтіріп, оның себебін, мағыналық өзгерістерін көрсетіңіздер.

       Үлгі: төраға сөзі – 30-ыншы жылдардың орта шеніне дейін жиі қолданылған неологизм сөз, кейін оны председатель сөзі ығыстырып, қолданылудан қалып қойды, ал қазір қайтадан актив қабатқа еніп, жиі қолданылып отыр.

       Ұжым – халық тілінде «ауызбірлік, ұйымшылдық, ынтымақ» мағынасында қолданылған, бірақ кең тарамаған сөз. Қазір «коллектив» мағынасында қолданылып, лексиканың актив қабатына еніп отыр.

 

70-жаттығу. Келтірілген сөйлемдердегі тұрақты тіркестердің фразеологизмдердің қай түріне (идиомалар, фразеологиялық тізбектер мен тіркестер, нақыл және қанатты сөздер) жататынын айырып жазыңыздар. Фразеологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, олардың мағынасын түсіндіріңіздер.

       І. 1. Абайды қамаған жаулықты тағы бір өзінің аулынан, аталас бауырынан шығарсам дегенде, Оразбай ішкен асын жерге қояды (М.Ә.). 2. – Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа ел көрмеген жаза керек! – деп Құнанбай байлауын айтты (М.Ә.). 3. Аз ойлағанда Бөжей өз ішінен: «Шарихатта жөнге, шынға қарайтын шығар, ақай жоқ, тоқай жоқ, көрінгенге бұйда бере бермес» дегендей (М.Ә.). 4. Қаратай жүйрік қой. Жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бірақ өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады (М.Ә.). 5. Мен саған ағымнан жарылып, бар шынымды айтып отырсам, Молдағазы кейіп қалды (С.М.). 6. Бірақ ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге жетеді (С.М.). 7. Елі бай дейді. Он мыңдаған қой, мыңдаған түйе иттің құлы итақанда өреді дейді (С.М.). 8. Мен осындай кикілжіңге кеп кездестім. «Ашыққан – ұры, ашынған – тілді болады» деген мақал бар емес пе (С.М.). 9. «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін» деген сөз рас екен, - дейді Болатбай демін соза алып, дәулеті бар кезінде басына бақ оралды мұның (С.М.). 10. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болды. Ойда орыс, қырда қазақ бетіне шыққан жоқ (С.М.). 11. – Сондай аузымен құс тістеп тұрған кезінде, - дейді Болатбай, кейіген кескінмен, - мейманасы тасыды бұлардың (С.М.). 12. Батыр бастас, бай қостас, әлділер бірінің сөзін бірі сөйлейді. Елден теңдік таппаған кейбір момын бас көтеріп ілгері ұлыққа шағым айтайын десе, олар да мықтының сөзін сөйледі (С.М.).

       ІІ. 1. Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді (С.Бақ.). 2. Ат жақты, алма мойын, түйме басты, Көрінер тамағынан ішкен асы (О.Ш.). 3. Әркім аяқтан ала бастады, жас болса келіп қалды, тартысуға әл жете ме? (Ғ.Мұст). 4. Күн батып қас қараюға айналғанда, ауылдың үсті малдан азан-қазан болды (С.М.). 5. Күндіз аттан түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған (М.Ә.). 6. Жүрегі де су еткендей, белгісіз бір сезім лебі шарпып өткендей (М.Ә.). 7. Сондықтан да қазір, жаздың орта шенінде, осы төр жайлауда отырған ел, сол жайлау елінің өздерінің айтуынша, жыртылып айрылады (М.Ә.). 8. Көшеге шыққан соң, Сатанның басы әңкі-тәңкі болды (І.Ж.). 9. Күнінде қолынан мыңды алып, мыңды кетіріп, дүниені сапырып отырмаса, Омар еш жерге сыймайды (І.Ж.). 10. Қас пен көздің арасында үшеуін де қып-қызыл шиедей қылып, серейтті де салды (І.Ж.). 11. Қамар осындай әркімнің кезіне күйік болған қалпымен күннен күнге құлпырып, 15 жасына жетті. Бұл кездерінде баяғы теңмін деп құмартып, құлықынын құртып жүретін замандастарынан жоғары секілді, телміріп азған өлеңдер, хаттар судай ағылып келсе де, кейбіреулерін жауапсыз жыртып, кейбіреулерін өзінің шешендігімен жебедей жерге енгізіп, енді қайтіп басын көтеруге жаратпай тастай беруші еді (С.Тор.). 12. Жәуке өзі нашар кісі болса да, бар бар тапқан-таянғанын жалғыз баласы Ахметтің оқуына салып, жасынан олай сүйреп, бұлай сүйреп, әйтеуір молда атына іліктіріп еді. Бертіп келген кездерде Жәукенің ол бейнеті босқа кетпей, Ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті (С.Тор.).

       ІІІ. 1. Бұл Сарбас аулы осы Омакеңдермен ыңғайлас, жазғы, қысқы қоныстары бір аралас-құралас еді: Ахмет пен Омардың үлкен баласы Хасен құрдас, жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайнасқан сырлас еді (С.Тор.). 2. Және Ахметтің ақыл-ой зеректігінің үстіне сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын, жарып салма, өткір еді (С.Тор.). 3. Тартынбай тамылжытып сөйлегенде, өзінен үлкен-кішілердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді (С.Тор.). 4. «Несі бар, бүгін кеңсеге осыны киіп барып, бір көрінейін. Қызық болсын, - деп түйді ол ішінен. – Іші күйгендер тұз жаласын». (Қ.Жұмад.). 5. Зиялылар үшін бұдан басқа да киім үлгісі болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмепті ғой (Қ.Жұмад.). 6. Жасы он тоғыз-жиырмаларға енді келген, ат жақты екі бетінің ұшында қан ойнап тұрған, тана көз сұлу келіншек есіктен аттай бере күйеуіне көзі түсті де, аңырып тұрып қалды (Қ.Жұмад.). 7. «Сулы жер – нулы жер» деп бұрынғылар тегін айтқан ба (Қ.Жұмад.). 8. Қазақ екіге бөлінейін деп тұр ғой. Тегінде «екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» дейтін бе еді? (Қ.Жұмад.). 9. Баяғы да мына Дабынтайдың аталары Жоңғар мемлекетінің күлін көкке ұшырып, жермен жексен еткенде, Торғауыттан да тұқым қалып, солардың сарқытынан бүгін, міне, өзің сияқты тілмаштар шыққан жоқ па (Қ.Жұмад.). 10. Дәмежан терезесін қараңғылап қойған салқын бөлмеде көз шырымын алып, бір сағаттай ұйықтап тұрды (Қ.Жұмад.). 11. – Біздің қузайтынымыз – жалған ісі емес, ақіреттің ісі. О дүниеде қияметтің қыл көпірі, тозақ оты бар. Осыны ұмытпаңыз, үкірдай (Қ.Жұмад.). 12. – Ештеңе етпес. «Мың сіз-бізден бір шыж-мыж артық» деген бар ғой. Бұл менің тоғанға қосқан үлесім болсын, - деді Демежан атына мініп жатып (Қ.Жұмад.).

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Азіргі қазақ тілі лексикасындағы омонимдер. Синонимдер және антонимдер. | Preface to the first edition
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 553 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2535 - | 2391 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.