Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дайын сусынның құйылуы

 

Дайын бөтелкелер ауалы конвейер арқылы «Триблок» қондырғысына жеткізіледі«Триблокқа» келіп түскен бөтелкелер алдымен жуылады,суытылады сосын ыстық күйіндегі сусын құйылады (температурасы 96⁰-89⁰С). Қақпақтары жабылады. Қақпақтар қақпақ бункерінен қақпақ конвейері арқылы «Ыстықтай құю» жабдығына келіп түседі. Келген бөтелкелер шнек арқылы бірінші жұлдызшаға беріліп, бөтелкелер жуылады. Триблокқа бөтелкелер үрлегіш машинадан ауалы конвейер арқылы жеткізіліп отырады. Келіп түскен бөтелкелерді датчик автоматты түрде санын анықтап, экран бетіне шығарып отырады. Сусындар құйылып, қақпағы жабылып «ЧикМат» қондырғысынан ленталы конвейер арқылы жылжыйды. ЧикМат қондырғысы 3түрлі қызмет атқарады. Алдымен қақпақтың дұрыс жабылғанын тексереді, бөтелке дұрыс үрленгенін және кейіннен өнімнің дайындалған мерзімі жазылады. Егер осы процестің бірі дұрыс орындалмаған жағдайда сусын құйылған бөтелкелер автоматты түрде алынып тасталынады.

 

Сурет5. Бөтелке жасаудың технологиялық сызбасы(«Триблок» қондырғысы)

 

 

Cурет 6.Триблок қондырғысы

 

 

Сурет 7. «ЧикМат» қондырғысы

 

Дұрыс шығарылған өнім тексеруден(«ЧикМат» қондырғысынан) өткеннен кейін, 90⁰-қа конвейерде бұрылып «Салқындатқыш камераға» қарай ленталы конвейерде 90⁰-қа бұрылып(яғни жатқызып) тасымалданады. Себебі Триблоктан шыққан өнім 86⁰-91⁰С болады. Ол тік тұрған кезінде бөтелкенің формасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Ленталы конвейер  арнайы химикат арқылы ылғалдандырып тұрады. Бөтелкелердің бір орында тұрып қалмай жылжуы үшін. Осылайша конвейер арқылы жылжып тунельге, яғни салқындатқыш камераға барады.Тунельдің жұмысы салқын су арқылы жүзеге асады. Тунельге бір басынан 86⁰С ыстықпен кірсе, екінші жағынан 5⁰-10⁰С-қа дейін салқындап шығады. Салқындатқыш камера 3 түрлі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде 35⁰-40⁰С-қа дейін салқындатады. Екіншібөлімде 25⁰-30⁰С. Ал үшінші бөлімде 5⁰-20⁰С-қа дейін салқындату жүзеге асады.

 

 

 

Сурет 9. Салқындатқыш камера

 

 

Сурет 10. Салқындатқыш камера

 

 

Сурет 11. Ленталы конвейер

 

 

Сурет 12. 90⁰-қа бұрылған конвейер

 

Этикеткажабыстыру

Өндірімділік, бөт/сағ 400-ден 2400 дейін этикетка сағатына

Бөтелкенің диаметрі, мм 45-110.

Этикетканың материалы, мкм полипропилен 35-40

Этикетканың биіктігі, мм 45-150

 

 

Сурет 13.Дөңгелек немесе сигментті полопропиленді этикетка рулондарын цилиндрлі тараларға кигізуге арналған машина

 

Салқындатқыш камерадан шыққан өнімдер ленталы транспортер арқылы этикетка кигізетін бөлімге келіп түседі.Ол жерде түгелімен автоматтандырылған.

 

 

Сурет14. Этикетка кигізетін жабдық

 

 

Сурет 15. Этикетка кигізетін жабдық

Бөтелкелерге этикетка кигізіліп, термо тунельге жіберіледі. Термо тунельде ыстық будың көмегімен этикетка 3 түрлі функциядан өтуі арқылы жабыстырылады. Одан шыққан өнім ленталы транспортердің көмегімен орағыш аппаратқа жіберіледі.

Онда бөтелкенің мөлшеріне қарай, егер 0,5 литрлік бөтелке болса автоматты 12 бөтелкеден бөліп полителенмен қапталып, термо тунельге жіберіледі. Ол жерде ыстық будың көмегімен полителен мыжылып жабысады. Қапталған өнімді жумысшылар қоймаға(20-сурет) жібереді. Осымен «Сусынды құю» процесі аяқталады. Келесі өнімді құю үшін барлық трубожолдар, купаждар, бәрі арнайы қоспасы бар су арқылы жуылады.

Бөтелкелердің мөлшерін, қалыңдығын, этикетка дұрыс жазылуы тағысын сияқты жұмысты технолгтар келіп тексеріп тұрады. Сусынның құрамын, консерванттардың мөлшерін бәрін лабаранттар қадағалап отырады. Кез келген цехқа кірер алдында қолды арнайы дезинфекцияландырғыш сұйықтықпен шайып кіру қажет.

 

 

Сурет 17. Орағыш аппарат

Сурет18. Сусындарды сақтауға арналған қойма

Қорытынды

Өндірістік тәжірибе барысында «RAIMBEK Bottlers» кәсіпорнының ережелері бойынша толық мағлұмат алдым. Жұмыскерлер ұйымның мақсаттарымен таныстырды, ұйым ішіндегі ережелерді және техникалық қауіпсіздік ережелерді түсіндіріп айтты. Жалпы әлемдік сатылымға шығарылатын кәсіпорында жеке бастың тазалығына аса көп көңіл бөлінеді. «RAIMBEK Bottlers» ұйымының территориясындағы цехпен және де сол ғимарат ішіндегі құрылғылармен таныс болдым. Өндірістік тәжірибекезінде «RAIMBEK bottlers» кәсіпорнының барлық территориясымен танысып, көптеген пайдалы және керекті мәліметтерді жинадым. Өз мамандығым бойынша қажетті мағлұматтарды өндірісті шығару барысында және кәсіпкер қызметкерлері арқылы біліп алдым. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты — жоғары сапалы, балғын әрі ұзақ мерзімге шыдамды алкагольсіз сусындарды шығару. нарықта сұранысқа ие өнімдердің жаңа түрлері, соның ішінде әртүрлі алкагольсіз сусындар шығарылады. Ең бастысы, шығарылатын өнімдердің барлығы тұтынуға ыңғайлы, сапалы,қол жетімді бағада.

«RAIMBEK  Bottlers» өзге кәсіпорындар және бөлек тұтынушылардың мәлімдемелері бойынша қазіргі технологиялық деңгейде жоғары сападағы балғын өнімдерді әзірлеуге қабілетті білікті инженер – технологтар мен инженерлік-механикалық кадрлар бар және де негізгі жетістікті қызмет жұмыс басшылығына қойылған принциптер: тапсырыс берушілердің алдындағы жоғары дәрежедегі жауапкершілік, озат технологияларға бағдар мен өнімдердің жоғары сапасы екендігіде айтылды.

«Шығатын өнімнің саны емес- Сапасы маңызды!»

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

М.Т. Денщиков ТРУДЫ. «Технология, биохимия и контроль пива и безалкогаольных напитков». Выпуск Х. Пищепромиздат, М, 2003-167 с.

Н.В. Бориев, Л.В. Седаков «Проектирование монтаж и эксплуатация систем автоматики» - М., Недра, 2000-260 с.

В.Я. Баранов, В.В. Черенкова. «Промышленные приборы и средства автоматизации» Справочник Л.: Машиностр., 1999-847 с.

Тихомиров В.Г. «Технология пивоваренного и безалкогольного производств»,1998-448с.

Ермолаева Г.А., Колчаева Р.А. «Технология и оборудование производства пива и безалкогольных напитков», 2000-416с

3.Степанова Л.И. Сүт өнімдерін өндіретін технологтың анықтамалық кітабы. Технология және рецепт. Үш томдық. Т.1.Слнуюмолочные өнімдері. - Санкт-Петербург: GIORD, 1999. - 384 б

 

4. https://raimbek.com/kz/brands/category/serktes-brendter/ сайыты

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Технологиялық мақсат үшін табиғи суды дайындау | Техническая характеристика станции
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 326 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

3803 - | 3694 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.