Лекции.Орг


Поиск:




Лекция. Перцептивті бейнелердің конфигурациялы. Аспектілерін зерттеу




Аспектілерін зерттеу

Перцептивті ұйымдасу заңдары. Фигура және фон. Стереокөру механизмдері: көз торының корреспондентті және диспаратты нүктелері, гороптер, стереопсис зоналары. Алыстау мен тереңдік белгілері: бинокулярлық, таңдамалы, трансформациялық, окуломоторлық. Стереоскоптың құрылысы. Кеңістікті, формаларды, қозғалысты қабылдаудағы Дж. Гибсон зерттеулері. Қабылдау феномендері, алты класы. Оптикалық бұрмалану. Адаптация динамикасы. «Тері көру» феноменологиясы.

Қабылдау бірқатар қасиеттерге ие:

· константтылық (тұрақтылық) – жағдайдың өзгергеніне қарамастан заттың адекватты қабылдануына мүмкіндік беретін ерекше қасиет. Біздің қабылдауымыз белгілі бір шектеуде қабылдаудың жағдайына тәуелсіз олардың көлемін, формасын, түрін заттан тыс сақтап қалады (қабылданатын затқа дейінгі ара-қашықтық, жарық түсіру жағдайы, қабылдау бұрышы және т.б.). Ұшақтың биіктегенде барлығы кішкентай болып көрінеді: үйлер, адамдар құмырсқадай болып көрінеді. Ұшақтан түскенде - барлығы өз қалпына келеді. Басқа мысал. Шөл далада ештеңеде жоқ: құм және өмірдің ешқандай белгісі бомайды. Міне, мұнда константтылықтың қасиеті жоғалуы мүмкін: кейде қойды кесірткеден айыру мүмкін болмайды. Шөл даланың ерекше жағдайы қабылдауды бұрмалап, ақпаратты өңдеу процесіне әсер етеді.

Константтылықтың қасиеті қабылданатын обьектіге және оның өмір сүру жағдайларының ерекшеліктеріне икемделетін және кері байланыс механизміне ие, өз бетінше реттелетін әрекетпен түсіндіріледі.

· заттылығы – обьект жеке физикалық дене болып кеңістікте және уақытта жекеленуі ретінде қабылдануы. Бұл қасиет фигура мен фонның өзара байланысы кезінде анық көрінеді. Заттың қасиеті, заттылығы затпен байланыс кезінде пайда болады, ол адамға қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Заттың қасиеті қандайда бір бүтіндікте байқалады;

· тұтасқығы – бейнелі түрде бөлшек пен бүтіннің ішкі органикалық өзара байланысы. Бұл қасиеттің екі аспектісін қарастыруға болады: а) әр түрлі элементтерді біріктіру; б) оның құрамдас элементтерінің сапасынан құрылған бүтіннің тәуелсіздігі.

Қабылдауды ұйымдастырудың принциптері (заттылық пен тұтастылықтың қасиеттері) гештальтпсихология өкілдерінің еңбектерінде неғұрлым терең және ашық талданған (М. Вертгеймер, Ч. Осгуд және т.б.).

Қабылдаудың тұтастылығы мен құрылымдылығының қайнар көздері бір жағынан обьектілердің жеке ерекшеліктеріне байланысты болса, екінші жағынан адамның заттық іс-әрекетінде.

● жалпылық – әрбір бейненің аты бар кейбір обьектілер класына жатқызылуы;

· мағыналығы қабылдаудың ойлаумен, заттың мәнін түсінумен байланысына негізделген;

· қабылдаудың маңызды феномені шынайы әлемге заттық бейненің қатыстылығы болып табылады – жоба феномені (мысалға, көздің сетчаткасында адам заттың бейнесін емес, шынайы әлемдегі шынайы затты көреді). Бұл феноменді тұлғаның қалыптасуындағы барлық деңгейден байқауға болады.

Кеңістікті қабылдау. Кеңістікті қабылдау өзіне қабылдаудың формасын, көлемін, сонымен қатар, затқа дейінгі қашықтықты қосады.

Формасын қабылдау негізгі үш факторлар тобының қатысуымен анықталады:

- бас миы түбірлерінің алғашқы жасушалары бағдарлануына, конфигурациясына, ұзындығына, белгілі бір маңызға ие бейненің элементтеріне таңдамалы әсер етудің туа берілген қабілеттілігі;

- гешталь-психологтардың бейнелеген фигура және фон бөліп көрсету заңдылығы;

- кеңістікте адамды және оның денесінің жеке бөліктерін ауыстыра отырып, обьектілердің беткі қабаты мен контуры бойынша қолдың қозғалысы есебінен алынған адамның өмірлік тәжірибесі;

Заттардың көлемін қабылдау көз торындағыбейненің параметрлеріне байланысты. Заттардың көлемін қабылдауға көз бұлшықеттері, қол және тағы басқа дененің мүшелері қатысады. Бірақ егер адам обьектіге дейінгі арақашықтықты дұрыс бағалай алатын болса, онда қабылдаудың константтылығы заңы жүзеге асырылады.

Бұлшықеттердің қозғалысы да қабылдаудың тереңдігіне қатыса алады. Тереңдікті көзбен бағалауға одан басқа аккомодация және көздің конвергенциясы әсер етеді. Аккомодация – алыста және жақында орналасқан обьектілердің және олардың детальдарын анық қабылдаудағы көзді түзеу кезіндегі көз жанарының өзгеруі, ал конвергенция – обьектілердің жақындауын немесе алшақтауын қабылдау кезінде болатын көз осьтерінің жақындауы немесе алшақтауы. Бұл процестер шектеулі “жұмыс істейді”: аккомодация үшін 5-6 метр, ал конвергенция үшін 450 метр.

Үлкен қашықтықты бағалау кезінде адам оң және сол көз торында өзара орналасқан обьектілер туралы ақпаратты қолданады.

Қозғалысты қабылдау. Қозғалысты қабылдау бағдарлану реакциясының нейрофизиологиялық аппаратына кіретін жаңамен немесе қозғалыстың нейрон-детекторларымен констатацияланады.

Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау механизмі көбіне “биологиялық сағатпен” байланыста болады – адам ағзасында болатын биологиялық процестердің бірізді және ритмикалық ауысуы.

Уақыттың субъективті ұзақтығы көбіне оның немен толтырылғанына байланысты болады.

Адекватты перцептивті бейненің қалыптасуы үшін келесі жағдайлар қажет:

v белсенді қозғалыс;

v кері байланыс;

v сыртқы және ішкі ортадан миға келетін ақпараттың белгілі бір оптимумын ұстау;

v ақпараттың әдеттегі құрылымдылығын сақтау.

Қабылдаудағы иллюзия. Біздің әлемді қабылдауымыздың бұрмалануы болатын кездер де болады. Ол заттардан қарама-қарсы ақпарат келген кезде немесе заттар туралы ақпарат толық болмағанда, алынған сигналдарды қате интерпритациялаған кезде болады. Қабылдаудың ерекшелігі оның көмегімен бейнелер құруда болып табылады, сондықтан әрбір адам ең алдымен өзіне қажет затты көреді, шын мәнінде ондай нәрсе жоқ, тек оған ұқсайтын нәрсе ғана бар.

Қабылдауды дамыту. Қабылдау өмір жағдайына байланысты өзгереді, яғни дамиды. А.В.Запорожец перцептивті әрекеттердің қалыптасуы оқытудың әсерімен бірнеше деңгейлерден өтеді деп есептейді:

І деңгей – адекватты перцептивті бейне балада материалдық заттармен практикалық әрекет жолымен жүреді;

ІІ деңгей – сенсорлық процестер өз қозғалысының көмегімен орындалатын рецептивтік аппараттарды орындайтын өзінше перцептивтік әрекетке айналдырады. Балалар заттардың кеңістіктік қасиетін қол мен көздің бағдарланып-зерттеу қозғалысының көмегімен танысады;

ІІІ деңгей – перцептивті әрекеттерді қысқарту процесімен басталады;

ІҮ деңгей – перцептивті процестер идеалдыға айналады. Балалар тез және қандай да бір сыртқы қозғалыстың көмегінсіз-ақ қабылданатын обьектілердің белгілі бір қасиеттерін танып, осы қасиеттер негізіндеоларды бір-бірінен айыра алу қабілеттілігіне ие болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1401 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

860 - | 688 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.