1. Дисульфидтер, қос және күрделі сульфидттердің ерекше диагностикалау белгілері қандай?
2. Дисульфидтер, қос және күрделі сульфидтердің практикалық маңызы.
3. Дисульфидтер, қос және күрделі сульфидтердің өздеріне тән парагенетикалық ассоциациялары.
Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.
Дисульфидтер тобының минералдары: пирит FeS2, марказит FeS2, кобальтин CoAsS, арсенопирит FeAsS
Пирит FeS2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Халькопириттен және пирротинненкристалдар пішіндерімен (5 – суретке сәйкес) және қаттылығымен айырылады (6-6,5), марказиттен түзілімдердің пішінімен. Оған сульфидтердің ішінде ең жоғарғы қаттылық тән.
Генезисі (жаратылысы). Магмалық таужыныстарда өте ұсақ сеппелер түрінде, скарндық жапсар-метасоматиттік кенорындарында, гидротермалық және шөгінді таужыныстарда (сазды құмтастарда, тас көмір, темір, марганец, бокситтер және т.б. кенорындарында), метаморфтық тақтатастарда кездеседі. Жер бетінде тотығу белдемдерде тез тотығып, сульфаттарға және темірдің сулы тотықтарына айналады.
1 2 3 4 5
5 – сурет. Пирит кристалдарының пішіндері
Пириттің кубы (1), пентагондодекаэдрі (2), кубпен пентагондодекаэдрі – а (100) комбинацияда (3), октаэдрі – о (111) (4), октаэдрі пентагондодекаэдрмен комбинацияда (5)
Парагенетикалық ассоциациясы. Күңгірт кендер, галенит, магнетит, арсенопирит, алтын, барит, кварц, кальцит және т.б.
Қолдануы. Күкірт қышқылын өндіруге пайдаланады, қосымша пиритті кендерден басқа әдістермен мыс, мырыш кейде алтын, селен өндіріледі. Темір қойыртпалары бояу немесе темір өндіруге пайдаланады. Өте сирек пириттен никель, кобальт шығарады.
Марказит FeS2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Марказит пириттен тек қана түзілімдердің пішіндерімен айырылады, ол пирит сияқты кристалдарды құрастырмайды.
Генезисі (жаратылысы). Көбінесе экзогендік, кейде төмен температуралы гидротермалық желілік кенорындарында. Сульфидтік кенорындарының тотығу белдемдерінде кездеседі, жиі көмір құрамды және шөгінді таужыныстарда. Жер бетінде пириттенде тез тотығады.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық жаратылыста: кварц, кальцит, галенит, сфалерит, күңгірт кендер және т.б.
Қолдануы. Пирит және марказит құрамды кендерді күкірт қышқылын өнімдеуге қолданады. Кейде ол таллий өндіретін көз болып табылады.
Кобальтин CoAsS. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Өзін сипаттайтынқызғылт реңкі, кристалдар пішіні (6 – суретке сәйкес).
Генезисі (жаратылысы). Гидротермалық жапсар-метасоматиттік скарндарда және желілік кенорындарында.
1 2 3 4
6 – сурет. Кобальтин мен арсенопирит кристалдарының пішіндері
1 – кобальтиннің пентагондодекаэдрінің октаэдрмен комбинациясы; 2 – арсенопириттің қада және ине тәріздес кристалдары және егіздігі (3), үштігі (4)
Парагенетикалық ассоциациясы. Арсенопирит, халькопирит, кальцит, кварц, магнетит, темірлі хлорит, турмалин, апатит.
Қолдануы. Кобальт өндіретінең маңызды кен болады. Кобальт жоғарғы сапалы құрыш және қорытпаларда колданады, тағы да керамикалық бұйымдар және шыны бояйтын көк және жасыл бояу өндіріледі.
Арсенопирит FeAsS. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Қалайыдай-ақ түсі, жоғарғы қаттылық (5,5 - 6), кристалдар пішіні қада және ине тәріздес (6 – суретке сәйкес).
Генезисі (жаратылысы). Жоғары және орта температуралы гидротермалық (метасоматиттік – скарндық, желілік).
Парагенетикалық ассоциациясы. Бейметалды минералдар: кварц, турмалин, дала шпаттар, слюдалар, карбонаттар, кейде берилл, топаз және т.б. Касситерит, вольфрамит, сфалерит, галенит, алтын, күміс және мыс кендерінде кедеседі.
Қолдануы. Күшәланың кені болады, кейде серіктес ретінде кобальт өңдейді. Күшәла ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресуге қолданады, тағы да тері, лак-бояу және басқа өндірістерде пайдаланады.
Қос сульфидтер тобының минералдары: халькопирит CuFeS2, борнит Cu5FeS4.
Халькопирит CuFeS2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Ұқсас пириттен айырмашылығы төмен қаттылығы және түсінің ашықтау еместігі, кристалдар пішіні (7 – суретке сәйкес); пентландиттен – жіктілік жоқтылығы және түсі одан жарықтау болғаны.
1 2 3 4
7 – сурет. Сульфид кристалдарының пішіндері
Халькопириттің тетраэдрлік кристалы (1) және егіздігі (2); тераэдриттің кристалдары (3-4)
Генезисі (жаратылысы). Магмалық негізді таужыныстарда, гидротермалық скарндарда, метаморфтық тақтатастарда және шөгінді құмтасты таужыныстарда.
Парагенетикалық ассоциациясы. Магмалық жаратылыста: халькопирит пирротин және пентландит; скарндықта: андрадит, магнетит, шеелит, пирротин; гидротермалықта: пирит, пирротин, галенит, сфалерит, мыстың сульфидтері және т.б.
Қолдануы. Мыстың ең маңызды кені болады, өндірістік құрамы 2-2,5 % құрайды, кейде бірге күміс, индий және басқа минералдар өндіріледі.
Борнит Cu5FeS4. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Түсі және түрлі-түсті көк құлпырмасы арқылы, төмен қаттылығымен оңай белгіленеді. Құлпырмасы ковеллинге ұксас бірақ пышақпен тырнаса борниттің қарауытты мысты-қызыл түсі көрінеді.
Генезисі (жаратылысы). Гидротермалықжелілерде, экзогендік мысты кендердің гипергендік белдемдерінде.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық желілерде: халькопирит, пирит, галенит, сфалерит, күңгірт кендер; экзогендік: мысты халькозин және ковеллин. Жер бетінде малахит және азуритпен жеңіл ауысады.
Қолдануы. Халькопиритке қарағанда мыстың бай кені болып саналады.
Күрделі сульфидтердің минералдары (сульфотұздардың): күңгірт кендер.
Күңгірт кендер Cu12(Sb,As)4S13. Күңгірт кендер мен халькопирит.
Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Кристалдардың габитустары, түсі, күңгірт жылтырлығы. Морттылығы жоқ, пышақпен кесілмейді.
Генезисі (жаратылысы). Гидротермалық, жер бетінде күңгірт кендер бойынша неше алуан мыстың туынды минералдары пайда болады.
Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық күңгірт кендер: пирит, халькопирит, галенит, сфалерит, сомтума алтын, барит, кальцит және т.б.
Қолдануы. Мысты кендердің бағалы компоненті болады. Кейбір сульфидтік кендерді кешенді өнімдегенде, күмістің көзі болады.
Әдебиеттер: [1, c. 216-292].