Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Металдар тобының (сингониялары кубтық) сомтума минералдары




ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып. Жай заттар – сомтума элементтер класының минералдарын сипаттау

Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: сомтума элементтер класының минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұражайдағы осы кластың минералдар коллекциясы; бақылау жұмысқа дайындалған осы минералдардың үлгітастары және кестелерді көрнекті материалдар ретінде пайдаланып тақырыпты түсіндіру.

Мақсаттары. Сомтума элементтерді ерекше қасиеттері арқылы анықтау және жүйелі сипаттауды үйрету (2 сағат).

Тапсырмалар.

1. Берілген тақырыптың теориялық негіздерімен танысу, минералдар коллекциясындағы сомтума элементтер минералдарының формуласымен, ерекше диагностикалау қасиеттерін, парагенетикалық ассоциациясын анықтап үйрену және сипаттау.

2. Минералдардың жаратылысын және халық шаруашылығында қолдануынбілу.

Бақылау сұрақтары.

1.Сомтума элементтерінің ерекше диагностикалау белгілері қандай?

2.Сомтума элементтерінің жаратылысы қандай болады?

3.Сомтума элементтер қайда қолданады?

 

Минералдарды кластар бойынша жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.

 

Металдар тобының (сингониялары кубтық) сомтума минералдары

Алтын тобына жататын минералдық түрлері – мыс, алтын, күміс және платина тобында тек платинаны сипаттаймыз.

Мыс Сu. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Мыстың мысты-қызыл, сарғылт-қызыл түсі, тапталғыш қабілеті, жоғары дәрежелі тығыздығы. Тотыққан мыста туынды көк (азурит) және жасыл (малахит) тотығу өнімдері бар болады.

Генезисі (жаратылысы). Гидротермалық, тотығу белдемдерде және экзогендік. Шөгінді таужыныстарда – құмтастарда керіш ретінде, немесе конкреция құрайды.

Парагенетикалық ассоциациясы. Мыс тотығу белдемдердегі минералдарыменбірге кездеседі. Шашылымдарда, мысты галькалар кейде малахитпен қапталады.

Қолдануы. Валюталық металл болып келеді. Машинажасау, электротехника саласында, металлургияда және т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланады. Отқа және қышқылға төзімді ыдыс-аяқ өндіруінде және медицинада. Мыстың қортпалары қалайымен – қола, мырышпен – жез және никельмен – мельхиор өндіруге мүмкіншілік береді.

Алтын Аu. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Алтынның алтындай-сары түсі, металша жылтырлығы, майысқақтығы, тапталғыштығы, жоғарғы тығыздығы, химиялық және тотығу әрекетке төзімділігі.

Генезисі (жаратылысы). Өндірістік кенорындарын құрайтын алтынның (түпкі кендері) гидротермалық генезисі, кварцтың желілерімен байланысты. Алтын өзен арнасында экзогендік шашылымдар түзеді, құммен араласып құнды шашылымдарда болады.

Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық желілерде: кварц, сульфидтер (пирит, арсенопирит, пирротин, халькопирит, галенит және құлпырмалы кендер). Метаморфталған құмтастарда алтынмен бірге кездесетін: халькопирит, пирротин, пирит және хлорит. Шашылымдарда – кварц, магнетит, касситерит, платина.

Қолдануы. Алтын негізгі валюталық металл. Ол әр түрлі зергерлік, әшекейлік, көркемдік бұйымдарда және медицинада тіс салу ісінде қолданады.

Күміс Ag. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Минерал майысқақ, тапталғыш, созылыңқы қабілетімен және беті туынды қара тотығу ұшпақтарымен өзгешеленеді.

Генезисі (жаратылысы). Күмістің тегі гидротермалық және экзогендік.

Парагенетикалық ассоциациясы. Гидротермалық желілерде: пирит, галенит, құлпырмалы кен, кварц, барит, аргентит, кобальтин, никелин, арсенопирит және кальцит.

Қолдануы. Күмісті химиялық және ас ыдыстарын, зергерлік бұйымдар жасауға, сонымен бірге электрондық өнеркәсібінде, фотографияда қолданады. Күміс пенмыс қорытпалары күміс бұйымдар, тиын шығаруда пайдаланады.

Платина Pt. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері. Жоғары дәрежелі тығыздығы, сұр түсі, қышқылдарға төзімді, тотығу процесіне берік, балқу температурасы 17710С.

Генезисі (жаратылысы). Платина магмалық процесте пайда болады және өзінің химиялық қасиетіне, жоғары дәрежелі тығыздығына байланысты шашылымдарда құммен аралас жиналады. Магмалық тегті платина, аса негізді таужыныстарымен байланысты.

Парагенетикалық ассоциациясы. Магмалық таужыныстарда: оливин, серпентин, хромит және магнетит.

Қолдануы. Валюталық металл болады, зергерлік істе, тағы да химиялық, отқа және қышқылға төзімді ыдыс-аяқ жасауда, электротехникада және медицинада қолданады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 949 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.